О государственном закупе зерна урожая 2000 года Қолданыста
Басқа 0
2000 жылдың астығын мемлекеттік сатып алу туралы
📌 Ескерту. Шешімнің атауына өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2001 № 10 шешімімен.
«2000 жылдың астығын мемлекеттік сатып алу туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1341, «Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1341 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 13 қыркүйектегі № 1385 қаулыларын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. «2000 жылғы орақтан 9353-90 Мемстандартқа қарай 3 сыныптағы азық-түліктік жұмсақ сортты бидайларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған және астықты сатып алу шартымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінін 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1303 және 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулыларына сәйкес сатып алынған баға бойынша сатылған астықтан қайтарылатын қаржы есебінен жасалсын.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2001 № 10 шешімімен.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ресурстарға астық сату жөніндегі сатушылар тізімін қалыптастыру үшін қосымшаға сәйкес құрамда жұмыс тобы құрылсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2001 № 10 шешімімен.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдеріне жергілікті жерлерде осындай жұмыс топтарын құрү тапсырылсын. Облыстык жұмыс тобына төмендегі құжаттарды ұсына отырып, тапсырыстар түсіру қамтамасыз етілсін:
жұмыс тобының атына жазылған жазбаша тапсырыс;
кіріс түбертегінің көшірмесі (ПК-13) және астыктың талдау кәртішкесі;
патенттің немесе кәсіпкерлік кызметпен (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық) айналысу құқының куәлігінің көшірмесі;
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2001 № 10 шешімімен.
Тармақ 5
5. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар басшылары жұмыс тобына берілген құжаттардағы ақпараттың дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 6
6. 2000 жылдың астығын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге жауапкершілік сол жердегі аудан әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінін бірінші орынбасары Қ.Қ. Қалиевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім «экспорттық мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 1841 қаулысына қол қойылған күннен күшіне енеді.
📌 Ескерту. Шешім 8-тармақпен толықтырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 02.06.2001 № 10 шешімімен.
Басқа 9. Жұмыс тобының мүшелері
Облыс әкімінің
2000 ж. «13» қыркүйектегі
№ 177 шешіміне
Қосымша
Мемлекеттік ресурстарға астық сату жөніндегі сатушылар тізімін қалыптастыру үшін жұмыс тобының құрамы
Қалиев Құдайберген Қалиұлы - облыс әкімінің бірінші орынбасары, топ жетекшісі
Жақыпов Қабдырахым Өксекбайұлы - «Продкорпорация» ЖАҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры, топ жетекшісінің орынбасары
Жұмыс тобының мүшелері
Бовсуновский Владимир Павлович - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық минстрлігі Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының бастығы
Оразалинов Елубай Атығайұлы - Солтүстік Қазакстан облысы санақ басқармасының бастығы
Саможенов Сергей Афанасьевич - Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстары басқармасы жөніндегі комитеттің бас маманы
Судаков Валерий Степанович - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
Череп Людмила Николаевна - Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бас маманы