Об итогах социально-экономического развития Атырауской области за 2001 год и задачах на 2002 год Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001 жылғы қорытындысы мен 2002 жылға арналған міндеттері туралы 2001 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша тұтас алғанда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы сақталды. Барлық меншік нысанындағы өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 436,2 млрд.теңгенің өнімін өндірді, нақты индекс көлемі 116,8% болды, өндіріс көлемінің өсуіне негізінен мұнай өндіруші кәсіпорындар есебінен қол жеткізілді. 2001 жылы облыс экономиккасының дамуына барлық қаржы көздері есебінен 182,1 млрд.теңге инвестиция тартылды, ол 2000 жылға қарағанда 42,6% артық. 2001 жылы тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд.теңгенің инвестициясы бағытталды, ол 2000 жылға қарағанда 17,2% артық. 116,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдану арқылы тұрғын үй құрылысының бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Облыс елді мекендерін газдандыру жұмыстары жалғасуда 2001 жылы бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 2,3 млрд.теңге бөлінді және толықтай игерілді, қарыз алу лимиті бойынша қосымша 930 млн.теңгенің 559 млн.теңгесі немесе 60,1% игерілді. 2002 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер 146434,9 млн.теңге құрады, яғни болжамнан 54% жоғары. Жергілікті бюджетке нақты түсімдер 48477,4 млн.теңге немесе болжамның 103,7% құрады. Бюджеттің шығыс жағы 22193,3 млн.теңгеге атқарылды, соның ішінде әлеуметтік-мәдени шаралар шығындары 9512,4 млн.теңге құрады. Республикалық бюджет алдындағы 28789,9 млн.теңге алымдар жөніндегі міндеттемелер орындалды. Салықтар мен төлемдердің барлық түрлері бойынша өтелмеген төлемдер 2000 жылмен салыстырғанда 667,1 млн.теңгеге азайды. Бюджеттік мекемелерге еңбекақы, зейнетақылар, стипендиялар мен жәрдемақыларды төлеу жөнінде берешектер жоқ. Ұзақ мерзімде тоқтап тұрған кәсіпорындар сауықтырылып қалпына келтірілуде, жаңа өндірістер мен технологиялар іске қосылды. 2001 жылы жаңа 5304 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде өнеркәсіпте-212. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 2,5 есе артып, 17395,3 млн.теңге құрады. Шағын бизнес саласында жұмыс жасаушылар саны 4,2 % өсіп, 32,9 мың адам құрады. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге облыстық бюджеттен 200 млн.теңге бөлініп, 124,18 млн.теңгеге 27 жоба қаржыландырылды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы оң көрсеткіштерімен қатар экономиканың нақты секторында, әлеуметтік салада кемшіліктер орын алуда. Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай аудандарында және Атырау қаласында өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуіне жол берілді. 2000 жылмен салыстырғанда тұрғын үй салу 3,8 % кеміді. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,2 % төмендеді. 2002 жылдың 1 қаңтарына өтелмеген төлем сомасы азайғанымен, едәуір соманы, яғни 1319,6 млн.теңгені құрайды. 2000 жылмен салыстырғанда қылмыстылық деңгейінің 20,1 % өсуі байқалды. 2002 жылдың міндеттерін орындау, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, аймақ экономикасындағы оң үрдістерді нығайту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысының 2001 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2002 жылға арналған міндеттері туралы есеп мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары Атырау облысының 2002 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан және қала әкімдері:
Тармақша 1
1) Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментімен (Қайрешов С.) бірлесе отырып, жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстардың түрі мен нысандарын кеңейту жөнінде нақты шаралар алып, оларды толық және уақытында қаржыландырылуын, аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) Облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен (Ким Г.) бірлесе отырып, шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға барлық жағдай жасасын, шағын несиелендіру дағдысын кеңейтсін, кәсіпкерлік қызметті реттеуде заңсыз актілерді қабылдау дағдысын жойсын, шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия жұмысын жандандырсын.
Тармақша 3
3) Облыстық коммуналдық меншік,құрылыс және тұрғын үй коммуналдық департаментімен (Оспанов В.) бірлесе отырып, қала мен облыселді мекендерін газдандыру, сумен қамту, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу, тұрғын үй құрылысы жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақша 4
4) Облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасымен (Қияшев К.) бірлесе отырып, қала мен аудан орталықтарының инженерлік коммуникацияларын түгендеу және құжаттауына қатысып, Құлсары қаласының бас жоспарының жобасын әзірлеуді аяқтасын, облыс елді мекендерінің даму және құрылыс сызбасын әзірлесін.
Тармақша 5
5) Өнеркәсіп ауылшаруашылығы секторында өндіріс өнімдерінің төмендеуіне жол берген, кәсіпорындар және ұйымдармен бір апталық мерзімде өндірістің төмендеуі себептерін талдасын және өз аймақтарында өндірісті тұрақтандыру жөнінде іс шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық ауыл және балық шаруашылығы департаменті (Арыстанов Қ.) қала және аудан әкімдерімен бірлесе отырып, көктемгі дала жұмыстарын уақытылы өткізу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен, тұқымдық материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын, ауыл экономикасын одан әрі қаржылай сауықтыру, мал азығы базасын нығайту, малды асылдандыру жұмысын жетілдіру, мал дәрігерлік қызметті жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу қуаттарын дамыту жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту (Ким Г.), мұнайгаз кешені, сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялық саясат басқармалары (Ахмеджанов М.) төмендегі жұмыстарды жалғастырсын:
Тармақша 1
1) импорт алмастыру бағдарламасын жүзеге асыру, жергілікті кәсіпорындарды, еңбек және материалдық ресурстардың ірі жобаларын, соның ішінде мұнай жобаларын іске асыруға барынша тарту, кәсіпорындарда ИСО-9000 стандарттарының халықаралық бағдарламасын енгізге ықпал ету;
Тармақша 2
2) Отандық және шетелдік инвестицияларды өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсіптеріне, облыстың коммуналдық шаруашылық нысандарының күрделі құрылысына тікелей тарту;
Тармақша 3
3) Халықты жұмыспен қамту, кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес облыстық бағдарламасын, жер пайдаланушылар қаржысының қазақстандық мамандарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға пайдалану бөлігінде жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау департаменті (Нұрғазиев Қ.):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 «2002 жылды « Денсаулық жылы» деп жариялау туралы» Жарлығын жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар алсын;
Тармақша 2
2) Туберкулезден жаппай тексеруді өткізу жұмыстары кезінде медициналық мекемелердің емдеу-профилакториялық қызметтерін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Алғашқы медициналық жедел көмек мекемелерін толықтай қамти отырып, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде шаралар алсын;
Тармақша 4
4) Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына, бюджеттен бөлінген қаржының нәтижелі қолданылуына бақылауды күшейтсін;
Тармақ 7
7. «Атырау облысының 2001 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2002 жылға арналған міндеттері туралы» облыс әкімінің есебі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралуға ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Досмағамбетке жүктелсін.