О проведении учебно-полевых (лагерных) сборов в 2001-2002 учебном году с юношами-учащимися средних общеобразовательных профессионально-технических школ (лицеев) и средних специальных учебных заведений (колледжей) области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың жалпы орта білім беретін кәсіптік-техникалық мектептері (лицей) мен орта оқу орындары (колледж) оқушыларымен 2001-2002 жылында далалық-оқу (лагерлік) жиынын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хатымен.
«Бастапқы әскери даярлау туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысын іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11-ші сынып оқушыларымен және маусым айының басында кәсіптік-техникалық мектеп (лицей) және орта арнаулы оқу орындарының (колледж) екінші курс оқушыларымен бастапқы әскери дайындық бойынша белгіленген оқу жоспарына сәйкес 2001 жылдың мамыр-маусым айларында далалық-оқу жиындары өткізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов) облыстық әскери комиссариатпен (Қ. А. Сәтенов) бірлесе отырып, бес күндік далалық-оқу жиындарын өткізу жөніндегі бағдарлама мен шаралар жоспарын жасасын.
Тармақ 3
3. Облыстық әскери комиссариат (Қ. А. Сәтенов) оқу-далалық жиындарын табысты өткізуге көмектесу мақсатында әскери бөлімдердің және әскери оқу орындарының, әскери кафедралар мен әскери-техникалық мектептердің командирлерімен байланысты қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері мүдделі ұйымдар және мекемелермен кеңейтілген кеңестер өткізсін, жиындар өткізетін орындарды, жиындардың уақытша штаттарын, аталған шараларды өткізуге жауапты адамдарды анықтасын, сондай-ақ смета мен тапсырыстарға сәйкес қажетті ақша қаражатын іздестірсін.
Тармақ 5
5. Бес күндік оқу далалық (лагерлік) жиындар кезінде жалпы білім беретін 11-ші сыныптарының қыздары медициналық емдеу мекемелерінде тәжірибеден өткізілсін. Тәжірибеден өту тәртібі мен орнын облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ. Ә. Әлжанова) облыстық білім (А. А. Құдайбергенов), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі (С. В. Крутько) басқармаларымен келісе отырып белгілесін.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ. Ә. Әлжанова) далалық жиында өткізетін орындарда оқушылардың елеулі түрде көп жиналатындығына байланысты оқушылардың жұқпалы, тағы да басқа аурулармен науқастанып қалуына қарсы медициналық шараларын белгілесін, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің тұрақты кезекшілігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық туризм және спорт комитеті (А. П. Лобах) жұмыстардың дене тәрбиесі дайындығын бақыласын және спорттық шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Есімов) далалық оқу жиындары өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.