О внесении изменения и дополнений в Единую бюджетную классификацию на 2000 год N 5 Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" , 1999 жылғы 7 маусымдағы "Бiлiм беру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 332 "Терроризм мен экстремизм көрiністерiнің алдын алу және тию жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығына Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 227 "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"3.5 Жеке тұлға, қоғам және мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызмет" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"3.5.251 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы iшкi iстер органы
3.5.251.33 Терроризм мен экстремизм көріністерiнiң алдын алу және тию жөнiндегi шаралар";
"4.9.263.40.30 Әдiстемелiк кабинеттер" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"4.9.263.51 Дамуында проблемасы бар балаларды оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу";
"5.9.254.44 Дәрi-дәрмек және медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алу" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"5.9.254.44 Дәрi-дәрмек, медициналық жабдықтар және санитарлық көліктердi орталықтандырылған сатып алу";
"12.1.215.34.12 Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"12.1.215.34.30 Автомобиль жолдары мемлекеттiк мекемелерi
12.1.215.34.31 "Инжиниринг" автомобиль жолдарының ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi";
"12.1.215.34.31 Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"12.1.215.36.32 Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпiр құрылысы".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.