О квоте иммиграции на 2000 год Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 маусымдағы «2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» N 406 Жалдығын орындау үшін және өзінің тарихи Отанына оралуға тілек білдірген оралмандар (репатрианттар) отбасыларын көшіру және орналастыруды ұйымдастыру мақсатында:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған көшіп келу квотасы N1 қосымшаға сәйкес 10 отбасы көлемінде қабылдансын.
Тармақ 2
2. Оралмандар (репатрианттар) отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі шаралар N2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қарағанды, Саран қалаларының және Бұқар жырау ауданының әкімдері:
-осыған ұқсас шешім қабылдасын және бір апталық мерзімде облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармаға оралмандар (репатриаттар) отбасыларын жинақы орналастыруға арналған елді- мекендер, сонымен қатар олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететін меншік нысанына байланыссыз шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының тізімін қарау үшін ұсынсын.
Тармақ 4
4. Облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқарма 2001 жылғы 10 қаңтар мерзіміне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат тапсырын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. 2000 жылға арналған алыс шетелден көші келу КВОТАСЫ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 14 тамыздағы
N141 шешіміне N1 қосымша
2000 жылға арналған алыс шетелден көші келу КВОТАСЫ
N
Оралмандар (репатрианттар) отбасыларын қабылдайтын аймақтар
Моңғолия (отбасы)
Барлығы (отбасы)
1.
Қарағанды қаласы
5
5
2.
Саран қаласы
3
3
3.
Бұқар жырау ауданы
2
2
4.
Барлығы
10
10
Басқа 2. 2000 жылға арналған квотаға сәйкес оралмандар (репатриаттар)
отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі
ШАРАЛАР
Облыс әкімінің
2000 жылғы 14 тамыздағы
N141 N2 қосымша
2000 жылға арналған квотаға сәйкес оралмандар (репатриаттар)
отбасыларын қабылдау және орналастыру жөніндегі
ШАРАЛАР
Шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушалар
Квота шегінде өз Отанына қайтап оралуға тілек білдірген оралмандардың (репатрианттардың) көшіп келуін ұйымдастыру, уақытында мемлекеттік жәрдем ақының төленуін және оралман статусының және куәліутердің берілуін қамтамасыз ету.
Жыл бойына
Облыстық көші-қон және демография басқармасы
Оралмандар (репатриаттар) отбасыларының жұмысқа қабілетті мүшелерін олардың біліктілігі және мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ қажетті мамандықтар бойынша дайындау қайта дайындау жөнінде жұмыстар ұйымдастыру
Келуі бойынша
Облыстық еңбек, халықты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау басқармасы
Тұрғын үй құрылысына және шаруашылық іс қимылдарын дамытуға жер телімдерінің бөлінуін қамтамасыз ету
Өтініштері бойынша
Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет
Облысқа тұрақты тұрғылықты жерге келген оралмандардың (репатрианттардың) зейнет ақы және мемлекеттік жәрдем ақы төлеу бөлігінде әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу.
Өтініштері бойынша
Облыстық еңбек, халықты жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау басқармасы
Руспубликалық бюджет есебінен оралмандар (репатрианттар) отбасыларын қабылдау және орналастыпуға арналған (бір жолғы жәрдем ақылар, көлік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу пунктерін ұстау және ұйымдастырушылық шығыстар) шығыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз ету
Көшіп келу шараларына арналған шығыстар сметасына сәйкес
Облыстық көшіөқон және демография жөніндегі басқарма
Облыстық көші-қон және демография жөніндегі басқармасын оралмандар (репатрианттар) отбасыларын қабылдау және орналастыру үшін қажеті көлікпен қамтамасыз ету.
Келуі бойынша
Облыстық «Жолауышылар көлігін басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Облыс аумағында және орналасу орындарына бара жолда оралмандардың (репатрианттардың) жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қабылдау мерзімінде
Облыстық ішкі істір басқармасы
Колген оралмандарды (репатрианттарды) тіркеу, облыс және республика аумағында жүріп- тұруға арналған тиісті құжаттарды рәсімдеу жөнінде жұмыстар ұйымдастыру.
Келгеннен кейін бір ай мерзімде
Облыстық төлкұжат және визалау жұмыстары басқармасы
Білім беру мекемелерінде оралмандар (репатрианттар) балаларын оқытуды және тәрбиелеуді, сондай-ақ қажетіне қарай қосымша сыныптар аша отырып, халықтың жасы үлкен бөлігін сауаттылыққа, қазірге кездегі қазақ әліпбиіне оқытуды ұйымдастыру.
үнемі
Облыстық білім беру департаменті
Оралмандарға (репатриаттарға) кәсіпкерлік қызметті, ұлттық кәсіпті қайта жаңғыртуды, фермелік және шаруашылық қожалықтарын ұйымдастыруда көмек көрсету
үнемі
Жергілікті атқару органдары
Бүқаралық ақпарат құралдарында оралмандар (репатриаттар) отбасыларын қабылдау және орналастыру мәселелерін жариялау
үнемі
Теле радио хабарларын таратушы компания, облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің редакциялары