Об открытии осенне-зимнего охотничьего сезона 2001-2002 года Қолданыста
Басқа 0
2001-2002 жылғы күзгі-қыскы аңшылық маусымды ашу жөнінде
"Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазакстан Республикасынын 1993 жыл 21 қазандағы Заңынын 20 бабына және «Солтүстік Қазақстан облысынын аумағындағы Аңшылык ережелері туралы», халык депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің 1991 жылғы 23 тамыздағы №147 бекітілген шешіміне сәйкес облыс әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аңшылық шаруашылықтарда аңшыларға төмендегілерге аңшылық етуге рұксат берілсін:
2001-жылғы қыркүйектің 1-інен бастап қарашаның 1-іне дейін, сейсенбі және сәрсенбі күндері аңшылық жасауға жабык күндер болып табылады;
2001-жылғы тамыздан 10-нан бастап саңырау құрларға жіберілгенге дейін арнайы бөлінген орындарда, дипломы бар тазылар мен қысқа аяқты спаниели иттерін ауыздандыру және далалык сынықтар өткізуге;
2001-жылғы қарашанын 3-інен 2002-жылғы ақпаннын 15-іне дейін түлкіге, қарсаққа, сілеусінге, қоянға, енот итіне;
казанның 16-сынан асыл тұқымды тазылармен бөлінген учаскелерде;
тамыздың 10-ынан желтоқсанның 31-іне дейін олжа аңшылык бұғыға, елікке, дала шошқасына, кұрға, саңырау құрға (рұқсат бойынша) қарашаның 3-інен бастап;
-аңшылық шаруашылыктардағы әуесқойлык аңшылыкка;
-аңшылык ережесімен бекітілген тәртіпте және мерзімде-кәсіптік аңшылыққа.
Тармақ 2
2. Берілген - 2001-2002 жылғы аңшылық уакытында облыс аумағында дала кұстарын ату нормасы.
Тармақ 3
3. Орман және биоресурстар жөніндегі облыстық басқармасы Аңшылық ережесіне сәйкес: аңшылықты өрістетуді шектеуді, дала жануарларын аулау тәртібін, 2001-2002-жылдарда дала құстарын ату нормасын белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаны қорғау, орман және биоресурс, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне мембақылау жасау басқармалары табиғат қорғау заңдылығының сақталуын бақылау бойынша біріккен іс-әрекет жоспарын жасау міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Облыстық, аудандық газеттердің редакцияларына, облыстық телерадиокомпанияға осы шешімді баспасөзде жариялау, телевизия мен радиодан хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің бірінші орынбасары Қ.Қалиевқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімінің
2001-жылғы «31» шілдегі
№ 42 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Солтүстік Қазақстан аумағындағы 2001-2002-жылға арналған аңшылық маусымда дала құстарын ату НОРМАСЫ
Дала құстарының түрі
Аңшының бір күндік
Аңшының бір маусымдық
Қаздар немесе қараша қаздар
3
9
Үйректер, қасқалдақтар
5
30
Батпақғы жабайы құстар.
5
40
Көгершіндер, бөденелер
8
40
Қояндар
2
8