О подготовке специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в военно-технических школах г.Шымкента и г.Туркестана в 2001-2002 учебном год Қолданыста
Басқа 0
Шымкент, Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерде 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар дайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 2001-2002 оқу жылында Қарулы Күштер үшiн әскери-техникалық мамандар дайындау жөнiндегi жоспарына сәйкес:
Тармақ 1
1. Шымкент әскери-техникалық мектебiне 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар: 240 жүргiзушi, 50 радиотелеграфист, Түркiстан әскери-техникалық мектебiне 210 жүргiзушi дайындау тапсырмасы жеткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссар (А.А.Саттаров - келiсiм бойынша) Шымкент және Түркiстан әскери-техникалық мектептерiнiң бастықтарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн 2001-2002 оқу жылында мамандар дайындаудың тәртiбi мен мерзiмiн анықтасын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкiмдерi, облыстық әскери комиссар (А.А.Саттаров - келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) Шымкент және Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерге оқушыларды дер кезiнде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн. әскери-техникалық мамандар дайындау үшiн iрiктелiп алынған шақырылушылар жүргiзушiлiкке жарамдылықты анықтау жөнiндегi комиссияның медициналық куәлендiруiнен, сондай-ақ алған әскери-техникалық мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызметке жарамдылығын тексеретiн әскери комиссариаттардың жандарынан құрылған медициналық комиссиядан өткiзiлсiн. Әскери-техникалық мектептерге оқуға ауру, сотталған шақырылушыларды және кезектi шақыруға жатпайтындарды жiберу жағдайларына жол берiлмесiн.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес өндiрiстен қол үзе отырып, әскери-техникалық мектепте дайындаудан өтетiн шақырылушылардың оқу кезiнде жұмыс орны, негiзгi жұмыс орнындағы лауазымы сақталады және орташа айлық жалақысы төленедi.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әскери-техникалық мектептерiнде дайындаудан өткен мамандардың ғана емес, сонымен бiрге меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардағы, мекемелердегi және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiндегi шақырылушылардың есебi жүргiзiлсiн және әскерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң әскери тапсырмасына сәйкес әскери-техникалық мамандары бойынша жiберiлсiн.
Тармақ 4
4. Әскери-техникалық мектептердiң бастықтары Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi үшiн жаңа 2001-2002 оқу жылына
әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының толық әрi сапалы орындалуын
қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қала және аудан әкiмдерi әскери-техникалық мамандар дайындаудан
өтетiн шақырылушылардың оқу кезiнде қалалық жолаушылар көлiгiнде
жеңiлдiкпен жүру мәселесiн шешсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Д.Мыңбайға жүктелсiн.