О ходе подготовки и проведения мероприятий по охране весенне-нерестующих рыб в Урало-Каспийском бассейне в 2000 году Қолданыста
Басқа 0
2000 жылы Жайық-Каспий су айдынында көктемгі уылдырық шашатын балықтарды қорғау жөніндегі шараларды дайындау және барысы туралы
Жайық-Каспий су айдынында бекiре тұқымдас және басқа да бағалы балық түрлерiн 2000 жылғы уылдырық шашу кезеңiнде қорғау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жайық, Қиғаш өзендерiндегi және сағаға дейiнгi кеңiстiктегi олардың уылдырық шашуға өту кезеңiнде бекiре тұқымдас және басқа да бағалы балық қорын қорғау үшiн табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының бiрлесiп жасаған шаралар жоспары бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Бекiре тұқымдас және басқа бағалы балық түрлерiн қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын үйлестiру және бақылау жөнiндегi Облыстық Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. қала және аудандар әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бекiре тұқымдас және басқа да бағалы балықтарды қор¬ау шараларын ұйымдастыру жөнiндегi қалалық және аудандық үйлестiру кеңестерi құрылсын;
Тармақша 2
2) уылдырық шашатын бекiре балықты қорғау жөнiнде кешендi шаралар әзiрленсiн. Онда қолда бар және Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесiне балық қорғауға бөлiнген флотты, автокөлiк пен адамдар ресурстарын тиiмдi пайдалануы көзделсiн;
Тармақша 3
3) балық қорғау органдарына көмек көрсету үшiн (меншiк нысанына қарамастан) мекемелерден автокөлiк бөлiну кестесi әзiрленсiн;
Тармақша 4
4) балық қорғау органдарының, балық қорғауға қатыстырылатын iшкi iстер басқармасының су және автокөлiктерiн жанарғжағар маймен iркiлiссiз қамтамасыз ету туралы мәселенi шешетiн болсын;
Тармақша 5
5) үйлестiру Кеңесiнде өткiзiлетiн шаралардың тиiмдiлiгiн және олардың орындалуын апта сайын облыстық үйлестiру Кеңесiнде баяндап тұратын болсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау бөлiмшесi (У.Әмiрғалиев), Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесi (Қ. Сулейменов) кәсiптiк аулау күнi мен бағалы балықтардың уылдырық шашу үшiн жоғары көтерiлу күндерiнiң кестесiн жасап, балық аулау режимiнiң бұзылмау шараларын алсын.
Тармақ 5
5. "Атыраубалық" акционерлiк қоғамы (С. Долгих):
Тармақша 1
1) балық аулау учаскелерi мен жүзбелi уылдырық зауыттарын және балықты қабылдау пункттерiне тапсыруға дейiнгi жеткiзу жол бағытының қарулы күзетпен қорғалуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Облыстық балықшылар одағымен бiрлесiп, балық ауланатын орындарға келiп-кететiн адамдар есебi мен мақсатын тiркеп отыратын тiркеу журналымен қамтамасыз етiлсiн (тартым учаскелерi, сағаға дейiнгi кеңiстiк).
Тармақ 6
6. қоршаған ортаны қорғау облыстық қоры (С. Мұқанов) және облыстық қаржы басқармасы (А. Әбдiқадырова) балық қорғау шараларын жүргiзу үшiн Солтүстiк-Каспий аймақтық мекемесi басқармасына қаржы бөлу мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. Мақашевқа жүктелсiн.
Басқа 15
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
4 сәуiрдегi № 423 шешiмiне
1 қосымша
Атырау облыстық Атырау облысының табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының Жайық, Қиғаш өзендерiнде бекiре тұқымдас және басқада бағалы балықтарды уылдырық шашу кезеңiнде қорғау жөнiндегi бiрлесiп жасалған шаралар жоспары жөнiндегi шаралар
р/с
Шаралар
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
2
3
4
1.
Үйлестіру кеңесінің жиналысында 1999 жылы балық қорын қорғау нәтижесін қорытындалап, облыстың табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының 2000 жылғы міндеттерін айқындау
Сәуір
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, ішкі істер басқармасы,облыс прокуратурасы және экологиялық прокуратура
2.
Балық қорын қорғау учаскелер шекараларын, инспекторлар құрамын, милиция қызметкерлері мен техника құралдарын белгілеп, сұғанақ балық аулауға қарсы күресті күшейтуде балық қорғау учаскелерін белгілі орындарына орналастыру
Сәуір
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, ішкі істер басқармасы
3.
Бекіре тұқымдас және басқа да бағалы балықты уылдырық шашу маусымында қорғауда қосымша шаралар қабылдап, Жайық, Қиғаш өзендерінде, теңіз акваториясында, саяжай және балық қорғау учаскелерінде бірлескен топтарды құру
Сәуір-мамыр
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, ішкі істер басқармасы
4.
Теңіз су көліктерін пайдаланып, облыс шегіндегі теңіз жағалауында балық қорын қорғауды күшейту жөнінде бірлескен шаралар жүргізу
Сәуір-мамыр-маусым
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, ішкі істер басқармасы
5.
Бекіре тұқымдас және басқа да бағалы балықтардың уылдырық шашуы кезінде бақылауды күшейту үшін штаттан тыс инспекторлармен және балық қорын қорғауға уақытша пайдаланатын мекеме қызметкерлерімен жиналыс өткізіп, олардың жұмысын жандандыру
Сәуір
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі,
6.
Бағалы балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу маусымы кезінде балық қорғау органдарына көмек көрсету мақсатында облыс мекемелерінен (меншігіне қарамастан) жүзбелі және автокөлік құралдарын бөлу
Үнемі
Атырау қаласы, Махамбет, Индер, Құрманғазы аудандары әкімдерінің аппараты
7.
Балық ұрлығы және заңсыз балық аулау фактілері бойынша тергеу орнына берілген құжаттардың дер кезінде және сапалы қаралып, тергелуін қамтамасыз ету
Үнемі
Ішкі істер басқармасы, балық қорғау органдары
8.
Балыққа байланысты түскен қылмысты істерді тергеп, олардың шешімін шығаруда заңдылықтың сақталуына тексеру ұйымдастыру
Үнемі
Облыс прокуратурасы, экология прокуратурасы
9.
Уылдырық шашу үшін өтіп кеткен бекіре тұқымдас және басқа да бағалы балықтарға жағдай жасау үшін Жайық өзені бойларының Жайық-Теңіз суы құйылатын сай-салалардың, теңіз жағалауларының бойында жанар-жағар май және басқа уландырған қалдықтарының болмауына бақылауды күшейту
Үнемі
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы, ішкі істер басқармасы, балық қорғау органдары
10.
Қала және аудандар тұрғындары, әуесқой балықшылар арасында, балық өнеркәсібі орындарында балықты ұрлау, заңсыз жерден заңсыз балық аулау мен сатып алу, қоршаған ортаны таза ұстау жөніндегі заңдарды түсіндіру үшін теледидар, радио, газеттер арқылы түсінік беру жұмыстарын жүргізу
Үнемі
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы, ішкі істер басқармасы, балық қорғау органдары
11.
Учаскелер мен қабылдау пункттерінде балық қорғау мен табиғат қорғау заңдарының, балық аулау ережесі мен кәсіпшілік аулаудың тәртібінің сақталуын оқтын-оқтын тексеру
Көктемгі-күзгі балық аулау мерзімінде
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, қоршаған ортаны қорғау басқармасы, ішкі істер басқармасы
12.
Су пайдаланушылар, бақылаушы табиғат қорғау органдарының қатысуымен су ресурстарын тиімді пайдалануға бас саға құрылығы мен суландыру жүйелеріне бақылау жүргізу
Мамыр-маусым
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, қоршаған ортаны қорғау басқармасы
13.
Балықтың уылдырық шашу кезінде су көлігі жүрісін шектеп, сағада балық аулайтын балықшылардың бірыңғай жол бағытын орнату
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, қоршаған ортаны қорғау басқармасы
14.
Балық және балықтан жасалған өнімдердің заңсыз алынғанын анықтау үшін Атырау-Пешной, Атырау-Еркінқала, Атырау-Астрахан, Атырау-Орал, Атырау-Құлсары жолдарында бақылау-өткізу бекеттері ұйымдастырылсын. Бақылау-өткізу пункттер жұмысын тәулік бойы ұйымдастырып, құрамына МАИ инспекторлары, балық қорғау мен кеден қызметкерлері енгізілсін.
Көктемгі кезеңінде
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, қоршаған ортаны қорғау басқармасы
15.
Құрманғазы ауданы аумағында аң аулау және балық аулаумен айналысатын бірлескен кәсіпорындар қызметінің заңдылығы тексерілсін
Сәуір
Облыс прокуратурасы, экология прокуратурасы
16.
Балық өнімдерін қабылдау, өңдеу және сатуға өткізу кезінде салық заңдылығының бұзылуын ашу мақсатында бақылау жасау
Үнемі
Ішкі істер басқармасы, салық полициясы
17.
Теміржол стансаларында балық пен балық өнімдерінің заңсыз әкетілуі дәптерін ашу мақсатында патруль ұйымдастырылсын және Атырау қаласы аэропортындағы өткізу пунктінде бақылау күшейтілсін
Сәуір-маусым
Атырау стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі
18.
Облыстан контробандалық жолмен балық және балық өнімін әкету жолына тосқауыл қойылсын
Үнемі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, кеден басқармасы
19.
Бақылаушы органдар қызметкері арасында жемқорлық жолмен құқық бұзушылықты ашу мақсатында бақылау-өткізу пункттарында үнемі тексеру жүргізілсін.
Балық аулау мерзімінде
Атырау облысының прокуратурасы және экологиялық прокуратура
20.
Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарының бұзылу деректерінің алдын алу мақсатында көлікті құқық қорғаудың арнаулы шараларын жүргізу кезінде бақылау жүзеге асырылсын.
Сәуір-маусым
Көлік прокуратурасы
21.
Жайық өзенінде күн сайын трал тарту жүзеге асырылсын. Тартып алынған құрал-жабдықтар саны туралы күнбе-күн облыстық үйлестіру кеңесіне баяндалып отырсын.
Үнемі
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі
22.
Бір айлық мерзім ішінде Каспий теңіз жағалауындағы балық тұншығу қаупі бар қамыс өскен аймақтар, сонымен бірге облыс аумағында орналасқан өзендер бассейніндегі бар су айдындарын анықтасыг.
1 мамырға дейін
Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі
23.
Халық үшін Жайық өзенінен бекіре балықтарын, сонымен бірге қара балықтарды лицензиялық аулау бөлінген лимит шегінде арнаулы бекітілген учаскелерден аңшылар мен балық аулаушылар билеті бойынша ұйымдастырылсын.
15 сәуірге дейін, жыл бойы
Аңшылар мен балық аулаушылардың Атырау қоғамы
24.
«Балық аулау-2000» операциясы бойынша шаралардың орындалу барысы туралы күн сайын оперативтік ақпарат беріп отыру қамтамасыз етілсін.
2000 ж. 1 сәуірінен 1 маусымға дейін
Солтүстік Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі, ішкі істер басқармасы, облыстық прокуратура және кешен басқармалары, Ұлттық қорғау комитетінің басқармасы
25.
Балық аулау лимитінен артық ұстауға жол бермеу мақсатында күн сайынғы бақылау жүзеге асырылсын.
Үнемі
Солтүстік Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі
Басқа 16
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
4 сәуiрдегi № 423 шешiмiне
№ 2 қосымша
Бекiре және басқа да бағалы балық түрлерiн уылдырық шашу кезiнде қорғау шараларының орындалуын үйлестiру және бақылау жөнiндегi облыстық кеңес құрамы
Мақашев Нұрпейiс Мақашұлы -
Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары, кеңес төрағасы
Мүшелерi:
Әбдiрахманов Марат Ғинаятұлы - облыстық табиғи ресурстар және қорша¬ан ортаны қорғау
басқармасының бастығы
Әмiрғалиев Уәлитхан Мұқашұлы - қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Атырау бөлiмшесiнiң директоры
Сүлейменов Қанат Бостанұлы - Солтүстiк-Каспий биоресурстарды қорғау жөнiндегi аймақтық мекемесiнiң бастығы
Демеуов Қадырхан Дәрiбайұлы – Атырау балық аулау өндiрiстiк кооперативтер одағы басқармасының төрағасы
Долгих Сергей Николаевич – "Атыраубалық" ашық акционерлiк қоғамының президентi
Жауынбаев Бүркiт Елемесұлы – Атырау облысы iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Ербөлеков Сағиден Тұрсынғалиұлы – балық шаруашылығы бөлiм бастығының міндетін атқарушы
Есжанов Ғайни Берекеұлы – облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi
Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы – облыстық орман және биоресурстар басқармасының бастығы