О сроках открытия любительско-спортивной и промысловой охоты на территории Акмолинской области в 2001-2002 г.г. Күшін жойған
Басқа 0
2001-2002 ж. ж. Ақмола облысының аумағында әуесқой-спорттық және кәсіпшілік аң аулау кезеңін ашу мерзімдері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Облыс әкімінің 9 шілде 2001 жылғы № 136 «2001 жылғы аңшылық маусымда жабайы құстар мен хайуанаттар және бағалы терілі аңдарды аулаудың лимиттерін бекіту туралы» шешімінің негізінде, облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Әуесқой-спорттық және кәсіпшілік аң аулау кезеңі:
31 тамыздан 15 қарашаға дейін - сулы-сазды мекендеген және дала жабайы құстарына ашылсын.
1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін - қарағайлы-орман құстарына ашылсын.
1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін - жабайы тұяқты жануарларға ашылсын.
1 қарашадан 2002 жылғы 15 ақпанға дейін - бағалы терілі аңдарға ашылсын.
Тармақ 2
2. Хайуанаттар әлемін қорғау және аңшылық шаруашылықтары аумағындағы аңшылық өндірісте тәртіптің сақталуын, сол жердегі аңды пайдаланушылар қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.