О внесении дополнений в Единую бюджетную классификацию на 2000 год N 4 Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 4 толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 "Қазақстан Республикасында өндiрілетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
"105229 Газ конденсатын қосқанда шикi мұнай" деген жолдан кейiн
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"105230 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын бензин
105231 Бөлшек саудада сатылатын бензин
105232 Мұнай өңдейтiн зауыттарда сатылатын дизель отыны
105233 Бөлшек саудада сатылатын дизель отыны".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық 2000 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енедi.