Об установлении продолжительности Счетного периода на 2000 год Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған Есептеу кезеңінің ұзақтығын белгілеу туралы 📌 Ескерту. Бұйрықтың күші тоқтатылды - ҚР Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаменті директорының 08.09.2004 № 4-0-9/4 хатымен. "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес және 2000 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті уақытылы жасау мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған бюджетте бекітілген өткен жылы қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген шығыстар бойынша, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша ресми трансферттерді 2001 жылғы 4 қаңтардан бастап 6 қаңтарды қоса алғанда бюджеттерге есепке алу жөнінде қорытынды операциялар жүргізу үшін 2000 жылға арналған Есептеу кезеңінің ұзақтығы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бюджет департаменті мен Қазынашылық комитеті осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық қазынашылық органдарына дейін жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.