Об утверждении областной Программы борьбы с преступностью на 2001-2002 годы и план мероприятий по ее реализации Қолданыста
Басқа 0
Қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы мен оны iске асыру жөнiндегi iс шараларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" қаулысын орындау және облыста қылмыстың алдын алу және онымен күресудi күшейтуге байланысты құқық қорғау мен тиiстi мемлекеттiк органдардың жұмыстарын үйлестiру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы мен оны iске асыру жөнiндегi iс шаралары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкiмдерi, облыс ұйымдары мен құқық қорғау органдарының
басшылары осы бағдарламаның орындалуы үшiн жеткiлiктi, практикалық және
нақты шаралар алсын.
Бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын сараптама жасап
тиiстi ақпараттар тапсырсын.
Тармақ 3
3. Бағдарламаның орындалу барысы әкiм жанындағы ұйымдасқан қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi оперативтiк штабта әрдайым қаралып отырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 5
Атырау облысы әкiмiнiң
2001 жылдың 17 қаңтар N 25
шешiмiмен бекітілген
Атырау облысындағы қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002
жылдарға арналған бағдарламасы
Тарау 1. 1. Бағдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Атырау облысындағы қылмысқа қарсы күрестiң
2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы
Әiрлеу негiзi - "Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысы
Бағдарламаны негiзгi әзiрлеушi - Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмi
Бағдарламаны әзiрлеушiлер мен орындаушылар
Облыс әкiмiнiң аппараты, облыстық
прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк Комитетiнiң
Департаментi, iшкi iстер басқармасы, әдiлет
басқармасы, салық полициясы Комитетiнiң
басқармасы, кеден басқармасы, Каспий өңiрiнiң
экологиялық прокуратурасы, Атырау көлiк
прокуроры, Атырау бекетiндегi IIБ, еңбек,
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау
басқармасы, бiлiм беру басқармасы, ақпарат
және қоғамдық келiсiм басқармасы, денсаулық
сақтау басқармасы, туризм және спорт
басқармасы, төтенше жағдайлар жөнiндегi
басқарма, көшi-қон және демография
басқармасы, коммуналдық меншiк басқармасы,
меммүлiк және жекешелендiру жөнiндегi
аумақтық комитет, облыстық телекоммуникация
басқармасы, облыстық телерадиокомпания.
Бағдарламаны жүзеге асырудың мерзiмдерi -2001-2002 жылдар
Қаржыландыру көздерi
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары
Тарау 2. 2. Кіріспе
2. Кіріспе
Атырау облысындағы қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмi "өылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" өазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығын, "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 өаулысын орындау үшiн құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардан келiп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзiрледi.
Осы Бағдарламаны қабылдау қылмысқа қарсы күрестiң бұрынғы бағдарламаларының орындалуынан, сондай-ақ соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызмет ететiн әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардың өзгеруiнен туындап отыр.
Қазiргi қоғамның жағдайында қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмаудың тиiмдiлiгiн көтеру, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан қылмысқа қарсы күресте күш-жiгердi арттыруды ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықты болдырмауға жүйелi және кешендi көзқарасты қамтамасыз етудi, қылмысқа ықпал етудiң жаңа, дәстүрлi емес нысандары мен әдiстерiн әзiрлеудi талап етедi.
Қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы Атырау облысындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасымен, осы кезеңде жүзеге асырылатын басқа да бағдарламалармен қатар iске асырылатын болады.
Тарау 3. 3. Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың ахуалын талдау
3. Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың ахуалын талдау
Елiмiздегi шиеленiскен әлеуметтiк-экономикалық жағдайда қылмысқа қарсы күрес проблемасы қылмыстардың алдын алуға және жазасыз қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлi шараларды қабылдауды талап етедi.
Қылмыстың нарықтық реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға кедергi жасайтын тұрақтандыруды болдырмай жатқан елеулi фактор болып қалып отыр.
Қазiргi уақыттағы қылмыстар нақты көрсетiлген мүттәйiм зорлық-зомбылық бағытпен сипатталады. Ұрлық, қарақшылық және тонаулар жасалатын қылмыстардың негiзгi бөлiгiн құрайды.
Кiсi өлтiру және басқа да аса қатыгездiкпен жасалған ауыр қылмыстардың саны өсуде. Азаматтардың үй-жайларына зорлық-зомбылық, кейде кiсi өлтiруге ұласатын дөрекi қарақышылық шабуылдар жасау кең қоғамдық жаңғырық тудырып отыр. Атыс қаруының заңсыз айналымы мен оны қолдану арқылы жасалған қылмыстардың саны өсуде.
Елiмiздiң экономикасындағы дағдарыстық құбылыстар, жұмыссыздық деңгейiнiң жоғарылауы, әсiресе ауылды жерлерде, ауыл жастарының қалаларға кетуiнiң басты себептерiнiң бiрi болып отыр. Жұмысы, белгiлi бiр тұрғылықты мекен-жайлары болмағандықтан олар қылмыстық бағыттағы топтарға бiрiгедi.
Қылмыс барған сайын ұйымдасқан сипатта белең алып отыр. Адамдардың белгiлi бiр санаты үшiн қылмыстық iс-әрекеттер күн көрудiң негiзгi көзiне айнала бастады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылып жатқан iс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бердi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау және арнайы органдардың күнделiктi қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi болды.
Халықтың құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегi әлеуметтiк белсендiлiгi күрт төмендедi. Құқықтық тәртiп органдарының халықпен бұрын болған көпжақты байланыстары мен ынтымақтастығы мүлде жойылған.
Құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк алдын алуды қамтамасыз етудегi мемлекеттiк өкiмет органдарының, қоғамдық ұйымдардың қызметi бытыраңқы жүйесiз сипат алған.
Әлеуметтiк-экономикалық саладағы дағдарыстық құбылыстардың нәтижесiнде балалалардың елеулi бөлiгi тәрбиеден тыс қалып, қолайсыз жағдайларда өмiр сүруде, балалардың қадағалаусыз қалуы өсуде, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерi шешiмiн таппауда.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған кешендi бағдарламасында көзделген шаралар тиiстi деңгейде iске асырылмай жатыр.
Маскүнемдiк пен нашақорлық маңызды әлеуметтiк проблема болып отыр. Көптеген қылмыстар алкогольден немесе есiрткiден мас болу күйiнде жасалады.
Сонымен бiрге, алдын-алу жұмыстарының деңгейi өте төмен, алкоголизм және нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдейтiн емдеу-алдын алу мекемелерi жеткiлiксiз, салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiнде мақсатты жұмыс жоқ.
Қайталанба қылмыстардың деңгейi төмендемеуде, бiрақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мәселелерiнiң шешiлуi қанағаттанарлықсыз.
Қылмысқа қарсы шешушi күреске және оның алдын алуда тиiмдi жұмыс iстеуге құқық қорғау, арнайы және сот органдарының материалдық-техникалық базасының жеткiлiксiз, олардың әлеуметтiк жағдайларының нашар болуына байланысты бiрқатар факторлар қолбайлау болуда.
Соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесi айтарлықсыз төмендедi, олардың жалақылары қызметiндегi жұмыс көлемiне сәйкес емес. Қажеттi әлеуметтiк қорғаудың жоқтығы, әсiресе, денсаулығы мен өмiрiне қауiптi қызмет атқаратын жедел уәкiл және басқа да қызметкер кадрларды iрiктеуде терiс әсер еттi.
Құқық қорғау органдарын ақпараттық қолдаудың, сондай-ақ халық арасында жоғары құқықтық мәдениеттi қалыптастыру жөнiндегi белсендi қызметтiң жоқтығы азаматтардың заң күшiне және өкiметтiң әдiлдiгiне сенбеушiлiкке әкелiп соқтырды.
Қылмысқа қарсы күрестi тиiмдi жалғастыру үшiн барлық мемлекеттiк және жергiлiктi билiк органдары мен басқарудың күш салуын үйлестiруге негiзделген және заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз етудiң сенiмдi жүйесiн құруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асырған жөн.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаттары:
- қылмысқа қарсы күрес саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
- заңдылық пен құқықтық тәртiптi әрi қарай нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудан қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi нығайту, осы қызметке бүкiл мемлекеттiк органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күресте жергiлiктi атқару органдарының ролiн және жауапкершiлiгiн жоғарылату;
- қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның ұйымдасқан нысандарына және сыбайлас жемқорлыққа, есiрткi қылмысына, терроризм мен дiни экстремизм көрiнiстерiмен күрестi күшейту;
- экономикалық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын экономиканың криминалдануына қарсы әрекет жасау.
Бағдарламаның мiндеттерi:
- құқық бұзушылықтардың, соның iшiнде кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында мақсатқа сай әлеуметтiк алдын алуды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру, үйелдер мен балаларды тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
- қоғамдық қауiпсiздiктi, құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте жергiлiктi атқарушы органдардың ролiн арттыру;
- қылмыстардың ашылуын арттыру, жедел-iздестiру қызметiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру;
- ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрестi одан әрi күшейту;
- терроризмге, дiни және саяси экстремизмнiң таралуына қарсы iс-қимылдардың сенiмдi жүйесiн құру;
- құқық қорғау және арнайы органдарды кадрлармен қамтамасыз ету, олардың қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгi мен кәсiбилiгiн арттыру, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары мен ақшалай қолдау көрсетулерін жақсарту;
- құқық қорғау және арнайы органдардың қызметтерiн техникалық қайта қаруландыруды және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
- құқық қорғау қызметi саласында жүргiзiлетiн саясатқа ақпараттық қолдау жасау және халық сенiмiн қалыптастыру, қылмысқа қарсы күресте азаматтардың ынталылығын арттыру;
- құқық қорғау және арнайы органдарының өзара тиiмдi iс-әрекеті мен қызметін үйлестiру тетiктерiн әзiрлеу.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Тармақ 5.1
5.1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық
бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық
қауіпсіздікті күзету. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк алдын алу әлеуметтiк бақылаудың дәстүрлiк нысандарының әлсiреуi жағдайында кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрес, қылмыстық жазасын өтеген адамдардың бейiмделуi жөнiндегi шараларды жүзеге асыру ерекше көкейкестi сипатқа ие. өазақстан үкiметiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы N 408 қаулысына сәйкес құрылатын белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету.
Халықтың құқық бұзушылыққа қарсы күрестегi әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыру жөнiндегi мынадай шараларды: қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысушы азаматтарды көтермелеудiң жүйесiн енгiзудi, көпшiлiктiң құқықтық тәртiптi сақтауға қатысуының жаңа нысандарын қабылдау қажет.
Құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын алдын алу қызметiн одан әрi жетiлдiрудiң өткiр қажеттiлiгi туындап отыр.
Жұмыстың басты қағидаттары - халықпен тығыз байланыс жасау, азаматтармен ашық-жарқын сөйлесу, олар құқық қорғау органдарына өтiнiш жасаған жағдайда оларға дереу қажеттi көмек көрсету, адамдарға iзеттiлiк пен ұқыптылық таныту болуы тиiс.
Iшкi iстер органдарының алдын-алу қызметiнiң басым бағыттары ең алдымен, учаскелiк полиция инспекторларының қызметi - әсер етудiң әкiмшiлiк-құқықтық шараларының үйлесiмiнде, алдын-алудың жалпы және жеке тәсiлдерiмен қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылық пен қылмыс жасауды күтуге болады деген адамдарды анықтау, олардың әлеуметтiк тәртiпке қарсы пиғылдарын коррекциялау болуы тиiс.
Маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрес
Iшiмдiкке қарсы саясаттың, маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрестiң белсендiлiгiн арттыру мақсатында:
маскүнемдiкке және нашақорлыққа қарсы күрес жөнiнде аймақтық бағдарлама әзiрлеу және оны iске асыру;
алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқорлықтан зардап шегетiн адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың тӨсек орнын көбейту шараларын қабылдау;
спирттiк iшiмдiктер мен есiрткi заттарын қолданатын балаларды анықтау мәнi ретiнде оқушыларды ұдайы тексерудi қамтамасыз ету қажет.
Бiлiм беру органдары салауатты өмiр салтын, жеке тұлғаның психофизикалық қалыпты дамуын насихаттауға бағытталған оқу және тәрбие процестерiнiң ажырамастығын қамтамасыз етулерi тиiс. Бұл мақсаттарға мектепке дейiнгi мекемелерде, мектептерде, лицейлер мен колледждерде арнайы оқу пәнiн енгiзе отырып, ғылыми негiзделген бағдарламаны әзiрлеу.
Жергiлiктi органдардың маскүнемдiктiң, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi жұмысының жәй-күйiне жауапкершiлiктi арттыру.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу
Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу өскелең ұрпақ өмiрiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге, жастарды тәрбиелеу мен оларға бiлiм беруге, отбасы мен балаларға қажеттi көмек көрсетуге, жасөспiрiмдердiң қадағалаусыз қалуының алдын алуға бағытталған жалпы әлеуметтiк сипаттағы шаралар кешенiн жүзеге асырумен тығыз үйлесiмдiлiкте болуы тиiс.
Жасөспiрiмдердi олардың психофизикалық жай-күйiне зардапты әсер ететiн зорлық-зомбылықты, қатыгездiктi, порнографияны, сондай-ақ темекi шегу мен арақ iшудiң, есiрткi заттары мен психотроптық заттарды насихаттайтын аудио, бейне және баспа өнiмдерiн шектеу жөнiндегi шараларды қабылдау қажет. Дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмiр салтын насихаттауды белсендi түрде жүргiзу, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жасөспiрiмдердiң дене шынықтыру-спорт клубтарын және балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жүйесiн дамыту, бұқаралық дене шынықтыру-спорт iс-шараларын өткiзудi қайта жалғастыру.
Облыс орталығында мiнез-құлқы девианттық (ауытқыған) кәмелетке толмағандарға бағытталған арналған жабық типтегi арнайы мектептер, сондай-ақ қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа жеткенге дейiн қылмыстық-жазаланатын iс-әрекеттер жасаған балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнайы мектептер ашу.
Жағдайы нашар отбасыларымен жұмыс iстеуге бағытталған кешендi шараларды жүзеге асыру.
Кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi облыстық комиссияның жұмысын жандандыру. Комиссияның қызметi құқық қорғау функцияларын күшейтуге, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелерiнде ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, ұстауға, орналастыру мен оқытуға жауап беретiн мекемелер мен ұйымдарды бақылауға бағытталуы тиiс.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен байланысты iс-шараларды iске асыру көбiне мемлекеттiк, сондай-ақ аймақаралық және аймақтық деңгейлерде қабылданатын кешендi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгiне, сондай-ақ қалыптасуы оқу-тәрбие процесiнiң негiзi болуы тиiс өскелең ұрпақтың құқықтық сана-сезiмi деңгейiнiң арттыруға байланысты болады.
Қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қала мен елдi-мекендердiң көшелерiндегi қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ экстремистiк пиғылдағы азаматтар мен топтардың тарапынан қоғамға қарсы iс-қимылдардың алдын алу жөнiндегi қызметiн жетiлдiру.
Халықтың қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы. Көшелер мен тұрғын үй массивтерiн патрульдеудi жүзеге асыру үшiн қоғамдық күштердi ерiктi негiзде құру, бұл қызметтi моральдық және материалдық ынталандыруды қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртiптi сақтау мен iшкi iстер органдарының патрульдiк нарядтарын басқаруды ұйымдастыру кезiнде жаңа нысандар мен кешендi көзқарастарды iздестiру және енгiзу.
Меншiктiң мемлекеттiк емес нысандарының объектiлерiнде олардың иелерiнiң күшiмен қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету.
Облыс орталығында қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қызметтi атқаратын полицияның кешендi күштерiн алдыңғы қатарлы техникамен жарақталған жедел басқару орталықтарын құру. Қылмыстар жасалғанда және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел iс-қимылды арттыру.
Жол қозғалысына қатысушылардың тәртiбiн нығайту, апаттың деңгейiн төмендету жөнiндегi кешендi iс-шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 5.2
5.2. Құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар.
ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес.
Құқық қорғау органдары мен соттардың бiрлескен жемiстi қызметiнiң негiзiнде бiртұтас құқық қолдану практикасын жасау. Ұйымдасқан қылмыстың экономикалық базасын жою жөнiндегi кешендi шараларды жүзеге асыру. Құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қауымдастықтар туралы жедел ақпараттарды алуын iске асыру мәселелерiндегi iс-қимылдар үйлесiмдiгiн қамтамасыз ету.
Жедел-iздестiру қызметiнiң нысандары мен әдiстерiн одан әрi жетiлдiру. қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестiрудiң тиiмдi жүйесiн құру.
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау орнату, есiрткiлерге қол жеткiзудi шектеу және олардың заңсыз айналымын болдырмау. Құқық қолдану қызметiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткiзушiлердi, жеткiзушiлердi, сондай-ақ есiрткi бизнесiн ұйымдастырушылар мен олардың белсендi қатысушыларын анықтауға және жауапқа тартуға бағдарлау. Елiмiздiң аумағын есiрткiлер мен психотроптық заттардың контрабандасы мен транзитiнен қорғауды қамтамасыз ету. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз өткiзуден түскен ақшаларды заңдастыру мен "тазарту" фактiлерiн анықтау жөнiндегi шараларды қолдану.
Терроризмнiң туындауы мен таралуына ықпал ететiн факторларды дер кезiнде анықтау мен жоюды қамтамасыз ететiн бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу. Дiни-саяси экстремизмге қарсы күрестi ведомствоаралық үйлестiру. Елiмiзге кiрудi бақылауды қатайту.
Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және дiни экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi бөлiмшелер қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Облыста "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан кейiн кеңiнен жайылған экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың негiзiн тарылту мақсатында экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеудi жетiлдiру, сондай-ақ салық заңнамасының орындалуын қадағалауды күшейту.
Құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстардың жолын кесу мен оларға тергеу жүргiзудегi жұмыстарының нәтижелiлiгiн арттыру.
Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғам азаматтары институттарын, кәсiпкерлер ортасын, тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарын тарту.
Тармақ 5.3
5.3. Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз
ету, мемлекеттің құқықтық саясатын насихаттау.
Заңдылықты қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органдарының қызметiндегi заңдылықты одан әрi нығайту, олардың кадрларын заңдылықты, тәртiптi бұзатын адамдардан және сатқындардан тазарту жөнiндегi шараларды жүзеге асыру. Алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру, прокуратура органдарының қадағалау қызметi мен құқық қорғау органдарына ведомстволық бақылауды арттыру.
Құқықтық саясатты насихаттау
Халыққа құқықтық бiлiм беру және оның құқықтық мәдениетiн көтеру. Халықтың құқықтық ақпаратты кең көлемде және еркiн түрде алуын қамтамасыз ету. Құқықтық бiлiмдер конкурстарын өткiзу.
Мемлекеттiң құқықтық саясаты мен құқық қорғау органдарының қызметi туралы қоғамдық пiкiрдi зерттеу. Елдiң және оның құқық қорғау құрылымдарының жағымды келбетiн қалыптастыру және сот әдiлдiгiнiң беделiн көтеру. Соттар мен құқық қорғау органдарын ақпараттық қолдауды жүзеге асыру. Азаматтардың заңға және мемлекеттiк билiкке деген құрметi мен сенiмiн тәрбиелеуде мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының күшiн бiрiктiру.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингi, шындыққа сәйкес келмейтiн ақпараттардың таралу фактiлерiнiң алдын алу тетiктерiн жетiлдiру.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны іске асыру тетігі
6. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бағдарлама қылмысқа қарсы күрестiң қолданыстағы нысандары мен әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiн одан әрi дамытуға және нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаны орындау үшiн, ұйғарылған iс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтiн, оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi. Iс-шаралардың кешендiлiгi мемлекеттiк және жергiлiктi билiк және басқару органдарының қызметiн барынша үйлестiру мен мүмкiндiктерiн шоғырландыруға жағдай жасайды. Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгi қылмысқа қарсы күрестiң барлық бағыттары бойынша мақсатқа сай және келiсiлген iс-қимылдармен қамтамасыз етiледi.
Iс-шаралардың бiрiншi көрсетiлген орындаушылары ведомствоаралық топтар құра алады, олардың жұмысын белгiленген мерзiмде берiлген есептерi арқылы ұйымдастырады және бақылайды. Олар, орындаушылармен бiрлесiп iс-шаралардың сапалы және уақытылы орындалуына жауапты.
Тарау 7. 7. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Бағдарламаның қаржы шығындарын талап ететiн iс-шараларын iске асыру:
- әрбiр мемлекеттiк органға тиiстi жылға бөлiнген сомалар шегiндегi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен көзделедi.
Тарау 8. 8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде:
- құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн құрудың негiзi
қаланады, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға бейiм азаматтарды бақылау
күшейедi;
- жалпы криминалдық ахуал жақсарады, қылмысқа қарсы күрес күшейе
түседi, ауыр қылмыстардың төмендеу үрдiсi байқалады, қылмыстардың ашылуы
жоғарылайды;
- экономиканың криминалдануы мен көлеңкелi бизнестiң деңгейi
төмендейдi, елiмiздегi кәсiпкерлiк қызметтi және қаржы жүйесiн қорғау
нығай түседi;
- қалалар мен елдi мекендердегi қоғамдық тәртiп ахуалы жақсарады;
- халықтың құқықтық санасы, оның мемлекетке және қылмыстық әдiлет
органдарына деген сенiмiнiң деңгейi артады, азаматтардың құқық қорғау
органдарымен өзара iс-қимыл жасауы жақсарады.
Басқа 17
Облыс әкiмiнiң
2001 жылдың 17 қаңтар N 25
шешiмiне қосымша
Қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары
№
Iс-шаралар
Орындалуына жауаптылар
Орындалу мерзiмi
1
2
3
4
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық
қауiпсiздiктi сақтау
1
1. Қылмыстылықты, әлеуметтiк- демографиялық процесстердi және олардың криминогендiк зардаптарын кешендi бағалау мен болжаудың әдiстемесiн әзiрлеу.
Облпрокуратура (келiсiм бойынша), ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, әділет басқармасы, ТЖ басқармасы
2001 ж. 1тоқсаны
2
Құқық бұзушылықтардың алдын алу проблемалары жөнiндегi облыстық шілдесі ғылыми-практикалық конференциясын басқармасы, өткiзу
Облпрокуратура (келiсiм бойынша), IIБ, әдiлет ТЖ басқармасы.
2001 ж.
3
Облыста құқық қорғау бағытындағы, оның iшiнде кәмелетке толмағандармен және жастармен жұмыс жасау, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi және т.б.қоғамдық құрылымдар желiсiн қалпына келтiру мен дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру.
Қала және аудандар әкiмдерi, IIБ, бiлiм басқармасы, туризм және спорт басқармасы
2001-2002 ж.ж.
4
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық топтарының қалыптасуына ықпал ететiн
себептер мен жағдайларды, сондай-ақ iшкi iстер органдарының оларды таратып жiберу жөнiндегi жұмысының практикасын кешендi оқып-үйренудi жүргiзу.
Облпрокуратура
(келiсiм бойынша),
IIБ, бiлiм басқармасы,
ақпарат жәіне қоғамдық келiсiм басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж. желтоқсаны
5
Облыс аумағында «Құқық тәртiбi, «Допинг, «Мигрант және басқа да кешендi жедел-алдын алу iс-шараларын жүргiзудiң практикасын жалғастыру.
IIБ, қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
6
Полицияның учаскелiк инспекторлары қызмет көрсететiн әкiмшiлiк учаскелер шегiнде бұрын жұмыс iстеген құқық тәртiбiн сақтау пункттерiн қалпына келтiру. Жұмыс iстеп жатқан полицияның учаскелiк пункттерiн нығайту шараларын алу.
IIБ, қала және аудан
әкiмдерi, мемлекеттік
мүлiк және жекешелендiру
жөнiндегi аумақтық
комитет, коммуналдық
меншiк басқармасы
2001 ж. 2 тоқсаны
7
Полиция учаскелiк инспекторларының алдын-
алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар алу, оларды өздерiне тән емес
мiндеттерден босату. Полицияның учаскелiк
инспекторлары көмекшiлерiнiң штаттық лауазымдарын енгiзу.
IIБ, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж. 2 тоқсаны
8
"Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқорлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп
емдеу туралы" өазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi Жарлығын орындау үшiн алкоголизмнен,нашақорлықтан және уытқорлықтан зардап
шегетiн адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнiң және наркологиялық диспансерлер жанындағы күзетiлетiн бөлiмшелердiң) төсек-орындар санын ұлғайтудың шараларын қабылдау.
Денсаулық сақтау басқармасы, IIБ, қаржы басқармасы
2001 ж. 2 тоқсаны
9
Тұрақты тұратын жерi, кәсiбi мен
күнкөрiс қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтiк, медициналық және өзге де
көмек көрсету жөнiндегi орталық
қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
Атырау қаласы әкiмi, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, IIБ
2001-2002 ж.ж.
10
Қазақстандық мектеп бағдарламасыныңү йлестiрушiлерiмен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу жөнiндегi облыстық семинар-тренингiн өткiзу.
Бiлiм басқармасы, IIБ, денсаулық сақтау басқармасы, әдiлет басқармасы
2001 ж. 4 тоқсаны
11
"Ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн бекiту туралы" ҚР Үкiметi 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135-қаулысының
кәмелетке толмағандарды алкогольдiк және есiрткiлiк тәуелдiлiктен ақысыз емдеуге
қатысты бөлiгiнiң орындалуын қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
12
Спирт iшiмдiктерi мен есiрткi заттарын пайдаланатын балаларды анықтау үшiн оқушыларды ұдайы тексерудi ескеру
Бiлiм басқармасы, ІІБ, денсаулық сақтау, әділет басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
13
Жалпы бiлiм беретiн мектептер, мектеп- интернаттар мен жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптiк, қосымша бiлiм беретiн басқа да ұйымдар директорларының тәрбие жұмысы, әскери-патриоттық тәрбие жөнiндегi орынбасарлары лауазымдарын қалпына
келтiрудi жүзеге асыру.
Бiлiм басқармасы, қала және аудан әкiмдерi, қаржы басқармасы
2001 ж. 3 тоқсаны
14
Қала және аудандарда қалалық, аудандық бiлiм беру бөлiмдерiнен бөлу арқылы жастар iсi, туризм және спорт бөлiмдерiн құру.
қала және аудан әкiмдерi, бiлiм басқармасы, қаржы
басқармасы
2001 ж. қаңтар
15
Қалалық және аудандық әкiмшiлiктердегi әкiмшiлiк комиссия мен жасөспiрiмдер iстерi жөнiндегi комиссиялардың жұмысын күшейтiп, жариялы түрде жүргiзу.
қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
16
Iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiмен
бiрлесе отырып, оқу екемелерiне қатыспайтын балалар мен жасөспiрiмдердi анықтау жөнiндегi iс-шараларды ұдайы жҮргiзу, олардың оқудан жалтаруына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою шараларын алу.
Бiлiм басқармасы, IIБ, қалажәне аудан әкiмдерi
2001- 2002 ж.ж.
17
Мектептен тыс ұйымдар желiсiн сақтау және кеңейту шараларын алу.
Бiлiм беру басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
Балалар мен жасөспiрiмдердi, оның
ішінде тұрмысы нашар отбасыларын кеңiн қамтуды көздейтiн әскери-патриоттық және спорттық бағыттағы балалардың бұқаралық
iс-шараларын өткiзудiң сценарийiн әзiрлеп,
оларды өткiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
Бiлiм беру басқармасы, IIБ, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, туризм және спорт басқармасы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж. 2 тоқсаны
19
Балалардың аулалық клубтарының
практикасы мен жұмыс жағдайларын зерделеу. "қиын» жасөспiрiмдердi ақысыз
ұйымдастырылған демалыстармен қамтуды ұлғайту жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу. Қалалық «Балалар ауласы» бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру.
Бiлiм басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж. 3 тоқсаны
20
Коммерциялық құрылымдарға
балалармен, жасөспiрiмдермен жұмыс жасау үшiн пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын үй-жайларды жалға беруге тиым салатын нормативтiк
кесiмнiң жобасын әзiрлеуге
ұсыныс беру.
Меммүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi, коммуналдық меншiк басқармасы, бiлiм басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, облпрокуратура(келiсiм бойынша)
2001 ж. 2 тоқсаны
21
Балалар үйлерiнiң (жетiмдер
мекемелерiнiң), сондай-ақ туысқандық және әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан
кәмелетке толмағандарға арналған
тәрбиелеу колонияларының түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу тетiгiн әзiрлеу.
Еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасы, бiлiм басқармасы, әділет басқармасы, ІІБ
2001-2002 ж.ж.
22
Мiнез-құлқы девианттық (ауытқыған) кәмелетке толмағандарға арналған
арнайы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жүйесi ұлғайтылсын.
Бiлiм басқармасы,IIБ, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж. 1-тоқсан
23
Жанұялық түрдегі балалар ауылдарын, "Жасөспірімдер үйлерін" құру шараларын
алу.
Бiлiм басқармасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, қала және аудан әкiмдерi, "Жас ұрпақ" облыстық қоғамдық қоры.
2001-2002 ж.ж.
24
Жолаушылар мен қызмет көрсетушi қызметкерлердiң жол жүру кезiндегi, сондай-ақ уежайлардағы, темiржол және автовокзалдардағы, стансалардағы және басқа да көлiк объектiлерiндегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шараларды жүзеге асыру.
IIБ, ҰҚКД (келiсiм бойынша), Атырау көлiк прокуратурасы
2001-2002 ж.ж.
25
Браконьерлiк және аңшылықпен балық аулау тәртiбiн ұзушылармен табиғи қорғау органдары мен құқық қорғау органдарының бiрлесiп жұмыс IIБ, жасауларын күшейту
Каспий өңiрi экологиялық прокуроры (келiсiм бойынша), IIБ, кеден басқармасы, орман, балық және аңшылық басқармасы, Орал-Каспий балық қорғау басқармасы
Ұдайы
26
Күзгi және көктемгi тартым кезiнде
балық қорына қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған облыс құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының бiрлескен "Тартым" жедел алдын алу шараларын өткiзу
Каспий өңiрiнiң экологиялық прокуроры (келiсiм бойынша), IIБ, кеден басқармасы, орман, балық және аң аруашылығы басқармасы, Орал-Каспий балық қорғау басқармасы
Ұдайы
27
Қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес көше-жол желiлерiндегi жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын қалпына келтiру жөнiндегi шараларды қабылдау.
IIБ, қала және аудан әкiмдерi
2001-2002 ж.ж.
2. Құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар
1.
Экономикалық контрабанда, астықты, мұнай өнiмдерiн және басқа да шикiзат ресурстарын ұрлау фактiлерiн анықтау,
сыбайласқан лауазымды адамдармен байланысты
ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметiнiң жолын кесу жөнiндегi келiсiлген жедел-iздестiру iс-шаралары мен арнайы операцияларды дайындап, жүзеге асыру. полициясы басқармалары,
облпрокуратура (келiсiм бойынша).
ҰҚКД (келiсiм бойынша), Жоспарға IIБ, кеден, салық сәйкес полициясы басқармалары, облпрокуратура (келiсiм бойынша)
2001-2002 ж.ж.
2
Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн криминалдық құрылымдар тарапынан болатын қол сұғушылықтардан қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру.
Облпрокуратура (келісім бойынша), ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, кеден және салық полициясы басқармалары.
2001-2002 ж.ж.
3
Ұйымдасқан қылмыстық топтарды, оларды қаржыландыру көздерiн, сондай-ақ қылмыстық
жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастырудың арналарын анықтау және жою
жөнiндегi мақсатты жедел iс-шаралар жүргiзу.
ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, кеден және салық полициясы басқармалары, облпрокуратура (келiсiм бойынша)
2001-2002 ж.ж.
4
Ұйымдасқан қылмыстық топтың, қылмыстық қауымдастық пен банданың құрамында жасалған
қылмыстар туралы iстер бойынша сот және тергеу практикасын қорытындылау.
Облыстық сот (келiсiм бойынша), ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, салық полициясы басқармасы.
2001 ж. 4- тоқсан
5
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын
алудың, маскүнемдiкке қарсы күрестiң облыстық бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру
Облыс әкiмнiң аппараты, бiлiм, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармалары, ІІБ
2001 ж. 1- тоқсан
6
Бөтеннiң мүлкiн, соның iшiнде алыс жайлаудағы мал ұрлықтарын ашу жөнiнде
шұғыл топтар құру
IIБ
2001 ж. 1-тоқсан
7
Ұрланған заттарды iздестiрудi жетiлдiру мақсатында азаматтардың өз ерiктерi бойынша олардың бағалы заттарын нөмiрлеп, компьютерлiк
жинаққа енгiзу.
ІІБ
2001 ж. 4-тоқсан
8
Облыс орталығында тұрғындарға қаза тапқандар, зардап шеккендер, медициналық мекемелерге
жеткiзiлгендер, ұсталғандар және т.б. туралы дереу ақпарат берудi қамтамасыз ететiн мамандандырылған анықтамалық-ақпараттық қызметтерiн
("қайғылы оқиғаларды тiркеу бюросын) құру.
Атырау қаласының әкiмi, IIБ, ТЖ басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы
2001 ж. 2-тоқсан
9
Қалалар мен iрi елдi мекендердiң шет жақтарынан полициямен, апаттық-құтқару қызметтерiмен, жедел медициналық жәрдеммен ақысыз байланысу
таксофондарының желiлерiн кеңейту.
Облыстық телекоммуникация, қала және аудан әкiмдерi
2001 ж.
10
"Көкнәр", "Допинг" кешендi арнайы операцияларын, Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған кеден, денсаулық мемлекеттiк бағдарламасында көзделген есiрткi
құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты
қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесу жөнiндегi басқа да iс-шараларды жүргiзумен ұштастыру.
IIБ, ҰҚКД (келiсiм бойынша), кеден, денсаулық сақтау басқармалары
2001-2002 ж.ж.
11
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына қауiп төндiретiн қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң қызметiн анықтау мен олардың жолын кесу жөнiндегi бiрлескен тексерулердi ұдайы жүргiзiп отыру.
ҰҚКД (келiсiм бойынша), облпрокуратура (келiсiм бойынша), IIБ, әділет басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы
2001-2002 ж.
12
ТМД елдерiндегi қарулы қақтығыстар, сондай-ақ
әскери жиындар мен террористiк және экстремистiк ұйымдардың мүшелерiн дайындауды жүргiзу аймақтарында болған содырларды емдеу үшiн пайдаланылуы мүмкiн
болатын лагерьлердi, сауықтыру кешендерiн, санаторийлердi, демалыс үйлерiн тексерудi үнемi жүргiзу
IIБ, ҰҚКД (келiсiм бойынша)
2001-2002 ж.ж.
13
Террористiк актiлердi, диверсияларды және химия
өнеркәсiптерiнiң аса маңызды объектiлерiне басқа да
қылмыстық қол сұғушылықтарды болдырмау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру.
ҚҰКД (келiсiм бойынша), ІІБ, объектiлер басшылары, Атырау бекетiндегi желiлiк IIБ, кеден басқармасы
2001- 2002 ж.
14
Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн
жекешелендiру кезiнде заңдылықтың сақталуына жеке және заңды тұлғалармен меншiк иесi құқығына ие болған кезден бастап барлық шарттардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Мұнай және газ өнеркәсiбi объектiлерiн жекешелендiру кезiнде жауапты лауазым иелерi тарапынан өкiлеттiктерiн терiс пайдалану фактiлерiн анықтауға ерекше көңiл бөлу.
Облпрокуратура (келiсiм , бойынша), ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, СПКБ, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, коммуналдық меншiк басқармасы
2001-2002 ж.ж.
15
Терроризм және дiни экстремизм көрiнiстерiнiң
уақытылы алдын алу және анықтау мақсатында атыс қаруы, жарылғыш, радиоактивтi, улы заттардың
айналымына, заңсыз көшiп-қону арналарына қарсы бақылауды күшейту.
ҚҰКД (келiсiм бойынша), IIБ, кеден басқармасы
2001-2002 ж.ж.
16
Шекарада көлiк құралдарының кiруiне, шығуына және транзитiне бiрлескен бақылау жұмысын күшейту
ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, кеден басқармасы
2001-2002 ж.ж.
17
Қолданысы шектелген немесе айналыстан шығарылған заттар контрабандасының алдын алу мақсатында ҰҚК Шекара қызметiнiң кеден және жекелеген өткiзу бекеттерiн нығайту.
Кеден басқармасы, ҰҚКД (келiсiм бойынша)
2001-2002 ж.ж.
18
Қылмыс туралы арыз-шағымдар мен хабарламаларға жедел шара қолдану және оқиға болған жерге дер кезiнде бару мақсатында Атырау қаласының Вокзал маңы мөлтек ауданында
қалалық полиция бөлiмшесiн құру мәселесiн шешу.
IIБ, Атырау қаласының әкiмi, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, коммуналдық меншiк басқармасы
2001-2002 г.г.
19
Облыс орталығында реттелмеген сауда, базарлардың антисанитарлық жағдайы мен осындай құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк
жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн шұғыл шешу үшiн санитарлық полиция бөлiмдерiн ашуды қарастыру.
IIБ, Атырау қаласының әкiмi, меммүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, коммуналдық меншiк басқармасы
2001 ж. 1 тоқсаны
20
Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды оңалту және әлеуметтiк
бейiмдеу мәселелерiн шешу мақсатында тиiстi қамту
шаралар қабылдау.
IIБ, қала және аудан әкiмдерi, еңбек, жұмыспен және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасы
2001-2002 ж.ж.
21
Алыс және жақын шетел азаматтарымен төлқұжат ережелерiн сақталуына бақылауды нығайту, заңсыз көшi-қонға қарсы күрестi
күшейту.
ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, кеден басқармасы, көшi-қон және демография басқармасы
2001-2002 ж.ж.
3. Құқық қорғау органдарының қызметiнде заңдылықты қамтамасыз
ету, мемлекеттiң құқықтық саясатын насихаттау
1
Қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тiркеу, қарау
кезiнде заңдылықтың сақталуын бақылауды күшейту жөнiндегi қосымша шараларды қабылдау. Осы жұмыстың жергiлiктi жерлердегi
ахуалын ұдайы тексерудi жүргiзу.
Облпрокуратура (келiсiм бойынша), ҰҚКД (келiсiм бойынша), IIБ, ТЖ басқармасы, СПКБ, кеден басқармасы
2001-2002 ж.ж.
2
Есiрткi бизнесiне, терроризмге және дiни экстремизмге қарсы күрес проблемаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын
ұйымдастыру.
Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, ІІБ ҰҚКД (келiсiм бойынша), облпрокуратура (келiсiм бойынша)
Ұдайы
3
Бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттiң құқықтық саясатын
насихаттауды және түсiндiрудi
ұйымдастыру, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегi ақпараттық-насихаттық қолдауды
қамтамасыз ету.
Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, облпрокуратура (келiсiм бойынша), IIБ, ҚҰКД (келiсiм бойынша), СПКБ, кеден басқармасы, әдiлет басқармасы, облтелерадиокомпания
2001-2002 ж.ж.
4
Қызметтiк мiндеттерiн атқару,
азаматтардың заңды мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау кезiнде полиция
қызметкерлерiнiң көрсеткен ерлiгi
мен батылдық фактiлерi жөнiнде теледидар хабарларында, мерзiмдi басылымдарда халықты хабардар етiп отыру.
Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, IIБ, облтелерадиокомпания, қала және аудан әкiмдерi
2001- 2002 ж.ж
5
Бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жағымды бейнесiн қалыптастыруға
бағытталған теле-радиохабарлар мен басылымдар циклiн құру және iске асыру.
Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, IIБ, ҚҰКД (келiсiм бойынша), СПКБ, кеден басқармасы, облтелерадиокомпания, қала және аудан әкiмдерi, облпрокуратура (келiсiм бойынша)
2001-2002 ж.ж.
6
Оқу орындарында жастарға құқықтық тәбие берудi жетiлдiру шараларын алу.
Бiлiм беру басқармасы, әдiлет басқармасы, облпрокуратура (келiсiм бойынша), IIБ
2001 ж. 2 тоқсан
7
Бұқаралық ақпарат құралдарында
қолданылып жүрген заңнама талаптарын сақтауын бақылау, конституциялық құрылымды күшпен өзгертудi, мемлекет
тұтастығын бұзуды, жеке басқа табыну мен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ жеке басқа
тiл тигiзудi насихаттайтын немесе үгіттейтін әлiметтердi тарату фактiлерiнiң жолын кесу.
Облпрокуратура (келiсiм бойынша), ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, қала және аудан әкiмдерi
жарты- жылдықта1 рет
8
Облыс орталығының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 9-11 сынып оқушыларын Iшкiiсминнiң оқу орындарына түсуге даярлау
жөнiндегi факультативтiк топтарын ұйымдастыру.
Атырау қаласының әкiмi, бiлiм беру басқармасы, IIБ
2001-2002 ж.ж.
Облыс әкiмi аппаратының
мемлекеттiк-құқықтық
жұмыс бөлiмi