2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылдың егінін жинауға дайындық барысы туралы Үстіміздегі жылы облыстың құрылымдары бойынша 145,2 ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде 76,2 мың гектарға дәнді дақылдар, оның 62,2 мың гектарына күріш егілді. Өткен жылмен салыстырғанда барлық егіс көлемі 17,5 мың гектарға, күріш егісі 3,6 мың, көкөніс, бақша, картоп дақылдары 2,4 мың гектарға артық егілді. Егілген ауылшаруашылық дақылдары агротехникалық талаптарға сай күтіп бапталды.Құрылған жұмысшы топтарының талдау қортындысы мен олардың жақсы, орташа, нашар өнім беретін көлеміне болжау жасалынды. Бұл күндері егін орағына дайындық жұмыстары қарқын алуда.Күздік бидайды ору басталды.Облыста жиналуға тиісті 4867 гектар күздік бидайдың шілде айының 10 жұлдызына 1470 гектары жиналып, облыс бойынша әр гектардан 13,4 центнерден астық алынуда. Дегенмен 2000 жылдың егін орағы науқанына дайындық барысы талаптағыдан төмен. Егін жинауға қатысатын техникалардың жөнделіп, сапқа қойылуы нашар. Бүгінгі күні қолда бар 1128 астық комбайнының дайыны 694, немесе 62 пайыз, 528 жатканың 64 пайызы, 122 қырманның 86 пайызы, -276 астық құятын қойманың 92 пайызы ғана дайын. Алдын ала жасалынған есеп бойынша егілген күріш егісін мерзімінде жинап алу үшін оруға 30 комбайн, бастыруға 84, барлығы 114 комбайын жетіспейді. Соның әсерінен қолда бар комбайындарға жүктеме көлемі өсіп отыр. Бүл әсіресе Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Қармақшы аудандарында айрықша орын алуда. Астық комбайындарын жөндеу жұмыстары Қазалы,Қармақшы аудандарының шаруашылықтарында өте нашар жүргізілуде. Қазіргі кезде бұл аудандарда барлық комбайынның 55-58 пайызы ғана егіс орағына дайындалған. Бұл облыстың орта көрсеткішінен 4-7 пайызға төмен. Қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге жеткілікті мән берілмеуде, «Агроөнеркәсіптехника» АК әкелген 40 млн. теңгенің қосалқы бөлшектерінен 10 млн тенгенің қосалқы бөлшектері ғана облыс шаруашылықтарына келісім-шарт арқылы таратылған. Үстіміздегі жылғы егін орағына 17435 тонна дизелдік жанар май, 3500 тонна автобензин,500 тонна қою май қажет болса, одан осы кезге дейін 1 тоннасы да дайындалмаган. Облыс ауылшаруашылығы құрылымдарының алған материалдық-техникалық ресурстары және қызметтері үшін 2000 жылғы 1 шілдеге берешек қарызы 1263,1 млн. теңге болып отыр. Сонымен қатар мал азығындық жем-шөп дайындау жұмыстары да нашар жүруде. Бұл жұмыс Жалағаш, Қазалы, Сырдария аудандары шаруашылықтарында межедегіден 6-8 пайызға ғана орындалуда. 2000 жылдың егін орағын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыста 2000 жылдың егінін жинауға дайындықтың барысы туралы облыс әкімінің алқа мәжілісіне құжаттардың сапасыз дайындалғаны үшін облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа, облыстық ауылшаруашылығы департаментінің бастығы Қ. Ахметовке ескерту берілсін.
Тармақ 2
2. Егін жинауға қажетті қаражат көздерін табу жолдарын, оны алуды үйлестіру ережелерін жасау, облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандықовқа, және облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа міндеттелсін.
Тармақ 3
3. «Яксарт» ЖШС-гі Оңтүстік Кореядан сатып алған 40 астық комбайындарын аудандардын сұранысына байланысты келісім-шарт арқылы берудін ережесін жасау шаруашылықтарға тарату облыстық ауылшаруашылық департаментінің бастығы Қ.Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Егін орағына қатысатын ауылшаруашылық техникаларын тексеруден өткізіп, 1 тамызға дейін даярлығын анықтау облыстық ауылшаруашылық департаменті бастығы Қ.Ахметовке және облыстық аумақтық басқарманың бастығы П. Балкеевке тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Қала, аудан әкімдеріне облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы мемлекеттік кәсіпорнымен келісім шартқа отырып, шаруашылықтардағы автотаразыларды тексеруден өткізіп сертификаттау жұмыстарын 15 тамызға аяқтау міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Қала, аудан әкімдеріне 2001 жылдың егісіне қажетті ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымын толық құйылуын қамтамасыз ету оны мемлекеттік статистика және талдау басқармасының 1-АШ формасына есепке енгізу жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қала, аудан әкімдеріне, облыстық ауылшаруашылық департаментіне (Қ.Ахметов) 10 күн мерзім ішінде қарыздарды өтеу кестесін жасап, облыс әкіміне бекітуге ұсыныс беру тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Егін жинау науқаны кезінде жиналған астықты талан-таражға және ұрлыққа жол бермеу мақсатында аудандарда, шаруашылықтарда арнайы постылар ұйымдастыру облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Т.Рахимовке міндеттелсін.
Тармақ 9
9. «Агроонеркәсіптехника» АҚ (Қ.Байменов) егін жинауға қатысатын техникаларды қажетті қосалқы бөлшектермен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде нақты шара көру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсін.