О государственном закупе зерна урожая 2000 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу туралы Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және астық өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған астықты сатудан қайтарып алынған қаражат есебiнен 2000 жылғы егiннiң астығынан 42 000 000 (қырық екi миллион) АҚШ доллары сомасына 200 000 (екі жүз мың) тоннаға дейiнгi көлемде үшiншi сыныптан төмен емес жұмсақ сортты азық-түлiк бидайын франкоэлеватор шартымен бiрiншi кезекте салық патентi негiзiнде салық төлеудi жүзеге асыратын тұлғалардан, қосылған құн салығын қоса және олар өзi өндiрген астықты сатуы кезiнде бірыңғай жер салығын төлеушi болып табылатын тұлғалардан, қосымша құн салығын қоспағанда, есептемеге алынған 1 тонна салмақ үшiн 100 (жүз) АҚШ долларына баламалы баға бойынша мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы 2001 жылғы көктемгі - жазғы кезеңде ішкі рынокта сату үшін мемлекеттік экспорттық ресурстардан 150 000 (жүз елу мың) тонна астықты сақтап қойсын. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.09.13. N 1385; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.31. N 1640; 2000.12.13. N 1841 қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жергілікті жерлерде 2000 жылғы егіннің астығын сатып алудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі облыстардың әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 6. 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібі туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі N 1341 қаулысымен бекітілген 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібі туралы Ереже Осы Ереже 2000 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алу, оны сақтау және сату тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Астықты мемлекеттік сатып алудың шарттары
1. Астықты мемлекеттік сатып алудың шарттары
Тармақ 1
1. Азық-түліктік бидайды мемлекеттік сатып алу "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" (бұдан әрі - Корпорация) жабық акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 5
5. 9353-90 Мемстандартқа сай келетін үшінші сыныпты жұмсақ бидайдың есепке алынған салмағының 1 тоннасы үшін, салық патенті негізінде салық төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін - ҚҚС-ны қоса алғанда және бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын тұлғалар үшін, олар өздері өндірген астықты сату кезінде - ҚҚС-ны есептемегенде, франко-элеватор шартымен сатып алу бағасы 100 АҚШ долларына баламалы. 📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Сатып алу конкурстық негiзде Корпорация iрiктеген және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) бекiткен тiзiмге енгiзiлген желiлiк элеваторларда жүзеге асырылады. Сатып алуға қатысуға рұқсат беру үшiн элеваторларды iрiктеудiң негiзгi өлшемдерi: 1998-1999 жылдардағы егiннiң астығын сатып алу бағдарламасының мiндеттемелерiн орындау және алыс-берiс астығын сақтау жөнiнде кiнәраттардың болмауы; 1995-тен 2000 жылдың 1 жартыжылдығына дейiнгi кезеңде Корпорациямен өзара есеп айырысудың салыстырма актiлерінің болуы; сақтау қызметi үшiн мейлiнше төмен тарифтердiң болуы; элеваторлардың сыйымдылығының ең төменгі көлемi 80 мың тоннадан аз болмауы; сатып алынатын астықты бөлек сақтауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi; элеваторларда астықты және оның қайта өңделген өнiмдерiн қабылдау, сақтау, ұқсату жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы тиiс.
Тарау 2. 2. Астықты сатып алуды жүргiзу және оны қаржыландыру тәртібi
2. Астықты сатып алуды жүргiзу және оны қаржыландыру тәртібi
Тармақ 8
8. Корпорация Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысы жарияланғаннан кейiн, бiр апталық мерзiмде "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" республикалық газеттерiнде астықты сатып алуға және сақтауға қатысуға рұқсат берiлген элеваторлардың тiзiмiн жариялайды.
Тармақ 9
9. Өз астығын сатуға мүдделi тұлғалар жұмыс топтарына:
Тармақша 1
1) жұмыс тобы атына жазбаша өтiнiмдi;
Тармақша 2
2) элеватор берген кiрiстiк квитанцияның (ПК-13) және астықтың талдау карточкасының көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызметпен (шаруа қожалықтары (фермерлiк) айналысу құқығына патенттiң немесе куәлiктiң көшiрмесiн ұсынады. Жұмыс топтары облыстар әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылады және құрамына облыс әкiмдерiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерiн қадағалайтын орынбасарлары, облыстар әкiмшiлiктерi ауыл шаруашылығы департаменттерiнің (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөнiндегі комитеттердiң, статистика және салық органдарының, Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармаларының өкiлдерi, сондай-ақ Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiнiң басшылары енуге тиiстi. 📌 Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Жұмыс топтары сатушылармен астықты сатып алу-сату шартын жасау үшiн, Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiне ұсынылатын сатушылардың тiзiмдерi мен тiзiлiмдерiн жасайды. Астық сатып алу тiзiмiнiң, тiзiлiмiнiң және үлгiлiк шартының нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
Тармақ 12
12. Астықты сатып алу-сату шарттары бойынша төлем жүргiзу үшiн сатушылар Корпорацияның облыстық өкiлдiктерiне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) ПК-10 түпнұсқасы;
Тармақша 2
2) талдау карточкасының түпнұсқасы;
Тармақша 3
3) шот-фактура мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 Нұсқаулығына сәйкес белгіленген нысандағы салықтық шот-фактура (оңайлатылған салық салу режимiнде жұмыс iстейтiн тұлғалардың салықтық шот-фактурасына басшының қолы қойылуы тиiс және ол аудандық салық органының мөрiмен расталуы тиiс). Сатушылардың тапсырған құжаттарының дұрыс толтырылғандығы үшiн жауапкершiлiк сатып алу-сату шартында келiсiледi. Корпорацияның облыстық өкілдіктері апта сайын, дүйсенбіде, жасалған шарттармен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттарды төлем жасау үшін Корпорацияның орталық офисіне жеткізеді. Корпорация сол аптаның жұмасынан кешіктірмей өз есеп-шотына ақша түсу сәтінен бастап 2 банктік күн ішінде, ол ақшаны сатушыларға аударады. <*> 📌 Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жасалған күнгi бағамымен теңгемен жасалады.
Тарау 3. 3. Сатып алынған астықты сақтау
3. Сатып алынған астықты сақтау
Тармақ 14
14. Сатып алынған астықты сақтау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1506 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алынған астықты сақтаудың басталу күнi үлгiлiк нысаны Ауылшарминi бекiтетiн шартта көрсетiледi.
Тарау 4. 4. Сатып алынған астықты сату және қаржы ресурстарын қайтару
4. Сатып алынған астықты сату және қаржы ресурстарын қайтару
Тармақ 15
15. Сатып алынған астықты сатуды Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Сатып алынған астықты сатудың шарттары мен мерзiмдерi сыртқы рынок конъюнктурасы негiзiнде анықталады. Сатылатын астықтың ең төменгi бағасы Ауылшарминiмен келiсiледi және сатып алу бағасынан төмен болмауы тиiс.
Тармақ 17
17. Сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат алынғаннан кейiн, 3 банктiк күн iшiнде "Корпорацияның" арнайы шотына аударылады. 📌 Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1841 қаулысымен.
Тарау 5. 5. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі
5. Сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі
Тармақ 18
18. Астықты сатып алуға қатысушылардың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес анықталады.