Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2000 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2000 жылғы қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi "Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өтеген мерзiмдi қызметтегi қызметкерлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылғы қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" № 447 Жарлығының негiзiнде:
Тармақ 1
1. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуды кейiнге қалдыруға құқығы жоқ 1982-1973 жылғы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды және 2000 жылғы 2 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейiн шақырылғандарды Қарулы Күштерге жiберу өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының жұмысына басшылық ету және бақылау үшiн мына құрамдағы облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:
Д. Қ. Мыңбай
- облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Т. М. Нұров
- облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары (келiсiмi бойынша)
В. А. Ковтунова
- облыстық аурухана медбикесi, комиссия хатшысы
(келiсiмi бойынша)
Комиссия мүшелерi:
К. Әбдраманов
- облыстық iшкi iстер бас басқармасы
бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша)
Ж. А. Әлібеков
- облыс әкiмiнiң кеңесшiсi- мемлекеттiк-
құқық жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi
Д. Төлепбергенов
- облыс әкiмшiлiгi денсаулық сақтау
басқармасы бастығының орынбасары
М. Ә. Жылқышиев
- дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк
комиссиясының төрағасы (келiсiмi бойынша)
Облыстық шақыру комиссиясы өз жұмысын 2000 жылғы 9 қазаннан бастасын.
Тармақ 3
3. Комиссияның төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссияларының жұмысын және 2000 жылғы күздегi шақырудың барысын бақылау үшiн жолсапарларға шығу кестесiн комиссияның барлық мүшелерiмен үйлестiрсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық жиналу пунктiнiң негiзiнде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссия жұмысының күн тәртiбi сенбi және жексенбi күндерден басқа күндерi 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы (Б.Баймаханов):
Тармақша 1
1) қалалық, аудандық және облыстық шақыру комиссияларындағы дәрiгер-мамандардың шақырылушыларды медициналық куәлендiруден өткiзудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы № 61 бұйрығында анықталған медициналық куәлендiрудiң әдiстерi мен нормаларына сәйкес қала, аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiмен белгiлеген мерзiмде ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) емдеу мекемелерiн қажеттi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) шақыру комиссияларының жолдамалары бойынша шақырылушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткiзудi ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) облыстық жиналу пунктi үшiн медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы рентген қондырғысын бөлсiн;
Тармақша 5
5) 2000 жылғы 20 қазанға дейiн шақыру комиссияларының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және оларды медициналық куәлендiру жөнiнде ұсыныстар дайындасын;
Тармақша 6
6) облыстың қалалық және аудандық денсаулық сақтау органдарының сұраныстары бойынша шақыру комиссиялары үшiн қосымша дәрiгер-мамандар жiберсiн, оларды қажеттi медициналық құрал-саймандармен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 7
7) қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссиялардың құрамына тағайындауларды облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы М. Жылқышиевпен келiссiн.
Тармақша 8
8) шақыру басталардан бұрын шақырылғандардың медициналық куәлендiрiлуiн ұйымдастыру жөнiнен облыстық, аудандық және қалалық медициналық комиссиялар дәрiгерлерiнiң жиынын өткiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы (А.Н. Сыздықов):
Тармақша 1
1) шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде жастардың отаншылдық, отанының қауiпсiздiгiне тiкелей жауапкершiлiк және парыздық сезiмдерiн тәрбиелейтiн шығармашыл ұжымдардың концерттерiн және басқа да мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақша 2
2) әскери-отаншылдық тақырыптарға көркем және деректi фильмдер көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Тармақша 3
3) шақырылғандарды облыстық жиналу пуктiнен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне салтанатты шығарып салу және ата-аналар, соғыс және еңбек ардагерлерi, дiн өкiлдерi тарапынан бата берiлiп, меншiк нысанына қарамастан демеушiлердiң көмегiмен қайырымдылық тамақ берудi ұйымдастырсын (№ 3 қосымша), (келiсiм бойынша).
Тармақ 7
7. "Қазбаспасөз" МК ОҚО бөлiмшесiнiң директоры (Д.Ж. Абаева - келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) облыстық әскери комиссариаттың аумағында орналасқан газет дүңгiршектерiнде баспахананың бағалары бойынша облыстық және республикалық газеттердi және басқа да кеңсе тауарларын сатуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық iшкi iстер бас басқармасы (Р.Х. Өзбекқалиев - келiсiм бойынша) мерзiмдi әскери қызметке шықырылудан бас тартып жүрген азаматтарды iздестiруге және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қабылдасын. Шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнен командаларды жөнелту күндерi қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
Тармақша 1
1) шақырылғандар командаларының медициналық комиссияға бару жолындағы тәртiптi және аудандық әскери комиссариаттардан облыстық жиналу пунктiне жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында оларды шығарып салу үшiн аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлiн бөлсiн.
Тармақ 9
9. Облыстық тұтынушылар одағы (Ш. Жамалбеков - келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) облыстық жиналу пунктiнде шақырылғандарды 2-3 тәулiк бойы тамақтандыруды ұйымдастыру үшiн асханаларды азық-түлiкпен және күнделiктi қажеттi тауарларды сатуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Желiлiк iшкi iстер бөлiмi (В.А. Андреев - келiсiм бойынша) шақырылғандарды жөнелту кезiнде темiр жол стансаларындағы қоғамдық тәртiптi, сондай-ақ оларды Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Облыс әкiмшiлiгi спорт және дене тәрбиесi департаментiнiң бастығы (П.Н. Қырықбаев):
Тармақша 1
1) шақырылғандардың арасында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарына нормативтердi тапсыру жөнiнен спорттық iс-шаралар өткiзсiн. Облыстық жиналу пунктiнде жоғарыда аталған нормативтердi дәлелдеу үшiн шақырылғандарды тексеру ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) шақырылғандар арасында дене шымырлығының деңгейiн анықтауды өткiзу үшiн облыстық жиналу пункттерiн спорт құрал-жабдықтарымен және мүлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық телерадио бiрлестiгi (Б. Қонысбеков - келiсiм бойынша) және облыстық, қалалық, аудандық газеттердiң редакциялары облыстық әскери комиссариатпен бiрлесiп, жастарды әскери қызметке дайындау және қызметтi атқаруға бағытталған арнайы бағдарламалар мен жариялымдарды берудi жалғастырсын.
Тармақ 13
13. Облыс әкiмшiлiгi индустрия, көлiк және сауда департаментi (Д.Ж. Адырбеков) әскери комиссариаттардың сұраныстары бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жергiлiктi бюджеттiң есебiнен техникалық жағдайы жақсы автобустардың қажеттi санын берсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 14
14. Облыстық баспахана (П.Т. Тәнірбергенов - келiсiм бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бланкiлердi дайындасын.
Тармақ 15
15. "Шымкент энерго" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының бас директоры (И.А. Анесов - келiсiм бойынша) жастарды медициналық куәлендiруден сапалы өткiзу мақсатында шақыру жүрiп жатқан кезде 2000 жылғы 2 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейiн күн сайын сағат 9.00-ден
20.00 дейiн шақыру пункттерiн үздiксiз электр қуатымен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 16
16. Қала, аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құру туралы шешiм қабылдасын;
Тармақша 2
2) жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 2000 жылғы қазан-желтоқсанда әскери қызметке шақыруды өткiзу жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жасасын және өткiзсiн;
Тармақша 3
3) шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, әскерге шақырылғандарды жөнелту үшiн комиссариаттарды аталған жұмыстарды атқару үшiн қолайлы жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, дәрiгерлердiң, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi құрамдағы адамдардың қажеттi санын бөлсiн (№ 2 қосымша);
Тармақша 4
4) меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, кәсiпорындар, оқу орындары мен басқа шаруашылық субъектiлердiң басшыларынан "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 33-бабы 5-тармағының талаптарын мiндеттi түрде орындауын талап етсiн;
Тармақша 5
5) Шымкент қаласының әкiмi (Т. Бекжігітов) №№ 1, 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсету құрамының қажеттi санын, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде облыстық жиналу пунктiнiң жұмысы үшiн кезекшi автокөлiк бөлсiн;
Тармақша 6
6) ауыл округтерiнiң әкiмдерi шақырылғандардың алған шақыру қағаздарына сәйкес аудан, қала комиссариаттарына баруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 17
17. Меншiк нысанына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырылғандарды iссапарларынан (демалыстарынан) шақырып алсын және оларды" шақыру учаскелерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 18
18. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Ш.П. Раздықов - келiсiм бойынша) шақыру науқанын өткiзу кезiнде телефон байланысының үздiксiз жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 19
19. Облыстық iшкi iстер бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (А.Ш. Қаныбеков - келiсiм бойынша) облыстық жиналу пункттерiне баратын жолдардағы тәртiптi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн. Шақыру кезiнде Патрис Лумумба және Гигоренко көшелерiндегi қозғалысты арнайы белгiлермен шектесiн.
Қабылданған шаралар, сондай-ақ шақырудың қорытындылары туралы облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық жұмыс бөлiмiне 2001 жылғы 5 қаңтарға қарай хабарлансын.
Осы шешiмнiң орындалуы 2000 жылғы маусымда шақыру комиссиялары төрағаларының қала, аудан әкiмдерi орынбасарларының қатысуымен облыс әкiмшiлiгiнде өтетiн мәжiлiсте қаралсын.
Тармақ 20
20. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д. Мыңбайға жүктелсiн.
Басқа 43. 2000 жылғы күзгi шақыруды өткiзу үшiн
облыстық жиналу пунктiне автокөлiк бөлетiн
ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 6 қазан
№ 352 шешiмiне
№ 1 ҚОСЫМША
2000 жылғы күзгi шақыруды өткiзу үшiн
облыстық жиналу пунктiне автокөлiк бөлетiн
ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
№
Ұйымдар мен
мекемелердің аттары
Автокөліктің саны
Ескерту
1.
№ 3 автобус паркі
1
2.
№ 5 автобус паркі
1
3.
Шымкент тасымалдау
бөлімшесі (келісім
бойынша)
1
4.
"САП" ЖШС (келісім
бойынша)
1
5.
"Түркістанэнерго" ААҚ
1
6.
"МИР" ЖШС (келісім
бойынша)
1
Басқа 44. 2000 жылғы күзгі шақыруды өткізу ушін облыстық
жиналу пунктіне техникалық қызметкерлер
мен қызмет көрсететін адамдарды бөлетін
кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің
ТІЗІМІ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 6 қазан
№ 352 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША
2000 жылғы күзгі шақыруды өткізу ушін облыстық
жиналу пунктіне техникалық қызметкерлер
мен қызмет көрсететін адамдарды бөлетін
кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің
ТІЗІМІ
№
Ұйымдар мен мекемелердің аттары
Техникалық қызметкерлердің саны
Ескерту
1
Шымкент тасымалдау
бөлімшесі (келісім
бойынша)
1
2
Облыстық статистика
басқармасы (келісім
бойынша)
1
машинка басушы
3
"Восход" ЖШС
(келісім бойынша)
1
4
"Эластик" АҚ
(келісім бойынша)
1
машинка басушы
5
"Визит" АҚ
(келісім бойынша)
1
6
"Базар" ЖАҚ
(келісім бойынша)
1
7
Облыстық консультативтік-
диагностикалық орталығы
1
машинка басушы
8
"Нан" АҚ"
(келісім бойынша)
1
машинка басушы
9
"Темірлан" ЖШС
(келісім бойынша)
1
10
"Казпочта" ААҚ-ның
Оңтүстік Қазақстан облыстық
филиалы (келісім бойынша)
1
11
Оңтүстік аймақтық
телекоммуникациялар
дирекциясы
(келісім бойынша)
1
Басқа 45. Облыстық жиналу пунктіндегі шақыру кезінде
демеушілік жәрдем беретін ұйымдар мен фирмалардың
ТІЗІМІ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 6 қазан
№ 352 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША
Облыстық жиналу пунктіндегі шақыру кезінде
демеушілік жәрдем беретін ұйымдар мен фирмалардың
ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. "Визит" АҚ (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. "Темірлан" ЖШС (келісім бойыншы)
Тармақ 3
3. Оңтүстік аймақтық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Облыстық консультативтік-диагностикалық орталығы
Тармақ 5
5. "Базар" ЖАҚ (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. "Түркістанэнерго" ААҚ
Тармақ 7
7. "Геотехника" ЖШС (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Шымкент тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. "Нан" АҚ (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. № 3 автобус паркі
Тармақ 11
11. № 5 автобус паркі
Тармақ 12
12. "Эластик" АҚ
Тармақ 13
13. "ШНОС" АҚ
Тармақ 14
14. "Южполиметал" АҚ
Тармақ 15
15. "Томирис" АҚ
Тармақ 16
16. Төмендегі банктердің Шымкент филиалы:
- Казкоммерцбанк
- Каспий банкі
- Көмірбанк