О подготовке хозяйственного комплекса области к устойчивой работе в осенне-зимний период 2001-2002 годов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс шаруашылық кешендерін 2001-2002 жылдардың күзгі-қысқы мерзімінде бірқалыпты жұмыс жасауына әзірлеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.07.2002 № 130 қаулысымен. Өткен жылдың жылыту мерзiмi қортындысы көрсеткендей облыстың өндiрiс және әлеуметтiк кешендерi бiрқалыпты жұмыс жасап шықты. 2000-2001 жылдарда облыс тұтынушыларын электр энергиясымен, жылу және газбен қамту үзiлiссiз жүргiзiлдi. Бюджеттiк мекемелер мен коммуналдық кәсiпорындар қатты және сұйық отынмен толық қамтамасыз етiлдi. Сонымен қатар осындай қолайлы жағдайлар мен қатар кейбiр қолайсыз жағдайларда кездестi. Дұрыс есептiң болмауынан энергия қуатын берушiлер тарапынан облыс тұтынушыларына электр, газ қуатын берудiң үзiлiс қаупi болып тұрды. Қазiргi негiзгi мәселе болып: коммуналдық қызметке тұтынушылардың бережағы, оған төлеудiң төмен дәрежесi, жөндеу қайта қалпына келтiру жылу қуатын өндiрушi кәсiпорындардың және коммуналдық саладағы кәсiпорындарды толық қаржыландырмаудан болып келедi. Облыс кешендерiн келе жатқан 2001-2002 жылдың күзгi-қысқы мерзiмiне сапалы да уақтылы әзiрлеу мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласы және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) барлық шаруашылық субъектiлерiнiң қатысымен өткен жыл маусымының жиынын өткiзсiн;
Тармақша 2
2) он күн мерзiмде ұйымдастыру-техникалық шараларды жасап бекiту, олардың қаражат материалдың жағдайын нығайту, биылғы жылдың 1 тамызына дейiн жылу көздерiн, оларды тасымалдау жылуды пайдалану, электр қуаты мен газ, сондай-ақ тұрғын объектiлердi, әлеуметтiк саладағы өндiрiстiк-техникалық бағыттағы нақтылы атқарушылар мен ұйымдастырушыларға бақылауды жеткiзудi қамтамасыз ету қажет;
Тармақша 3
3) коммуналдық қызмет көрсетушiлер жылу қуатын есептегiш арқылы жылы және салқын су, газ пайдаланушыларды қатал бақылауға алу;
Тармақша 4
4) бюджеттiк объектiлердiң өзiн-өзi басқаруға көшiруi әзiрлеу және жүзеге асыру шаралары негiзгi көзi болып есептеледi;
Тармақша 5
5) электр қуатын, жылу қуатын, табиғи газ және суды пайдаланушылардың бере жағын толық төлеулерiне жету;
Тармақша 6
6) объектiлердi қыс мезгiлiн әзiрлеу жөнiндегi үйлестiру және бақылау штабының жұмысын нақтылы ұйымдастырсын;
Тармақша 7
7) шаруашылық субъектiлерi мен тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн, кәсiпорындар мен шаруашылықтардың электр қуаты көздерiн тексеруден өткiзуiн жүргiзу шаруашылық басшыларына тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Жылу қазандары мен жылу жүйелерiн су жүру желiлерiн (арналарын) және 2001-2002 жылдарға облыстың әлеуметтiк салалар объектiлерiн жөндеу жөнiндегi жоспар-тапсырмасы бекiсiн (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Ашық акционерлiк қоғам (арқарай - ААҚ) "Жайықжылуқуаты" (Мұхамбетқалиев), акционерлiк қоғам (арқарай - АҚ) "Оралэнерго" (Отарбаев), "Оралоблгаз" (Мұташов), "Водоканал" басқармасы (Дорошенко) 2001 жылдың 1 тамызына дейiн барлық ведомствалық және "шаруа басшысы жоқ" инженерлiк жүйелермен құрылымдарды балансыларына алуды аяқтауы қажет.
Тармақ 4
4. Iшкi электр көздерiне байланыстылығын азайту мақсатында К.А. Мұхамбетқалиевқа - "Жайықжылуқуаты" ААҚ президентiне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Орал қаласында қуаты 48 МВТ газтрубалық электростанциясын салудың шарасын алсын;
Тармақша 2
2) Орал жылу орталығы (ТЭҚ) жылу резерв қорын жасаудың 2001 жылдың 15 шiлдесiне дейiн нақтылы шарасын алсын.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк тауар сатып алу қызметi жөнiндегi (Нұрғалиев) облыстық тендер өткiзу комиссиясы 2001 жылдың 15 маусымына дейiн бюджеттiк мекемелерге көмiр жетiстiру жөнiнде тендер өткiзсiн. Облыстық бiлiм беру, денсаулық сақтау және бюджеттiк ұйымдар басшылары шарт жасаса отырып тендерде жеңгендер мен аудан әкiмдерi бiрлесе отырып отынға пайдаланатын көмiрдiң уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Облыстың қаржы басқармасы (Хамитов) бюджет көлемiнде қаражат бөлудi жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдаланудағы көлiк жолдарында үзiлiссiз жүрудi күз-қыс мезгiлiнде жол қызметiнiң тұрақты болуы мақсатында облыстық автокөлiк жолдары басқармасы бастығы З.С. Сағынов, коммуналдық тұрғын үй, жол шаруашылығы және тасымалы облыстық басқармасының бастығы А.Н. Котов мынадай шараларды алсын:
Тармақша 1
1) жол шаруашылығының күз-қыс мезгiлiндегi жұмыстарға әзiрлiгi жөнiнде шаралар жасап, орындалуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жол ұстауға қосымша техникаларды қосу, тендер негiзiнде заңды тұлғаларға жолды пайдалануға беру;
Тармақша 3
3) қыс мезгiлiнде тайғақ кездерде жолды ұстауға жану-жағар майлардың әзiр болуына бақылау орнату;
Тармақша 4
4) облыстық төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық жол полициясы, транспортты бақылау комитетi, облыстық кеден қызметтерi 2001 жылдың 1 қазанына дейiн бiрлесе отырып жол жұмыстары жағдайларынан ақпараттар берудi ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) қыс мезгiлiнде облыстық автокөлiк жолдары басқармасы, мемлекеттiк республикалық кәсiпорын филиалы (арықарай - РГП) "Казавтодор", облыстық коммуналдық тұрғын үй, жол шаруашылығы транспорты облыстық басқармасы, "Орал жолдары" акционерлiк қоғамы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық жол полициясы, аудан әкiмдерi аппараты мен бiрлесе отырып жауапты қызметкерлерден күн сайын кезекшiлiк ұйымдастырсын;
Тармақша 6
6) 2001 жылдың 1 қазанына дейiн жөндеу жұмыстарын бiтiру, барлық қыздыру пункттерiне керектi отын қорын даярлау, облыстық телекоммуникация дирекциясымен бiрлесе отырып байланыс жүйесiн тыңғылықты әзiрлеу.
Тармақ 7
7. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Маючий) облыс орталығынан төрт шұғыл құтқару тобын құрсын, қар астында қалған адамдарды құтқарушыларды қуатты техникалар мен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық жол полициясы басқармасы (Сұлтанбаев) қыс мезгiлiнде жолдарда қолайсыз жағдайларды азайту мақсатында:
Тармақша 1
1) облыс жолдарындағы жағдайлар туралы жүргiзушiлердiң арасында жол қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау жөнiнде кең көлемде түсiнiк жұмыстарын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) ай сайын жөндеу жұмыстарының барысын тексерiп, күз-қыс мезгiлiне автокөлiк жолдарының әзiрлiгi туралы облыстық транспорт қауiпсiздiгiн қадағалаушы комиссияға ақпараттар бередi.
Тармақ 9
9. Орал қаласы және аудан әкiмдерi жолға пайдаланатын техникаларды басқа мақсаттарға пайдалануларын болдырмау.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмiнiң орынбасары А.К. Нұрғалиев облыс қаржы басқармасының бастығы А.Ш. Хамитов облыстық маслихаттың сессиясының қарауына мына мәселелердi енгiзсiн:
Тармақша 1
1) Жылу беру мекемелерiн қысқа әзiрлеу бағдарламалары бойынша "Жайықжылуқуаты" ААҚ - 40 млн. теңге, коммуналдық шаруашылықтарды жүйелi жұмысқа дайындау үшiн "Оралоблгаз" ААҚ - 25 млн. теңге, "Водоканал" басқармасына - 35 млн. теңге;
Тармақша 2
2) аудандарға бюджеттiк саладағы шаруашылық объектiлерiнiң жылу қазандарын, жылу жүйелерiн, су трубалары канализациялары және бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелерге 2001-2002 жылдарға қаражаттай көмектер берiлсiн;
Тармақша 3
3) телеорталықты газдандыруға және ОРТПЦ орталығын темiр мен қоршауға 1 млн. теңге бөлiп облыс әкiмiнде 2001 жылғы 25 сәуiрдегi N 4-01/138 болған кеңестiң хаттамасына сәйкестi қаржыландырылсын;
Тармақша 4
4) Орал қаласы "Курени" ауданын сумен қамтамасыз етуге 5 млн. теңге бөлу.
Тармақ 11
11. Қыс мерзiмiне әзiрленудi жедел шешу және үйлестiру жөнiндегi облыстық штаб N 2 қосымшаға сәйкестi құрылсын. Штаб мүшелерiнiң жеке жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында облыс әкiмiнiң жауапты қызметкерлерiн аудандарға және Орал қаласына бекiту (N 3 қосымша).
Тармақ 12
12. Қысқы от жағу мезгiлiне жауапкершiлiк пен даярлану бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдени мекемелердi әзiрлеудi облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.А. Өтемiсовке, аудан және Орал қаласы әкiмдерiне, Е.К. Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасы, Ш.М. Қадырбеков - денсаулық сақтау, М.К. Омарғалиевтердiң жеке жауапкершiлiктерiне тапсырылсын.
Тармақ 13
13. Облыс әкiмiнiң "Облыстың өндiрiстiк және әлеуметтiк кешендерiн 2000-2001 жылдардың қыс мезгiлiне әзiрлеу туралы" 2000 жылдардың 6 мамырындағы N 95 шешiмi күшiн жойған деп есептелсiн.
Тармақ 14
14. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 14 маусымдағы N 145 "Облыс шаруашылық кешендерiн 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы мерзiмдерiнде бiрқалыпты жұмыс жасауына әзiрлеу туралы" шешiмiнiң күшi жойылсын.
Тармақ 15
15. Осы орындалу барысын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.К. Чудровқа жүктелсiн.
Басқа 37. Облыстағы жылу қазандары, жылу жүйелерiн, су жүйесi арналары шаруашылықтарын және әлеуеттiк салалардың 2001-2002 жылдардағы жоспар-тапсырмасы
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 10 шілдедегі N 27 қаулысына N 1 қосымша Облыстағы жылу қазандары, жылу жүйелерiн, су жүйесi арналары шаруашылықтарын және әлеуеттiк салалардың 2001-2002 жылдардағы жоспар-тапсырмасы №№ Аудандар Қазандықтар (дана) Жылу жүйелері (км) Су жүру арналары (км) Білім объектілері (саны) денсаулық сақтау (саны) Мәдениет (саны) 1. Ақжайық 15 2,7 - 21 9 16 2. Бөкейордасы 24 3 - 9 26 28 3. Бөрлi 7 0,55 - 2 - - 4. Жаңақала 3 0,24 - 12 1 6 5. Жәнiбек 3 - 0,4 3 - - 6. Зеленов 28 1,1 - 5 5 3 7. Қазталовка 20 5 - 54 48 79 8. Қаратөбе 10 1,0 0,2 27 13 21 9. Сырым 9 0,98 0,4 52 18 25 10. Тасқала 11 1,0 1,7 15 13 5 11. Теректi 8 0,3 0 24 3 54 12. Шыңғырлау 3 1,2 1 10 5 5 13. Орал 5 - 2,1 77 - 19 БАРЛЫҒЫ: 146 17,07 5,8 311 141 261
Басқа 38. Облыстағы шаруашылық кешендерiн 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы мезгiлiне әзiрлеудегi үйлестiру және бақылау штабының құрамы
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 10 шілдедегі N 27 қаулысына N 2 қосымша Облыстағы шаруашылық кешендерiн 2001-2002 жылдардың күзгi-қысқы мезгiлiне әзiрлеудегi үйлестiру және бақылау штабының құрамы Яхия Қиндашұлы - облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, ЧУДРОВ облыстық штабтың басшысы Асқар Қайыртайұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, НҰРҒАЛИЕВ облыстық штаб басшысының орынбасары ШТАБ МҮШЕЛЕРI: Марат Маулетжанұлы - Батыс Қазақстан облысы ӘБДIРАХМАНОВ салық комитетiнiң бастығы Тауғазы Сәтбайұлы - облыс телекоммуникация АБДЫҚҰЛОВ дирекциясының директоры Виктор Тимофеевич - "Водоканал" басқармасының бастығы ДОРОШЕНКО Ғұмар Ислямұлы - облыс әкiмi аппаратының ДҮЙСЕНБАЕВ жылу-энергетика және құрылыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Шамғон Мырзагерейұлы - облыстық денсаулық сақтау ҚАДЫРБЕКОВ басқармасының бастығы Ермек Қасымбекұлы - облыстық бiлiм басқармасының бастығы Қасымбеков Валерий Алексеевич - облыстық табиғи монополияларды КОНДРАТЕНКО реттеу және бәсекелестiктi қорғау, кiшi бизнестi қолдау департаментiнiң бастығы Анатолий Николаевич - облыстық тұрғын үй-коммуналдық, КОТОВ жол шаруашылығы және көлiк басқармасының бастығы Александр Федорович - облыстық төтенше жағдайлар МАЮЧИЙ басқармасының бастығы Вениамин Қадырұлы - Орал қаласының әкiмi МҰҚАТАЕВ Құрманғали Асқарұлы - "Жайықжылуқуаты" ААҚ президентi МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ Сағынбек Хайдарұлы - "Оралоблгаз" АҚ президентi МҰТАШЕВ Замир Садықұлы - облыстық автокөлiк жолдары САҒЫНОВ басқармасының бастығы Әлiбек Бақтыгерейұлы - облыстық құрылыс және СЫТДЫҚОВ инфрақұрылым басқармасының бастығы Самиғолла Хамзаұлы - Батыс Қазақстан "Қазақавтодор" ОРАЗОВ РГП филиалының директоры Жетiбай Жолдасұлы - "Оралэлектрқуаты" АҚ президентi ОТАРБАЕВ Асқар Шаңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының ХАМИТОВ бастығы
Басқа 39. Облыс әкiмi аппаратының және облыстық басқа қызмет бастықтарын Орал қаласы мен аудандарға 2001-2002 жылдардың қыс мезгiлiне шаруашылық кешендерiнiң әзiрлiгiне байланысты бекiтiлген жауапты қызметкерлер
Облыс әкiмиятының 2001 жылғы 10 шілдедегі N 27 қаулысына N 3 қосымша Облыс әкiмi аппаратының және облыстық басқа қызмет бастықтарын Орал қаласы мен аудандарға 2001-2002 жылдардың қыс мезгiлiне шаруашылық кешендерiнiң әзiрлiгiне байланысты бекiтiлген жауапты қызметкерлер Ақжайық ауданы Т.С. Қарасаев, В.Т. Дорошенко, К.Е. Имашев Бөрлi ауданы Б.С. Садықов, А.Ф. Маючий, Т.С. Абдiқұлов Бөкейордасы ауданы А.А. Шыныбеков, К.А. Мұхамбетқалиев, Н.У. Сахтанов Жаңақала ауданы Б.К. Сатанов, К.У. Кенжеғалиев, Ш.М. Қадырбеков Жәнiбек ауданы М.Г. Беркалиев, С.Х. Мұташев, Е.К. Қасымбеков Зеленов ауданы Е.Р. Мұқаев, З.С. Сағынов, К.Е. Жакиев Қазталовка ауданы К.Г. Исалиев, Б.Т. Мырзахметов, Ж.Ж. Отарбаев Қаратөбе ауданы У.Б. Жүсiбалиев, Ж.К. Омарғалиев, А.Ш. Хамитов Сырым ауданы Д.М. Хайруллин, Р.Х. Сүйiрбаев, М.М. Әбдiрахманов Тасқала ауданы Э.Т. Жұмағазиев, В.А. Кондратенко, А.Б. Сытдықов Теректi ауданы Н.М. Көшенбеков, С.Ғ. Ғалиев, Н.Н. Мордасов Шыңғырлау ауданы С.К. Цой, А.Л. Үмбеталиев, Н.А. Маштақов Орал қаласы Н.Н. Годунова, А.Н. Котов, М.Б. Нұрғалиев