Ордабасы аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қарашадағы N 14/4 "Ордабасы аудандық мәслихаттың регламентi туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 20 желтоқсанда N 429 нөмірмен тіркелген шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес аудандық мәслихат шешті:
Ордабасы аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қарашадағы N 14/4 "Ордабасы аудандық мәслихаттың регламентi туралы" (Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 20 желтоқсанда N 429 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 19 қаңтарда "Ордабасы отары" газетінде N 2 санында және 2002 жылғы 19 қаңтарда N 3 санында жарияланған) шешімімен бекітілген аудандық мәслихатының Регламенті қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Ордабасы аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қарашадағы N 14/4 "Ордабасы аудандық мәслихаттың регламентi туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 20 желтоқсанда N 429 нөмірмен тіркелген шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 29.12.2003 г. № 4/9 (Ордабасы аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қарашадағы N 14/4 "Ордабасы аудандық мәслихаттың регламентi туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2001 жылғы 20 желтоқсанда N 429 нөмірмен тіркелген шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
Ордабасы аудандық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТI
МАЗМҰНЫ
1 БӨЛIМ. Жалпы ережелер___________________________________________ 2
2 БӨЛIМ. Аудандық мәслихаттың жұмыс тәртiбi________________________2
1 тарау. Аудандық мәслихат жұмысының басталуы, аудандық мәслихаттың
сессияларын өткiзу тәртiбi_______________________________2
2 тарау. Аудандық мәслихат шешiмдерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау
тәртiбi___________________________________________________5
3 тарау. Аудандық мәслихаттың сессиясында шешiмдердi қабылдау
кезiндегi дауыс беру тәртiбi______________________________7
3 БӨЛIМ. Аудандық мәслихаттың өзiнiң құзыретiне жататын жеке
мәселелердi қарауы _______________________________________8
4 тарау. Жоспарларды, ауданның дамуындағы экономикалық және
әлеуметтiк бағдарламаны, ауданның бюджетiн және олардың
орындалу есептерiн бекiту_________________________________8
5 тарау. Ауданды басқарудың нобайын бекiту_________________________9
6 тарау. Аудандық әкiмияттың дербес құрамын келiсу________________9
7 тарау. Атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау __________9
8 тарау. Аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру________________________10
4 БӨЛIМ. Аудандық мәслихаттың органдарын құру және жұмыс тәртiбi__11
9 тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары________________11
10 тарау. Тұрақты комиссияларындағы көпшiлiк тыңдаулар____________12
11 тарау. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы_________________12
12 тарау. Уақытша комиссиялар_____________________________________14
5 БӨЛIМ. Аудандық мәслихат депутаттары өкiлеттiгiн жүзеге асыру
тәртiбi _________________________________________________14
13 тарау. Депутаттардың өкiлеттiгi және олардың
жауапкершiлiгi___________________________________________14
14 тарау. Депутаттық этика мен депутаттардың ара қатынастарының
ережесi__________________________________________________15
15 тарау. Депутаттық сұрау салу мен жолданымдар___________________16
16 тарау. Депутаттық топтар_______________________________________17
6 БӨЛIМ. Аудандық мәслихаттың лауазымдық тұлғалары және олардың
өкiлеттiктерi____________________________________________18
17 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы__________________18
18 тарау. Аудандық мәслихаттың хатшысы____________________________18
7 БӨЛIМ. Қорытынды ережелер_______________________________________19
Ордабасы аудандық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТI
1 БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Ордабасы аудандық мәслихаттың Регламентi аудандық мәслихаттың сессияларын және оның органдарының мәжiлiстерiн өткiзу, оларға мәселелер енгiзу мен қарау, мәслихат органдарын құру мен сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сұрауларын қарау, көпшiлiк тыңдауларды жүргiзу, аудандық мәслихаттың депутаттары мен лауазымды тұлғалардың өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ордабасы аудандық мәслихаты өз бетiнше аудан аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының әрқилы нормалаушы-құқықтық актiлерi белгiленген өзiнiң құзыретi шегiнде жергiлiктi басқаруды жүзеге асырады.
3. Аудандық мәслихаттың қызметi саяси көпқырлылық және көппартиялық мәселелердi емiн-еркiн, ұжымдаса талқылау және шешу принциптерiне негiзделедi.
Аудандық мәслихаттың және оның органдарының мәжiлiстерi ашық өткiзiледi. Осы регламентте көзделгендей жағдайларда, аудандық мәслихат жабық мәжiлiстер де өткiзе алады.
4. Аудандық мәслихатта жұмыс қазақ тiлiнде жүргiзiледi. Сессиялардың мәжiлiстерi, әдеттегiдей, мемлекеттiк тiлде өтедi.
5. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен бланкiсi бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк байрағы аудандық мәслихаттың ғимаратына, аудандық мәслихаттың сессиялары өтетiн залдарға сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңдылықтарында белгiленген өзге де жағдайларда ұдайы iлiп қойылады.
2 БӨЛIМ. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТIБI
1 тарау. Аудандық мәслихат жұмысының басталуы, аудандық
мәслихат сессияларын өткiзудiң тәртiбi
6. Жаңадан сайланған аудандық мәслихат жұмысының басы аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашу деп есептеледi.
Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ауданның сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап, аудандық мәслихат үшiн айқындалған депутаттардың ең кемi төрттен үшi болған ретте кем дегенде отыз күндiк мерзiмiнен кешiктiрмей шақырылады.
7. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасын сайлағанға дейiн жүргiзедi.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы сессияны ашқан соң әрбiр депутатты таныстыра отырып, аудандық мәслихаттың сайланған депутаттарын тiркеу туралы сайлау комиссиясының шешiмiн жария етедi, содан соң аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясының төрағасы сайлауды жүргiзедi.
8. Аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясының бiрiншi мәжiлiсiнде аудандық мәслихаттық хатшысы сайланады, құралған тұрақты комиссиялардың тiзбесiне өзгерiстер енгiзiледi, олардың сандық құрамы анықталады, одан соң түсiнiктеме үшiн үзiлiс жарияланады.
Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
9. Аудандық мәслихаттық сессиясы кемi жылына төрт мәрте шақырылады және сессияны кезектi аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
Әрбiр сессияның жаңа шақыруда басынан басталатын өз қатарлық нөмiрi бар.
Аудандық мәслихат сессиясының шақырылар уақыты және өтетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер жайлы аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттарға, халыққа және әкiмге ең кемi сессияға дейiн он күн iшiнде хабарлайды.
Сессияның қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша мәслихаттық хатшысы ең кемi сессияға дейiнгi бес күн iшiнде қажеттi материалдарды депутаттарға және аудан әкiмiне табыс етедi.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттардың ең кемi үштен бiрi, сондай-ақ аудан әкiмi ұсыныс жасағанда шақырылады.
Кезектен тыс аудандық мәслихаттық сессиясын аудандық мәслихат кезектi сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi.
10. Аудандық мәслихаттық сессиясы пленарлық мәжiлiстер формасында өткiзiледi.
Аудандық мәслихаттың сессиясы ашық, жариялы түрде өткiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жабық сессияларды сессия төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының ұсынысымен, егерде қатысып отырған депутаттардың үштен бiрi оны жақтап дауыс берген жағдайда аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша өткiзуге болады.
Аудандық мәслихаттың сессиясының жабық мәжiлiстерiнiң мазмұны туралы мағлұматтарды жария етуге болмайды тек депутаттар аудандық мәслихаттағы қызметi үшiн пайдалануы мүмкiн.
11. Аудан әкiмi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары,облыстық мәслихат депутаттары аудан әкiмиятының мүшелерi, аудандық соттық төрағасы, аудан прокуроры, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы аудандық мәслихаттың кез келген ашық және жабық сессия мәжiлiстерiне қатысуға, құқылы және сөздерiн тыңдата алады.
Басқа тұлғалар сессия төрағасының немесе аудандық мәслихат хатшысының шақыруы бойынша аудандық мәслихат сессиясының мәжiлiстерiне қатыса алады.
12. Аудандық мәслихат сессия төрағасының мәслихат қызметiне қатысты мәселелер бойынша хабарламамен таныс болу үшiн аудан аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын, ұйымдардың, мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын аудандық мәслихаттың сессиясына шақыруға құқы бар. Бұл ретте шақырылғандар заң бойынша мiндеттi түрде келулерi тиiс.
Хабарлармен таныс болу үшiн адамдардың ешбiр мiнәйi себепсiз басшылардың және лауазымды адамдардың шақырылғандардың аудандық мәслихаттың сессиясына келмей қалуы аудандық мәслихат хатшысының iс үстiндегi заңдылықтарға сәйкес оларды тәртiпшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi органдардың алдына мәселе қоюға негiз болып табылады.
13. Сессияға шақырылғандардың тiзiмiн аудандық мәслихаттың хатшысы қаралатын мәселелердi және тиiстi тұрақты комиссиялар төрағаларының ұсыныстарын ескерiп, сессия төрағасының келiсiмi бойынша жасайды.
Тiзiм бойынша шақырылғандарға аудандық мәслихат сессиясының мәжiлiс залына кiру үшiн рұқсат қағаз болатын арнайы шақыру билеттерi жазылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi аудандық мәслихаттың ашық сессия мәжiлiстерiне редакциялардың тапсырмасы негiзiнде шақырусыз-ақ куәлiктерiн көрсетiп қатысуға құқылы.
14. Аудандық мәслихаттың сессиясына шақырылған адамдарға мәжiлiс залында арнайы орындар қалдырылған. Олардың аудандық мәслихаттың қызметiне араласуға құқы жоқ, оның жұмысын мақұлдаудан немесе құптаудан қалыс қалуға, белгiленген тәртiптi сақтауға және төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынуға мiндеттi.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасының ұсынысы бойынша шақырылғандардың сессияда сөйлеуге және депутаттардың сұрақтарына жауап беруге құқы бар.
Осы талаптар сақталмаған сәтте олардың залдан аласталуы әбден-ақ мүмкiн.
Депутаттардың қызметiн қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың аппаратындағы мемлекеттiк қызметшiлер аудандық мәслихат хатшысы дайындаған тәртiпке сай аудандық мәслихат сессияларының мәжiлiстерiне қатысады.
15. Аудандық мәслихаттың сессияларының мәжiлiстерiне сессияны өткiзудiң барысы түгелдей стенограмма етiлiп жазылады. Соның негiзiнде бiр ай мерзiмде хаттама жасалып оған сессияның төрағасы және аудандық мәслихаттың хатшысы қол қояды.
Хаттамаларды жасау тәртiбiн аудандық мәслихаттың хатшысы анықтайды.
Аудандық мәслихаттың депутаты, сондай-ақ сессияда сөйлеген адамдар хаттамаға енгiзгенге дейiн өз сөздерiнiң стенограммасымен танысуға құқылы.
16. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн сессияға келген депутаттарды тiркеу жүргiзiледi.
Депутаттарды тiркеу сессияның жұмысына бiр сағат қалғанда басталады және оның жұмысы басталған сәтте аяқталады. Сессия жұмысына қатысатын депутаттардың сессиядағы одан арғы өзгерiстер сессия хатшылығында тiркелiп, сессияның төрағасына мәлiм етiледi.
Аудандық мәслихаттың сессиясы, егерде оған депутаттардың жалпы санынан ең кемi үштен екiсi қатысса, құқықты да өкiлеттi деп есептелiнедi.
Аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiн ашудың алдында төрағалық етушi депутаттарға келгендердi айтып, сессияның жұмысын бастауға толық құқықты екендiгiн хабарлайды.
Аудандық мәслихаттың депутаты аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне қатысуға мiндеттi.
Аудандық мәслихаттың депутаты дәлелдi себеппен сессия мәжiлiсiне қатысуға ешбiр мүмкiн еместiгi жайында сессия өтуден бiр күн бұрын аудандық мәслихаттың хатшысын хабардар етуге мiндеттi.
17. Аудандық мәслихаттың әрбiр сессиясында ашық дауыс берумен, сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс бергенде, санақ тобы, хатшылық, редакциялық комиссия сайланады.
18. Аудандық мәслихат сессиясының санақ тобы екi адамнан сайланады. Ол сессия төрағасымен бiрлесе аудандық мәслихаттың шешiмдерiн қабылдау кезiнде алауыздық туа қалған жағдайда дауыстарды дәл санауды жүзеге асырады.
19. Аудандық мәслихат сессиясының хатшылығы екi адамнан сайланады.
Аудандық мәслихат сессиясының хатшылығы сөйлегендердiң сөзiн жазып отырады, депутаттардан түсетiн мәселелердi, анықтамаларды, арыздарды, ұсыныстар мен басқа да материалдарды тiркейдi: сөйлеуге жазылғандардың тiзiмi туралы және аталған материалдар жайында төрағалық етушiге хабарлайды, сессия мәжiлiсiнiң стенограммалық жазбасын бақылайды, сессияның өтiп жатқан кезiнде депутаттардың төрағалық етушiмен байланысын қамтамасыз етедi. аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де мiндеттi iстердi орындайды.
20. Аудандық мәслихаттың сессиясының редакциялық комиссиясы үш адамнан сайланады.
Аудандық мәслихаттың редакциялық комиссиясы аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары бойынша депутаттық топтардан, уақытша комиссиялардан, депутаттардан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелердi өңдеп-байытады және оларды қабылдау кезiнде аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына қосымша және өзгерiстер түрiнде енгiзуге дауысқа салады.
21. Аудандық мәслихат сессиясының мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс берген, әрбiр сессия жұмысының басында бекiтiлген күн тәртiбiне сай өтедi.
22. Сессияның күн тәртiбiн аудандық мәслихаттың ағымдағы жылға түзген жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың және аудандық мәслихат хатшысының ұсыныстары негiзiнде аудандық мәслихат сессиясының төрағасы тыянақтайды, сөйтiп шешiмдердiң жобасы ретiнде алдын ала барлық депутаттарға таратылады.
Сессиясының күн тәртiбi бекiтiлгенге дейiн оның мәжiлiсiне аудандық мәслихат енгiзген мәселелер олардың ынтагерлерi берген жазбаша пiкiрi негiзiнде сессия төрағасының немесе аудандық мәслихат хатшысының қарауы бойынша алынып тасталуы мүмкiн.
Сессияның күн тәртiбiн бекiтер кезде оған өзгертулер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн. Ондай мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды тұрақты комиссиялардың қаулылары негiзiнде тұрақты комиссиялардың төрағалары енгiзедi. Сессия күн тәртiбiнiң жобасына түскен өзгертулердi енгiзу туралы мәселенi депутаттардың көпшiлiк дауыс беруiмен әрбiр ұсынысты жеке-жеке аудандық мәслихат шешедi.
23. Аудандық мәслихаттың депутаты, егерде осы регламентте өзгерiс белгiленбесе, сессияда қарау үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға немесе аудандық мәслихаттың хатшысына ұсыныстар жасау жолымен мәселелер қойып, өз құқын жүзеге асырады. Егерде депутат ұсынған қандай да бiр мәселенi тиiстi тұрақты комиссия қабылдамаса, ол сессияда бұл туралы ашық арыз айта алады. Осы мәселенi қарау туралы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берiп, шешiм қабылдаған жағдайда, бұл мәселе тұрақты комиссияның қарауына жiберiледi және мiндеттi түрде келесi кезектi сессияның күн тәртiбiне енгiзiледi.
Аудандық әкiмият пен аудан әкiмiнiң заңға сәйкес аудандық мәслихатта қарау үшiн енгiзген мәселелерiн аудандық мәслихаттың хатшысы алдын ала қарау үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға жолдайды.
Тиiстi тұрақты комиссияның қорытындысы болмайынша, iрiктелгеннен басқа мәселелер аудандық мәслихаттың сессиясында қаралмайды.
24. Аудандық мәслихаттық сессиясында мәселелердi қараған кезде кандидатураны талқылағанда, дауыс беру рәсiмi мәжiлiстi алып бару тәртiбi бойынша, сондай-ақ сұрау салу, арыздану, жолданымдар бойынша сөз сөйлеудiң төмендегi түрлерi пайдаланылады: баяндама, қосымша баяндама, талқыланған мәселе бойынша қорытынды сөз, хабарлама, жарыссөз.
25. Баяндаманың, қосымша баяндаманың, қорытынды сөз бен хабарламаның уақытын баяндамашымен және қосымша баяндамашымен келiсе отырып, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы белгiлейдi, бiрақ баяндама -30 минуттен, қосымша баяндама-20 минуттен, хабарлама - 15 минуттен, қорытынды сөз -10 минуттен аспауы тиiс.
Жарыссөзде сөйлегендерге 7 минутке дейiн, жарыссөзде қайталап сөйлегенi үшiн, сондай-ақ аудандық мәслихат шешiмдерiнiң, жобасын талқылау кезiнде сөйлегенi үшiн-5 минутке дейiн, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi, дауыс беру рәсiмi, кандидатура үшiн, арыз, ұсыныстар жолданымдар, мәселелер, сауалға жауап, анықтама үшiн -3 минутке дейiн берiледi.
Сессияға төрағалық етушi белгiленген уақыт өте салысымен ол туралы сөйлеушiге ескертедi, ал одан соң оның сөзiн бөлуге құқылы.
Сессияға қатысып отырған депутаттардың басым көпшiлiгiнiң келiсiмiне орай төрағалық етушi мәжiлiстiң күн тәртiбiне енгiзiлген мәселенi талқылаудың жалпы ұзақтығын белгiлей алады, сауалдар мен жауаптарға бөлiнген уақытты, сөйлеушiлердiң уақытын созуы мүмкiн.
26. Аудандық мәслихаттың сессиясында төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз ешкiмнiң сөйлеуге құқы жоқ. Бұл қағиданы бұзған адам ешқандай ескертусiз сөзден қағылады. Сессияда тек тұғырдан ғана сөйлеуге болады.
Аудандық мәслихаттың депутаты тек қана бiр мәселе бойынша екi-ақ рет сөйлей алады.
Аудандық мәслихаттың депутаты жарыссөздiң бiтiп қалуына байланысты сөйлей алмай қалса, жазылған текстiн-сөзiн сол сессияның хаттамасына қоса тiркеуге құқылы.
27. Сессияға қатысып отырған аудан әкiмiнiң өзiнiң өтiнiшi бойынша, әрбiр мәселе жөнiнде депутаттармен теңдей негiзде сөйлеуге құқы бар. Аудан әкiмi сессияға енгiзген мәселелердi талқылау барысында, сондай-ақ ол бiр мәрте анықтама беру үшiн сөз сөйлей алады және осы регламент белгiлеген уақыт шектеуiнде қорытынды сөз сөйлейдi.
28. Талқыланған мәселе бойынша өрiстетiлген жарыссөз сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттар санының басым көпшiлiгiнiң дауыс беруiмен, аудандық мәслихат депутаттарының қабылдаған шешiмi бойынша тоқтатылуы мүмкiн.
Сессияға төрағалық етушi жарыссөздi тоқтату туралы ұсынысты алысымен, сөзге жазылғандар мен сөйлегендердiң саны жайлы депутаттарға хабарлайды, кiм жазылып, бiрақ сөйлемеген депутаттар сөз сұрап қадалып қояр да қоймаса, депутаттар мақұлдаса, ондайларға сөз берудi анықтайды.
Жарыссөздi тоқтату туралы шешiм қабылданған соң, баяндамашы мен қосымша баяндамашының қорытынды сөз алуға құқы бар.
29. Сессияда төрағалық етушi осы регламенттегi ережелердi бұзған кезде аудандық мәслихаттың депутатына ескерту жасауға құқылы, ал екiншi мәрте тағы да қайталаса сөзiн қысқартады.
Сессияда төрағалық етушi аудандық мәслихат сессиясының жұмысына кесiрiн тигiзетiн шақырылған адамдарды залдан аластай алады.
30. Аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне төрағалық етушi сессияны жүргiзу барысында талқылайтын мәселелердiң тұрғысында өз пiкiрiн айтуға, аудандық мәслихат депутаттарының сөздерiне шолу жасауға, сөйлеушiлерге мiнездеме беруге құқылы емес.
Егерде төрағалық етушi қандай да бiр мәселеге араласуды қажет деп тапса, ол сөйлеу үшiн жалпы тәртiппен жазылады және өзiнiң сөйлеген сәттегi мiндетiн аудандық мәслихаттың хатшысына жүктейдi. Ашық дауысқа салуға қатыса отырып, төрағалық етушi ең соңында дауыс бередi.
2 тарау. Аудандық мәслихат шешiмдерiн
әзiрлеу, қарау және қабылдау тәртiбi
31. Аудандық мәслихаттың актiлерi, өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша қабылдайтын мәслихаттық шешiмдерi болып табылады.
32. Шешiмдердiң жобаларын жұмыс жоспарына сәйкес, яки болмаса аудандық мәслихат хатшысының, сессия төрағасының, тұрақты, тексеру комиссияларының тапсыруы бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары, уақытша комиссиялар, депутаттық топтар аппарат қызметкерлерiмен бiрлесе әзiрлейдi және аудандық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссиялары алдын ала қарағаннан кейiн аудандық мәслихат сессиясының қарауына табыс етедi.
33. Аудан әкiмияты мен әкiмi енгiзген шешiмдердiң жобалары осы регламент белгiлеген аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына қойылатын талаптарға толық жауап беруi тиiс. Олардың бәрiнде орындаушылардың, тиiстi мүдделi органдардың, юристiң рұқсат белгiлерi, қажеттi тiркеулер, шифр шешуi, түсiндiрмелiк жазбасы, жолдама хат болуы, аудан әкiмiнiң немесе оның мiндетiн атқарушы лауазымды адамның қол қоюы шарт.
Аудандық әкiмияттан немесе әкiмiнен аудандық мәслихатқа түскен шешiмдердiң жобалары тiркелiп, түскен уақыты, олардың мән-маңызы көрсетiледi, белгi соғылады.
Осы регламентпен аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн белгiленген талаптарды сақтамаған кезде аудандық мәслихаттың хатшысы себептерiн түсiндiрiп, тiркеместен құжаттарды қайтарып бередi.
Аудан әкiмиятынан немесе аудан әкiмiмен олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша түскен шешiмдердiң жобалары аудандық мәслихаттың сессиясында мiндеттi түрде қаралады.
34. Алдын-ала бiрлесе келiсiлмеген мәселелер жөнiндегi шешiмiн табатын жобалар мен материалдар қоса жапсырылып, аудандық мәслихаттың кезектi сессиясын шақыру туралы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн ең кем дегенде үш күн iшiнде аудандық мәслихатқа табыс етiледi.
35. Аудандық мәслихат пен аудандық әкiмияттың бiрлескен шешiмдерi тек заңдылықтарда аталған мәселелер бойынша қабылданады. Мұндай шешiмдердiң жобалары кез-келген жақтық ынтасы бойынша әзiрленiп, аудан әкiмi қол қояды және аудандық мәслихаттық сессиясында содан соң қаралады.
36. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында шешiмдердiң жобаларын алдын ала қарау олардың құзыретiне сәйкес келетiн мәселелердi өзара бөлiсу арқылы, сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысының ұсынысымен жүзеге асырылады.
37. Аудандық мәслихаттық жергiлiктi табысты қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығындарын арттыруды көздеген шешiмдердiң жобалары аудан әкiмiнiң оңды қорытындысы болғанда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн, осы мәселенi қарау кезiнде сессияда жария етiледi.
Осы шешiмдердiң жобаларын аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия қорытынды беру үшiн аудан әкiмiне жолдайды, ал онда көрсетiлген мерзiмге жазбаша қорытынды әзiрлеп, оны аудандық мәслихатқа жiбередi. қорытынды берудiң көрсетiлген мерзiмiн аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудан әкiмi өзара қайтадан келiсуi мүмкiн.
38. Егерде аудандық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған шешiмнiң жобасы және оның жолдама материалдары нормалаушы-құқықты актiлер мен осы регламенттi әзiрлеуге қатысты iс үстiндегi заңдылықтардың талаптарына сай келмесе, онда оларды қалыпқа келтiру үшiн сессияның төрағасы немесе аудандық мәслихаттың хатшысы авторларға қайтарады.
39. Аудандық мәслихаттың шешiмiнiң жобасы, оған өзгерiстер мен қосымшалар келiп түскен жағдайда, әуелгiде депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiк дауыс беруiмен негiзге алынсын деп қабылданады.
40. Аудандық мәслихат шешiмiнiң жобасы негiзге алынсын деп қабылданған соң сессияда оған өзгерiстер мен қосымшалар қаралады.
Шешiмнiң жобасына өзгерiстер мен қосымшаларды тұрақты комиссиялар енгiзiп, сессияда дауысқа салады.
Шешiмнiң жобасының авторы, сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаттары сессияда талқыланған жоба бойынша олардың өзгерiстерi мен қосымшаларының шыққан шықпағанына қарамастан сол бойынша жазбаша түрде аудандық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына өз ұсыныстарын жеткiзедi, ал ондағылар дауысқа салуға қояды.
Өзгерiстер мен қосымшалардың текстiнде негiз, автордың қойылған қолы болуы тиiс және шешiмнiң жобасындағы алынып тасталатын нақты пункт немесе бөлiм туралы ескi және жаңа редакциялық сөйлемдер, азат жол, кiшi пункт, пункт, тармақтар, тараулар, көрiнiс табуы керек.
Енгiзiлген өзгерiстер мен қосымшалар бұрмаланып толтырылса, яғни осы регламент бұзылса ешқандай қарауға жатпайды.
41. Аудандық мәслихат пен аудан әкiмi немесе аудан әкiмияты арасында қандай да бiр шешiмнiң жобасы үшiн елеулi алауыздық туа қалған жағдайда аудандық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссияға екi жақтық дұрыс шешiм қабылдауы үшiн қажеттi келiстiру шараларын жүргiзудi тапсыруға құқы бар, мiне осыдан соң олар осы регламентке сәйкес дауыс беруге қойылады.
42. Аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобасына сессияда қабылданған өзгерiстер мен қосымшаларды сол сессиядағы редакциялық комиссияның бақылауымен орындаушылар енгiзедi.
Комиссияның құзыретi шегiнде қабылданған және азаматтардың құқына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты аудандық мәслихаттың шешiмдерiн белгiленген заңдылық тәртiбiмен ресми түрде жариялауға және оларды тиiстi аумақта мiндеттi түрде орындауға болады.
43. Аудандық мәслихаттың ресми жариялауға жататын шешiмi аудандық мәслихаттың қағаз жүзiндегi және электрондық алып жүрушiлердегi нормативтi құқықтық шешiмдердi ресми жариялау құқына белгiленген тәртiпке сәйкес рұқсат алынған соң ғана баспасөз басылымдарына жолданады.
Баспасөз басылымдарына жариялау үшiн жiберiлетiн материалдардың мазмұнына тиiстi тұрақты комиссиялармен жұмыс iстейтiн аудандық мәслихат аппаратының бас мамандары жауап бередi. Жiберiлген техникалық қателiктер мен ағаттықтар үшiн тиiстi баспасөз басылымдары жауап бередi.Баспасөз басылымдары, келiсiм бойынша, аудандық мәслихаттың нормативтi құқықтық шешiмдерi жарияланған соң өз басылымдарының тиiстi нөмiрлерiнiң екi данасын аудандық мәслихатқа жiберуi тиiс, аудандық мәслихат одан әрi оның бiр данасын Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет басқармасына жолдайды.
Аудандық мәслихаттың шешiмдерiнiң уақтылы әрi дұрыс жариялануына бақылау жасауды бөлiскен мiндетке сай аудандық мәслихат аппаратының қызметкерi жүзеге асырады.
44. Ресми басылымды талап ететiн аудандық мәслихаттың шешiмдерi, егерде олардың өзiнде өзге мерзiм көрсетiлмесе, олардың бiрiншi ресми жариялаған күнiнен кейiн он тiзбектi күн өткен соң iс-қимылға кiрiседi. Басқа жағдайларда олар, қол қойылған соң, егерде актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер аталмаса, олар қабылданған күннен бастап iс-қимылға көшедi.
Аудандық мәслихаттың шешiмдерiнде белгiленген барлық шешiмдер үшiн бiртұтас мерзiмдерден, оның жеке бөлiмдерiн, тармақтарын, пункттерiн iске қосудың өзге де уақыттары белгiленуi мүмкiн.
45. Аудандық мәслихаттың жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерi заңдылықтар белгiлеген тәртiппен облыстық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiледi.
Аудандық мәслихаттың шешiмдерiн тiркеуден өткiзу үшiн тиiстi құжаттарды реттестiру мәселелерi мен тиiстi тұрақты комиссиялармен жұмыс iстейтiн аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлерi айналысады.
46. Сессияға дейiн, сондай-ақ сессия жүрiп жатқан кезде сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы немесе тұрақты комиссияның төрағасы қол қойып, аудандық мәслихаттың қаулы шешiмдер жобасы немесе оның бөлiмдерi заңға сәйкес келе ме деген мәселенiң төңiрегiнде заң талаптарына түсiндiрме берудi өтiнiп, аудан прокуратурасына хат жолдауы мүмкiн, түк болмағанда шешiм қабылдау келесi сессияға қалдырылады.
Сессия төрағасы және аудандық мәслихаттың хатшысы қабылданған шешiмнiң немесе оның бөлiмiнiң заңды екендiгiне күмән келтiрген жағдайда тиiстi түсiнiктеме алу үшiн аудандық прокуратураға сұрау салуға және одан жауап келгенге дейiн қол қоймай қалыс қала тұруға құқылы. Сол шешiмнiң iс үстiндегi заңдарға қайшы жақтары орын алғаны жайында жауап алған жағдайда олар даулы мәселенi шешу кезектен тыс сессия шақыруға ынта бiлдiруге құқылы.
3-тарау. Аудандық мәслихаттың сессиясында шешiмдер
қабылдау кезiндегi дауыс берудiң тәртiбi
47. Осынау регламентте дауыс берудiң нәтижелерiн анықтау үшiн пайдаланылған төмендегi түсiнiктер қолданылады:
аудандық мәслихат үшiн анықталған депутаттардың жалпы саны 15 депутат.
мәжiлiске қатысушылардың саны аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсi басталар алдында тiркелген немесе оны жүргiзу барысындағы аудандық мәслихат депутаттарының саны.
Жай басым дауыстар-қарайтын мәселеге байланысты, аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының жартысынан, аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың санынан, дауыс беруге қатысқан депутаттардың санынан асып түсетiн депутаттар саны.
Көпшiлiк басым дауыстар аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының үштен екiсiн қарайтын дауыстар саны.
48. Егерде iс үстiндегi заңдарда және осы регламентте өзгерiсi қарастырылмаған болса, аудандық мәслихаттың шешiмдерi сессиялардың мәжiлiстерiнде депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi ашық немесе жасырын дауыс бергенде қабылданады.
Процедуралық мәселелер жөнiндегi шешiмдер, егерде өзгесi осы регламентте қарастырылмаған болса, дауыс беруге қатысқан депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады және хаттамаға толтырылады.
Процедуралық дегенiмiз үзiлiс, сессияны жүргiзу тәртiбi, мәселелердi талқылаудың кезектестiгi, жарыссөздi тоқтату, сөйлеушiлердiң уақытын шектеу мен ұзарту, дауыс берудiң тәсiлдерi, қайталап дауыс берудi өткiзу туралы мәселелер.
Мәслихат сессиясының төрағасы егерде мәслихаттық сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың берген дауыстары теңдей бөлiнген жағдайда шешушi дауыс беру құқығымен пайдаланады.
Барлық мәселелер бойынша дауыс берудiң нәтижесi аудандық мәслихат сессиясы мәжiлiсiнiң хаттамасына енгiзiледi.
49. Аудандық мәслихаттық депутаты әрбiр мәселе бойынша дауыс беру кезiнде бiр дауысқа ие болады, шешiм қабылдауға, яки жақтап, яки қарсы дауыс бередi, немесе шешiм қабылдаудан қалыс қалады.
Депутаттық жеке басы дауыс беруде өз құқығын жүзеге асырады.
Аудандық мәслихаттың депутаты дауыс беру кезiнде жоқ болса, дауыс беру аяқталған соң өз дауысын беруге құқы жоқ.
50. Бiрнеше кандидатураны немесе қарайтын мәселенiң екеуден астам нұсқасын ұсынған кезде дауыс беру екi айналымды өтуi мүмкiн.
Бiрiншi айналымда алалық болуы мүмкiн, ол кезде аудандық мәслихаттың әрбiр депутаты ұсынылған қанша кандидатура болса да немесе қаралған мәселенiң ұсынылған нұсқасына дауыс бере алады.
Екiншi дауыс беру айналымы екi кандидатура немесе шешiмнiң екi нұсқасы бойынша бiрiншi сайланымда барынша көп дауыс алғанда жүргiзiледi.
Екiншi айналымның қорытындысы бойынша мейлiнше көп дауысына ие болған сол бiр кандидат сайланды немесе сол бiр шешiмнiң нұсқасы қабылданды деп есептеледi, бiрақ тиiстi шешiмдi қабылдау үшiн белгiленген депутаттардың дауыс беру санынан кем болмауы тиiс.
Егерде екiншi айналымда шешiм нұсқасының бiрде-бiрi қажеттi дауыс санын ала алмаса, ондай мәселе қараудан алынады.
51. Аудандық мәслихаттың сессиясында ашық дауыс беру қол көтерумен жүргiзiледi, әдеттегiдей сессияға төрағалық етушi дауыс берудiң нәтижесiн санап шығады.
Айтарлықтай алауыздық туа қалған жағдайда, сессияға төрағалық етушiнiң тапсыруы бойынша, дауыс берудiң нәтижесiн аудандық мәслихат сессиясының санақ тобы мұқият есептейдi.
52. Ашық дауыс беру басталар алдында төрағалық етушi немесе оның тапсыруы бойынша редакциялық комиссияның төрағасы аудандық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссиясының төрағасы дауысқа түсетiн ұсыныстардың саны туралы хабарлап, олардың мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындайды, олар дауысқа салынады, депутаттардың қайсы бiрi өз ұсынысын қайтып алатыны, қандай көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайтынын анықтайды.
Төрағалық етушi дауыс берудiң басталғаны туралы хабарлаған соң, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi бойынша арыз айтудан басқа, дауыс берудi бөлуге ешкiмнiң де құқы жоқ.
Дауыс берудi есептеу аяқталысымен төрағалық етушi осынау шешiм қабылданды ма, жоқ па хабарлайды.
Дауыс берудi жүргiзу үшiн қажеттi қатынасушылардың жеткiлiксiздiгiнен төрағалық етушi оны қамтамасыз етудiң шараларын қарастырады, ал оны қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда дауыс беру келесi сессияға қалдырылады.
Егерде дауыс беру кезiнде процедуралық қателiкке жол берiлсе, онда аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
53. Кез келген мәселе бойынша жасырын дауыс беру, сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi қаласа, егерде мұны депутаттардың жалпы санының ең кемi бестен бiрi талап етсе, сондай-ақ жасырын дауыс беру қашан аудандық мәслихаттың регламентiнде қарастырылған жағдайда, аудандық мәслихаттың шешiмiмен өткiзiледi.
Жасырын дауыс беру бюллетеньдi пайдалану арқылы өтедi.
Жасырын дауыс берудi осы үшiн арнайы сайланған санақ комиссиясы жүргiзедi. Санақ комиссиясы өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Санақ комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң берген дауыстары тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болады. Кандидатурасы жасырын дауысқа түскен депутат санақ комиссиясының мүшесi бола алмайды.
Жасырын дауыс берудiң бюллетеньдерi санақ комиссиясының бақылауымен оның өзi ұсынған форма бойынша аудандық мәслихаттың сайланған депутаттардың тиiстi санына жететiндей мөлшерде дайындалады.
Бюллетеньдердi таратып бергеннен кейiнгi санақ комиссиясында қалып кеткендерiн комиссия төрағасы оның мүшелерiн қатыстыра отырып өшiредi.
Дауыс берудiң уақыты мен орны, оны өткiзудiң тәртiбiн санақ комиссиясы белгiлейдi және санақ комиссиясының төрағасы депутаттарға хабарлайды.
3-БӨЛIМ. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӨЗIНIҢ
ҚҰЗЫРЕТIНЕ ЖАТАТЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДI ҚАРАУЫ
4-тарау. Жоспарларды, аудандық дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаны, аудандық бюджетiн және олардың орындалуы туралы есептердi бекiту
54. Жоспарлардың жобалары, ауданның дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаны және олардың орындалуы туралы есептер аудандық мәслихатқа оларды аудандық мәслихаттың сессиясында қараған күнге дейiнгi ең кемi бiр ай мерзiмде табыс етiледi.
Аудандық бюджет жобасы облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн ең кемi екi апталық мерзiмде аудандық мәслихатқа тапсырылады.
Аудандық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеп ең кемi келесi есеп беретiн жылдық 1 шiлдесiне дейiн аудандық мәслихатқа өткiзiлуi тиiс.
Оларды хаттамалау аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн осы регламент белгiленген талаптарға сай болуы шарт.
55. Жоспарлардың жобалар, аудандық дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар түсiндiрмелiк жазбамен, сондай-ақ бұрынғы сондай жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуына жасалған талдаулармен жолдануы тиiс.
Аудандық бюджеттiң жобасы түсiндiрмелiк жазбамен, аудандық бюджеттi бекiтуге ұсынылған негiзгi параметрлерiнiң және бұрынғы аудандық бюджеттiң бастапқы нұсқасының және сол жылға бекiтiлген аудандық бюджеттiң жыл бойындағы өзгерiстерiнiң салыстырмалы кестелерiмен және кiрiс бөлiгiнiң құрылымы мен шығыс бөлiгiнiң әрбiр бағдарламасы жөнiндегi шифр шешуiмен жолдануы абзал.
Аудандық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеп түсiндiрмелiк жазбамен, бастапқы бекiтiлген бюджеттiң және оған жыл iшiнде енгiзiлген өзгерiстерiнiң салыстырмалы кестесiмен, облыстық бюджеттiң барлық кiрiс бөлiгiнiң құрылымы және шығыс бөлiгiнiң бағдарламасы жөнiндегi шифр шешуiмен жолдануы керек.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы, тиiстi тұрақты комиссиялардың төрағалары қосымша басқа да мәлiметтердi сұрап алуға құқы бар.
56. Жоспарлар, аудан дамуының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, олардың орындалуы туралы есептер, сондай-ақ аудандық бюджеттiң орындалуы туралы есеп аудандық мәслихат шешiмдерiнiң, жобалары үшiн осы регламент белгiлеген тәртiпке сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады және бекiтiледi.
Сессияда аудандық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеппен бiрге аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн осы регламент белгiлеген тәртiп пен мерзiмде сол жылғы аудандық бюджеттiң орындалуы жайындағы тексеру нәтижелерi туралы тексеру комиссиясының актiсi мiндеттi түрде аудандық мәслихатқа табыс етiледi.
Егерде дауыс берудiң нәтижесiнде жоспар немесе бағдарлама бекiтiлмей қалса олар тек аудандық мәслихаттың басқа сессиясында қаралуы мүмкiн, ал оларды орындау туралы есеп, сондай-ақ аудандық бюджеттiң орындалуы туралы есеп бекiтiлмеген жағдайда, қосымша талқылаудан кейiн сол сессияда қайтадан дауыс беру өткiзiлуi мүмкiн.
57. Аудандық бюджеттiң жобасы алдын ала кiрiс бөлiгiнiң құрылымы және оның шығыс бөлiгiнiң әрбiр бағдарламасы тұрғысында аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияда қаралады.
Аудандық бюджеттiң жобасы аудандық мәслихаттың сессиясында оны жасаушылардың мiндеттi түрдегi баяндамасы мен қосымша баяндамасынан кейiн төмендегi тәртiппен қаралады.
Әуелгiде аудандық бюджеттiң кiрiс пен шығыс бөлiгiнiң негiзгi параметрлерi бөлек-бөлек қаралады және талқыланады, аудандық бюджет туралы шешiмнiң жобасындағы әрбiр пункт те сарапқа салынады.
Содан соң аудандық бюджет туралы шешiмнiң жобасын негiз ретiнде қабылдау туралы мәселе дауысқа түседi.
Одан әрi, шешiмнiң жобасы негiз ретiнде қабылданған жағдайда, төрағалық етушi әрбiр өзгерту мен қосымшаны жеке-жеке, сондай-ақ қабылданған өзгерiстер мен қосымшаларды ескерiп, шешiм жобасының әрбiр пунктiн бөлек-бөлек дауысқа салады.
Осы процедура аяқталған соң, шешiмнiң жобасы қабылданған өзгертулер мен қосымшалар ескерiлiп, тұтасымен дауыс беруге қойылады.
Аудандық мәслихаттың депутаттары аудандық бюджеттiң барлық бөлiктерiнiң және шешiмнiң жобасын бiрге талқылау туралы шешiм жобасының әрбiр пунктi бойынша жеке-жеке дауыс беруден бас тарту жайында шешiм қабылдаулары мүмкiн.
Егерде дауыс берудiң нәтижелерi бойынша шешiмнiң жобасы негiз ретiнде немесе дауыс беру кезiнде тұтасымен қабылданбаса, ол қажеттi дауыс санын алмаса, аудандық бюджет бекiтiлмедi деп есептелiнедi.
Аудандық бюджет бекiтiлмеген жағдайда аудандық мәслихат сессиясының жұмысында келiсiмдiк процедура үшiн үзiлiс жарияланады. Бюджеттiң өзге параметрлерiн немесе оның жеке бөлiктерiн келiсу мәселелерiн бюджеттi жасаушылармен бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия немесе бұл үшiн мәслихат шешiмiмен арнайы құрылған келiстiру комиссиясы өткiзедi.
Аудандық бюджеттi екiншi мәрте қарау осы регламентте белгiленген тәртiпке сай аудандық бюджеттiң жобасы аудандық мәслихатқа түскен күннен бастап екi аптадан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Өзгерiстер мен қосымшалар аудандық бюджеттi бекiту үшiн осы регламентте белгiленген тәртiпке сәйкес аудандық бюджетке енгiзiледi.
5-тарау. Ауданды басқарудың нобайын бекiту
58. Ауданды басқарудың нобайын бекiту туралы шешiм аудан әкiмiнiң ұсынуы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
59. Ауданды басқарудың аудандық мәслихатқа түскен нобайын алдын ала қарауды аудандық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.
Ауданды басқарудың нобайын сессияда бекiту кезiнде әрбiр тұрақты комиссия осы мәселе жөнiндегi өзiнiң қорытындысын аудандық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына табыс етедi.
60. Ауданды басқарудың нобайын аудандық мәслихат бекiтпеген жағдайда оны екiншi мәрте қарау тек қана аудандық мәслихаттың басқа сессиясында өткiзiледi.
6-тарау. Аудандық әкiмияттың дербес құрамын келiсу
61. Аудандық әкiмияттың дербес құрамын келiсу туралы мәселенi аудандық мәслихаттың сессиясына аудан әкiмi енгiзедi.
Аудандық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары осы мәселенi өздерiнiң мәжiлiстерiнде алдын ала қарап, өздерiнiң қорытындыларын сессияға тапсырады.
62 Аудандық әкiмияттың дербес құрамына енетiн кандидатураларды сессияға аудан әкiмi табыс етедi.
Сессияда қажет болған жағдайда жекелеген кандидатураны талқылау жүргiзiледi, оның барысында кандидаттардың сөйлеуге құқы бар, ал аудандық мәслихаттың депутаттары оларға сұраулар қоя алады.
Бұдан соң аудандық мәслихат ертеректе қабылданған өзгерiстердi ескере отырып, аудандық әкiмияттың дербес құрамына тұтасымен келiсiм беру туралы шешiм қабылдайды.
63. Аудандық әкiмияты өзiне жүктелген барлық құзыретiн жүзеге асыру үшiн аудандық мәслихаттың алдында жауап бередi.
7-тарау. Атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау
64. Аудандық мәслихаттың құзыретiне жататын мәселелер бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы аудан аумағына жайғасқан жергiлiктi атқарушы органның, мекеменiң және ұйымдардың, лауазымды адамдарының есептерiн аудандық мәслихатта тыңдау жайында тұрақты комиссиялардың, депутаттық топтардың, аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутаттарының аудандық мәслихатқа ұсыныстар түсiруге құқы бар.
65. Лауазымды адамның есебiн аудандық мәслихатта тыңдау туралы ұсыныс жазба түрiнде берiледi және аудандық мәслихат хатшысының қатысуымен тиiстi тұрақты комиссияға жолданады.
Тұрақты комиссия ерте бастан-ақ жазба түрiнде оның есебiн кезекте тыңдалатыны және ондай есептi тыңдауды өткiзудiң датасы туралы лауазымды адамға мәлiм етедi. Сонымен қатар тұрақты комиссия аудандық мәслихаттың сессиясында лауазымды адамның есебi туралы ынта бiлдiргендердiң немесе өзге депутаттардың арасынан баяндамашыны анықтайды.
Есеп беретiн лауазымды адам солардың негiзiнде оның есебiн тыңдауға ұйғарылған құжаттармен танысуға құқылы және тыңдайтын күнi аудандық мәслихаттың сессиясына қатысуға мiндеттi.
Аудандық мәслихат, шақырылған, алайда ешқандай мiнәйi себепсiз келмей қалған лауазымды тұлғаның мәселесiн қарауға және өз құзыретiне сай кез келген шешiм қабылдауға құқылы.
66. Аудандық мәслихаттың сессиясында лауазымды адамның есебiн тыңдау төрағалық етушiнiң қысқа кiрiспе сөзiмен басталып, мәселенiң мән-жайы хабарланады.
Бұдан соң сол есептi өткiзушi ынтагерлердiң атынан осындай шешiм қабылдауға ұйытқы болған рәсiмдi жария етедi, содан кейiн тыңдалатын лауазымды адамға сөз берiледi.
Есептi талқылау барысында депутаттар өз пiкiрiн айтуға, сауалдар беруге және оларға жауаптар алуға құқылы. аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша сауалдар мен жауаптардың уақыты шектелуi мүмкiн.
Жарыссөз аяқталысымен iс үстiндегi заңдарға сәйкес, қажет болған кезде сол бiр лауазымды адамды жауапқа тарту туралы тиiстi органдарға құлақ қағыс ету жайында шешiм қабылданады.
Мемлекеттiк органдағы лауазымды адамды жауапқа тарту туралы тапсырыс сессия төрағасы мен аудандық мәслихат хатшысының қолдары қойылған соң тиiстi органға жолданады.
8-тарау. Аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру
67. Аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және осы регламентке сәйкес аудандық мәслихат қарайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдына оны лауазымынан босату туралы мәселе қоюмен, аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгiмен қабылданған аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбiне енгiзiледi.
Осы мәселенi сессияның күн тәртiбiне енгiзу туралы ұсынысты аудандық мәслихаттың сессиясы жұмыс iстеп жатқан кезде тұрақты комиссиялар, сондай-ақ жекелеген депутаттар енгiзедi.
68. Аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi талқылау төмендегi тәртiппен жүзеге асырылады.
Осы мәселенi талқылар алдында аудандық мәслихат жұмысында үзiлiс жарияланады.
Үзiлiс кезiнде барлық тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерi өткiзiледi, онда әрбiр комиссия өзiнiң ұстанған бағытын осы мәселе тұрғысында анықтайды.
Бастапқыда сессияда осы мәселенiң қойылу себептерiн негiздейтiн, оны қараудың ынтагерлерi сөйлейдi және әрбiр тұрақты комиссияның пiкiрi тыңдалады.
Содан соң осы мәселенi талқылау басталады, оның барысында аудандық мәслихат депутаттарының аудан әкiмiне сауалдар беруге және сенiмсiздiк бiлдiргенi үшiн немесе қарсы сөйлеуге құқықтары бар.
Талқылау барысында әкiмнiң сөйлеуге және анықтама беру үшiн сөз алуға құқы бар.
69. Аудандық мәслихат әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру және оны лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдына мәселе қою туралы ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының үштен екiсi дауыс берген жағдайда шешiм қабылдайды.
Аудандық мәслихат жасырын дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс, егерде ол осы пункттiң бiрiншi бөлiмiнде қарастырылған депутаттардың басым көпшiлiк даусын жинай алмаса өтпей қалды деп есептелiнедi.
Дауыс берудiң нәтижелерi аудандық мәслихаттың шешiмiмен хатталады.
70. Аудандық мәслихат аудан әкiмiне сенiмсiздiк туралы шешiм қабылдаған жағдайда аудандық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясы аудан әкiмiн лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне арналған текст дайындайды. аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша редакциялық комиссияның жұмысына бұл орайда басқа да депутаттар қатыса алады.
Қазақстан Республикасының Президентiне арналған дайын текстi аудандық мәслихаттың сессиясына қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi ашық дауыс бергенде қабылданады.
4-БӨЛIМ. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОРГАНДАРЫН
ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТIБI
9-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
71. Аудандық мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне мәслихаттық алып баруына қатысты мәселелердi алдын ала қарау мен әзiрлеу үшiн, оның шешiмдерiн, Қазақстан Республикасының заңдылық актiлерiн жүзеге асыруға ықпал ететiн, өзiнiң құзыретi шегiнде өзге де мiндеттi iстердi атқаратын тұрақты комиссиялар құрады.
72. Тұрақты комиссиялар құқылы:
1/ аудандық мәслихаттың сессиясының күн тәртiбi, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныстар жасауға;
2/ аудандық мәслихаттың сессиясының қарауына енгiзiлген, олардың қызметiне жататын мәселелерге қорытындылар беруге;
3/ мәслихаттық сессияларына, олардың мiндеттi iсiне жататын мәселелер бойынша, баяндамалар мен қосымша баяндамаларды тапсыруға;
4/ өз құзыретi шегiнде мәслихатқа жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн сессияда тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге.
73. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының тiзбесi, олардың әрбiрiнiң сандық құрамы бiрiншi сессияда белгiленедi.
Шақырылым аралығында қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комиссияларын құрып, бұрынғыларын жоюға және iс үстiндегiлерiн таратуға хақы бар. Әрбiр комиссияның сандық құрамын аудандық мәслихат бекiтедi.
74. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан мәслихаттық сессиясында сайлайды.
Тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау аудандық мәслихаттың шешiмiмен хатталады.
Тиiстi тұрақты комиссия мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң ұсынысы бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, егерде сол үшiн аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, лауазымынан шақыртып алынады.
Тұрақты комиссияның төрағасы кез келген уақытта оны тұрақты комиссияның төрағалығы мiндетiнен босату туралы арыз беруге құқылы. Оны босату туралы шешiм аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
75. Тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланғаннан кейiн аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде тұрақты комиссиялардың құрамын бекiту туралы шешiм қабылданады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ерiктi негiзде депутаттардың тiлек-ықыластарына қарай қалыптасады, бұл орайда әдеттегiдей әртүрлi тұрақты комиссияларға сайланған депутаттардың сабақтастық өкiлеттi принципi сақталады. Әрбiр тұрақты комиссияның сандық құрамы 4 депутаттан кем болмауы тиiс.
Сандық лимитi асып кеткенде немесе басқа тұрақты комиссиялардың мүшелерi жетiспегенде, депутаттар өз тiлектерi бойынша басқа тұрақты комиссияларға ауыса алады.
Әрбiр депутат тек қана бiр тұрақты комиссияның мүшесi болуға құқылы.
Аудандық мәслихаттың хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасы аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының мүшесi бола алмайды.
76. Тұрақты комиссиялардағы шешiмдердiң жобаларын талқылау ашық жүргiзiледi, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Ол бойынша алдын ала тұрақты комиссияның мәжiлiсiнде мәселенi және шешiмнiң жобасын қарағанда оның төрағасының келiсiмiмен мәжiлiске кез келген мүдделi тұлға қатыса алады.
Мәселелердi қараудың нәтижелерi бойынша тұрақты комиссия оны аудандық мәслихаттың сессиясына енгiзу туралы қаулы қабылдайды.
77. Тұрақты комиссиялар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аудандық әкiмшiлiктен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен, атқарушы органдардан, аудан аумағына жайғасқан кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды сұрап алуға құқылы, жоғарыда аталған органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының сұраған мәлiметтерiн мерзiмiнде беруге мiндеттi.
Лауазымды тұлғалар тұрақты комиссияларға жалған ақпарат берсе, яки қасақана ақпаратты жасырып қалса, заңға сәйкес жауап бередi.
78. Тұрақты комиссиялар өздерiне қатысты мәселелер бойынша өздерiнiң мәжiлiстерiнде аудан аумағына жайғасқан жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының хабарламасы мен мәлiмдемелерiн тыңдауға құқылы.
Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша аталған органдар мен ұйымдардың басшылары мен өкiлдерi олардың мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша түсiнiктемелер табыс етедi.
79. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихатқа бағынышты және ең кем дегенде жылына бiр мәрте өз қызметi туралы есеп бередi.
Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептер тиiстi тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiнде бекiтiледi және тиiстi тұрақты комиссияның төрағасының қолы қойылып, аудандық мәслихаттың депутаттарына таратылады.тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептер сессияда талқыланбай-ақ аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша мағлұмат ретiнде қабылданады.
10-тарау. Тұрақты комиссияларда көпшiлiк тыңдаулар
80. Тұрақты комиссиялар өз ынтасы немесе аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзедi.
Көпшiлiк тыңдау тұрақты комиссиялардың қызметiне жататын аса маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында, депутаттардың, атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен бұл комиссиялардың кеңейтiлген мәжiлiстерi формасында өткiзiледi.
81. Көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбы, уақыты және оларды өткiзудiң орны туралы құлақтандыру ашықтан ашық тыңдаулар басталғанға дейiнгi ең кемi жетi күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берiледi.
Көпшiлiк тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын бұл тыңдауларды ұйымдастырған тұрақты комиссиялар анықтайды.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрлескен ашықтан ашық тыңдауларды да өткiзе алады.
Көпшiлiк тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық үшiн ашық. Оларды өткiзудiң есептерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
82. Көпшiлiк тыңдауларды тиiстi тұрақты комиссияның төрағасы жүргiзедi.
Көпшiлiк тыңдаулар төрағалық етушiнiң қысқаша кiрiспе сөзiмен басталады. Ол талқылайтын мәселенiң зәрулiгi, оның маңызы, мәжiлiстi өткiзудiң тәртiбi, шақырылған тұлғалардың құрамы туралы хабарлайды.
Талқылайтын мәселе бойынша баяндама үшiн 30 минутке дейiн сөз берiледi, содан соң ашықтан ашық тыңдауларға қатысушы депутаттар мен шақырылғандар сөйлейдi.
Шақырылған тұлғалар ашықтан ашық тыңдауларда тек төрағалық етушiнiң рұқсатымен сөйлейдi. Сөйлеудiң уақыты 7 минуттен аспайды.
Көпшiлiк тыңдауларда баяндамадан және сөйлегендерден кейiн депутаттар баяндамашыға, тыңдауға арнайы шақырылған лауазымды тұлғаларға, мамандарға, сарапшыларға сауалдар берiп, тиiстi жауаптар алады. Сауалдар ауызша, жазбаша түрiнде берiледi.
Шақырылған тұлғалардың ашықтан ашық тыңдаулардың барысында араласуға, оларды үзуге, ренiш немесе мақұлдау сыңай танытуға құқы жоқ.
Төрағалық етушiнiң шақырылғандар арасынан тәртiп бұзғандарды залдан аластауға құқы бар.
83. Көпшiлiк тыңдаулардың қорытындысы бойынша тыңдауға қатысушы депутаттардың көпшiлiгiнiң мақұлдауымен ұсыныстамалар қабылданады.
Көпшiлiк тыңдауларда қабылданған ұсыныстамалар аудандық мәслихаттың барлық депутаттарына жеткiзiледi.
11-тарау. Аудандық мәслихаттық тексеру комиссиясы
84. Жергiлiктi бюджеттiң орындалуын бақылау үшiн аудандық мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды.
Тексеру комиссиясының төрағасын қосқанда, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы 5 адамға дейiн сайлана алады.
85. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмысына депутат емес, бақылау-тексеру органдарында, қаржы, бухгалтерия, аудит, тағы басқа салаларда бiлiмдi меңгерiп, жұмыста тәжiрибе жинақтаған мамандар қатарынан шарт жасау негiзiнде тұлғалар тартылуы мүмкiн.
Бұл тұлғалардың еңбек ақысы аудандық аппаратта бас маманның бiр лауазымның айлық жалақысына парапар аталған лауазымда бiр жылға дейiн жұмыс стажы бар болғандағы есептеу негiзiнде аудандық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етудегi шығындардың сметасы есебiнен шарт жасасу тұрғысында төленедi.Iссапар және өзге шығындар ақысыз.Төлеу жұмыс iстеген уақытына сайма-сай бiр деңгейде жүргiзiледi. Шартқа сай жалақы төлеу үшiн аудандық мәслихатқа қорытынды, ал егер де тексеру ұзаққа созылып, бiр айдан асса, тексеру комиссиясының мәжiлiсiнде бекiтiлген арадағы тексеру мен ревизия жасаудың актiлерi, сондай-ақ тексеру комиссиясының төрағасы қол қойған, сағаттары табельге қондырылған жұмысқа шығу күндерi есеп-қисап айырысуға тапсырылады.
86. Тексеру комиссиясы аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының ең кемi үштен бiрiнiң, сондай-ақ өзге жағдайларда, заңдылықтар айқындалған талаптар бойынша мәслихаттық, тексеру комиссиясының, яки аудандық мәслихат хатшысының шешiмiне сай тексеру жүргiзе алады.
87. Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының негiзгi мiндеттерi мен құқықты атқарар iстерi:
1/ аудандық бюджеттi жасау мен оның орындалуын, сондай-ақ аудандық мәслихаттың бюджет мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң орындалуын бақылау;
2/ аудандық бюджетке қаржының толығымен түсуiн және олардың iс үстiндегi заңдарға сәйкес пайдалануын бақылау;
3/ аудандық бюджеттен бюджеттегi бағдарламаларды орындауға және басқа шығындарға бөлiнген аудандық бюджеттегi қаржының мақсатты пайдалануын бақылау;
4/аудандық бюджеттiң орындалуына жасалған тексеру актiлерiн аудандық мәслихаттың бекiтуiне тапсыру;
5/ өткiзiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы аудандық мәслихат хатшысы мен әкiмге мәлiмдеу болып табылады.
88. Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының өз мiндеттерi мен парызын атқару кезiнде:
1/ аудандық бюджет қаржысының толық түсуi мен пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша меншiктiң барлық формасындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды тексерудi жүзеге асыруға;
2/ аудандық бюджет қаржысының толық түсуi мен пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша әкiмшiлiктен, меншiктiң барлық формасындағы өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттар мен ақпараттар сұрап алуға;
3/ тексерiлiп жатқан объектiлердегi аудандық бюджетке түсетiн және пайдаланатын қаржы бөлiгiне қатысты операциялар мен есепшоттардың жайы туралы банк және несие ақша беретiн мекемелерден қажеттi мәлiметтер алуға;
4/ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тексерулер жүргiзетiн тиiстi мамандарды тартуға;
5/ тексеру комиссиясының ашқан фактiлерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың аудандық бюджеттiң орындалуы кезiнде заңдылықтар мен нормаланған құқықты актілердің талаптарын өрескел бұрмалағаны жөнiнде аудандық мәслихатқа ұсыныстар түсiруге;
6/ лауазымды тұлғалардың бюджет қаржыларын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыстардың, заңдылықтарды бұрмалаудың өзге де фактiлерiнiң бетi ашылған жағдайларда тексерулердiң материалдарын құқық қорғау органдарына беруге құқы бар.
89. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясына мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне, депутаттар арасынан сессияда сайланған төраға басшылық етедi.
Тексеру комиссиясының төрағасы өзiнiң мiндеттi iстерiн босатылған негiзде атқарады.
Аудандық мәслихат депутаттардың жалпы санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша сессияда қарап, депутаттар жалпы санының басым көпшiлiгi ашық дауыс бергенде тексеру комиссиясының төрағасын лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм қабылдай алады.
Тексеру комиссиясының төрағасы өзiнiң жеке арызының негiзiнде кез келген уақытта лауазымынан босана алады.
Тексеру комиссиясының төрағасы сайлау мен лауазымынан босату аудандық мәслихаттың шешiмiмен хатталады. Тексеру комиссиясының төрағасын өзiнiң жеке арызы негiзiнде босату аудандық мәслихат хатшысының өкiмi негiзiнде жүзеге асырылады, одан кейiнгi аудандық мәслихаттың сессиясында мағлұмат ретiнде қабылданады.
Тексеру комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда аудандық мәслихат хатшысының өкiмi бойынша оның мiндетi аудандық мәслихаттың депутаттары қатарынан тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiреуiне жүктеледi.
90. Тексеру комиссиясының төрағасы:
1/тексеру комиссиясының қызметiне басшылық етедi, тексеру комиссиясына жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi;
2/ аудандық мәслихаттың және аудандық мәслихат хатшысының тапсырмасын орындайды;
3/ тексеру комиссиясының мүшелерiне мiндеттерiн бөледi;
4/ жалақы төлеу негiзiнде ревизия және тексеруге тартылған мамандармен еңбек шарттарын жасау туралы аудандық мәслихаттың хатшысына ұсыныс жасайды, осы мақсаттарға бөлiнген қаржыны дұрыс әрi тиiмдi пайдалануға жауап бередi.
5/ қолданудағы заңдылықтарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi атқарады.
Тексеру комиссиясының төрағасы әр жыл сайын аудандық мәслихаттың сессиясында есеп бередi.
91. Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң:
1/ аудандық мәслихат сессиясының және тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiне қатысуға;
2/ құпиялылық ырғағын, заң қорғайтын коммерциялық және өзге де құпияларды ескерiп, тексеру мәселелерiне қатысты құжаттармен ешқандай бөгетсiз танысуға;
3/ тексерулердi өткiзуге байланысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан олардың белгiленген мерзiмiнде қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге әрi алуға құқы бар.
92. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерi өздерiнiң өкiлеттiгiн iске асыру кезiнде:
1/ заңдылықтардың талаптарын сақтауға, тексеретiн нысандардың бiрқалыпты жұмыс iстеуiне бөгет жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауға мiндеттi;
2/ жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн бұрмалағаны үшiн жауап бередi:
3/ мемлекеттiк органдарға берген ақпараттардың ақиқаттығы жария еткенi, құпияларды сақтамағаны үшiн, сондай-ақ оларға құқыққа қайшы келетiн iс-әрекеттерi мен моральдық, яки материалдық зиян келтiргенi үшiн жауап бередi.
93. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң өздерiнiң өкiлеттiгiн iске асыру үшiн төмендегiдей актiлер қабылдауға құқылы;
1/ осы жылғы аудандық бюджеттiң орындалуы туралы қаралған есеппен бiрдей уақытта аудандық мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлетiн одан бұрынғы жылдық аудандық бюджетiнiң орындалуы туралы есеп бойынша қорытынды;
2/ ағымдағы жылдық белгiлi кезеңiндегi бюджеттiң орындалу барысы туралы актi, сондай-ақ өзге де актiлер;
3/ мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға аудандық бюджеттi орындау жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, аудандық бюджеттi орындау кезiнде iс үстiндегi заңдылықтарды бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесi жөнiнде құқық қорғау органдарына құлаққағыс ететiн үндеулер.
4/ тексеру комиссиясының актiлердi бекiтетiн қаулысы.
Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысында тұжырымдалған талаптар, атына жолданған барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың тiкелей мiндеттерi.
Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысы лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiндегi қылмыстар құрамының барлығы немесе жоқтығы туралы мәселенi олардың шешуi үшiн құқық қорғау органдарының атына жiберiлуi мүмкiн.
12-тарау. Уақытша комиссиялар
94. Аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелердi қарауға әзiрлеу мақсатында, мәслихат не аудандық мәслихаттың хатшысы уақытша депутаттық комиссиялар құруға құқылы.
Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн және өкiлеттiк мерзiмдерiн, сондай-ақ құқықтарын мәслихат немесе аудандық мәслихаттың хатшысы оларды құру кезiнде белгiлейдi.
Аудандық мәслихаттың уақытша комиссияларының құрамына аудандық мәслихаттың депутаттары емес тұлғалар сайлана алады.
95. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында аудандық мәслихат уақытша комиссияларының:
1/ заңдылықтарда белгiленген аудандық мәслихаттың құзыретi шегiнде, жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдармен, мемлекеттiк мекемелермен және басқа ұйымдармен бiрлесе өзiне тапсырылған мәселелердi зерттеудi жүргiзуге;
2/ аудандық әкiмияттан, аудан аумағына жайғасқан өзге де мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан зерттейтiн мәселесi бойынша қажеттi ақпараттарды сұрап алуға құқы бар.
96. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өздерiнiң шегiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды, олар баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде пайдалану үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға жолданады.
97. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
5-БӨЛIМ. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ
ӨКIЛЕТТIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI
13-тарау. Депутаттардың өкiлеттiгi және
олардың жауапкершiлiгi
98. Аудандық мәслихаттың депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, аудан халқының өкiлеттi өкiлi және оның еркiн бiлдiрушi болып табылады.
99. Аудандық мәслихаттың депутаты:
1/ аудандық мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға.
2/ өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға аудандық мәслихаттың және оның органдарының жұмысы, аудандық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, аудандық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға.
3/ сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге мiндеттi.
100. Аудандық мәслихат депутатының:
1/ сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесi, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға.
2/ мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға.
3/ аудандық мәслихат сайлайтын, яки аудандық мәслихатпен келiсiлетiн лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға.
4/ өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге.
5/ сессияда аудан аумағына орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге.
6/ аудандық әкiмият мәжiлiстерiнiң жұмысына қатысуға.
7/ қоғамдық маңызы бар азаматтардың жолданымдарымен депутаттарды таныстыруға.
8/ аудандық мәслихат пен оның органдары мәжiлiстерiнiң стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға.
9/ заңдарда және аудандық мәслихаттың регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқы бар.
101. Аудандық мәслихаттың депутаттарына құқықтары мен мiндеттерiн кедергiсiз әрi тиiмдi жүзеге асыруға оның қадiр-қасиетi мен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк беру Қазақстан Республикасының заңдарында және осы регламентте белгiленедi.
102. Аудан аумағына орналасқан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары аудандық мәслихаттың депутаттарына өздерiне жүктелген парызын жүзеге асыруда қажеттi ықпал жасауға мiндеттi.
Депутаттың алдында өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамайтын, оған өтiрiк ақпараттар беретiн, депутаттық қызметтiң кепiлдiгiн бұзатын мемлекеттiк органдардың және мекемелердiң лауазымды адамдарды iс үстiндегi заңдылықтарға сәйкес жауапқа тартуға жатады.
103. Аудандық мәслихаттың депутаттары заңдарда белгiленген жағдайлардан тыс өзiнiң депутаттық өкiлеттiгiн босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың және өзге де органдарының мәжiлiстерiн өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс органы бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн атқарудан басталады. Сайлау округiнде депутаттық жұмыс iстеген кезеңiндегi iссапар шығындары төленбейдi.
104. Аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгi iс үстiндегi заңдардың нормаларына сәйкес басталады және аяқталады.
Аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аудандық мәслихаттың аудандық мәслихаттың қызметiн ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияда алдын ала қаралып, аудандық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сессияға қатысушы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
14-тарау. Депутаттық этика және депутаттардың
өзара қатынастарының ережесi
105. аудандық мәслихаттың депутаттары өздерiнiң мiнез-құлқында ең мәртебелi моральдық қасиеттердiң адамгершiлiк принциптерiн, мейiр-шапағат, сыпайылық, әдiлеттiк және заңдылық идеяларын ұстауға тиiс.
Депутат өзiн сабырлы бiрқалыпты ұстап, депутаттық мiндеттерiн орындау кезiнде басқа депутаттармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен араласқанда өз абыройын сақтап, өзгелердiң де абыройын төкпегенi абзал. Ол өзiн, аудандық мәслихатты, не өзi сайланған органды арандатуға, қаралауға бейiм iс-әрекеттерден, шағым-арыздардан және жағымсыз қылықтардан аулақ болуы тиiс.
Депутат мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың қызметiне шолу жасап, бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз конференцияларында, митингiлерде сөйлегенде тек қана ақиқатты, тексерiлген фактiлердi пайдаланғаны жөн.
Көпшiлiк алдында әдейi ғана немесе абайсызда жалған не тексерiлмеген фактiлердi тiзбектей сөйлегенде, депутат өзiнiң сөздерiнде ағаттықтар жiберiп алғанын ашықтан ашық мойындап, мүдделерi мен абыройына тиiп кеткен органнан, адамнан кешiрiм сұрауы құба-құп.
106. Аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық этика және өзара қатынастарындағы мәселелердi қарау мен шешiм қабылдауды аудандық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия жүзеге асырады.
Этикаға жатпайтын iс-әрекеттер жасаған депутатқа кiнә тағылған жағдайда, ол өзiне тағылған кiнәлауға осы тұрақты комиссияның баға беруiн талап етуге құқылы.
Басқа депутаттық арына тиген сөздерi мен iс-әрекеттерiнен масқараланған депутат, балағаттаушының көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауын талап етуге құқылы. Бас тартқан жағдайда, ол осы мәселенi депутаттық этика мәселелерiн қарайтын тұрақты комиссияға шағым етедi.
Аудандық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия депутаттық немесе депутаттық топтардың, лауазымды адамдардың жазбаша және ауызша құлаққағыс етуi бойынша, сондай-ақ өз ынтасымен депутаттық этика ережелерiн бұзуға байланысты мәселелердi қарайды. Осы комиссияның өзi депутаттық өз мiндеттерiн ұдайы орындалмайтындығы, оның бер жағында ешбiр дәлелсiз себептермен аудандық мәслихаттың пленарлық сессиясының мәжiлiстерiне үш мәрте қатыспағандығы ескерiлiп, аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы аудандық сайлау комиссиясына мәлiмдеме әзiрлейдi.
Аудандық мәслихат сессиясының мәжiлiсiне қатыспаған немесе оны өтiп жатқан кезде тастап кеткен депутат осы тұрақты комиссияға жоқ болу себептерi туралы ақталу құжаттарын немесе жазбаша түсiнiктеменi он күн мерзiмiнде табыс етуi тиiс.
Аудандық мәслихаттың депутаты қарайтын мәселе бойынша аудандық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияға түсiнiктеме беруге мiндеттi және комиссияның оған қатысты қабылдаған қаулысына аудандық мәслихаттың алдында қарсы дау айтуға құқылы.
15-тарау. Депутаттық сұрау және жолданымдар
107. Аудандық мәслихат депутатының аудан аумағына орналасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге құқы бар.
108. Депутаттық сұрау депутаттық аудандық мәслихаттың сессиясында айтатын немесе аудандық мәслихаттың сессиясында жариялайтын, сессияда негiзделген түсiнiктеме берудi талап ететiн немесе сол органның немесе, лауазымды адамның құзыретiне жататын мәселелер бойынша позициясын тұжырымдауды талап ететiн мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдарға арнаған ресми жолданымы болып табылады.
109. Аудандық мәслихаттың депутаттарының аудан әкiмiне, аудандық әкiмият мүшелерiне, атқарушы органдардың басшыларына, қаржы бөлiмiне, аудан прокурорына және де басқа атқарушы органдарға және аудандық сайлау комиссиясының мүшелерiне жолданым жасай алады.Бұл ретте құқық қорғау органдардың басшыларына жолдаған сұраудың қылмыстық iзiн суытпай қуғындау қызметiн жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысы жоқ.
110. Депутаттық сұрау жазбаша формада аудандық мәслихаттың сессиясына енгiзiлiп, жария етiлуi мүмкiн. Сессияда ауызша айтылған депутаттық сұрауды депутат жазбаша толтырады. Аудандық мәслихат сессиясының хатшылығына тапсырады.
Депутат сұрау салғанда жолданым жiберiлетiн лауазымды адамды және одан күтiлетiн жауаптың /ауызша немесе жазбаша/ формасын көрсетуге мiндеттi.
111. Екi сессия аралығындағы кезеңде жазбаша формада депутат дайындаған, сондай-ақ тiкелей сессияда айтылған депутаттық сұраулар, оны өткiзу барысында, егерде шешiмiн таппаса, онда аудандық мәслихаттың аппаратында тiркеледi және ең кемi алған күннен үш күнде кешiктiрiлмей мемлекеттiк органның тиiстi лауазымды адамына жолданым жiберiледi.
112. Егерде депутаттық сұрауға аудандық мәслихаттың сессиясында лауазымды тұлға ауызша жауап берген жағдайда, әйтпесе сұрау айтылған сессияда тiкелей жауап алынбаса, сондай-ақ лауазымды адам бiрден жауап беруге дайын болмаған жағдайда, оның аудандық мәслихаттың кезектi сессиясында жауабы тыңдалады.
Депутаттық сұрауға жауапты оны алған адам жазбаша түрде бiр айдан асырмай беруi тиiс. Сессиялар арасындағы үзiлiс кезiндегi осынау мерзiмде, аудандық мәслихаттың сессиясында айтылатын жауап есебiнде депутаттық сұрауына жазба түрiнде алдын ала жауап берiлуi керек.
113. Депутаттық сұрау аудандық мәслихаттың сессиясында төмендегi тәртiппен қаралады: сұрау салған депутаттық сөзiне 3 минутке дейiн, депутаттық сұрау жолданған лауазымды адамның жауабына 15 минутке дейiн уақыт берiледi. сұрауға жауап бойынша жарыссөз болуы мүмкiн.
Жауап тыңдалған соң депутаттық сұраудың авторы, сондай-ақ басқа да депутаттар сұрауда қойылған проблема бойынша сауалдар беруi мүмкiн. Сауалдар мен жауаптарға берiлетiн уақыт 30 минуттен аспауы тиiс.
114. Депутаттық сұрау кiмге жолданса, сол лауазымды адам жауап беруi шарт.
Сессияның жұмысына дәлелдi себептермен қатысуға мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салған өкiлдiк етушiнiң мекен жайы немесе сұрау салған автордың табан тiреген талабы бойынша, сұрауға жауапты басқа лауазымды адам беруi мүмкiн, ал оны қарау аудандық мәслихаттың басқа сессиясына ауыстырылуы мүмкiн.
115. Депутаттық сұрауға жауап және оны талқылаудың нәтижелерi бойынша аудандық мәслихаттың шешiмi қабылданады.
116. Аудандық мәслихат депутаттарының аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша аудан аумағында жайғасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға арналған өзге де жолданымдарды азаматтардың жолданымдарын қарау тәртiбi туралы iс үстiндегi заңдарға сәйкес қаралады.
117. Аудандық мәслихаттың депутаттары сессияда талқыланып жатқан мәселенiң тақырыбы бойынша залда қатысып отырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына сауалдар қоюға құқылы. Сауалға жауап бiрден берiледi, ал қажет болған кезде жауапқа қосымша дайындалуға-жазба түрiнде үш күн мерзiм белгiленедi.
118. Сессияда аудандық мәслихаттың депутаттары айтқан немесе жазбаша формада сессияға төрағалық етушiге берiлген, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың қорытындыларында тұжырымдалған ұсыныстар мен сын-ескертпелер, егерде олар сессияда шешiмiн таппаса, тиiстi мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға жiберiледi, ал олар алған күннен бастап оларды бiр ай мерзiмде қарауға және нәтижелерi туралы тiкелей депутатқа және аудандық мәслихатқа хабарлауға мiндеттi.
16-тарау. Депутаттық топтар
119. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелер бойынша бiрегей позицияны ұстанып, бiрлесе қызмет атқару үшiн аудандық мәслихаттың депутаттары заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялардың депутаттық топтары түрiнде депутаттық бiрлестiктер құра алады.
Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттық кемiнде үш депутатын бiрiктiруге тиiс.
Олар депутаттық топтардың iшкi қызметiн өз бетiнше ұйымдастырады. Депутаттық топқа депутатты енгiзу оның жеке арызы негiзiнде жүргiзiледi.
Аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттық топқа кiрмейдi. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, сессия төрағасының мiндетiн орындау кезеңiнде, өзiнiң депутаттық топқа мүшелiгiн тоқтата тұрады.
120. Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясы хатшылығына депутаттық топтарды тiркеу үшiн депутаттық топ құру, оның мақсаттары, құрамы туралы, сондай-ақ депутаттық топтық атынан сөйлеуге уәкiлдiк алған және аудандық мәслихаттың сессия мәжiлiсiнде оның мүдделерiн қорғайтын адамдар туралы жазбаша хабарландыру хат жолданады.
Жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясының хатшылығы депутаттық топтар құру туралы аудандық мәслихатқа хабарлайды.
Лауазымды адамдарды және аудандық мәслихаттың органдарын сайлаған депутаттық топтар құру туралы ескерту хаттар аудандық мәслихаттың хатшысына жiберiледi, ал ол депутаттық топ құру туралы аудандық мәслихатқа мәлiмдейдi.
Аудандық мәслихат депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде депутаттық топтарды тiркеу туралы шешiм қабылдайды.
Саяси партияның депутаттық тобын тiркеу мейлiнше ақпараттық сипатта болады.
Оның құрылуы үшiн құрамы заңда белгiленгеннен төмен депутаттық топтық санын азайтатын, депутаттардың депутаттық топтардан шығып кеткен жағдайында, депутаттық топ өз қызметiн тоқтатады. Бұл хабарламаны аудандық мәслихаттың хатшысы сессияда депутаттарға жеткiзедi, сессияда Бұл депутаттық топты тiркеудi жою туралы шешiм қабылданады.
Осы регламентке тiркелмеген аудандық мәслихат депутаттарының бiрлестiктерi депутаттық топтық құқықтарымен пайдалана алмайды.
121. Депутаттық топтар өздерiнiң шешiмдерi туралы сессияның төрағасына және аудандық мәслихаттың хатшысына хабарлайды.
Депутаттық топ аудандық мәслихаттың хатшысы және сессияның төрағасы арқылы өздерi дайындаған материалдарды депутаттар арасында таратуға құқылы.
Депутаттық топтық мүшелерi депутаттық топтық тапсыруы бойынша жарыссөз тоқтатылған кезде өз өкiлiн күштеп сөйлетуге құқы бар. Бұл ретте төрағалық етушi оған сөз беруге мiндеттi.
6-БӨЛIМ. АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ
ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIГI
17-тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
122. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.
Егерде ұсынылған кандидатура қажеттi талап етiлген дауыс ала алмаған жағдайда аудандық мәслихаттың хатшысы басқа кандидатураны ұсынады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын сайлау сессияның шешiмiмен хатталады.
Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
123. Аудандық мәслихат кезектi сессияның төрағасы:
1/ мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды.
2/ мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3/ мәслихат сессиясының мәжiлiсiн жүргiзедi, кезегiне қарай сөйлеу үшiн сөз бередi; түзету тәртiбiмен әрбiр ұсынысты дауысқа салады, дауыс берудi алып барады, өз бетiнше немесе сессияның санақ тобымен бiрлесе ашық дауыс берген жағдайда дауыстарды санауды жүзеге асырады, сөйтiп оның нәтижелерiн жариялайды;
4/ мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5/ мәслихаттық сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттық шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
18-тарау. Аудандық мәслихаттың хатшысы
124. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Ол аудандық мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихаттық сессиясында лауазымынан босатылады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына кандидатураларды аудандық мәслихаттың сессиясында депутаттар ұсынады.
Өзiне қарсы шыққан адамнан басқа, барлық ұсынылған кандидатуралар өздерiнiң ұсынылу тәртiбiмен дауысқа салынады, өзiне өзi қарсы адамға дауыс берiлмейдi.
Дауыстарды санау осы регламентке сәйкес сессияда сайланған санақ тобы жүзеге асырады.
Кандидат, егерде ол дауыс берудiң нәтижесiнде депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысына ие болса, сайланды деп есептеледi.
Егерде аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымына екеуден астам кандидатуралар ұсынылып, олардың бiрде-бiрi талап етiлетiн дауыс санын ала алмаса, ең көп дауысқа ие болған екi кандидатура бойынша дауыс берудiң екiншi айналымы өткiзiледi. Бұл ретте аудандық мәслихаттың әрбiр депутаты тек қана бiр кандидатура үшiн дауыс беруi мүмкiн.
Егерде дауыс берудiң екiншi айналымында екi кандидатураның бiрде-бiрi депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысын ала алмаса, аудандық мәслихаттың хатшысын сайлауға кандидатуралар ұсыну қайталанады. Бұл орайда бұрын ұсынылған кандидатураларды қайтадан ұсынуға да болады.
Аудандық мәслихаттың хатшысын сайлау сессияның шешiмiмен хатталады.
125. Аудандық мәслихаттың хатшысы депутаттар жалпы санының үштен екiсi дауыс бергенде мерзiмiнен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкiн.
Аудандық мәслихаттың хатшысын лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы мәселенi сессияға енгiзу және онда қарау аудандық мәслихаттың енгiзуi және шешiм қабылдауы үшiн осы регламентте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың хатшысының өз өкiлеттiгiн ерiктi түрде жұмыстан кетуi өз арызы бойынша жүзеге асырады.
Мәслихат босатылуын қабылдамаған жағдайда мәслихат хатшысы аудандық мәслихаттың сессиясында оның арызын қарағаннан кейiн бiр ай өткен соң өзiнiң өкiлеттiгiн жинастырып қоюға құқылы.
126. Хатшының өкiлеттiгi iс үстiндегi заңдылықтармен, осы регламентпен, сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
Аудандық мәслихаттың хатшысы:
1/ мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2/ мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3/ депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды.
4/ сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
5/ мәслихаттық жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
6/ өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
7/ мәслихаттық тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
8/ мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарды мәслихат атынан өкiл болады;
9/ мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
10/ мәслихаттық шешiмдерi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
7-БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
127. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiгi тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн.
Сот тұрғысынан заңсыз деп танылған шешiмдер қабылдауды керек ететiн Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын қаншама рет /екi және одан көп/ бұзған, әкiммен және әкiмиятпен арада ымырасыз алауыздық туындаған себептерге байланысты аудандық мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе қойылған жағдайда аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатында қажет болса сотта аудандық мәслихаттың мүдделерiн қорғайтын арнайы депутаттық комиссия құруға құқылы.
128. Аудандық мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы мәселе аудандық мәслихат үшiн депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен анықталып, сессияның күн тәртiбiне енгiзiлуi мүмкiн. өзiн-өзi тарату туралы ұсынысты аудандық мәслихат үшiн депутаттар санының жартысынан кем болмағанда тек аудандық мәслихаттың депутаттары егжей-тегжейлi анықтап, енгiзу мүмкiн. Осы мәселенi аудандық мәслихаттың әрбiр тұрақты комиссиясы алдын ала қарайды. аудандық мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы шешiмi жасырын дауыспен аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының ең кемi үштен екiсi дауыс бергенде қабылданады.
129. Аудандық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етудi аудандық мәслихаттың аппараты жүзеге асырады, оған мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, әдiстемелiк сөздiк-ақпараттық, түсiндiрмелiк, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi атқарады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
Аудандық мәслихаттың аппараты аудандық бюджеттiң есебiнен ұсталатын және аудандық мәслихат құрған мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Аппараттық құрылымын және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды аудандық мәслихат бекiтедi.
Аппараттық қызметiне аудандық мәслихаттың хатшысы басшылық етедi, оның қызметкерлерiн тағайындайды және босатады, оларға мiндеттерiн бөлiп бередi, аппарат туралы ереженi бекiтедi.
Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат бекiткен аппараттық құрамына және заң белгiлеген оның қызметкерлерiнiң санына сәйкес аудандық мәслихат аппаратының штаты кестесiн бекiтедi, оған өзгерту енгiзедi.
Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi iс-қимылдағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихаттық өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметкерлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
130. Регламенттiң қаралуы және бекiтiлуi, оған өзгертулер енгiзу аудандық мәслихат шешiмiн қабылдау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
Регламент ережелерiн түсiндiрудi және оны сақтауға бақылауды аудандық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Осы комиссияның төрағасы өзiнiң қалауы немесе сессия төрағасының, аудандық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысы бойынша регламентiнiң ережелерiн түсiндiру үшiн кез-келген уақытта сессияда сөз алуға құқы бар.
Осы тұрақты комиссияның регламентi ресми түсiндiру аудандық мәслихаттың сессиясында берiледi және қажет кезде аудандық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.