О Плане мероприятий по реализации Концепции государственной молодежной политики Республики Казахстан на 2000 год в Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты концепциясын Ақмола облысында жүзеге асырудың 2000 жылға арналған Іс-шаралар жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты концепциясын жүзеге асыру және жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту мақсатында облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты концепциясын Ақмола облысында жүзеге асырудың 2000 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс әкімініц жанындағы жастар мен студенттердің қоғамдық ұйымдар Кеңесінің құрамы бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің жүзеге асуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С. Жалмағамбетоваға жүктелсін.
Басқа 5
Ақмола облысы әкімінің
2000 жылғы 4-шілдедегі
№530 шеішіміне
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты концепциясын Ақмола облысында жүзеге асырудың 2000 жылға арналған Іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№
Шаралардың атаулары
Жүзеге асыру формасы
Жауаптылар
Атқарылу мерзімі
1
2
3
4
5
1
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратетегиялық даму бағдарламасын жастар арасында түсіндіріп, насихаттау.
Ақпараттық үгіт топтарының жұмысын ұйымдастыру, жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыс жүргізуге ұсыныс дайындау, жастар проблемасын БАҚ-та кеңінен көрсету, жастардың пікірталасын ұйымдастыру
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, қала және аудан әкімдері
тұрақты
2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының концепциясы бойынша «дөңгелек стол» ұйымдастыру
Оқушы жастардың өкілетті және атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес органдардың басшыларымен кездесулерін ұйымдастыру
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, қала және аудан әкімдері
тұрақты
3
Оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерге қолдау көрсету.
Олардың қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар дайындау.
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, білім, басқармасы
тұрақты
4
Облыс әкімінің жанынан жастар мен студенттер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңестік-консультативтік Кеңес, облыстық маслихатта - жас лидерлердің саяси клубын құру.
Шешім. Ережесін дайындап, әр тоқсан сайын бір рет отырысын өткізу.
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, білім басқармасы.
2000 ж. II тоқсан
5
«Жастар тәрбиелеудегі бүгін таңдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары мен болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция.
Бағдарлама, ұсыныс дайындау, ғылыми бағдамаларды басып шығаруға дайындау. Жастар арасында ұсыныстарды талқылау өткізу.
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университеті, облыстық білім басқармасы.
2000 жыл II тоқсан.
6
Облыстық, қалалық, аудандық жастар бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге ауыру.
Шешімдер, маслихаттардың сессиялары
Қала және аудан әкімдері.
Жыл бойы.
7
Тұрғындарды еңбекпен қамту және жұмыссыздықты азайту жөніндегі 3 жылдық мемлекеттік бағдарламаның «Жастарды еңбекпен қамту» бөлімін әзірлеу және жүзеге асыру.
Бұйрықтар. Жастарды жұмысқа орналастыруды, кәсіби және қайта оқуды ұйымдастыру.
Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық білім басқармасы.
II тоқсан.
8
Оқушы жастарды ішінара еңбекпен қамту Осыған орай қала, аудан әкімдеріне босап қалған құрылыс алаңдары мен жер учаскілерін жалға беру жөнінде келісім-шарттар жасасқанда жалға алушылардың міндеттемелеріне студент және оқушы жастарды жұмысқа алу туралы квота белгілеу жөнінде ұсыныс жасау
Шешімдер
Қала және аудан әкімдері
Тұрақты
9
Жастардың еңбекпен қамтылуына талдау және болжам жасау, жастардың еңбек рыногына мониторинг жасау
Облыс әкімшілігіне есеп беру. Әлеуметтік зерттеу өткізу
Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, қала және аудан әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
ІІ, IV тоқсан
10
Жастарға әлеуметгік-психологиялық ақпараттық, құқықтық, консультативтік көмек көрсететін орталықтар ұйымдастыру
Облыс қалаларында жастардың әлеуметтік кызметін ұйымдастыру
Аудан қала әкімдері, еңбек және әлеуметтік қорғау, білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Жыл бойы
11
Жастар қызметі кызметкерілерінің, оқу орындарындағы психологтардың оқуларын ұйымдастыру
Семинар-тренингтер өткізу
Ақпарат және қоғамдық келісім, білім басқармалары
III тоқсан
12
Көкшетау қаласында студенттердің «Дети солнца» шағын театрын құру
Бұйрық, театр туралы ереже; орналастыру, қаржыландыру
Мәдениет білім басқармалары, КМУ ректораты
III тоқсан
13
«Студент көктемі - 2000» облыстық фестивалі, Көңілділер мен тапқырлар клубы
Бірлескен шаралар, Көңілділер мен тапқырлар сайысының финалы
Мәдениет білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
II тоқсан
14
Бұқаралық ақпарат құралдарында жастар проблемаларын тұрақты көрсету
Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті айдарлар ашу
ОблТРК, аймақтық газеттер
тұрақты
15
Өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру
«Патриот» республикалық акциясына қатысу, ардагерлер мен жастардың кездесуін ұйымдастыру
Облыстық әскери комиссариат, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, оқу орындары
II тоқсан, тұрақты
16
Таланты және дарынды жастарға қолдау көрсету
Жастардың «Дарын» мемлекеттік сыйлығына ұсыну үшін талантты жастарды анықтау. Облыс әкімінін би думандары
Білім, мәдениет, ақпарат және коғамдык келісім басқармасы
III, IV тоқсан
17
Жастардың жағдайына талдау жасау
Облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін тиісті мониторинг өткізу
Білім, ақпарат және коғамдық келісім басқармасы, қалалық, аудандық әкімшіліктер
IV тоқсан
Басқа 6. Облыс әкімінің жанындағы жастар мен студенттердің қоғамдық ұйымдары Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Ақмола облысы әкімінің
2000 жылғы 4-шілдедегі
№530 шешіміне
№ 2 қосымша
Облыс әкімінің жанындағы жастар мен студенттердің қоғамдық ұйымдары Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Таңатаров Ермек Мейірханұлы - Ш. Уәлиханов атындағы КМУ 3 курс студенті, Кеңес төрағасы
Тармақ 2
2. Күштаева Марал - Ш. Уалиханов атындағы КМУ 3 курс студенті, Кеңес төрағасының орынбасары
Тармақ 3. Кеңес мүшелері
3. Игнатович Максим - «Фемида» Қарағанды заң институтының 1 курс студенті, Кеңес төрағасының орынбасары
Кеңес мүшелері
Тармақ 4
4. Ильясова Арай - Көкшетау гуманитарлық-экономика университетінің 3 курс студенті
Тармақ 5
5. Әбдікәрімов Руслан Айтбайұлы - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Көкшетау техникалық институтының тыңдаушысы
Тармақ 6
6. Ыбыраева Меруерт Серікқызы - Ш.Уалиханов атындағы КМУ 4 курс студенті
Тармақ 7
7. Скрепаль Елена Вальерьевна - Алматы экономика және статистика институты Ақмола филиалының 1 курс студенті
Тармақ 8
8. Жүнісбеков Берік Аманұлы - Көкшетау «Бурабай» институты ағылшын тілі бөлімінің 2 курс студенті
Тармақ 9
9. Бейсембеков Рүстем - Халықаралық құқык және нарық академиясының 1 курс студенті
Тармақ 10
10. Баймұқанова Әлия – Ш.Уәлиханов атындағы КМУ 2 курс студенті
Тармақ 11
11. Сүлейменов Нурлан Әділханұлы – «Әділет» ЖҚМ 1 курс студенті
Тармақ 12
12. Байтенов Нұрлан Ізмұқанұлы - Алматы экономика және статистика институты Ақмола филиалының мұғалімі
Тармақ 13
13. Молдағайыпов Руслан Маратұлы – Ш,Уәлиханов атындағы КМУ түлегі
Тармақ 14
14. Ежов Виктор – Васильковка АҚ жұмысшысы
Тармақ 15
15. Тажигенов Ержан – «Торпедо» спорт кешеніндегі каратэ секциясының бапкері
Тармақ 16
16. Каплина Светлана – «Дебаты» облыстық клубының мүшесі
Тармақ 17
17. Орынбеков Ұлан Мархабатұлы – Ақмола облыстық салауытты өмір салты орталығы директорының орынбасары
Басқа 24
Ақмола облысы әкімінің
2000 жылғы 4-шілдедегі
№ 530 шешіміне
№ 2 қосымша
Ақмола облысы әкімінің жанындағы жастар мен студенттер қоғамдық ұйымдарынын Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Кеңес жастардың әлеуметтік - экономикалық проблемалары жөнінде үйлестіру мәселелерін жүзеге асыратын облыс әкімінің жанындағы консультативтік - кеңес органы болып табылады.
Тармақша 2
2) Кеңестің құрамын оқу орындарының, жастар мен студенттер қоғамдық ұйымдарының ұсыныстары бойынша облыс әкімі бекітеді.
Тармақша 3
3) Қеңестің басты мақсаты - жастар саясатына қатысты нақты, салиқалы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жұмыстың қазіргі заманға сәйкес принциптерін, түрлері мен әдістерін айқындау.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты және функциялары.
2. Кеңестің мақсаты және функциялары.
Тармақша 1
1) Кеңестің негізгі мақсаттары және функциялары мынадай:
Тармақша 2
бүгін таңдағы жастар проблемаларын шешуде жастар мен студенттер ұйымдарының басын біріктіру;
Тармақша 3
жастар саясатына қатысты көкейкесті проблемаларды талқылау; аймақ аясында оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
жастар қозғалысы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері бойынша облыстық ведомстволардың, қалалар мен аудандардың, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың басшыларының есебін тыңдау және тиісті ұсыныстар қабылдау.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының тәртібі
3. Кеңес жұмысының тәртібі
Тармақша 1
1) Кеңес жұмысының негізгі түрі отырыс болып табылады.
Отырысты Кеңес төрағасы жүргізеді.
Тармақша 2
2) Отырыс қем дегенде жарты жылда бір рет өткізіледі.
Тармақша 3
3) Кеңес мүшелерінің көтерілген мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар, ескертулер енгізуге құқы бар.
Тармақша 4
4) Кеңестің шешімдері ұсыныс сипатында қабылданады.
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің міңдеттері:
еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, қоғамдық ұйымдарда Кеңес шешімдерін жастарға кеңінен жеткізу үшін түсінік - насихат жұмыстарын сүргізу;
Кеңес шешімдерін жүзеге асыруға белсенді атсалысу.