Об организации проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2000 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құрамаларына азаматтардың кезекті әскерге шақырылуын жүргізуді ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 03.04.2001 № 63 шешімімен. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін бітірген мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шығару және 2000 жылғы қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 447 Жарлығы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2000 жылғы қазан-желтоқсанда 1982 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқынан айырылған жасы асып кеткен азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1 қосымшаға сәйкес облыстың шақыру комиссиясының және 2 қосымшаға сәйкес облыстық жинақтау пунктіндегі медиңиналық комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері: Қалалық және аудандық әскерге шақыру және медиңиналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын, әскери комиссариаттарға дәрігер-мамандардың, техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші адамдардың қажетті мөлшерін бөлсін; әскерге шақырылушыларды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін әскери комиссариаттардың қарамағына көлік құралдарын бөлсін және жанар-жағар материалдармен қамтамасыз етсін; әскери қызметтен өтуге жіберілген әскерге шақырылушылармен есеп айырысу бөлігінде ұйымдардың және мекемелердің еңбек заңдылығын орындауларына бақылау жасауды қамтамасыз етсін; әскери қызметтен өтуге жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын; хабарлау, әскерге шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жинақтау пунктіне медициналық комиссияға және әскерге жөнелтуге жеткізу жөніндегі шығыстар аудандық, қалалық және облыстық бюджеттер есебінен Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңының 35-бабына сәйкес қарастырылған ассигнованиелер шегінде жүргізілсін; әскерге шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пунктіне жұмыс істеуге жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің және техникалық қызметкерлер мен қызмет корсетуші адамдардың оларды жіберген ұйымдардағы орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталсын; әскери комиссариаттарға әскерге шақыру пункттеріне арналған жабдықталған орындар және әскерге шақыру пункттеріне белгіленген талаптарға сәйкес жөндеу және қайта жабдықтау жүргізу басқа құралдар болу жөнінен шаралар қабылдансын; Қостанай қаласының әкімі В.Н. Левинцев облыстық жинақтау пунктінің жұмысына арнап автокөлік бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) аудандық медициналық комиссияларды жетіспей жатқан дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүлікпен, оның ішінде флюропленка және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, 2 қосымшаға сәйкес облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін дәрігер-мамандарды бөлсін. Облыстың әскери комиссариатымен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып медициналық комиссиялар жіберген әскерге шақырылушыларды тексеру және емдеу үшін медициналық мекемелердің жұмсаған шығындарын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер қаражаты есебінен өтеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5."Қазақстан темір жолы" РМК Қостанай тасымал бөлімшесі (Е.Н.Рахметжанов) (келісім бойынша) облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстары бойынша жас толықтырушылар командаларын жөнелту үшін жолаушылар поездарында, қосымшаға сәйкес, қажетті орындар санын бөлсін.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев) әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда жасауды және ыстық тамақ беруді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (М.М. Оразәлиев) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде: мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, оларды іздестіру және жеткізу жөніндегі шығыстарды төлеуді осы адамдардың есебінен жүргізсін; облыстың жинақтау пункітінде, қалалық және аудандық әскерге шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойғы полиция нарядын бөлсін; әскерге шақырылушыларды облыстың әскери комиссариаттарынан, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасынан жөнелткен кезде қоғамдық төртіптің сақталуын қамтамасыз етсін және әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша әскерге шақырылушыларды шығарып салу үшін автокөлік бөлсін.
Тармақ 8
8. "Қостанай автобус паркі" АҚ (М.А. Шаяхметов) келісім бойынша облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстарымен әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, төлем әскерге шақыру кезінде нақтылы тасымалданғандардың санына қарай жүргізілсін.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды облыстық әскери комиссариаттың шығыстар сметасында қарастырылған ассигнованиелер есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына 2001 жылғы 10 қаңтарға дейін түсірсін.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұргановқа, облыс әкімінің әскери- жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Басқа 12. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы № 187 шешіміне 1 қосымша Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Лосьев Игорь Евгеньевич - облыстық әскери комиссар, төрағаның орынбасары Куванова Бибігүл Төлегенқызы - әскерге шақыру комиссиясының хатшысы Әскерге шақыру комиссиясыиың мүшелері: Абраменко Алексей Иванович - обләскеркоматтың 2-бөлім бастығының аға комекшісі, дәрігер-терапевт, медициналық комиссиясының төрағасы Колесникова Ольга Ивановна - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Моор Юрий Андреевич - облыстық ІІБ бастығының орынбасары
Басқа 13. Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы № 187 шешіміне 2 қосымша Облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы Абраменко Алексей Иванович - обләскеркоматтың 2 — бөлім бастығының аға комекшісі, дәрігер-терапевт, комиссия төрағасы Комиссия мүшелері: Алдажұманова Үміт Темірбекқызы – дәрігер-терапевт Гончарова Людмила Константиновна - дәрігер-рентгенолог Жұмабаев Болат Абдоллаұлы - дәрігер-отоланринголог Жабаев Әділхан Аңсағанұлы - дәрігер-нарколог Қабыкеева Сәуле Жасұланқызы - дәрігер-стоматолог Мовчан Василий Григорьевич - дәрігер-травматолог Мырзабеков Қайыржан Сапарғалиұлы - дәрігер-хирург Садықов Абылай Садықұлы - дәрігер–фтизиатр Сазонова Валентина Григорьевна - дәрігер-окулист Сохарева Светлана Владимировна - дәрігер-псисихиатр Укина Айнагүл Төлешқызы - дәрігер-невропатолог Хван Наталья Сергеевна - дәрігер-дерматолог Шевченко Алла Алексеевна - дәрігер-терапевт Юнусов Амир Магуеевич - дәрігер-психиатр