Об открытии спортивно-любительской и промысловой охоты на территории области в 2000 году Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағында 2000 жылғы әуесқой-спорттық және кәсіби аңшылық маусымның ашылуы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін қорғау, өркендету және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы Аңшылық үлгі ережелерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы "2000 жылдың аңшылық маусымына арналған жабайы аңдарды аулаудың лимиттерін бекіту туралы" N 1180 Қаулысының, Орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасының 2000 жылғы 5 тамыздағы N 239 бұйрығының негізінде облыс Әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында 2000 жылғы, шетел азаматтарының аң аулауын қоса алғанда, кәсіби және әуесқой-спорттық аңшылық маусымы ашылсын.
Аң аулауды жүргізу, рұқсат беруді рәсімдеу және рұқсат беру тәртібін сақтау, сонымен бірге жабайы аңдарды аулауға лимиттер беру, оларды тіркеу мен есеп беру, төлем жинау облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасына (Б.Д. Данышпанов) жүктелсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасына:
- тапсырысқа сәйкес, аң аулау алқаптарының иелеріне жабайы аңдарды аулаудың бекітілген лимитін бөліп берсін;
- Үкімет бөлген лимиттерге сәйкес, аң аулау алқаптарының иелеріне жабайы аңдарды аулауға рұқсат беруді қамтамасыз етсін;
- шетел азаматтары үшін аң аулауды ұйымдастыру және жүргізуге қатаң бақылау орнатуды қамтамасыз етсін. Облыс Әкімінің аппаратына, облыстық аумақтық орман және өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау комитетімен келісілген, аѕ аулауға келген шетел аң аулаушыларының саны, келу кестесі және орналасу орны туралы хабарлама беріп тұрсын;
- шетел азаматтарына алынған олжа аң аулау өндірісін жүзеге асыруға толық төлемді төлемді төлегеннен соң берілсін;
- тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 2000 жылғы кәсіби және әуесқой-спорттық маусымның ашылуы туралы ақпаратпен хабарландырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау басқармасы (З.Б. Бидайбеков) 2000 жылғы аңшылық маусымының тәртібін сақтауға бақылау орнатуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандар әкімдері өз құзыреттерінің шегінде жануарлар әлемін қорғау, өркендету және пайдалану жөніндегі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметін үйлестіруді, басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі
(Б.Д. Данышпанов) жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мемлекеттік бақылау (З.Б. Бидайбеков) басқармалары осы шешімнің орындалу барысы туралы ай сайын хабарландырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.