Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының орындалу барысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес облыс аудандары мен Қызылорда қаласында әкімдердің шешімімен 196 учаскелік комиссиялар құрылған. Ауылдық округ әкімдері, учаскелік комиссиялардың мүшелерімен бірлесіп семинар-кеңестер өткізілді.
Барлық ауылдық округтер орталықтан белгіленген үлгідегі бланкілермен қамтамасыз етілді.
Облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында атаулы әлеуметтік көмектің қалай берілетіндігі жайлы мақалалар, құжаттардың жүру схемасы жарияланды. Азаматтардың сходтары өтті. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Атаулы әлеуметтік көмекке 105169 өтініш қабылданып, учаскелік комиссиялар 54016 адамына немесе 51,4 пайызға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға шешім қабылдады. Арал, Қазалы аудандарында атаулы әлеуметтік көмек тиесінше 10318,4 мың теңге және 10000,0 мың теңгесі төленген.
Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалған құжаттары бойынша ҚР адамға 1 айға орташа мөлшері 854 теңгені құрап отыр. Оның ішінде: Арал ауданында - 971 теңге, Қазалыда - 1057, Қармақшыда - 876, Жалағашта - 606, Сырдарияда - 592, Шиеліде - 772, Жаңақорғанда -726, Қызылорда қаласында - 1062 теңгеден келіп отыр.
Облыс бойынша 2002 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраған болса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының өз күшіне енуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жұмыссыз азаматтар еңбекпен қамту органдарына «жұмыссыз» ретінде жаппай тіркелуде. Соның салдарынан үстіміздегі жылдың 1 наурызына жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайызға көтеріліп отыр. Оның ішінде: Қармақшы ауданында - 9,2 пайызға дейін, Шиеліде - 8,7, Сырдарияда - 6,9, Қызылорда қаласында - 7,9 пайызға өсіп отыр.
Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында азаматтардың жер үлесі мен мүлік үлесі пайларын қайтарып беріп және жұмыспен қамту органдарына «жұмыссыз» сияқты тіркелу жағдайлары орын алуда.
Одан басқа, еңбекпен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстар мен айлық жалақысы төмен жұмыстарға қатысудан бас тартуда.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының орындалу барысы туралы от 19.03.2002 г. № 194 (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының орындалу барысы туралы)
1. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының (М. Мәселеева) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңын орындау жөнінде облыста жүргізілген жұмыстары туралы мәлімдемесі қаперге алынсын.
2. Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері:
1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңын іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту және өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында, шағын және орта бизнесте жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қажетті шаралар қабылдасын.
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М. Мәселеева) I-тоқсанның қорытындысымен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төлену жұмыстарына талдау жасап, 2002 жылғы 10 сәуірге дейін облыс әкіміне ақпарат тапсырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.