О внесении изменений и дополнений в Единую бюджетную классификацию на 2000 год N 2 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" және 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қолдау жөніндегi шаралар туралы" жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 199 P000199_ "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына; бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы: "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "6.2.258.30.30 Жұмыспен қамту орталығы 6.2.258.30.31 Қоғамдық жұмыстар 6.2.258.32 Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау"; "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "6.2.258.30 Жұмыспен қамту бағдарламасы"; "6.2.258.46 Тiс салдыру бойынша әлеуметтiк көмек көрсету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "6.2.258.46 Көп балалы отбасыларды әлеуметтiк қорғау"; "6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6.2.258.46.31 Аналар мен жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары үшiн қала iшiндегi көлікте (таксиден басқа), сондай-ақ қала сыртындағы және аудан iшi желiсіндегi автобустарда жүруге әлеуметтiк көмек"; "6.2.258.46.23 Көп балалы аналар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "6.2.258.46.30 Көп балалы аналарға тiс протездерін дайындау және жөндеуге (қымбат бағалы металдардан жасалған протездерді қоспағанда) әлеуметтік көмек"; "6.2.258.57.32 Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6.2.258.57.33 Техникалық және өзге құралдармен қамтамасыз ету"; "7.1.274.43.30 "Тұрғындардың аса мұқтаждарын тұрғын үймен қамтамасыз ету" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "7.1.274.45 Мемлекеттік қажеттілік үшін тұрғын үйлер мен жер учаскелерін босату".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.