О предоставлении акиму города Алматы права выступления гарантом средствами городского бюджета 2000 года по проведению расчетов между ЗАО "Алматыгоргаз" и ОАО "Казахстантрактор" по договору № К-Г-1 от 29 июля 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының»Әкiмiне "Алматықалагаз" ЖАҚ пен "Қазақстантрактор" ААҚ арасындағы 1999 жылғы 29 шiлдедегi N К-Г-1 шарт бойынша есепайырысу жөнiнде 2000 жылғы қала бюджетiнiң қаражатына кепiл болу құқығын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен.
Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысын қарай келiп және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң»"Өзбекстан Республикасынан Оңтүстiк Қазақстанға жеткiзiлетiн табиғи газ үшiн өзара есеп айырысу туралы" 1999 жылғы 21 шiлдедегi N 1024 қаулысын басшылыққа ала отыра I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң "Алматықалагаз" ЖАҚ пен "Қазақстантрактор" ААҚ арасындағы 2 600 000 (екi миллион алты жүз мың) АҚШ доллары сомасына 1999 жылғы 29 шiлдеде жасалынған N К-Г-1 шарты бойынша есепайырысуды қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл хаты бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. 2000 жылғы Алматы қаласының бюджетiн құрастыру кезiнде "Алматықалагаз" ЖАҚ пен "Қазақстантрактор" ААҚ арасында 1999 жылғы 29 шiлдеде жасалынған N К-Г-1 шарт бойынша қарызды өтеудi қамтамасыз ету үшiн "Алматықалагаз" ЖАҚ тарапынан 2000 жылдың 1 сәуiрiне дейiн көрсетiлген сомамен толық есеп айырысу жүргiзiлмеген жағдайда қаражат қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономикалық реформалар және нарықтық қатынастарды дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (Костин Ю.В.).