2001 жылғы 20 шілдедегі № 8-4 «Тасқала ауданының аумағында тәртіп бұзушылыққа қарсы қолданылатын әкімшілік жауапкершіліктің ережелері туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2001 жылғы 20 шілдедегі № 8-4 «Тасқала ауданының аумағында тәртіп бұзушылыққа қарсы қолданылатын әкімшілік жауапкершіліктің ережелері туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №-148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін» сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 20 шілдедегі № 8-4 «Тасқала ауданының аумағында тәртіп бұзушылыққа қарсы қолданылатын әкімшілік жауапкершіліктің ережелері туралы» (тіркеу № 1039, 2001ж. 15.08, аудандық «Екпін» газетінің 2001 жылғы 21 қыркүйегіндегі 38 нөмірінде жарияланған) шешімінің 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің 3 тармағының 3.1.1 тармақшасы және түсініктемесі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.