О внесении дополнений в Единую бюджетную классификацию на 2000 год N 7 Күшін жойған
Басқа 0
2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 7 толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 202 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеудiң бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"6.2.258.37 Денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет және әлеуметтiк қамту салаларының ауылдық жерде тұратын мамандарына отын алу жөнiндегi әлеуметтiк көмек көрсету" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6.2.258.38 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудi өткiзу";
"13.9.105.61 Өкiлеттiк шығыстар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"13.9.105.64 Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың жарғылық қорына жарна".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшiне енеді.