Облыстың 2000 жылғы бірінші жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың күш-жігері Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналган Іс-қимыл бағдарламасын одан әрі іске асыруға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 маусымдағы бейнеконференцбайланыс бойынша мәжілісіндегі тапсырмаларын орындауға бағытталды.
Экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың аймақтық мақсатты бағдарламалары қабылданып, іске асырылуда.
Қабылданған шаралар нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалык дамуында оң ілгерілеушіліктер байқалуда. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 41,4 пайызға өсті, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі өткен жылғы деңгейде. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджетке салық түсімдері бойынша болжамы 1,6 есе артып, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы 121,9 пайызды құрады.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет деңгейін көтеру, халық денсаулығын сақтау, экологиялық жағдайды сауықтыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді.
Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар қызметі әлі де болса облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасына толық жауап бермейді.
Өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс құлдырауы жалғасуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде, металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуде, қағаз, картон өндірісі мен баспа ісінде төмендеу байқалуда.
Облыстық импортты алмастыру бағдарламасы орындалмауда. Осы кезге дейін тоқтап тұрған кәсіпорындар қызметі жандандырылмады.
Көлік қызметін көрсетуде оң ілгерілеушіліктер байқалмауда. Жолаушы және жүк тасымалдау көлемінің құлдырауы жалғасуда.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық өнеркәсіп және сауда департаменті көлік кәсіпорындары жұмысын өте нашар үйлестіреді.
Жаңақорған, Жалағаш аудандарында өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі қысқарған.
Шиелі және Жаңақорған аудандарында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің едәуір төмендеуіне жол берілді. Жаңақорған ауданында ет өндіру 13,2 пайызга, Шиелі ауданында сүт өндіру 6,8 пайызға кысқарған.
Өткен жылмен салыстырғанда Шиелі ауданында күріш егу көлемі 560 гектарға, максары- 300 гектарға, жаздық бидай-305 гектарға азайған. Сондай-ақ, Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласында жаздық бидай егу көлемі тиісінше 480; 225 гектарға төмендеген.
Мал аурулары, әсіресе аусылмен ауыру байқалуда.
Негізгі көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, шағын кәсіпкерлік дамуының қарқыны облыс әкімінің Іс-қимыл бағдарламасының өлшемдеріне сай келмеуде. Шағын бизнес субъектілерінің, оларда жұмыспен қамтылғандардың саны жай өсуде. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімнің облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі төмендеген.
Күрделі құрылысқа салынған инвестиция көлемі қысқарды. Аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер инвестиция тарту мәселелерімен қанағаттанғысыз айналысуда.
Балалары бар отбасыларына жәрдемақы төлеу жөніндегі қарыз Арал (6,8 млн. теңге), Жаңақорған (3,9 млн. теңге) және Шиелі (2,7 млн. теңге) аудандарында толық өтелмеді.
Халықтың жұқпалы аурулардың жекелеген түрлерімен сырқаттану проблемасы күрделі болып қалуда.
Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аударында жергілікті бюджет болжамы орындалмады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 маусымдағы бейнеконференцбайланыс бойынша мәжілісіндегі тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламаларын толық және уақытылы іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстың 2000 жылғы бірінші жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы от 13.07.2000 г. № 267 (Облыстың 2000 жылғы бірінші жарты жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы)
1. «Облыстың 2000 жылғы бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселені облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісіне нашар дайындағаны үшін облыс әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен айналысатын орынбасары Ш.Х. Төребаевқа, облыстық экономика басқармасының бастығы Б.М. Шәменоваға ескерту жариялансын.
2. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер:
- 2000 жылдың бірінші жарты жылдығындағы аймақтардың (салалардың) әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына терең талдау жасап, қарасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 344 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыруу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 9 маусымдағы бейнеконференцбайланыс бойынша мәжілісіндегі тапсырмаларын және облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасын одан әрі іске асыру жөнінде екінші жарғы жылдықтағы міндеттерін айқындасын;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 26 маусымдағы мәжілісінің «Қызылорда облысы әкімінің «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебі» жөніндегі № 11-12/и-701 хаттамалық шешімін орындау жөнінде нақты шаралар қабылдап, жүзеге асырсын.
3. Облыс әкімінің орынбасарлары Б.Ә. Нұртазаев, К.Н. Нүрекешов коммуналдық меншікке берілген "Қызылордасушаруашылығы" және «Қызылордаауылшаруашылығы су құбырлары» РМК- ның тиісті құжаттарын әзірлеп, жаңа құрылымы мен басқару жобасы жөніндегі мәселелерді аяқтасын және 2000 жылдың 1 тамызына дейін қабылдау - тапсыру актісін бекітуге енгізсін.
4. Облыс әкімінің, бірінші орынбасары Б.Б. Қуандықов, облыс әкімінің орынбасары Б.Ә. Нұртазаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы № 1227 «Қазақстан Республикасының экономика салалары бойынша жер беті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін ақы есептеу, алу мен енгізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының су ресурстарын пайдаланудан тиісті жергілікті бюджеттердің кірістеріне түсетін су ресурстарын пайдалану ақысының мөлшерін 1 текше метрге 3,02 тиыннан 7 тиынға көбейту бөлігіне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 4 наурыздағы № 182 «Суармалы жерлерде су беру жөніндегі қызметке төлем туралы» қаулысының іс-әрекетін Қызылорда облысы үшін тоқтатуға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс дайындасын.
5. Аудан және Қызылорда қаласы өкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Қ.Ахметов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы (П. Балкеев), «Қызылордасушаруашылығы» РМК (Ә. Құтжанов) ауыл шаруашылығы дақылдары егісін күтіп-баптау жұмыстарын, егін жинауға дайындықты уақытылы жүргізуге бағытталған, аяқ суды үнемді пайдалану, ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларын алдын алу және емдеу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.
6. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Б. Қуандықов он күн мерзімде жергілікті бюджет кепілдігімен Қызылорда облысы әкіміне 330 млн. теңге сомасында 2000 жылға қарыз алу лимитін беру туралы Үкімет қаулысының қабылдануын жеделдету үшін барлық шараларды қабылдасын, сондай-ақ осы мәселені облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясында қарау үшін материалдардың дайындалуын қамтамасыз етсін.
7. Облыс әкімінің орынбасары К. Н. Нүрекешов Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп «Қазгермұнай» бірлескен кәсіпорнының келісімшартқа сәйкес мұнайды экспорттауды өзара айырбастау туралы мәселені пысықтасын.
8. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Б Қуандықов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Казақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп «Харрикейн» компаниясының акцияларды сатып алу - сату туралы келісімшарттың өндіріс пен облыстың әлеуметтік инфрақұрылымына инвестиция салу бөлігіндегі міндеттемелерінің орындалуына тексеру ұйымдастырсын.
9. Облыстық өнеркәсіп және сауда департаменті (С. Мырзашев), аудан және Қызылорда қаласы әкімдері өңдеуші өнеркәсіптің жаңа кәсіпорындарын құру және тоқтап қалғандарын қайта жаңғырту жөнінде жұмысты жалғастырсын, облыстық импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты күшейтсін және қабылданған шаралар туралы 2000 жылдың 1 қыркүйегіне хабарласын.
10. Облыстық статистика басқармасы (М. Есенов) жеке автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау көлемінің мемлекеттік есеп-қисапқа толық кіргізілуі жөнінде шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын.
11. Облыстық энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті, аудан және Қызылорда қаласы өкімдерімен бірлесіп облыс объектілерін энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға, қаржыландыру. көздерін іздестіруге айрықша назар аударып, 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы жылу маусымына дайындығы жөніндегі жұмыс кешенін уақытылы және сапалы жүргізу жөніндегі іс-шараларды толық орындауды қамтамасыз етсін және 2000 жылдың 1 тамызына хабарласын.
12. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері облыстық ауыл шаруашылығы, өнеркөсіп және сауда, шағын кәсіпкерлікті қолдау. еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттерімен, халықты жұмыспен қамту, көші-қон және демография жөніндегі басқармаларымен бірлесіп шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, оралмандардың алғашқы кезектегі проблемаларын шешу, отбасының ең болмағанда бір мүшесін жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандырсын және орындалуы туралы әр айдың 1-күні хабарласын.
13. Облыстық денсаулық сақтау (Д. Дәулетбаев), мәдениет (Ж. Жонтаева) басқармалары, туризм және спорт жөніндегі комитет. (Ким Ю.Ф.) аудан және Қызылорда қаласы әкімдерімен бірлесіп жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылды- мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау, бұқаралық спортты дамыту жөніндс шаралар қабылдасын.
14. Облыстық білім, департаменті (Ә. Мүсілімов) 2000 жылдың 1 тамызына дейін білім қызметкерлерінің тамыз конференцияларына, білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындық, білім мекемелері қызметкерлері жалақысын толық төлеу жөніндегі жұмысты аяқтасын. Облыстық қаржы басқармасымен бірлесіп жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің класс-комплектілерін айқындасын.
15. Облыс бойынша салық комитеті (Д. Ысқақов), салық полициясы комитетінің (М. Нәлібаев), облыстық кеден (Қ. Боранбаев), облыстық қаржы (Қ. Әжібеков), облыстық Қазынашылық (Қ. Ыдырысов). облыстық қаржы бақылау комитетінің басқармалары (С.Аманжолов), зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалы (Т. Иманов) бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің толық және уақытылы жиналуын, зейнетақы мен жәрдемақының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің жалақысын төлеудіг шаруашылық есептегі кәсіпорындардағы жалақы төлеу жөніндегі қарыздарды барынша қысқартуды қамтамасыз етсін, бюджет қаражаттарын мақсатты және тиімді жұмсауға қатаң бақылау орнатсын.
16. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қ. Шапшанов) орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқарма (И. Әбибуллаев), жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (А. Камаладдин) табиғат қорғау заңдылықтарын сақтауға және аймақтың экологиялық ахуалын сауықтыруға бақылауды күшейтсін.
17. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (М. А. Мәселеева) 2000 жылдың 1 қыркүйегіне дейін балалары бар отбасыларына жәрдемақы төлеудің дұрыстығын тексеруді аяқтасын.
18. Облыс әкімінің орынбасары Н.К. Ерімбетов әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде қабылданған шаралар туралы облыс халқына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарласын.
19. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер осы шешімнің орындалуы туралы облыс әкімінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 138 шешімінде белгіленген мерзімдерде хабарласын.
20. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш.Х.Төребаевқа жүктелсін.