О квоте иммиграции для Актюбинской области на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 200 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығымен Ақтөбе облысы үшін 2000 жылға арналған 50 отбасы, соның ішінде Қытай Халық Республикасынан – 20 отбасы, Өзбекстан Республикасынан – 20 отбасы, Түрікменстан Республикасынан – 10 отбасы мөлшерінде бекітілген көшіп келу квотасы басшылыққа және орындауға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық көші-қон және демография басқармасы (Жоламанов Б. Ж.), Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерімен бірігіп, оралмандардың отбасыларын олардың туыстық және өндірістік – шаруашылық байланыстарын ескере отырып, жинақы орналастырудың шараларын алсын. Оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерінің біліктілігі мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуына, ұлттық кәсіптерін жаңғыртуына, кәсіпкерлік іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, фермерлік және шаруа қожалықтарын құруына ықпал етсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері тарихи Отанына қайтып келген оралмандарға қажетті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсін, тұрғын үй салу және шаруашылықпен айналысу үшін белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы (Құдайбергенов А. А.), аудандар әкімдері оралмандардың балаларын тиісті оқу орындарына уақытында қабылдау мәселелерін жедел шешіп, қажет болған жағдайларда оларды өз тілінде оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев А.) облысқа көшіп келген оралмандарға тегін дәрігерлік тексеру ұйымдастырып, олардың емдік – профилактикалық көмек алу тәртібін айқындасын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары С. Ш. Мұқашевқа жүктелсін.