Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шакыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - орындалу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30.09. № 447 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Республикасының 1993 жылғы 19-қаңтардағы Заңының 13, 14, 28, 35 баптарына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссар (К. А. Сәтенов) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да құрылымдарға шақырылу күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырылу мерзімін ұзартуға құқысыз, сондай-ақ шақырылу мерзімін ұзарту құқынан айрылған ересек жастағы ер азаматтарды 2000 жылдың сәуір-маусым айларында мерзімді қызметке шақыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қоса тіркелген облыстық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары өз жұмыстарында Қорғаныс Министрінің 1987 жылғы 26 қыркүйектегі № 280 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде медициналық куәландыру жөніндегі Ережені іске қосу туралы” Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1995 жылғы № 61 бұйрығын міндетті түрде қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері шақыруды өз деңгейінде өткізуді ұйымдастырсын, шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз етсін, азаматтарды мерзімді әскери қызметке ұйымшылдықпен жөңелтудің қажетті шараларын алсын. Аталған шараларды орындауға байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаржысы есебінен атқарсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев):
Тармақша 1
1) шақыру жұмысы басталғанға дейін емделуді талап ететін шақырушылардың емделуін аяқтап, осы мерзімге дейін әскери комиссариаттарына жеке амбулаториялық карточкасын қосымша беттерімен қоса және шақырушылардың наркология, туберкулезге қарсы және тері аурулары диспансерінде есепке тұратын, сондай-ақ денсаулық күйін білдіретін инфекциялық, трахома, ішкі органдардың созылмалы ауруы, сүйек, бұлшық ет, буындар мен дәрігерлер берген диспансерлік тексерудің қорытындысы бар шақырушылар тізімін тапсырсын;
Тармақша 2
2) аудандық медициналық комиссиялар жұмысына қатысу үшін маман дәрігерлердің облыстың аудандарына шығуын жоспарласын;
Тармақша 3
3) азаматтарды медициналық куәландыруды жүргізу үшін облыстық жинау қосына қажетті санда неғұрлым дайындығы мол дәрігер мамандарды және орта буын медбикелерді бөлсін;
Тармақша 4
4) әскери комиссариаттың жолдамасы бойынша келген шақырушылардың қосымша дәрігерлік қамтылуын қамтамасыз етсін және ол үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде кереует-орындар бөлсін;
Тармақша 5
5) шақыру учаскелерін қажетті құрал-саймандармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) шақыру кезеңі өту барысында стационарлық емделу орындарына түскен барлық шақырылатын жастағы азаматтар туралы тиісті әскери комиссариаттарға үш күндік мерзім ішінде хабарласын.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Ісімов) шақыру қостары жұмыс істеп тұрған кезде шақырылушылар көп жиналған жерлерге милиция нарядтарын және жылжымалы милиция қостарын бөлсін және қоғамдық тәртіпті сақтаудың, тәртіпті орнатудың пәрменді шараларын алсын. Мерзімді әскери қызметтен бой тасалап жүрген шақырылушыларды іздеу және әскери комиссариатқа жеткізу шараларын алсын.
Тармақ 7
7. Ақтөбе стансасының жолдық ішкі істер бөлімі (И. Б. Бексұлтанов) әскерге шақырылушыларды теміржол көлігімен жөнелту кезінде милиция жасақтарын бөлсін, отырғызу, жүру барысында тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық әділет басқармасы (С. Ж. Барышев) бір аптаның ішінде тиісті әскери комиссариаттарға әскерге шақырылушылардың аты, әкесінің аты, тегінің өзгергені немесе қайтыс болғанының тіркелгені туралы мәліметтерді, сотталған жағдайда сот үкімінің көшірмесін немесе сотталғандығы туралы мәліметтерді түсірсін.
Тармақ 9
9. Дәрігерлік-әлеуметтік сараптау жөніндегі облыстық бас сарапшы (Ж. Әбдіуәлиева) бір аптаның ішінде тиісті әскери комиссариаттарға мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен шақырылушылар туралы ақпарат берсін.
Тармақ 10
10. Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары 1 қосымшаға сәйкес шақырылушыларды ұйымдасқан түрде әскерге шығарып салу үшін облыстық шақыру қосына техникалық қызметкерлерді бөлсін. Облыстың шақыру қостарына бөлінген барлық шақыру комиссиялары мүшелерінің, дәрігерлік және техникалық қызметкерлердің өз міндеттерін атқарған кездерінде жұмыс орындары, лауазымдары және орташа жалақылары сақталсын.
Тармақ 11
11. Қоғамдық көлікті басқару облыстық қызметті (Т. Құрманәлин) шақырылғандарды жөнелту барысында және поезға отырғызу үшін облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша қажетті санда автокөлік бөлсін.
Тармақ 12
12. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) мерзімді әскери қызметке азаматтарды ұйымдасқан түрде шақыру, жөнелту және азаматтарды медициналық куәландыру шараларын орындауға байланысты облыстық бюджетте облыстық әскери комиссариатқа қарастырылған қаржы есебінен 2, 3 , 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес 1424685 теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 13
13. Осы шешімнің орындалу барысы және шақыру қорытындысы туралы облыстық әскери комиссар (Қ. А. Сәтенов) 2000 жылғы 15-шілдеге дейін облыс Әкіміне хабарлама түсірсін.
Тармақ 14
14. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 21
Облыс Әкімінің
2000 жылғы 2 қазандағы № 145 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Амангелді Қабашұлы Есіркепов
-облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Қажымұқан Асауұлы Сәтенов
-облыстық әскери комиссар, төраға орынбасары
Комиссия мүшелері:
Қуаныш Зайытұлы Қожантаев
-облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Тамара Андреевна Сафронова
-облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапевті
Есенгелді Бималыұлы Есмақанов
-облыстық әскери комиссариат 2-ші бөлім бастығының аға көмекшісі, дәрігерлік комиссия төрағасы
Айгүл Сисенова
-дәрігерлік-экономикалық проблемаларды ақпараттық талдау орталығының медбикесі
Басқа 22
Облыс Әкімінің
2000 жылғы
2 қазандағы № 145 шешімінің
№ 1 қосымшасы
Облыстық жиналу қосына 2000 жылғы 5 қазаннан 31-желтоқсанға дейінгі аралықта техникалық қызметкерлерін жіберетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ТІЗІМІ
р/с
кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің атауы
Адам саны
Техникалық қызметкерлерге қойылатын талаптар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
«АЗХС» АҚ
«Троллейбус» паркі» АҚ
«Жылуэнергия» АҚ
«Ақбұлақ» АҚ
«Отандастар Полиграфия» ЖШС
«Ақтөбенан» АҚ
«Ақтөбеоблгаз» АҚ
ПЧ-4 Ақтөбе жол дистанциясы
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
«Трактор» АҚ
«№ 406 Авиажөндеу зауыты» АҚ
Қазаэронавигация
Әуежай
«Эталон» АҚ
«Темірбитум» АҚ
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
Әскери қызметін өтеген ер адам, жасы 25-тен асқан болуы қажет немесе орта білімді, көркем жаза білетін әйел адам
Басқа 23
Облыс Әкімінің
2000 жылғы 2 қазандағы № 145 шешімінің
№ 2 қосымшасы
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мен жөнелтуді және оларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру үшін қажетті шығыстардың
ЕСЕБІ
Тармақ 1
1. Кеңсе тауарлары
р/с
Атауы
Өлшем бірлігі
Бірлік бағасы
Саны
Сомасы
1
Басу қағазы
дана
230
40
9200
2
Қалың дәптер
дана
40
100
4000
3
ПВА желімі
құты
60
40
2400
4
Өшіргіш
дана
15
40
600
5
Стержень
дана
8
70
560
6
Қара туш
құты
90
30
2700
7
Қалам
дана
15
50
650
8
Қыстырғыш
қорап
60
50
3000
9
Сызғыш
дана
30
70
2100
10
Кеңсе желімі
құты
20
40
800
11
Жәй карандаш
дана
12
100
1200
12
Іс папкасы
дана
25
250
6250
13
Жәй дәптер
дана
7
150
1050
14
Карандаш ұштағыш
дана
15
20
300
15
Жәй оқушы қаламы
дана
15
40
600
16
Қайшы
дана
250
3
750
Барлығы 36160 теңге
Тармақ 2
2. Баспахана бланкілерін сатып алуға:
(шақыру комиссиясы хаттамаларының кітаптары,
жеке іс-қағаздарын қаптағыштар, шақырылушылардың
қартасы, т.б.) – 500000 теңге
Тармақ 3
3. Жанар-жағар май сатып алуға:
Әскерге шақырудан қашып жүрген шақырылушыларды іздестіру және оларды жеткізу үшін облыстың аудандық, қалалық әскери комиссариаттарынан 2000 жылдың 1-қазаннан 31-желтоқсанға дейін 14 (он төрт) автомобиль техникасы іске тартылады. Сол себептен төмендегі есеппен мынадай мөлшерде жанармай материалдары қажет:
УАЗ-469 – 14 бірлік, А-76 бір айға:
200 х 3 = 600 л
600 х 14 бірлік = 8400 л
8400 х 40 теңге = 336000 теңге
Барлығы: 336000 теңге
Барлығы 872160 теңге ақшалай қаржы қажет.
Тармақ 4
4. Флюропленкалар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға: (132 бап)
Тармақша 1
1. Флюрапленка - 70 х 30,5 (1 орам) = 4780 теңге
Тармақша 2
2. Рентгенпленка - 30x40 (20 дана) =20400 теңге
Тармақша 3
3. Рентгенпленка - 24 x30 (200 дана) = 12200 теңге
Тармақша 4
4. Пленка шығаруға қажетті ұнтақтар 2532 + 1765 = 4297теңге
Тармақша 5
5. Облыстық жиналу қосында алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер 5000 теңге
Тармақша 6
6. 13 аудандық, қалалық әскери комиссариаттардағы дәрігерлік комиссияларға дәрі-дәрмек алу үшін 73323 теңге
Барлығы 120000 теңге ақшалай қаржы қажет
Тармақ 5
5. Аудандарға дәрігерлік комиссияға баратын дәрігерлік-мамандардың іссапар шығыстарына:
Барлық дәрігерлер 4
Іссапар мерзімі 120
Тармақша 1
1. Тәуліктік 43500
Тармақша 2
2. Екі жаққа жол ақысы 8000
Тармақша 3
3. Пәтерақы 21025
Тармақша 4
4. Барлығы 72525
Есеп қонақ үйді қоспай жасалды.
Тармақ 6
6. Әскерге шақырылушыларды облыстық жиналу қосынан автобустармен теміржол вокзалына жеткізуге жұмсалатын қаржы (143 бап)
Автобус жұмысының бір сағатын қосымша құн салығымен пайдалану (теңге) 1 литр бензин бағасы
Автобусты пайдалану
Барлық сомасы
Әскери комиссариат үшін
1200
100 сағат
120000 теңге
Тармақ 7
7. Негізгі жабдықтарды алуға: (411 бап)
Тармақша 1
1. «Пентиум-2» компьютері 140000
Тармақша 2
2. «Шарп» принтері 60000
Барлығы 200000
Тармақ 8
8. Әскерге шақыру кезеңінде жұмсалатын басқа да шығыстар: (159 бап)
- кір-коңды жуу – 20000 теңге
- басқалай (ерекше) – 20000 теңге
Барлығы: 40000 теңге
Барлық шығындар: 1424685 теңге