О региональной Программе борьбы с наркоманией и наркобизнесом в Западно-Казахстанской области на 2001-2002 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық
пен есірткі бизнесіне қарсы күрестін 2001 – 2002
жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
және оны орындаудың іс-шаралары туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001 - 2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы 394-ші, Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы 395-ші Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бағдарламалар әзірлеудің Ережелері туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы 789-ші Қаулысы мен "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңының 40-шы, 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001 - 2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны орындаудың іс-шаралары бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есiртк
бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есiртк
бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Атауы: - Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есiрткi
бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған
аймақтық бағдарламасы.
Әзiрлеме үшiн негiздер: - Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан
Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне
қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған
стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394,
"Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және
есiрткi бизнесiмен күресудiң 2000-2001 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы"
2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлықтары, бұларда
облыс әкiмдерiне және нашақорлық пен есiрткi
бизнесiмен күресу жөнiндегi аймақтық комиссияларға өз
аймақтарында Стратегия мен Мемлекеттiк
бағдарламаны ұйымдастыру, ақпараттық және
ресурстық қамтамасыз ету жүктелген.
Мақсаты: - Облыста нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң таралуына
қарсы тиiмдi әрекет жасау, нашақорлыққа қарсы
әлеуметтiк құбылыс ретiнде қоғамдық тосқауыл қою
жүйесiн жасау.
Мiндеттерi: - 1) есiрткiлiк заттар мен прекурсорлардың айналымына
бақылауды күшейту;
- 2) есiрткiнiң, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет
шараларын жүзеге асыру;
- 3) есiрткiнi терiс пайдаланушылықтың алдын алу,
есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту;
- 4) Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының
құқық қорғау органдарымен есiрткiнiң заңсыз
айналымын, оны терiс пайдалануды бақылау саласында
тиiмдi ынтымақтастық орнату.
Қаржыландыру көздерi: Жергiлiктi бюджет қаржысы, демеушiлiк көмектер.
Күтiлетiн нәтижелер: - есiрткiлiк және психотроптық заттарды заңсыз
айналымнан алып тастау көлемiн ұлғайту және есiрткiлiк
және психотроптық заттарды терiс пайдаланушы
адамдар жасайтын қылмыстар санын кемiту;
- есiрткiнi заңсыз пайдаланатын анықталған адамдар
санының өсуi, оны емдеу, еңбек және әлеуметтiк
сауықтыруды жақсарту есебiнен кемiту;
- есiрткiнiң заңсыз айналысуымен байланысты
қылмыстардың ашылу тиiмдiлiгiн арттыру;
- кедендiк және шекаралық бақылауды күшейту.
КIРIСПЕ
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001 - 2002 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) аймақта нашақорлық пен есiрткi бизнесiмен күресудiң ұйымдастырушылық, ақпараттық және ресурстық қамтамасыз етудiң нақты шаралары қарастырылған "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп - өркендеуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы" деген тақырыпта елiмiз Президентiнiң Қазақстан халықтарына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" және "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiмен күресудiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 және N 395 Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама қылмыспен күрестiң, азаматтардың тән және рухани саулығын нығайту жөнiндегi кешендi шаралардың негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.
ПРОБЛЕМАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ
Соңғы жылдары облыста есiрткiнiң заңсыз айналымы етек алып барады. Есiрткi заттарын терiс пайдаланушы адамдар саны өсуде, есiрткiге байланысты қылмыс жоғары қарқынмен өсiп отыр. 1991 жылдан берi жалпы қылмыс 19,8 пайыз төмендеген жағдайда, есiрткiмен байланысты қылмыстың абсолюттiк саны 5,5 есе өсiп кеттi. Егер 1994 жылы облыста нашақорлық желiсi бойынша 88 қылмыстық iс қозғалса, 2000 жылдың 10 айында ол 485 болып отыр. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың үлесi 20 есе өстi: ол 1994 жылы - 65, 2000 жылы - 1303 болып отыр.
2000 жылдың 10 айында облыс аумағында есiрткi және психотроптық заттардың айналысымен байланысты 2078 құқық бұзушылық анықталды. Есiрткi бизнесi желiсi бойынша 536 қылмыстық iс қозғалды, бұл 1999 жылғыдан 27,0 пайызға көп (1999 жылы - 422): Есiрткiлiк заттарды өткiзудiң 77 фактiсi ашылды, бұл 1999 жылғыдан 18,5 пайызға көп (1999 жылы - 65).
Облыс Орта Азия аймақтарынан Ресейге есiрткi өткiзетiн шекаралық аймақ болып отыр. Есiрткiнiң заңсыз айналымы үшiн 435 адам тартылған, оның 9-ы жасы толмағандар, 37-i әйел, ТМД елдерiнен 10 шетел азаматы ұсталды, оның 8-i қылмыстық жауапқа тартылды.
Есiрткi, психотроптық препараттардың заңсыз айналымынан алынған жалпы көлемi 110 кг. құрайды.
Облыстағы есiрткi жағдайы есiрткiнi дәрiгерлiк емес жолмен пайдаланушылардың өсе түсуiмен сипатталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлiметi бойынша ресми түрде 820 нашақор тiркелген. 1990 жылмен салыстырғанда нашақорлықпен ауыратындар 6 есе өскен.
Сонымен қатар ерiксiз емдетудi қажет ететiндер саны өсе түсуде. Егер 1996 жылы ерiксiз емдетуге 133 адам жiберiлген болса, ол 1999 жылы - 207, 2000 жылдың 10 айында - 153 адам болып отыр. Психоактивтi заттарды пайдаланатын жасөспiрiмдер саны өсе түсуде. Егер 1996 жылы 10 жасөспiрiм бақылауда болса, 1999 жылы ол 161-ге дейiн өстi.
Есiрткiнiң әсерiне әйелдер де ұшырауда. 1990 жылы наркодиспансерде әйелдер есепте болмаған болса, 2000 жылы есепте 25-i тұрады. Халық арасында наркологиялық аурудың таралушылығы жоғарыдағы аталған көрсеткiштерден 5-10 есе артып кетiп отыр.
Есiрткiнiң таралу әсерi азаматтардың әсiресе жас толқынның денсаулығына қауiптi, қоғамдық тәртiпке және қоғамдағы тұрақтылық жағдайларына әсер етедi. Есiрткiге тәуелдi азаматтар санының өсуi генофондқа зиян келтiредi, қоғамның әлеуметтiк, экономикалық және саяси бастауларын бұзады. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң таралуы адамдардың өкiметке деген сенiмiн әлсiретедi.
Қылмысты табу, ашу және тергеу жұмыстары IIБ-ның есiрткi бизнесiмен күресу жөнiндегi басқармаға жүктелген. Бұған IIБ-ның қызметтiк иттерiнiң мүмкiндiктерi пайдаланылады. Дейтұрғанмен нашақорлық желiсi бойынша қылмыстың өсiп отырғаны байқалатын аудандар - Бөрлi, Зеленов, Теректiде нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу жөнiндегi арнаулы бөлiмшелерiнiң оперативтi өкiлi, кинолог-инспектор штаттық бiрлiктерi жоқ, бұл жағдайлар қылмыстың ашылуына керi әсерiн тигiзуде.
Бұл пiкiрлердiң бәрi - нашақорлықтың таралуына қарсы әрекет ету, атқарушы, құқық қорғау органдарының, меншiктiң нысандарына қарамастан емдеу мекемелерiнiң, оқу орындарының, кәсiпорындардың, жалпы жұртшылықтың әлеуметтiк кеселмен күресуде күш-жiгердi жұмылдыру жөнiнде мақсатты жұмыстарды iске асыруға нақты себеп болады.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI
Аймақтық бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн төмендегiдей басымдық беретiн мiндеттердi жүзеге асыру қарастырылған:
Тармақша 1
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту;
Тармақша 2
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) есiрткiнi терiс пайдаланудың алдын алудың, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеудiң және оңалтудың тиiмдiлiгiн арттыру және күшейту;
Тармақша 4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI НЕГIЗГI ШАРАЛАР
4) облыста есiрткiнiң заңсыз айналымын және оны терiс пайдалануды бақылау жөнiнде Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының құқық қорғау органдарымен тиiмдi ынтымақтастық жасау.
БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI НЕГIЗГI ШАРАЛАР
Облыста нашақорлық пен есiрткi бизнесiмен күресу мәселесiнде алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және өзектi де болашағы бар мiндеттердi iске асыру үшiн ұйымдастыру және практикалық сипаттағы кешендi шараларды шешу қажет.
Тармақ 1. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау мақсатында облыстың дәрiгерлiк мекемелерiнде есiрткi және психотроптық заттардың пайдаланылуын бақылауды жақсарту жөнiнде шаралар алынатын болады.
Облыстың Кеден басқармасының, iшкi iстер басқармасының күшiмен есiрткiсi бар заттарды тасып әкелу мұқият бақыланатын болады.
Осы мақсаттарда облыстың Кеден басқармасында және iшкi iстер басқармасында кинолог қызметi нығайтылады, кинологтар және қызметтiк иттер үйретiледi.
Есiрткiнi заңсыз өндiрумен күресу аясында жабайы өскен қара сораны және заңсыз өсiрiлген апиын көкнәрiн құрту жөнiнде жыл сайын науқан өткiзiледi. Құқық қорғау органдарында қара сораның жабайы өсетiн жерлерi туралы мәлiметтер банкiсi қалыптастырылады.
Есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту үшiн облыстық наркологиялық диспансерде ересектердi емдеу үшiн 10 төсектiк орын, балалар мен жасөспiрiмдердi емдеу үшiн 5 төсектiк орын бөлiнедi.
Наркологиялық аурудың өсуiн және оның туберкулезге қатысты екенiн ескерiп, арнаулы емдеу профилактикалық мекемелер жанынан жоғарыда аталған құрамды ерiксiз емдеу үшiн 50 төсектiк қосымша бөлiм жабдықтау жөнiнде ұйымдастыру шаралары жүргiзiлетiн болады.
СОРОС қайырымдылық қорының ұтып алынған грантының қаржысы есебiнен егетiн инелердi ауыстырып алу жолға қойылады.
Облыс мектептерiнде есiрткiлiк заттарды пайдаланудан сақтандыру жөнiнде республикалық мектеп бағдарламасы белсендi енгiзiлетiн болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс белсендi жүргiзiледi. Салауатты өмiр салтын насихаттау, санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсарту, нашақорлықтың, токсикоманияның және темекi тартудың алдын алу жөнiнде ұсынбалармен газеттерге ұдайы жарияланымдар, теледидарлар мен радиоларда хабарлар беру iске асырылады, есiрткiге тәуелдiлiктiң қауiптiлiгi туралы арнаулы әдебиеттер, көпшiлiкке арналған шағын кiтапшалар, бейне материалдар шығаруға жәрдем берiледi.
Есiрткiнiң заңсыз айналымын бақылау саласында тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында Ресей Федерациясының шекаралас облыстары құқық қорғау органдарының арнаулы қызметтерiмен кәсiби байланыс жалғастырылады. Есiрткiнi заңсыз тасымалдау және есiрткi контрабандасын табу, алдын алу және жолын кесу жөнiнде олармен бiрлескен шаралар жүргiзiлетiн болады.
БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарламада облыстың атқарушы, құқық қорғау органдары, басқа да ұжымдар мен мекемелер емдеу және оқу орындары жүзеге асыратын шаралар кешенiн жүргiзу қарастырылған. Есiрткiлiк заттардың айналымын бақылаумен, нашақорлықпен ауыратындарды емдеумен шұғылданатын арнаулы құрылымдардан басқа бұл жұмысқа жұртшылық, басқа да қызметтер тартылады. Қоғамдық құрылымдармен тығыз байланыста салауатты өмiр салтын насихаттауға және орнықтыруға, есiрткiнi терiс пайдаланушылардың алдын алуға көп көңiл бөлiнедi.
Бұл реттегi барлық жұмыстарды нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссия үйлестiрiп отыратын болады.
БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарлама шараларының республикалық бюджет қаржысы қамтамасыз етпейтiн бөлiгiн қаржыландыру облыстық бюджет қаржысы есебiнен жүргiзiледi. Нақты шараларды жүргiзу үшiн демеушiлiк көмектер мен қайырымдылық қорлар қаржысын тартуға жол берiледi.
КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер мыналар болуы тиiс: есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз айналымнан алу көлемiн ұлғайту, есiрткiнi терiс пайдалану салдарынан жасалатын қылмыстар санын кемiту, есiрткiнi заңсыз пайдаланушыларды анықтау, оларды бiртiндеп қысқарту. Есiрткi бар заттардың мемлекеттiк шекара арқылы тасымалдануына бақылауды күшейту.
Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне
қарсы күрестiң 2001 - 2002 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасын орындау жөнiндегi
ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№
Шаралардың атауы
Орындалу нысаны
Іске асыру мерзімі
Жауапты орындаушылар
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
I.Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналысына бақылауды күшейту
1
Есірткі айналысын бақылау, облыс аумағына есірткінің заңсыз жолдармен әкелінуін және таралуын анықтау және жолын кесу
«Мак», «Допинг», «Канал», «Тосқауыл» және басқа кешенді оперативтік-профилактикалық шаралар
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, Кеден басқармасы, ҰҚК-нің департаменті
2
Шекара аймақтарыда кеден бекеттерін, бақылау – жіберу пункттерін нағайту
Темір жол, автомобиль, әуе көліктері объектілерінде өткізу жүйесін нығайту
2001 – 2002 жылдары
Кеден басқармасы, Шекара қызметі
3
Есірткінің таралуын ескерту жөнінде халықаралық ынтымақтастықты іске асыру
Есірткі транзитінің жолын кесу жөнінде Ресей Федерациясының шекаралас облыстардың құқық қорғау және бақылаушы органдарымен бірлескен шаралар
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, Кеден басқармасы, ҰҚК-нің департаменті
4
Есірткінің, улы заттардың, прекурсорлардың ашық айналуына, соның ішінде экспорт, импорт транзитті тасымалдау, өндіру, өткізу қызметіне лицензия беру тәртібін бақылау
Өкілді органдардың бақылауы. Рейдтер, тексерулер
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, обл.денсаулық сақтау басқармасы
5
Есірткінің заңсыз айналынына қатысты адамдар, оның түсу каналдары туралы ақпараттарды жинау, талдау және қорыту үшін ІІБ, ҰҚКД, Кеден басқармасында және облыстық прокуратурада ақпараттық-талдау бөлімшелері базасында мәліметтердің бірыңғай блогын құру
Мәліметтер банкін құру, ІІБ, ҰҚКД, Кеден басқармасы және облыстық прокуратураның бірлескен бұйрығы
2001 жылдың 1 тоқсаны
ІІБ, ҰҚКД, Кеден басқармасы, облыстық прокуратура
6
Есірткінің келуін және тарайтын жерлері туралы ақпараттар жинау үшін жағдайлар жасау
Мәліметті хабарлау үшін сенім телефондарын орнату
2001 жылдың 1 тоқсаны
ҰҚКД, облыстық прокуратура, кеден басқармасы
7
Есірткімен күресу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын ІІБ-нің бөлімшесі мен прокуратура органдары арасында компьютерлік байланыс орнату
ІІБ-сы бастығының және облыстық прокурордың бұйрығы
2001 жылдың ІІ-ІІІ тоқсаны
ІІБ, облыстық прокуратура
8
Есірткі қылмысын ашумен және тергеумен шұғылданатын қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру
Біліктілікті арттыру курстарына жолдаму
Жыл ішінде
ІІБ
9
Есірткілердің пайда болу көздерін анықтау мақсатында сараптама зерттеу әдістерін енгізу
Мамандарды оқыту
Жыл ішінде
ІІБ, Әділет министерлігінің сот-дәрігерлік сараптамасы
10
Құрамында есірткі бар өсімдік егістіктерін оқшаулау және құрту
Жабайы өсетін қара сора алқаптарына, апиын көкнәрі егістігіне мониторинг жүргізу және оларды құрту жөнінде шаралар
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, Ауыл шаруашылығы департаменті, Ауылдық округтер әкімі
II. Есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және сауықтыру
11
Есірткіні сатып алумен, сатумен және пайдаланумен шұғылданатындарды тауып және олардың бәрін есепке қою
Есеп қарточкасы, ақпарат алмасу, мәліметтер банкін толтыру
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
12
Дәрілік есірткі заттардың заңсыз таралуын болдырмау үшін, оны жоғары дәрежеде сақтауды, есепке алуды, босатуды және қорғауды қамтамасыз ету
Рейдтер, тексерулер, дәріхана, қойма (база), лаборатория мен басқа да мекемелерді күзетуді қамтамасыз ету шаралары
2001 – 2002 жылдары
ІІБ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Талап»АҚ
13
Есірткілік заттарды пайдалануы ықтимал адамдарды куәландыруда сот-дәрігерлік сараптамалардың тиімділігін арттыру
Лабораторияларды ұйымдастыру-кадрлық жағынан нығайту
2001 жылдың ІІ тоқсаны
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, дәрігерлік сараптама бюросы
14
Есірткіге тәуелді адамдарды дәрігерлік-әлеуметтік оңалту аймақтық орталықтарын құру. Нашақорлықтан емдеу курсынан өткен адамдарды еңбекке орналастыруға қолдау көрсету
Облыс әкімінің шешімі, қала, аудандар әкімдерінің шешімдері
2001 жыл
Облыс әкімі, обл. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, обл. Денсаулық сақтау басқармасы, қала, аудандардың әкімдері
15
Әскерге шақырылушы жасөспірімдер арасынан есірткіге тәуелді адамдарды анықтау
Нарколог дәрігерді әскери-дәрігерлік комиссия құрамына кіргізу
Комиссияның жұмысы кезеңінде
Облыстық әскери комиссариат, обл.наркологиялық диспансер
16
Дәрігерлік мекемелерде психотроптық заттардың пайдаланылуын бақылау
Арнайы шаралар
Ұдайы
Обл. денсаулық сақтау басқармасы, облнаркологоялық диспансер
ІІІ. Есірткілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі
шаралар өткізуді техникалық және ресурспен қамтамасыз ету
17
Есірткінің заңсыз айналымымен күресетін құқық қорғау қызметтерін нығайту
Қосымша штаттық бірлік бөлу. Әкімнің шешімі
2001 жыл
ІІБ, жергілікті бюджет
1442 мың теңге
18
Кинолог қызметін нығайту
Торлы қора, қосалқы бөлмелер салу, қызмет иттерін алу
2001 ж.
І тоқсан
2001 ж.
ІІБ
жергілікті бюджет
1,0 млн. теңге
960 мың теңге
19
Есірткі бизнесімен күресетін бөлімшелерді қазіргі заманғы автомобильдермен, байланыс құралдарымен жабдықтау
Қаржы бөлу, мемлекеттік сатып алуды жұргізу
І-ІҮ тоқсан 2001 жыл
ІІБ, жергілікті бюджет
6040 мың теңге
20
Есірткіге тәуелді ересек адамдарды, жасөспірімдер мен балаларды емдеу
Обл. наркологиялық диспансерде ересектерге арнап 10 төсектік, жасөспірімдер үшін 5 төсектік орындар ұйымдастыру
2001 жыл
Обл. денсаулық сақтау басқармасы
Обл. наркологиялық диспансер
10,0 млн. теңге
21
Есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік көмек көрсету
ВИЧ-инфекциясын азайту үшін бір рет егетін инелерді ауыстыру пункттерін ашу
2001 жыл
«Қозғалыс»
ҚБ
Гранттан ұтқан қаржы
22
Есірткіге байланысты қылмыстық істер жөніндегі заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, беру және жою жағдайын тексеруді жүзеге асыру
Тексеру жүргізу
Жыл ішінде
ІІБ, облыстық прокуратура
23
Оқу орындарын есірткіге тәуелді адамдарды анықтау және есепке алу жөнінде білікті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету
Дәрігер қызметкерлерін оқыту
ІІ – тоқсан 2001 жыл
Обл. денсаулық сақтау басқармасы. Обл. наркологиялық диспансер
24
Мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында есірткіге психикалық және физикалық тәуелділік проблемалары жөнінде кеңес беруді (жасырып түрде) жүзеге асыратын кеңес беру пункттерін ашу
Пункттер ұйымдастыру, кадрлармен жабдықтау
2001 жыл
Обл, денсаулық сақтау басқармасы, жоғары оқу орындарының ректорлары, арнаулы орта оқу орындарының басшылары
25
Кадрлар даярлау
Республикалық медициналық жоғары оқу орындарында психиатор-нарколог дәрігерлер дайындауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету
2001 жыл
Обл. денсаулық сақтау басқармасы
26
Нашақорлықпен, маскүнемдікпен, қосымша туберкулезбен ауыратындарды еріксіз емдеу үшін арнаулы емдеу профилактикалық мекемелерде 50 төсектік наркологиялық бөлімше үйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
Құрылыс материалдарын жинақтау
2001 жыл
Обл. қаржы басқармасы, обл. денсаулық сақтау басқармасы. Арнаулы емдеу-профилактикалық мекемелері
27
Құқық қорғау органдарының есірткілік заттардың заңсыз айналысына байланысты қылмыстарды ашу және жолын кесу жөнінднгі қызметінің заңдылық жағдайын талдау және қорыту
Тексеру
2001 жылы әр жарты жыл сайын
Облыстық прокуратура, ІІБ
28
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналысына байланысты істер жөніндегі сот-тергеу практикасын жинақтау
Тексеру, облыстық прокуратураның алқасы
2001 жылдың ІІІ тоқсаны
Облыстық прокуратура
ІV. Есірткіні қабылдамау жөнінде жұртшылықтың пікірін қалыптастыру
29
Салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіні қабылдамау жөнінде жұртшылықтың пікірін қалыптастыру
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясын ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде облыстық комиссия құру
ІV тоқсан 2000 жыл
Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
Мақалалар, телерадиохабар, шағын кітапшалар, буклеттер шығару, кинотеатрларда фильмдер көрсету
Ұдайы
Обл. ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы. Обл. телерадио компаниясы, облыстық газеттердін редакторлары, обл. мәдениет басқармасы
Облыста қалыптасқан наркологиялық жиғдай туралы баспасөзрелизін әзірлеу және оны облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Тоқсан сайын
Обл. ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық
Нашақорлықпен күрес тақырыбы жөнінде ІІБ, облыстық прокуратураның, ҰҚК-нің баспасөз қызметтерімен баспасөз конференцияларын өткізу
Ұдайы
Обл. ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ІІБ, ҰҚК, облыстық прокуратура
Нашақорлықпен күресуге. cалауатты өмір салтын насихаттауға арналған газет жарияланымдарына, телерадио хабарларына ұдайы мониторингі жүргізу
2001 – 2002 жылдары ұдайы
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
30
Есірткіні таратқаны және пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы заңды түсіндіру
Мемлекеттік және құқық негіздері бойынша оқу бағдарламасы аясында
Оқу жылы ішінде
Облыстық білім басқармасы
31
Есірткіні қабыл алмауды, құқық тәртібін нығайту міндеттерін нығайту міндеттерін насихаттау және қауіпсіз қоғам құру
Мәдениет университеттері тындаушылары мен жексенбілік мектеп оқушыларының құқық қорғау органдарының және медицина мекемелері қызметкерлерімен кездесуі
2001 – 2002 жылдар
Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы
«Балар мен жасөспірімдердің темекі тартуына қарсы акция» республикалық қозғалысын қолдау және тарату
ІV тоқсан 2001 жыл
Облыстық білім басқармасы
Жаппай құқықтық оқуды, мектептерде ата-аналар лекториін ұйымдастыру
ІV тоқсан 2000 жыл
Облыстық білім басқармасы, әділет басқармасы, обл. прокуратура
Нашақорлық және есірткі бизнесі проблемалары жөнінде облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізу
ІІІ тоқсан 2001 жыл
Әділет, білім басқармалары, прокуратура, ІІБ
Орта кәсіптік мектептерде «Жастар және ісірткі» тақырыбанда лекциялар циклын ұйымдастыру
Оқу жылы ішінде
Әділет, денсаулық сақтау басқармасы, обл. прокуратура, ІІБ
Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде облыстық газеттерде мақалалар жариялау
Жыл ішінде
«Орал өңірі» және «приуралье» газеттерінің редакциялары
32
Жастар ортасының моралдық-психологиялық жағдайын зерттеу
Әлеуметтік зерттеу
I тоқсан 2001 ж.
БҚГУ
33
Арнаулы насихаттық акциялар
«Есірткісіз өмір үшін» бір күндік акция (студенттік топтардың «Жас дәурен» балалар кешеніне баруы)
Мамыр 2001 ж.
БҚГУ ректораты
34
Салауатты өмір салтын насихаттауға студент жастардың қатысуы
БҚГУ, басқа оқу орындары студенттері арасынан волонтерлар даярлау
Жыл ішінде
БҚГУ кураторлар кеңесі, Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының ректорлары
V. Жасөспірімдерімен жұмыс және бұқаралық шаралар
35
Жасөспірімдер мен жастардың рухани саулығын тәрбиелеу және нығайту
Нашақорлықтың темекі шегудің, маскүнемдіктің алдын алу жөнінде кластан тыс жұмыстар ұйымдастыру
Жыл ішінде
Обл. білім басқармасы, наркологиялық диспансер, СПИД орталығы, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі орталық
«Есірткіге қарсы рок», «Жастар есірткіге қарсы» облыстық акциялар өткізу
2001 жыл
Қала, аудандар әкімдері, обл. мәдениет басқармасы, облақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Облыс спортшыларының қатысуымен «Спортшылар нашақорлыққа қарсы» бұқаралық спорт акциясын өткізу
ІІІ тоқсан 2001 жыл
Облыстық туризм және спорт басқармасы
Спортшылардың және тәрбиелеуі қиын балалар мен жасөспірімдердің спорт кештері, кездесулері
Жыл ішінде
Обл. білім басқармасы, обл. туризм және спорт басқармасы, қала, аудандар әкімі
Тәпбиелеуі қиын балалар мен жасөспірімдерді кеңінен тарта отырып, спорт клубтарын құру
Қала, аудандар әкімдері, обл. туризм және спорт басқармасы
36
Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыруды ұйымдастыру
Спорт сауықтыру лагерлерін құру
2001 ж.
Қала, аудандар әкімдері, обл. туризм және спорт басқармасы
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының тәрбиелік маңызын көтеру
Обл. білім басқармасы
Халықтың дене тәрбиесі әзірлігіне Президенттік тесті еңгізу жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізу
Қала, аудандар әкімдері, обл. білім, туризм және спорт басқармалары, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары
37
Балалрдың, жасөспірімдер мен жастардың сабақтан бос уақыттарында пайдалы іспен шұғылдануын ұйымдастыру
Тұрғылықты жерлері бойынша және талаптілектері бойынша спорт секциялары, клубтар ұйымдастыру
2001 – 2002 жылдар
Қала, аудандар әкімдері, обл. білім, мәдениет, туризм және спорт басқармалары