Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 18 қазандағы 17 сессиясының № 17/152 шешімімен бекітілген «Аудандық мәслихат Регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 18 қазандағы 17 сессиясының № 17/152 шешімімен бекітілген «Аудандық мәслихат Регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтарындағы №19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 18 қазандағы 17 сессиясында қабылданған аудандық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы» №17/152 шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
3 – тараудың 34 – тармағы: «Аудандық мәслихаттың сессиясы әр жарты жылда бір рет аудан әкімінің өз құзыреті шегінде жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебін тыңдайды. аудан әкімі болмаған жағдайда есепті міндетін атқарушы жасайды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында аудан әкімінің өз құзыреті шегінде жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі тыңдалып, сессияға ұсынылуға байланысты есепті баяндама мен шешімнің жобасы сессия өтерден үш жұма бұрын аудандық мәслихатқа жолданады.
Аудан әкімінің есебі бойынша сессия шешімін аудандық мәслихаттың депутаттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағының негізнде қабылдайды» деген редакцияда жазылып толықтырылсын.