Об утверждении «Программы развития и поддержки малого предпринимательства в Акмолинской области на 2001-2002 гг.» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 27.07.2003 № С-28-11 шешімімен. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы Г.Қ. Құсайынованың «Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы туралы» баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық мәслихат жергілікті атқару органдары шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және қолдау бойынша біршама жұмыс жасап жатқандарын атап өтеді. Облыста экономиканың тұрақты секторы - шағын бизнес секторы қалыптасты. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті тежейтін бірқатар себептер және мәселелер бар, солардың негізгілері: шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының осал жағдайы; жоғары пайыздық ставкалар және кепілдікпен қамсыздандырудың жетіксіздігінен несие алудың шектелуі; жаңа технологияларға қол жеткізудің шектелуі; халық тұтынатын тауарлар шығару бойынша жабдықтың жоғары бағасы; импорт өнімімен баға жағынан бәсекелестікке түсе алмайтын жергілікті өндіріс тауарларының жоғары құны; тұрғындар кірісінің төменділігінен шағын бизнес өнімі мен қызметіне сұранымның аз болуы; өнімді өткізудің кепілді нарығының қалыптаспауы; бірыңғай ақпараттық кеңістіктің болмауы. Шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қолдау және қамсыздандыру мақсатында - басымды тауарлар мен қызмет өндірісін құру және кеңейту, жаңа жұмыс орындарын жасау құралы және бюджетті толтыру көзі ретінде Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының талаптарын міндетті түрде орындауға бағытталған және 1997-2000 ж.ж. әзірленген бұрынғы бағдарламалар сабақтастығының қағидасы негізінде облыстық басқармалар мен комитеттер, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, аудан, қала әкімияттарының ұсыныстарын есепке ала отырып қалыптастырылған. Бағдарламаның негізгі тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлау болып табылады. ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешімді жүзеге асыру барысын бақылау аграрлық мәселелер, өнеркәсіпті, көлікті, байланысты, құрылысты, кәсіпкерлікті дамыту, азық-түлік және экология жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3
Облыстық Мәслихаттың 2000 ж. желтоқсанның 11 мамыр қабылданған № С-9-4 шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы
Тарау i. I. Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының төлқұжаты
I. Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының төлқұжаты Бағдарламаның атауы: Ақмола облысында 2001-2002 жылдары шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы Тапсырмашы-үйлестіруші: Ақмола облысының әкімі Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Орындаушылар: Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Басқармалар және комитеттер Аудан және қала әкімдері Ақмола облысының кәсіпкерлер ұйымдастығының басқармасы Бағдарламаның мақсаты: Қажетті тауарлар мен қызмет көрсету өндірісін құру және кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бюджетті толтыру көзінің ең басты бағыты ретінде шағын кәсіпкерлікті қолдау және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Бағдарламаның міндеттері: 1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ойдағыдай жағдайлар жасау бойынша мақсатты қызмет және мемлекеттік қолдау бойынша шаралар қалыптастыру; 2. Шағын кәсіпкерліктің болашағы бар секторларын қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау жағынан жаңа көздер мен механизмдер іздестіру; 3. Инфрақұрылымның негізгі тұстарын құру және дамыту, шағын бизнес мамандарын дайындауға, қайта дайындауға және біліктілігін көтеруге ықпал жасау; 4. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау сұрақтарында өкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру; 5. Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шағын кәсіпкерліктің жаңа өндірісін құру және кәзіргі өндірістік дамыту арқылы шешу; 6. Кәсіпкерлерді ақпараттық қамсыздандыру жүйесін құру Бағдарламаның негізгі шаралары: 1. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға құрылған инфрақұрылымды тиімді пайдалануын көтеру; 2. Нормативтік хұқылық актілерді жетілдіру және жүзеге асырылуын бақылау; 3. Қаржы-несиелік және инновациялық қолдау; 4. Өндірістік және инновациялық қолдау; 5. Аймақтық даму. Қаржыландыру көзі: Шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдауын қаржы мен қамсыздандыру жыл сайын осы мақсатқа көзделетін қаражат көлемінде облыстық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асырудан түсетін негізгі нәтиже: Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өседі, қазіргі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақтылығы, облыс экономикасының жандануы, импорт орналастыру өндірісін құру, жаңа жұмыс орындарын жасау және шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар санын өсіру.
Тарау ii. II. Кіріспе
II. Кіріспе
Тармақ 2.1. 2.1. Бағдарлама туралы.
2.1. Бағдарлама туралы. Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы 2001-2002 жылдары жүзеге асырылуға көзделген. Бағдарлама бұрын 1997-2000 ж.ж. әзірленген өзінділік қағидасы негізінде, облыстық басқармалар мен ведомстволар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, аудан, қала әкімияттары берген ұсыныстарды, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 2000-2002 ж.ж. жасалған кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күресу бағдарламасын, облыстық әлеуметтік-экономикалық даму индикативтік жоспарын ескере отырып құрастырылған. Бағдарламаның негізгі тұжырымнамасы стратегиялық бағыт, сондай-ақ шағын кәсіпкерліктің даму жағдайларын, оның мықты және осал жақтарын, және мүмкіншіліктерін терең зерттеу негізінде шағын кәсіпкерлікті бұдан былай дамыту бағыты мен жолдарын белгілеу болып табылады. Бағдарлама қарастырылған шаралардың біртіндеп орындалуын, шағын кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі тұстарын «Қазақстан-2030» даму стратегиясын, ҚР Үкіметінің іс-әрекет бағдарламасын және мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру шеңберінде жасалынып жатқан негізгі механизмдерімен тығыз байланыстыруды көздейді.
Тармақ 2.2. 2.2. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы сипаттамасы. Даму келешегі. Жалпы мәліметтер.
2.2. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайының жалпы сипаттамасы. Даму келешегі. Жалпы мәліметтер. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлшегінің солтүстігінде орналасқан. Батыс жағында Қостанаймен, солтүстікте Солтүстік Қазақстанмен, шығысты Павлодармен, оңтүстікте Қарағанды облысымен шекаралас. Облыс 17 селолық аудандардан тұрады, аймағында облыстық маңыздағы екі қала - Көкшетау, Степногорск, аудандық маңыздағы 8 шағын қалалар (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучинск), 13 поселкілер (Айдабол, Ақсу, Алексеевка, Аршалы, Бестөбе, Бірлестік, Бурабай, Жолымбет, Научный, Заозерный, Заводской, Красногорский, Станционный, Шантөбе, Шортанды), 235 селолық және ауылдық округтер бар. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, ондағы тұрғындар саны2001 жылғы қаңтардың 1-не есептегенде 124,5 мың адам тұрады. Облыс аймағы - 146,2 мың шаршы метр. 2001 жылғы қаңтардың 1-не есептегенде облыста 810,3 мың адам тұрады. Тұрғындардың жалпы санындағы қалалықтардың үлесі 371,1 мың адам немесе 45,7%, селолықтардың - 450,4 мың адам немесе 54,3%. Облыстың экономикасы шағын бизнес, ірі және орта бизнестің кәсіпорындарымен көрсетіліп-білдірілген. Облыста экономиканың келесі салаларының кәсіпорындары іс-әрекет жасайды: - ауыл шаруашылық; - тағам өнеркәсібі; - ауылшаруашылық машина құрылысы; - құрылыс материалдарының өнеркәсібі; - жеңіл өнеркәсіп; - сауда және қоғамдық тамақтандыру; - қызмет көрсету саласы; - құрылыс кешені; - темір жол және автомобиль көлігі; - байланыс және телекоммуникация; · - энергетика; · - химия өнеркәсібі. Өнеркәсіп. Облыс бойынша 2000 жылда 1999 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің мөлшері 7,9% көбейді. Өнеркәсіп өндірісі мөлшерінің ең көп өсуі Еңбекшілдер ауданында (72,4%) және Щучье ауданында (55,6%) байқалды. Облыста 67 өндірістік кәсіпорындар бар. Олардың ішінде: кенөндіру - 4, өңдеу - 46 (оның ішінде а/ш өнімдерін өңдеу - 14, ядерлық материалдар өндіру және өңдеу - 1, химия өнеркәсібі - 2, басқа металл емес минералды өнімді өндіру - 4, металл өнеркәсібі және металл өңдеу - 4 машина құрылысы - 18, өнеркәсіптің басқа саласы - 3); электрқуат газ және су өндіру және бөлу - 17. Кенөндіру өнеркәсібінде 2000 ж. 1999 ж. салыстырғанда өндіріс мөлшері темір кенін өндіру есебінен 2,3 рет (3,6 рет) және көмір (1,7 рет) көбейді. Өңдеу өнеркәсібінде 2000 ж. 1999 ж. салыстырғанда күш мөлшерінің индексі басқа металл емес минералды ресурстар өндіру мөлшерін көбейту есебінен (2,3 рет), ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар (2,1 рет), түрлі-түсті металл (1,7 рет), тоқу және тігін өнеркәсібінде (1,3 рет) 106,7% құрастырды. Сонымен қатар осы мерзім ішінде өңдеу өнеркәсібінде ядерлық материалдар, химиялық өнім, тағам өнімдері, қағаз және қатырма қағаз мөлшерінің азаюы байқалуда. Ауыл шаруашылық. 2000 жылы облыс бойынша ауылшаруашылық жалпы өнімінің мөлшерін алдын-ала бағалағанда 48,4 млрд. теңге ағымдағы бағада құрастырды, бұл 1999 ж. деңгейінен 11% төмен. 2000 ж. астық және дәнді-дақылдар өңделгеннен кейін шаруашылықтың барлық санатында 2541,9 мың тонна жиналды, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 71,1% құрастырды. Облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерін шығару 1999 жылмен салыстырғанда ет пен құс өндіруде 3,4%, сүт - 3,3%, жұмыртқа - 22,7% көбейді. Облыста ауылшаруашылық өнімдерін негізгі өндірушілер тұрғындардың жеке шаруашылығы болып табылады, олардың ет өндірудегі 2000 жылғы 89,8%, сүт - 91,9%, жүн - 96,8% құрастырды. Облыста 2001 ж. 01.01. есептегенде ауыл шаруашылық қызметін 671 ауыл шаруашылық құрылым жүзеге асырады, бұдан басқа 3795 қожалық бар. Қазіргі кезде қожалықтарға 1868,4 мың га жер берілген (облыстық барлық жерінің 20,9%), оның ішінде 1117,2 мың га жыртынды жер (23,1%). Қожалық (фермерлік) шаруашылықтар 2000 ж. 3,3 млрд. теңге өндірді. Инвестициялық қызмет. 2000 ж. негізгі капиталға салған инвестициялар көлемі 2071,0 млн. теңге құрастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 71,6% өскен. Жыл басынан облыстың негізгі қорын құру мен жаңғыртуға инвестиция игеру 1336,3 млн. теңге құрастырды, бұл салыстырмалы бағалармен алғанда 1999 ж. қарағанда 147,5% құрастырды. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының мөлшері 741,0 млн. теңге (133,9%) құрастырды. Инвестиция құрылымы келесі көзбен сипатталады: - республикалық бюджет - 129,2 млн. теңге; - жергілікті бюджет - 103,5 млн. теңге; - кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 1089,3 млн. теңге; - шетел инвестициялары - 14,3 млн. теңге. Облыс дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері Көрсеткіштер 2000 жылғы қаңтар- желтоқсан 1999 ж. қаңтар- желтоқсанына теңегенде % 2000 ж. каңтар- желтоқсаны 1 2 3 Экономикалық индикаторлар Өнеркәсіп өнімінің мөлшері (жұмыстар, қызмет көрсету), үй шаруашылығын есепке ала отырып, млн. теңге 27117,7 107,9 Шаруашылықтың барлық санатында мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру: ет (тірісалмақта мал мен құстың барлық түрлерін сату), мың тонна 89,1 103,4 сүт, мың тонна 364,3 103,3 жұмыртқа, млн. сан 162,9 122,7 Негізгі қорларды іске енгізу, млн. теңге 1119,2 - Күрделі құрылысқа инвестициялар (шағын санды инвесторларсыз), млн. теңге 1336,3 147,5 Көліктің барлық түрлерімен жүк тасу, мың тонна* 12626,5 76,4 Көліктің барлық түрлерімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс,* млн. теңге 732,4 125,5 Көліктің жолаушылар айналымы*, млн. жол шақырым 325,0 114,1 Сыртқы сауда айналымы, АҚШ млн. доллары 268,1 141,3 оның ішінде: экспорт мөлшері 150,8 126,5 импорт мөлшері 117,3 166,2 Әлеуметтік индикаторлар Қаржыландырудың барлық есебінен тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу, жалпы алаңның шаршы түрлері 31319 114,2 Есеп беру айының соңына жұмыссыздардың саны 16142 104,2 * - көлік ұйымдары емес және коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер жасаған тасымалдау мөлшерін бағалауды есепке ала отырып. Облыстық даму келешегі. Ақмола облысының экономикасы аграрлық бағытта. Осыны есепке ала отырып, облыс экономикасының түпкі және келешегі мол бағыт ретінде ауыл шаруашылығын атаймыз. Дәнді дақылдарды себу алаңын кеңейту, тұқым сапасын жақсарту есебінен бұдан былай өсімдік шаруашылығын дамыту көзделіп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын және құс шаруашылығын дамыту қажеттілігі туындады. Өсімдік шаруашылығында 2001 жылда астық өндіруді 13,3%, кәртөпті 3,0%, көкөністі 3,6% көбейту бағыты болжамдануда. Мал шаруашылығында сойылған салмақта мал мен құс өндіру мөлшерін 11,0%, сүтті 22,0%, жұмыртқаны 28,0%, жүнді 14,0% өсіру жоспарлануда. Асыл тұқымды мал шаруашылығында қолда бар қорларды тиімді пайдалану бойынша жұмыс жалғасын табады, Астана, Көкшетау және Щучье - Бурабай курорт аймағы маңайында қазіргі құс фабрикалары және шошқа фермалары дамытылады, ет, жүн, терілер қабылдау бойынша қабылдау орындары сондай-ақ көтерме а/ш рыноктары құрылады. Өнеркәсіпте: тау-кен өндіру саласын, а/ш өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын, металл өндірісін, машиналар мен жабдықтар, химия өнеркәсібін өндіруді тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ импорт орналастыру өндірісті дамыту. Сонымен қатар Щучье - Бурабай курорт аймағында туризм саласын дамыту жоспарлануда. 2001 жылы өнеркәсіп өндірісінің мөлшерін 23,1 млрд. теңгеге немесе 3,2% өсіру жоспарлануда. Тау-кен өнеркәсібінде темір кені 25%, аффинирленген алтын 2,2 ретке, молибден 15,4% өсірілу жоспарлануда. Сондай-ақ тұрақтап қалған кәсіпорындарды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын жасау бойынша шаралар қолданылады.
Тармақ 2.3. 2.3. Ішкі нарықты талдау. Тауарлардың экспорт-импорты.
2.3. Ішкі нарықты талдау. Тауарлардың экспорт-импорты. Ішкі нарық жағдайын талдау көрсеткендей азық-түлік нарығында қалыптасқан жағдай отандық өндіріс пен импорт арасында бәсекелестік бола алатын көрсетті. Ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамсыздандыру мынадай жағдайда. Егін алқабының құрылымына сәйкес егін алқабының 87% дейін негізгі азық дәнді-дақылдарына бидай берілген, оның өнімі әр тұрғынға шаққанда ішкі қажеттілікті толық қамсыздандырады, сондай-ақ 500 мыңнан 1,0 млн. тоннаға дейін астық аз шыққан жылдардың өзінде экспортқа сататын потенциалы бар, ал егінді жылдары 1,5-нан 2,0 млн. тоннаға дейін сата алады. Ақмола облысының тұрғындары 1999 жылы 150 мың тонна астық тұтымды. Ең төмен тұтыну талғамы бойынша ішкі тұтыну 142 мың теңге құрастырады. Қалған бөлшегі тұқымға, жемге, заттай беруге, борышты өтеуге және мұқтаждарға пайдаланды. Егін алқабы құрылымында тары, қарақұмық, майлылы, картөп, көкөніс дақылдарының аз болуы ішкі рынокта осы өнімдердің жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Жетіспеушіліктің орны облыстан тысқары жерлерден әкелумен толтырылуда. Жоғарыда айтылған дәнді-дақылдардың егу айналымынан шығып қалуының негізгі себебі облыста оларды өңдеу бойынша кәсіпорындардың болмауы, оларды өңдеу үшін ойдағыдай материалдық-техникалық база, технологиялық жабдық сатып алу және орналастыру қажет. 2000 жылы Ақмола облысы шаруашылықтарының барлық санатында сойыс салмағында 48,1 тонна ет өндірілді. Сатудың жалпы мөлшеріне шаққанда еттің түрлері мынадай пайыз құрастырады: сиыр еті - 56,4%, шошқа еті - 7,5% және көжек еті - 0,04%. Облыс шаруашылықтарының барлық санатында 2001 жылы өндіріледі деп күтілетін ет мөлшері 49,0 мың тонна құрайды. Облыстың барлық қажеттілігі 27,5 мың теңге құрастырады. 2001 жылы 300,3 мың тонна тауарлық сүт өндірілмекші. Облыстың ішкі қажеттілігі 180,2 мың тонна құрайды. Облыста 8 сүт зауыты және 12 сүт өңдейтін цех бар, бұлардың барлығы бір жылда 141,3 мың тонна шығарады, бұл барлық өндірілетін тауарлық сүтті терең өңдеу үшін жеткіліксіз және олардың географиялық орналасуы қолда бар зауыттар мен цехтарды толыққанды жұмыс істетуге мүмкіншілік бермейді. Ақмола облысы бойынша көтерме тауар айналымы 2000 жылы 12533,3 млн. теңге құрастырды, ынталандыру үшін көтерме тауар айналымы - 663,9 млн. теңге, ал бөлшек тауар айналымы (нарықты қоса) - 9924,7 млн. теңге. Бөлшек тауар айналымының жалпы мөлшерінде сауданың беймемлекеттік секторы басым, оның салмағы 99% құрастырды. 2000 жылы 244,7 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Қызмет көрсетудің жалпы мөлшерінде ең көп салмақ (81,3%) қоғамдық тамақтандыру секциясына түседі, оның тауар айналымы 199,0 млн. теңге құрастырды. Негізгі мөлшер шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі есебінен (93,6%) алынды. Автомобильдерді жөндеу және оларға техникалық күтім жасау, тұрмыс техникасын жөндеу бойынша қызмет көрсету мөлшері төмен, жалпы қызмет көрсету мөлшерінде тек 18,7% қана. Ақмола облысы бойынша экспорт-импорт жағдайының талдауы көрсеткендей, облыс экономикасында тауарлар мен өнімдердің экспорты басым. 2000 жылы экспорт 150,8 млн. АҚШ долларын құрастырып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,5% өсті, ал импорт 117,3 млн. АҚШ долларын құрастырып, 1999 жылмен салыстырғанда 66,2% өсті. Талдау жасап жатқан кезең ішінде экспорттың жалпы мөлшерінде облыстың сыртқы сауда айналымынан ТМД елдерінің үлесі 64,7% құрастырды. Облыс өнімін негізгі сатып алушылар Ресей Федерациясы (38,4%), Ауғанстан (11,4%), Өзбекстан (8,3%), Тәжікстан (9,4%), Италия (4,8%), Иран (3,6%), Әзірбайжан (3,1%) және Франция (1,3%) болып табылады. Экспорттың негізгі үлесі келесі тауар топтарына келеді: бидай - 103227,0 мың АҚШ доллары немесе экспорттың жалпы мөлшерінің 68,4%; арпа - 11396,0 мың доллар немесе 7,6%; бидай ұны - 3292,8 мың доллар немесе 2,2%; ет (шошқа) - 57,0 мың доллар немесе 0,1%; ағаш материалдары - 27,0 мың доллары немесе 0,1%, хим. радиактивтік элементтер - 4483,0 мың доллар немесе 3,0%. 2000 жыл Мөлшері 1999 ж. %-те Нақты түрде Баға түрінде, мың долл. Нақты түрде Баға түрінде, мың долл. Ет (шошқа), тонна 55 57 6,7 8,5 Бидай, тонна 1090463 103227 131,2 142,4 Арпа, тонна 172159 11396 137,4 158,9 Бидай ұны, т 22365 3292 66,0 64,7 Химия элемеит., радиобелсенді, т 307 4483 24,5 20,9 Ағаш материалд.,м3 878 27 23,5 20,0 Облыстан негізінен дайын өнім емес шикізат жіберіліп жатқанына назар аударған жөн. Төменде келтірілген құрылымнан көрінгендей, экспорттың ең көп мөлшері мал шаруашылығы және өсімдік өнімдеріне келеді - 78,8%. 2000 жылғы ірілендірілген тауар топтары арқылы көрсеткенде экспорт құрылымы Басқаша айтқанда, облыста бәсекелестікке жарайтын өнім шығару бойынша өңдеу өндірісі ойдағыдай дамымаған. Шағын кәсіпкерлік субъектілері ішкі нарықты өзіндік өніммен толтыруға және облыстан тыс жерлерде оның бәсекелес бола алатынына мүдделі болуға тиіс. Бұл импорт орналастыру өндірісін дамыту қажеттілігін көрсетеді өнеркәсіптің нақты секторын көтеруде негізгі бағыттардың бірі импорт орналастыру болып табылады. 1999 жылы ҚР Үкіметі бірқатар қаулылар қабылдаса да, ал ҚР энергетика, индустрия және сауда Министрлігі жеңіл және тағам өнеркәсібінде 2000-2003 ж.ж. импорт орналастыру бағдарламасын әзірлесе де импорттан тауар топтарының тізімі қысқармады. Импорт өнімдерін негізгі әкелушілер Ресей Федерациясы (импорттың жалпы мөлшерінің 74,9%), Германия (10,2%), Ұлыбритания (5,7%), Франция (1,7%), Австрия (0,7%), Нидерланды (0,2%) болып табылады. 2000 жыл Мөлшері 1999 ж. %-пен Нақты түрде Баға түрінде, мың долл. Нақты түрде Баға түрінде, мын долл. Сүт және сүт өнімдері,тонна 535 448 229,6 257,5 Қант, т. 136 34 165,9 125,9 Кондитер бұйымдары, т. 546 354 7,5 рет 5,8 рет Күнбағыс майы, т. 1222 798 146,5 131,5 Сыра, литр 380453 190 54,9 63,3 Мұнай өнімдері, тонна 107355 28606 202,2 321,1 Газ, тонна 7623 708 133,0 255,0 Портландцемент, т. 5692 155 139,0 117,4 Шиналар, сан 9640 1028 174,4 183,2 Гербицид, тонна 1301 9095 200,8 194,6 2000 жылғы облыс импортының құрылымы Импорттың ең көп үлесі келесі тауар топтарына келді: мұнай өнімдері (импорттың жалпы мөлшерінің 24,3%); гербицидтер (7,8%); шина (0,9%); күнбағыс майы (0,7%); газ (0,6%). Импортты талдау көрсеткендей, 2000 жылды 1999 жылмен салыстырғанда импорттың жалпы мөлшерінде минералды өнім үлесі 12%, машиналар, жабдық және көлік құралдары - 2%, бірақ металл өнеркәсібі өнімі 12%, химия өнімі және сонымен байланысты өнеркәсіп саласының өнімі 2% төмендеді. Импорттың келтірілген құрылымын қараңыздар. Ақмола облысында көп ассортиментте халық тұтынатын тауарлар шығаруға мүмкіншілік беретін бай шикізат базасы бар. Бірақ соған қарамастан облыс аймағында емін-еркін шығаруға болатын тағам өнімдерін сырттан әкелу жалғасуда. Мысалы: мал майы, ірімшік, сүт консервілері, жұмыртқа, шұжық бұйымдары, жеміс - бүлдірген консервілері, маргарин өнімдері, өсімдік майы, балық, алкогольсіз сусындар, сыра және басқа. Басқаша айтқанда, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілері жоғарыда айтылған өнімдерді шығаруға тиіс. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда басым бағыт импорт орналастыру өндірісін ынталандыру болады.
Тармақ 2.4. 2.4. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайын талдау және дамуының мәселелері
2.4. Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайын талдау және дамуының мәселелері Шағын кәсіпкерлікті дамыту мониторингі мәліметтері бойынша, облыста 01.01.2001 ж. шағын кәсіпкерліктің 15138 субъектісі тіркелген, оның ішінде 3601 заңды тұлға, 11537 жеке кәсіпкерлер, жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 63469 адам. Негізгі салалар бойынша тіркелген саны мен оларда жұмыс істейтндер санының салыстырмалы сан талдауы төменгі кестеде келтірілген: Сала атауы ШКС саны (бірл) Жұмысшылар саны (адам) 01.01.2000 ж. 01.01.2001 ж. 01.01.2000 ж. 01.01.2001 ж. Барлығы: 14153 15138 54462 63469 Өнеркәсіп 388 434 4200 5510 о.і. ондеу 289 269 2891 3248 Ауылінаруашылық 3827 3958 17085 23260 Құрылыс 229 194 2263 2180 Сауда 7917 7934 20492 19802 Көлік және байланыс 326 419 1397 1994 Қонақ үйлер мен мейманхана 170 342 784 2570 Басқалары 1296 1857 8241 8153 Кестеден көрінгендей өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өсуі, сондай-ақ өндірістің барлық салаларында жұмыс істейтіндер санының өсуі байқалады. Өсудің себебі жаңа кәсіпорындар құру және іссіз тұрған өндірістік кәсіпорындарды жандандыруға жетелейтін жағдайлар жасалуы болып табылады. Біріншіден, облыстық бюджеттен және өз қаражаттары есебінен екінші деңгейдегі банктер ШКС бұрынғыдан белсенділеу қаржыландыруы. Екіншіден, ШКС қолдау үшін бизнес-инкубатор ретінде бұрынғыдан жақсылау инфрақұрылым құру. 2000 жылды 1999 жылмен салыстырғанда 5382,2 т. немесе 47,9% өндірілген өнім (жұмыстар, қызмет көрсету) мөлшері өсті. Өндірілген өнім мөлшерінің өсуі мөлшерінің өсуінен 774,2 млн. теңгеге, ауыл шаруашылық - 2829,8 млн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің өсуінен 947,0 млн. теңге болды. Ең төмен өсу құрылыс саласында (231,3 млн. теңге), көлік пен байланыс (129,0 млн. теңге), қонақ үйлер мен мейманханалар (165,5 млн. теңге) саласында байқалды. Төмендегі көрсетілген салалар құрылымынан байқағандай, белгілі бір қайшылық орын алған, себебі жалпы мөлшерде ең үлкен үлесті сауда (41%) және ауылшаруашылық (31%) құрастырады. Өнеркәсіп өндірісінде (15%), құрылыста (3%) және қызмет көрсету саласында (10%) шағын бизнес ойдағыдай дамымаған. Мұндай жағдай бірқатар жыл барысында байқалуда. Басты себеп, сауда-делдалдық қызмет өндіріске, құрылысқа және қызмет көрсету саласына салған қаражаттан, еңбектен гөрі тезірек пайда әкеледі. Шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау көрсеткендей, Ақмола облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіншілік жеткілікті. Облыстың белсенді тұрғындары болып саналатын 336,4 мың адамның тек 18,8% ғана шағын бизнес құрылымдарында орын тапқан. Яғни шағын бизнеске еңбек ресурстарын тарту мүмкіншілігі бар. Шағын кәсіпкерліктің сала құрылымын талдау көрсеткендей, облыста өз дамуын талап ететін салалар бар. Ішкі нарықта құрылыс, көлік пен байланыс, қызмет көрсету саласы нашар дамыған. Осы салалардың дамымауы түбінде облыстың экономикалық дамуына кері әсер етуде. Аймақтарда шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне қызмет саласын таңдау ісінде көмек көрсетілмейді. Көбінесе қызмет көрсету саласын таңдау ісіне ШКС нарық сұранымын зерттемей кірісуде. Негізінде шағын бизнес көптеген коммерциялық дүкендер мен дәретханалармен көрсетіп-білдірілген. Ал сонымен қатар химтазалау, кір жуу, шаштараз, жөндеу және тігін шеберханасы, монша және басқа қызмет көрсету түрлеріне сұраным аз емес. Бос өндірістік алаңдар бола тұра, өңдеу өндірісі жеткіліксіз. 01.01.2001 ж. айқындалғандай пайдаланбайтын объектілер саны - 201, олардың ішінен тендер бойынша - 25 сатылған, жалға - 32 берілген, сенімдік басқаруға - 92 берілген, төлемақысыз 62 берілген. Сондай-ақ аяқталмаған құрылыстық айқындалған 14 объектісінің тек 6 ғана сатылған. Жер участкелерін беру үрдісі белсенді жүріп жатқанын атаған жөн. 2000 жылы ШКС ақысыз 3741 жер учаскелері берілген және 1605 сатылған. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін негізгі себептер: - шикізат сатып алу үшін тауар өндірушілерде өзіндік айналым қаражатының жетіспеуі; - отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған несие көздеріне қолдары жетпеуі; - жаңа технологияларға қол жеткізе алмауы; - халық тұтынатын тауарларды шығару жөніндегі жабдықтар құнының тым қымбаттығы; - жергілікті тауар өндірушілер шығаратын өнімнің жоғары әлемдік стандартқа, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі; - импорт өнімімен баға бәсекелестігіне қабылетсіз болып келетін жергілікті өндіріс тауарларының көтеріңкі құны; | - тұрғындар кірісінің төмендігінен шағын бизнес өніміне және қызмет көрсетуіне төмен сұраным; - ШКС өндірген өнімді кепілдік түрде сата алатын нарықтың қалыптаспауы; - бірыңғай ақпарат кеңістігінің болмауы.
Тармақ 2.5. 2.5. SWOT - ТАЛДАУ
2.5. SWOT - ТАЛДАУ Ішкі талдау Мықты жақтары: Осал жақтары: Жеткілікті жер, шикізат және еңбек қоры. Қаржы қаражатының жетіспеуі. Жеткілікті дамыған аграрлық инфрақұрылым. Табиғи - ауа райы жағдайынан тәуелділіктің өте жоғары болуы. Жеткілікті дамыған өндірістік инфрақұрылым. Материалдардың-техникалық жабдықталудың төмен деңгейі. Дамыған өсімдік шаруашылығы, мысалы астық өндіру Қуатпен қамсыздандырудағы аса тәуелділік. Дамыған көлік желісі. Ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің жоғалуы. Тамаша курорт аймақтарының бар болуы. Қылмыс жағдайының күшеюі. Жаңа типтегі білім мекемелерінің болуы. Экологиялық ахуалдың нашарлануы. Облыстық негізгі тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын мүмкіншілігі. Энергетикалық, тағам, өндеу және өндіру өнеркәсібінің өнімдеріне сұранымның болуы. Ауылшаруашылық шикізатының бар болуы, оның жақындағы және оның өндірісін көбейтетін қордың барлығы. Сыртқы талдау Мүмкіншілік: Қауіп: Ақпараттық қамсыздандыруды дамыту. Мамандардың қорын жоғалту. Жаңа технологиялар еңгізу. Экологиялық ахуалдың нашарлауы. ШК саласына шетел инвестициясын тарту. Аймақтық нарықты шетел тауар өндірушілерінің басып алуы. Қазақстанның көрші аймақтарымен өзара іс-әрекет жасауы. Тұрғындардьщ толейалу қабілетінің төмендеуі. Жаңа нарықты игереді ШК көзқарастың өз игеруі Импорторналастыру өндірістің дамыту, мысалы тағам өнімдерін шығару бойынша. Ірі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік инфрақұрылымын пайдалану. Нарықтық инфрақұрылымды дамыту. Ірі кәсіпорындардан тапсырыс алу. Ақмола облысының курорт аймақтарында туризм және демалыс саласын ұйымдастыру мүмкіншілігі.
Тарау iii. III. Шағын бизнесті қаржылық және инвестициялық қолдау
III. Шағын бизнесті қаржылық және инвестициялық қолдау
Тармақ 3.1. 3.1. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық инвестициялық қолдау жағдайын қолдау. Мәселелер және оларды шешу жолдары.
3.1. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық инвестициялық қолдау жағдайын қолдау. Мәселелер және оларды шешу жолдары. Қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау бүгінгі күні шағын кәсіпкерлікті дамыту жолының ең маңыздысы болып қалады. 01.01.2001 ж. шаққанда Ақмола облысында II дәрежедегі банктің бөлімшелері ШКС қаржылық қолдауына 1685,1 млн. теңге берді, бұл бүкіл 1999 жылы берілген несиеден 3,9 есе көп. Несие ресурстары экономиканың келесі салаларына салынды: - сауда - 939,7 млн. теңге, бұл шағын кәсіпкерлікке берілген жалпы соманың 55,8 пайызын құрастырады; - ауылшаруашылық - 502,5 млн. теңге, - 29,8%; - құрылыс - 26,6 млн. теңге - 1,6%; - тамақ өнеркәсібі - 50,4 млн. теңге - 3,0%; - өнеркәсіп өндірісі - 13,1 млн. теңге - 0,9%; - денсаулық сақтау - 4,8 млн. теңге - 0,3%; - көлік - 1,8 млн. теңге - 0,1%; - қонақ үйлері және мейрамханалар - 1,5 млн. теңге - 0,1%; - басқа түрлері - 144,7 млн. теңге - 8,6%. Ақмола облыстың мәслихаттың I сессиясы 1999 жылғы қарашаның 24 қабылдаған «2000 жылға облыстық бюджет туралы» № С-1/11 шешіміне сәйкес ШКС несиелеу бойынша шараларды қаржыландыру үшін 20 млн. теңге бөлінген. Бөлінген қаражат есебінен 2000 жылы жалпы сомасы 20 млн. теңге құратын 26 бизнес-жоба несиеленді. Бұл қосымша 146 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіншілік берді. Көкшетау қ. «БанкТұранӘлем» ААҚ филиалымен жасалған келісім шартқа сәйкес банктің 3130 мың теңге өз қаражаты ШКС несиелеуге берілді. Облыстық бюджеттен берілген несиенің орта мөлшері, бір адамға, 731 мың теңге құрастырды. Бюджет қаражатының аздығы шағын кәсіпкерлікті кең ауқымды қолдауға мүмкіндік бермейді. ШКС қаржымен қолдау үшін 2001 жылдың бюджетінде 30 млн. теңге беру жоспарланып отыр. Әрине, бұл сома ШКС қажеттілігін толық қанағаттандыра алмайды. Демек, бұл облыста жеңілдікпен берілетін несие қорының жетіспеушілігін білдіреді. Бүгінгі күні жоғары пайыздық ставканың және кепілдік қамсыздандырудың қатаң талаптары салдарынан көп кәсіпкерлер II деңгейдегі банк несиелерін ала алмайды. Сондықтан осы мәселелердің шешу жолдарын іздеген жөн. Ақмола облысында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ филиалын ашу ШКС қатарынан селолық тауар өндірушілерді несиелеуге ықпал жасар еді. Сондай-ақ облысқа мемлекеттік және халықаралық қорлар, халықаралық банктер, мысалы ЕБРР, ВБР, АБР және басқа қаржыларын тарту және несиенің, ШКС қаржыландыру мәселелерін ойдағыдай шешу үшін, лизинг жүйесін белсендіру қажет. Шағын бизнестің банк назарынан тыс қала беретін тағы бір мәселесі - тез өтетін кепілдік болмауы. Осы мәселені шешу мақсатында ҚР Үкіметі 2000 жылғы шілденің 7-де «ШКС несиеленген кезде кепілдік қамсыздандыру ретінде коммуналдық меншіктегі объектілерді пайдалану сұрақтары туралы» № 1028 қаулы қабылдаған. Бұл қаулы кепілдік қамсыздандыруға мұқтаж ШКС экономиканың басым сапаларын дамытуға несие алуға мүмкіншілік береді. ШКС нақты қаржылық және инвестициялық қолдау өндірісті және қызмет көрсету саласын дамытуға, сондай-ақ облыс экономикасын жандандыруға ықпал жасар еді. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың бұдан былай дамуы келесі негізгі бағытта және формада жүзеге асырылатын болады: - заңнама қарастырған тәртіпте басым жобаларды жеңілдік беретін жағдайда нысаналы мемлекеттік займды тарту есебінен екінші деңгейдегі банктер несиелейді; - аймақта коммуналдық меншік объектілерінен тұратын кепілдік қор қалыптастыру; - екінші деңгейдегі банктермен бірге жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру практикасын жалғастыру; - ШКС несиелік серіктестіктер, өзара сақтандыру қоғамдарын және басқа құруын ынталандыру; - облысқа ең тартымды және маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту.
Тарау iv. IV. Инфрақұрылымды дамыту, шағын кәсіпкерлікті мамандармен қамтамасыз ету
IV. Инфрақұрылымды дамыту, шағын кәсіпкерлікті мамандармен қамтамасыз ету
Тармақ 4.1. 4.1. Инфрақұрылым, мамандармен қамсыздандыру және шағын бизнес үшін мамандар әзірлеу жағдайын талдау.
4.1. Инфрақұрылым, мамандармен қамсыздандыру және шағын бизнес үшін мамандар әзірлеу жағдайын талдау. Шағын бизнестің ойдағыдай даму шартының бірі бизнес-орталықтар, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, ассоциациялар және басқа құрылым ретінде инфрақұрылымның болуы болып табылады. Облыс әкімінің шешімімен (№ 53, 01.04.1998 ж.) Ақмола облысының 16 аймағында бизнес-орталықтар құрылды, олардың қалыптасуы үшін ғимараттар, оргтехника, қаржылық қолдау бөлінді. Қазір облыста 11 бизнес-орталық жұмыс істеуде, олардың негізгі міндеттері кәсіпкерлерге бизнес-жобалар жасауға, консалтингтік қызмет көрсету кешенін ұсынуға көмек беру болып табылады. 1999-2000 ж.ж. ішінде олар 229 бизнес-жобалар әзірледі, мемлекеттік тіркеуге 193 құрылтай құжаттарын, 553 келісім-шарт және контракт дайындады, экономикалық және құқықтық сұрақтар бойынша 3520 тегін кеңес берді. Соңғы уақытта бизнес-орталықтар санының азаюы байқалады. Оның бір себебі, қаржылық қолдау болмағаннан кейін бизнес-орталықтар коммерциялық құрылымдарға айналды, олар кәсіпкерлерге тегін көмек көрсетудің орнына олардан ақша алып, пайда көреді. Сондықтан бизнес-орталықтардың ақылы қызметі қажетсіз қалып жатыр. Осыған байланысты кәсіпкерлікті қолдайтын бұдан гөрі тиімді инфрақұрылым құру қажеттілігі туып отыр. Нарық әлемінде бизнес-инкубатор құру жаңадан құрылып жатқан фирмаларға көмек көрсетудің ең тиімді формасы ретінде бағаланады. 2000 жылғы қаңтардан бастап шағын кәсіпкерлік үшін бизнес-инкубатор ұйымдастыру жобасын Ақмола облыстық әкімият және «Евразия» қорының қолдауымен «ИнвестКонсалтинг-Көкшетау» фирмасы әзірледі және дайындауда. Осы жобаны жүзеге асыру үшін «Евразия» қоры 19499 АҚШ долларын және облыстық бюджет 650000 теңге бөлді. 2000 ж. бизнес-инкубаторда шағын кәсіпкерліктің 10 субъектісі қызмет алды, оның ішінде 6 селолық және 4 қалалық, олар тендер негізінде таңдалған. Ақмола облысы әкімінің шешімімен бизнес-инкубатор клиенттерін несиелеу үшін 5 млн. теңге бөлінді, бұл 140 жаңа жұмыс орнын құруға, оның ішінде жұмыссыз жастар үшін. 2000 жылғы сәуірде кәсіпкерлердің облыстық Форумында Басқарманың жаңа құрамы және «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» АҚ төрағасы сайланып, оған облыстың барлық аймақтарынан өкілдер кірді. Ассоциацияның негізгі қызметі болып табылады: кәсіпкерлердің еркіндігімен хұқықтарын қорғау; олардың мүдделерін көрсетіп-білдіру; кәсіпкерлердің жетістіктерін насихаттау; біліктілікті және кәсіпқойлықты жетілдіруге ықпал жасау және т.б. Екінші және шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды шарты шағын бизнес үшін мамандар әзірлеу және қайта әзірлеу болып табылады. Шағын кәсіпкерлік туралы Заңда шағын кәсіпкерлік үшін мамандар әзірлеу, оларды қайта әзірлеу және олардың біліктілігін жетілдіру жүйесін дамыту қарастырылған. Бүгінгі күні реформаларды тежеу себептерінің бірі білікті мамандарын жеткіліксіздігі болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Ақмола облысында шағын бизнесті қолдау орталықтары базасында тұрғындарды оқыту және қайта оқыту ұйымдастырылған болатын. Бизнес-орталықтар шағын бизнес үшін мынадай мамандық бойынша 415 маман оқытты және қайта оқытты: бухгалтер, маркетолог, программист, фермер, хатшы-референт. 476 мамандарды орналастыруға ықпал жасалынды. «Ақмола облысында 1999-2000 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде облыстық еңбек, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды қайта дайындау және шағын бизнес құрылымдарына орналастыру бойынша шаралар әзірледі. 2000 жылы оқуға 395 адам жіберілді, оқуды 372 адам бітірді, оның ішінде жастар - 246 адам. Оқыту мына мамандық бойынша жүргізіліп жатыр: жеке компьютермен пайдаланушы, кәсіпкер, әдіскер-валеолог, тері тігуші, қазақ қолөнерінің шебері және т.б. Сонымен қатар, Ақмола селолық консультациялық орталығы Британ «Ноу-хау» қорының ықпалымен, консалтинг желісін құру шеңберінде, аудан, қала әкімиятының бизнес-орталық, ассоциация өкілдерімен семинарлар өткізілді жатыр. Кеңесшілер өздерінің жұмысы барысында АСКО - ның айлық ақпарат бюллетенін тегін таратуда. Бұл семинар тыңдаушыларының негізгі міндеті жергілікті жерлерде консультациялық көмек көрсету, әртүрлі технологиялар, заң және қаржылық сұрақтар бойынша ақпарат тарату. Жаңа бастап жүрген кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнес-инкубатор қызметін кеңейтуге ықпал жасау және осындай құрылымдарды облыстың басқа аймақтарында, мысалы, Степногорск қаласы мен Атбасар ауданында құру қажет. Қазіргі кезде кез-келген аймақтың немесе елдің экономикалық қабылеті табиғи қордан ғана емес, мамандардың әзірлігінен және дамыған инфрақұрылым желісінен көбірек тәуелді. Көбірек дамыған құрылымдардың бірі технологиялық парк болып табылады, оны құру мен дамыту бәсекелестікке жарамды тауарлар мен қызмет өндіру үшін ғылыми-техникалық әзірлікті тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. ҚР Үкіметі 2000 жылғы қазанның 17 қабылдаған № 1543 Қаулысымен Республикалық шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық-көрме орталығы» құрылды. Бұл құрылым технология, инновация трансфертін жүзеге асырады, кәсіпкерлік пен менеджментке үйретеді, ақпараттық қызмет көрсетеді, ШКС өнімдерін көрмеге шығарады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша ҚР 2001-2002 ж.ж. жасалған Мемлекеттік бағдарламада РАКО аймақтық құрылым құру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу қарастырылуда. Облыс кәсіпкерлері өндірген өнімді кепілді түрде сатуға кепілді нарықты қамсындыру мақсатында Астанада Ақмола облысы кәсіпкерлерінің Сауда Үйін ашу жоспарлануда.
Тарау v. V. Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамыту келешегі
V. Ақмола облысында 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамыту келешегі Ақмола облысының 2001-2002 ж.ж. жасалған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы міндетті түрде «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңды орындауға бағытталған. Әлемдік практика көрсеткендей, шағын бизнестің даму деңгейімен кез-келген мемлекеттің дамуы мен көркеюі тығыз байланысты. Экономикасы дамыған елдер экономикасы тұрақтыланғанша өз дамуының және өсуінің сатыларын өткен. Сол кезең ішінде олар орасан зор тәжірибе жинады, қателік жібермеу үшін біздер сол тәжірибеге жүгінуіміз керек. Жоғары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындардың ерекше маңыздылығы келесі факторлармен белгіленерді: - шағын және орташа компаниялар инновацияның маңызды көзі болып табылады, себебі өзінің ықшамдылығымен ірі компанияларға қарағанда тезірек пайда табады; - шағын және орташа бизнес тауарлар мен қызметтің кең номенклатурасын өндіруге және таратуға көбірек бейімделген және тұтыну нарық сұранымына тезірек мойын бұрады. Бұл тұтыну сұранымын мамандандыру мен диверсификациялау жағдайында аса маңызды болып табылады; - шағын және орташа бизнес ірі компаниялардың бәсекелестігін көтеру мәселесінде маңызды рөл ойнайды. Шағын және орташа компаниялардың көп болуы бизнес саласында бәсекелестікті өсіреді, монополия болдырмайды, осылайша, экономиканың жалпы сауығына ықпал етеді; - шағын және орташа бизнес бірқатар салада ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алады және ірі бизнестің технологияның дамуын ынталандыратын катализатор ретінде бола алады; - шағын және орташа бизнес жұмыс орындарын көбейту көзі; - шағын және орташа бизнес елдің бүкіл аймағында бірқалыпты орналасады, ол аймақтың тең дамуына ықпал жасайды. Шағын кәсіпкерліктің өткен кезең ішіндегі дамуын терең талдау көрсеткендей, облыста экономиканың тұрақты секторы қалыптасты. Ол - шағын бизнес секторы. Облыста шағын бизнестің қалыптасу кезеңі: 90-шы жылдар ішінде бүкіл Қазақстан экономикасына тән мәселелермен жүгендесті. Шағын кәсіпкерліктің ахуалына теріс әсер ететін факторлар: қаржының жетіспеуі, банк несиесі пайданың жоғары ставкасы, жеткілікті дамымаған инфрақұрылым, төмен технологиялық деңгей. Сондықтан осы бағдарламаны жүзеге асырған кезде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары болуы керек:
Тармақ 1
1. Шағын бизнестің технологиялық дамуын қолдау;
Тармақ 2
2. Шағын бизнесті білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету;
Тармақ 3
3. Шағын бизнесті қаржылық-несиелік және инвестициялық қолдау;
Тармақ 4
4. Шағын бизнестің өнімін, жұмыстарын және қызметін кепілді өткізу нарығын құру;
Тармақ 5
5. Инфрақұрылым дамыту және біркелкі ақпараттық кеңістік жасау. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуда келесі басым бағыттар белгіленді:
Тармақ 1
1. А/шаруашылық өнім өндіру және өңдеу;
Тармақ 2
2. Импорт орналастыруға және экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға ықпал жасау;
Тармақ 3
3. Қол өнерін және әйел кәсіпкерлігін дамыту;
Тармақ 4
4. Қызмет көрсету саласын дамыту;
Тармақ 5. Ақмола облысының 2001-2002 ж.ж. жасалған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасының жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар
5. Туризм индустриясын дамыту. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту ісінде басты рөлді аймақтар атқарады, олар әртүрлі экономикалық құралдар көмегімен аймақ ерекшелігін есепке ала отырып шағын бизнестің дамуын ынталандырады. Демек, 2001-2002 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламаны әзірлеу және бекіту қажет. Одан кем емес маңызды аспект шағын кәсіпкерлікті дамыту ісін қарастыратын облыстық басқармалар мен ведомстволардың салалық бағдарламалары болып табылады. Жұмыссыз тұрған ірі кәсіпорындарды белгілі тәртіпте ШКС беру үшін сегментациялаудың аймақтық бағдарламасын қабылдау жаңа жұмыс орындарын құру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Облыста 2001-2002 ж.ж. 7125 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Жұмыссыз жастарды шағын бизнес саласына тарту мақсатында кәсіпқой білім оқу орындарында кәсіпкерлікке қажет мамандық бойынша оқыту ұйымдастыру жоспарлануда. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда өте маңызды рөлді бейүкіметтік қоғамдық ұйымдар (ассоциациялар, кәсіпкерлер одақтары және т.б.) ойнауға тиіс, олар кәсіпкерлер мүддесін қорғау бойынша өз қызметін белсендіру, шағын бизнес мәселелерін шешу бойынша ұсыныс енгізуге тиіс. Шағын бизнесті ойдағыдай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым институттарын қалыптастыру және дамыту қажет. Облыста Степногорск қаласында және Атбасар ауданында бизнес-инкубаторлар, Астана қаласында аймақтық технологиялық парк, кәсіпкерлердің Сауда Үйі, оралмандардың қолөнер Орталығы, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі Орталығын ашу жоспарлануда. Көзделген Бағдарламаны, жоғарыда көрсетілген аспекттерді есепке ала отырып нақты жүзеге асыру, алға қойылған мақсатқа және міндетіне қол жеткізеді. Ол ШКС санының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне, қазіргі ШКС тұрақтылығына, облыс экономикасын жандандыруға әсер етеді. Ақмола облысының 2001-2002 ж.ж. жасалған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасының жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар № Аты Орындау формасы Жауаптылар Орындау мерзімі Ескерту 1 2 3 4 5 6 I. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға құрылатын инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін көтеру 1. Көкшетау қаласында «Шағын кәсіпкерлік бойынша Республикалық Акпараттық-Көрме Орталығы» өкілеттігін ашу. Шаралар Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігінің Департаменті 2001 ж. IV тоқсаны 2. Атбасар ауданы мен Степногорск каласында бизнес-инкубатор кұру. Есеп бепу Аудан (қала) әкімдері Экономика және шағын бизнесті дамыту баскармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі Агенгігінің Департаменті 2001 ж. I жартыжылдық барысында. 3. ШКС колдау бойынша қазіргі бизнес-орталықтар қызметін жандандыру. Есеп беру Аудан (қала) әкімдері Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2001-2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 4. «Көкшетехнопарк» МКК қызметін жандандыру. Есеп беру Көкшетау қаласының әкімі Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2001-2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 5. Көкшетау қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі орталықты ашуға ыкпал жасау. Облыс әкімиятының қаулысы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының Көкшетау филиалы 20001 ж. I жартыжылдық барысында 6. Астана қаласында ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдерін өткізу үшін сауда үйін ашу. Облыс әкімиятының каулысы Экономика және шағын бизнесті дамыту баскармасы Өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация баскармасы Ауылшаруашылық бсқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агентігінің Департаменті 2001 ж. барысында 7. Облыс оқу орындары, консалтингтік орталыктар, бизнес-инкубаторлар базасында шағын бизнес саласы үшін оқу ұйымдастыру. Есеп беру Білім басқармасы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2001-2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 8. Аймактық кәсіпкерлік орталыгы және кәсіпкерлік палаталар ашүғй ықпал жасау. Аудан (қала) әкімияттарының каулылары Аудан (қала) әкімдері Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001-2002 ж.ж. барысында 9. Облыстық газеттерде «Бизнес мектебі» айдарын ашу. Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Бұқаралық ақпарат құралдары 2001-2002 ж.ж. барысында 10. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін облыстық ақпараттық бюллетень шығаруды ұйымдастыру Облқаржы басқармасы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті II. Нормативтік құқықтық актілердің жүзеге асырылуын жетілдіру және бақылау 1. Бақылау-тексеру органдардың және кәсіпкерлердің қатысуымен «Дөңгелек стол» өткізу. Прокуратура Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001 -2002 ж.ж. барысында 2. ШКС-мен, бизнес-орталық жетекшілерімен, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік өкілдерімен ҚР нормативтік-құқықтық актілері бойынша оқыту семинарларын өткізу. Семинарлар Әділет басқармасы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001 -2002 ж.ж. барысында 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне анкета жүргізу Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001 -2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 4. «Шенеунік және кәсіпкер» акциясын жалғастыру. Акпарат Әділет басқармасы Прокуратура Экономика және шағын бизнесті дамыту баскармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001-2002 ж.ж әр токсан сайъін 5. Кәсіпкерлерге көмек ретінде буклеттер және нормативтік-құқықтық актілердің жинақтарын шығару. Экономика және шағын биздесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінің Департаменті 2001-2002 ж.ж. барысында III. Қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау 1. Облыстық бюджетте шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді қарастыру. Облыс әкімінің шешімі Облыстық Мәслихат Облқаржы басқармасы 2000ж. желтоқсан, 2001ж. желтоқсан 2. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қарастыру. Аудан (қала) әкімдерінің шешімі Аудандық мәслихаттар 2001 ж. каңтар-акпаны 2002 ж. қаңтары 3. ҚР Үкіметінің №1028 07.07.2000 ж қаулысына сәйкес залог қорын құру. Есеп беру Аудан және қала әкімдері Меммүлік және жекешелендіру - аймақтық комитеті Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Коммуналдық меншік басқармасы 2001 ж. I жартыжылдық барысында 4. Ең маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту. Есеп беру Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Өнеркәсіп, көлік, сауда және коммуникация басқармасы 2001-2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 5. Ең маңызды инвестициялық жобалар бойынша мәліметтер банкін толтыру. Ақпарат Аудан (кала) әкімдері Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 20^4^2002 ж.ж. барысында IV. Өндірістік және инвестициялық қолдау 1. Конкурстар өткізгенде ШКС арасында тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді өндіруге мемтапсырыс мөлшерінің 10 % кем емес орналастыруды қамсыздандыру. Ақпарат Облқаржы басқармасы Бюджет бағдарламасының әкімшілері 2001-2002 ж.ж. барысында 2. ШКС пайдаланбайтын өндірістік ғимараттарды кызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызмет ұйымдастыру үшін жалға, сенімді басқаруға беруді жалғастыру. Ақпарат Меммүлік және жекешелендіру аймақтык комитеті Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агентігінің филиалы 2001-2002 ж.ж. барысында 3. Өндірістік кызметпен және кадрларды оқытумен айналасатын ІІІКС жер учаскелрін жалға беру және сату бойынша жұмысты жалғастыру. Ақпарат Аудан (қала) әкімдері Жер қорларын басқару жөніндегі Комитеті 2001-2002 ж.ж. барысында 4. Болашағы жоқ кәсіпорындарды инвесторларды тарту мақсатында қайта ұйымдастыру, сегментациялау және банкротқа ұшырату, жаңа өндіріс құру және іске косылмаған аландар жабдықтарды ШКС беру бойынша жұмысты жалғастыру. Ақпарат Меммүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті Кәсіпорындарды кайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агентігінің филиалы Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2001-2002 ж.ж. барысындй 5. ШКС лизингке жабдықты, техниканы және т.б. беру бойынша жұмысты жандандыру. Ақпарат Аудан(қала) әкімдері Өнеркәсіп, көлік, сауда және коммуникация басқармасы Ауылшаруашылық басқармасы 2001-2002 ж.ж. барысында 6. ШКС, оның ішінде кәсіпкерлерді, отандық, халықаралық көрмелерде, жәрменкелерде қатыстыруды камсыздандыру. Ақпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Стандартизациялау, метрология және сертификациялау Орталығы Сауда-өнеркәсіп палатасы 2001-2002 ж.ж. барысында 7. ШКС үшін іскерлік акпарат іздестіру бойынша жұмысты жалғастыру. Акпарат Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2001-2002 ж.ж. барысында 8. Жастарды және жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлік кызмет негізіне оқытуды жалғастыру. Есеп беру Еңбек қамсыздандыру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы 2001-2002 ж.ж. барысында V. Аймақтық даму 1. Шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау бойынша аймақтық бағдарламаны әзірлеу және бекіту. Аудан (қала) әкімдерінің шешімі Аудандық мәслихаттар 2001 ж. қаңтар-ақпаны 2001 ж. қарашасы 2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша аймақтық бағдарламаны сапалы жүзеге асыруды қамсыздандыру Есеп беру Аудан(қала)әкімдері 2001-2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 3. Аудан, қала әкімияттарының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қызметіне рейтингтік бағаны әр тоқсан сайын БАҚ жариялау. Есеп беру Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Бұқаралық ақпарат құралдары 2001 -2002 ж.ж. әр тоқсан сайын 4. Ақмола облысы кәсіпкерлерінің облыстық Форумы өткізу. Облыс әкімінің шешімі Аудан(қала)әкімдері Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агентігінін Департаменті «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі 2001 ж., 2002 ж. I жартыжылдық барысында 5. Облыстық ең үздік кәсіпкеріне конкурс өткізу. Облыс әкімінің шешімі Экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Аудан(кала)әкімдері 2001 ж., 2002 ж. желтоқсаны 6. Ақмола облысында кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған салалық бағдарламаны жүзеге асыру Есеп беру Облыстык басқармалар және ведомстволар 2001 -2002 ж.ж. әр тоқсан сайын