Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 1095 қаулысына сәйкес және Қызылорда облысы аумағында мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқаруды және жекешелендіруді одан әрі жетілдіру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы және оны іске асырудың шаралар жоспары әзірленсін.
Тармақ 2
2. Бағдарламаны және оны іске асырудың шаралар жоспарын әзірлейтін облыстық комиссияның құрамы бекітілсін /№ 1 қосымша/.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлеудің және оны іске асырудың шаралар Жоспарлары бекітілсін /№ 2 қосымша/.
Тармақ 4
4. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері ұқсас шешімдер қабылдап, мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған аудандардың және қаланың Бағдарламаларын және оларды іске асырудың шаралар Жоспарларын әзірлесін. Осы материалдар облыстық комиссиясың қарауына осы жылдың 1 қазанына дейін ұсынылсын. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы «30» тамыздағы № 296 шешіміне № 1 қосымша Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлейтін облыстық комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Б.Б. Қуандықов - комиссия төрағасы, облыс әкімнің бірінші орынбасары;
Тармақ 2
2. К.Н. Нурексшев - комиссия төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары;
Тармақ 3
3. С.І. Қалиев - аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
Тармақ 4
4. С.М. Мырзашев - өнеркәсіп және сауда департаментінің бастығы;
Тармақ 5
5. Б.М. Шаменова - облыстық экономика басқармасының бастығы;
Тармақ 6
6. Қ.Ә. Әжібеков - облыстық қаржы басқармасының бастығы;
Тармақ 7
7. Б. Қалымбеіов - облыстық әділет басқармасының бастығы;
Тармақ 8
8. М.С. Есенов - облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы;
Тармақ 9
9. Д.А. Даулетбаев - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы;
Тармақ 10
10. А. М. Мүсілімов - облыстық білім беру департаментінің бастығы;
Тармақ 11
11. Ж. А. Жонтаева - облыстық мәдениет басқармасының бастығы;
Тармақ 12
12. Ж. Шәрипов - Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың директоры
Басқа 18
Облыс әкімінің 2000 жылғы «30» тамыздағы № 296 шешіміне № 2 қосымша Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шаралардың жоспары № Шаралар Орындаушы Орындалу мерзімі Ескерту 1 2 3 4 5 1. Мемлекеттік коммуналдық мүлікгі басқарудың мақсаттары, міндеттері және ұйымдастыру жүйесі. Б.М.Шаменова 15.09.2000 ж. дейін 2. Аудандар және қала бойынша, өндірістік қызмет бағыттарын бөлу арқылы жасалған мемлекеттік коммуналдық көсіпорындар тізбесі. Б.Қалымбетов 20.09.2000 ж. дейін 3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жасау, олардың кемшіліктері және басқарудың тиімділігін арттырудың жолдары. С. Мырзашев М.Есенов Б.Шаменова Талдау негізінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың: - жекешелендіруге жатпайтын; - басқа ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарға өзгеруге тиісті; - сауықтыруға жататын және оның әдістері; - банкроттықтауға тиісті; - мүліктік кешен ретінде жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізбесін анықтау. 4. Жергілікті бюджетке қарайтын мемлекеттік мекемелердің тізбесі Б. Қалымбетов 20.09.2000 ж. дейін 5. Осы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мүлікті қолдануына талдау жасау, артық мүлікті анықтау және оны қолданудың бағыты. С.І.Қалиев К.Ә.Әжібеков Аудандар және қала әкімі 25.09.2000 ж. дейін 6. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорындағы акцияларын қатысу үлестерін басқару: - акцияларды /үлестерді/ басқару жағдайын бағалау; - басқару механизмін жетілдіру жолдары және оның тиімділігін арттыру; - акцияларының мемлекеттік пакеті /үлестері/ мемлекеттік меншікте қалуға тиісті акционерлік қоғамдардың /серіктестіктердің/ тізбесі. С.І. Қалиев 25.09.2000 ж. дейін 7. Жылжымайтын объектілерді басқару: - жылжымайтын объектілер тізімін жасау; - жылжымайтын объектілердің қолдануына талдау жасау және оларды қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары; - мемлекеттік коммуналдық меншікте қалатын, сенімді басқаруға және мүліктік жалға сатып алу құқығы мен сатып алу құқығынсыз берілетін сондай-ақ саудада сатылуға тиісті жылжымайтын объектілер тізбесін жасау Ж.Шәрипов С.І.Қалиев Ә.Мүсілімов Д.Даулетбаев Ж.Жонтаева 25.09.2000 ж. дейін 8. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендіру: - мемлекеттік коммуналдық мүліктің тізімі, әдісі мен сатылу мерзімі; - жекешелендіруден кейінгі бақылауды іске асыру. С.І.Қалиев 25.09.2000 ж. дейін