О региональной Программе функционирования и развития языков в Западно-Казахстанской области на 2001-2002 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы және оны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004
№ 9-4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы және оны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану
мен дамытудың 2001-2002 жылдарға
арналған аймақтық
Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану
мен дамытудың 2001-2002 жылдарға
арналған аймақтық
Бағдарламасы
Атауы:
Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы.
Әзiрлеуге негiздеме:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы N 550 Жарлығымен бекiтiлген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 450 "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" қаулысына сәйкес әзiрленген.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмдерi және кезеңдерi:
1-кезең - 2001 жыл;
2-кезең - 2002 жыл.
Негiзгi әзiрлеушiсi және үйлестiрушiсi:
Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы.
Бағдарламаны қаржыландыру көздерi:
Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету осы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн облыстық, жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тиым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Мақсаты:
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 23-бабына сәйкес мемлекеттiк тiлдi басыңқы бағыттар бойынша дамыту және оның қоғамдық өмiрдегi қолданылу аясын кеңейту, орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметін сақтау және басқа да ұлттық топтардың ана тiлдерiн дамыту.
Мiндеттерi:
Бағдарламада белгiленген мақсатқа қол жеткiзу үшiн төменде көрсетiлген негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру көзделедi:
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның орындалуын қажеттi ғылыми-әдiстемелiк, заттық-техникалық жабдықтармен және кадрлармен қамтамасыз ету;
мемлекеттiк тiлдi басымдықпен дамыту арқылы оның мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде кеңiнен қолданылуына қол жеткiзу;
iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге кезең-кезеңiмен көшiру жөнiнде бұнан бұрын қабылданған кестелердiң орындалуын және оларға толықтырулар енгiзу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттiк тiлдiң iс жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
тiлдi мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында оқыту мен үйрету әдiстемелерiнiң сапасын жақсарту, тiлдердi оқытудың бағдарламалары мен жаңа технологияларын әзiрлеу, оқулықтармен, лингофондық құралдармен, компьютерлермен жабдықтау;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына сәйкес облыс көлемiнде облыстық және жергiлiктi бюджеттiң, ұйымдардың қаржылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалы актiлерiмен тиым салынбаған басқа да көздерi есебінен азаматтарға мемлекеттік тiлдi тегiн оқыту курстарының бірыңғай жүйесiн құру;
облыстағы мемлекеттiк қызметкерлердi мемлекеттiк тiлге жеделдетiп оқыту жұмысын пәрмендiлiкпен жүргiзу және тiл меңгеру деңгейiне қатысты аттестациялауды, ынталандыру шараларын енгiзу;
мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ресми қолданылатын тiл ретiнде орыс тiлiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ету;
этникалық диаспоралар өкiлдерiнiң ана тiлiн оқытуға қолдау көрсету;
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 19, 20, 21-баптарына сәйкес облыс көлемiндегi тарихи-географиялық топономикалық атауларды қалпына келтiру мен деректемелердi және көрнекi ақпаратты тәуелсiз мемлекеттiкке сай безендiру жөнiндегi жұмыстарды аса жауапкершiлiкпен жалғастыру.
Күтiлетiн нәтижелер:
Тiлдердi қолдану мен дамыту жөнiндегi 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру облыс көлемiнде қолданылатын тiлдердiң тәуелсiз мемлекеттiлiкке сәйкестi функционалдық арақатынасына қол жеткiзудi және үйлесiмдi әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құруды көздейді.
Тарау 2. 2. Кiрiспе
2. Кiрiспе
Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңына (1997 жылғы 11 шiлдедегi), Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 өкiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тiл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуірдегi N 450 "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" қаулысына сәйкес әзiрленген.
Бағдарламада мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асырудың басты мақсаты мен мiндеттерi айқындалып, оларды нақты iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Тарау 3. 3. Түйiндi мәселенiң қазiргi кезеңдегi жай-күйiн талдау.
3. Түйiндi мәселенiң қазiргi кезеңдегi жай-күйiн талдау.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заң талаптарын орындау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы" мен осы заңнамаларды iске асыру бойынша қабылданған облыстық iс-шараларды жүзеге асыру жолында облыс көлемiнде тiлдiк дамудың алғы шарттары жасалды. Көптеген мемлекеттiк органдарда меншiк нысанына қарамастан мекемелер мен кәсiпорындарда қазақ тiлiн үйрету курстары ұйымдастырылды. Бiрқатар басқармалар мен комитеттердiң, бөлiмдер мен департаменттердiң, кәсiпорындардың штаттық кестелерiне аудармашылар енгiзiлдi. Негiзiнен осы қызметкерлердiң күшiмен түрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар жүйесiнде облыс әкiмiнiң арнайы шешiмiмен бекiтiлген iс қағаздарын жүргiзудi кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру кестесiн iске асыру жұмысы жалғасын табуда.
Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi жанында "Мақсат" тiлдердi үйрену және аударма орталығы жұмыс iстейдi, N 12 кәсiптiк-техникалық мектепте қазақ тiлiнде iс жүргiзушi, хатшы-референт мамандықтары бойынша кәсiби қызметшiлер даярлануда.
Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзушiлер мен аудармашыларға, қазақ тiлi оқытушыларына тұрақты түрде әдiстемелiк көмек көрсетiлiп тұрады. Бiрнеше мәрте ғылыми-әдiстемелiк мәслихат, семинар-кеңес өткiзiлдi.
Алайда, осыншама жұмыс атқарылғанына қарамастан мемлекеттiк тiлдiң өз мәртебесiнде қолдануды iске асыру әлi де төмен дәрежеде екенiн атап өту керек. Мемлекеттiк қызметкерлер мемлекеттiк тiлге ынтасыз, олардың қатарында қазақ тiлiн жетiк меңгерген мамандар тым аз. Курстардағы оқу сапасы ойдағыдай емес. Кейбiр мемлекеттiк органдарда осы күнге дейiн аудармашы мамандығы штаттық кестеге енгiзiлмеген, соның салдарынан iс қағаздары, үлкендi-кiшiлi жиналыс-кеңестер бiр ғана орыс тiлiнде жүргiзiледi. Орал қаласында, Зеленов, Теректi және Бөрлi аудандарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 тамыздағы N 769 қаулысында атап көрсетiлген мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрде белсендi қолданылуы үшiн басым жағдай жасау қажеттiлiгi қамтамасыз етiлмей отыр. Сол себептi осы Бағдарламаны iске асыру барысындағы басты мiндеттер ретiнде мемлекеттiк тiлдi оқыту мен үйрету сапасын жақсарту, кадрларды аттестациялау, мемлекеттiк қызметке орналасуға тiлек бiлдiрген талапкерлердiң қазақ тiлiнде iс жүргiзу қабiлетiн сынаудан өткiзудi, iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге кезең-кезеңiмен көшiру кестесiнiң орындалуы жөнiнде басшылардың есептерiн тыңдауды iс жүзiне енгiзудiң нақты iс-шаралары белгiлендi.
Облыста мемлекеттiк тiлде орта бiлiм беретiн оқу орындарының қатары жылдан-жылға ұлғая түсуде, барлық 516 мектептiң 311-де оқу таза қазақ тiлiнде жүргiзiледi. 2000-2001 оқу жылында ұлты қазақ оқушыларының 73,9 пайызы ана тiлiндегi оқумен қамтылған. Сонымен бірге қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң саны бiртiндеп өскенiмен олардың аудандар бойынша бөлiнуi бiркелкi емес. Зеленов ауданында 65 мектептiң 12-i, Тасқала ауданында 32 мектептiң 19-ы, Бөрлi ауданында 39 мектептiң 6-ы, Теректi ауданында 56 мектептiң 26-ы, Орал қаласында 49 мектептiң 12-i ғана қазақ мектептерi. Бұл аудандар мен Орал қаласында ұлты қазақ оқушыларының мемлекеттiк тiлдегi оқумен қамтылуы облыстық деңгейден едәуiр төмен.
Облыс көлемiнде мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны да толымды емес. Небәрi 51 балабақшада 974 ғана бөбек тәрбиеленедi. Мұның өзi ана тiлiн неғұрлым жедел қабылдауға бейiм жас өркеннiң басым көпшiлiгiнiң тiлдiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалғандығын көрсетедi.
Мемлекеттiк тiлде бiлiм беру сабақтастығын қамтамасыз ету iсi де өзектi мәселе болып отыр. Орта кәсiптiк-техникалық мектептерде 45 мамандықтың 27-iн, арнаулы орта және жоғары оқу орындарындағы 137 мамандықтың 84-iн оқыту мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi. Жалпы алғанда 2000 жылы барлық студенттердiң 27,4 пайызы ғана қазақ тiлiндегi дәрiспен қамтылды.
Мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асырудағы маңызды iстiң бiрi облыс орталығындағы тарихи атауларды қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су атаулары мен басқа да атауларды грамматикалық ұстындарға сәйкестендiру қажеттiгi. Елiмiз тәуелсiздiкке ие болған жылдар iшiнде 3 ауданның, 15-елдi мекеннiң, 11-мектептiң және бiрнеше мәдениет мекемелерiнiң атаулары өзгертiлдi.
Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттiк тiлдi дамытуда бiршама жұмыс атқарылып келедi. Облыстағы 15 телерадиоарнасының басым көпшiлiгi екi тiлде хабар таратуда.
Мемлекеттiк басқару органдар жүйесiнде, қаржы және банк салаларында, әскери комиссариат пен құрамаларда ресми қолданылатын орыс тiлiнiң тұрғысы күшті. Оның бұқаралық ақпарат құралдарындағы жетекшi тiл болуы сақталуда. Мәселен, облыста 17 газет қазақ тiлiнде, 28 газет орыс тiлiнде басылып шығуда.
Облыс аумағында тұрып жатқан диаспоралар үшiн жексенбiлiк мектептер жұмыс iстейдi. Оларда татар, кәрiс, шешен, еврей тiлдерi оқытылуда.
Тiлдiк дамудың басым бағыттары мен бағдарламаны iске асырудың тетiктерi.
Тiлдiк дамудың басым бағыттары Бағдарламаның жоғарыда аталған мақсаты мен мiндеттерi тұрғысында қалыптасады.
1-басымдық - нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.
Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңының 23-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сай бiлудi қажет ететiн кәсiптiк мамандықтар және лауазымдар тiзбесi туралы, сондай-ақ, тiл заңының негiзгi ережелерiн бұзғаны үшiн санкциялар жүйесi, аудармашылық қызметтi реттеу тетiктерi жөнiнде қабылданатын Қазақстан Республикасы заңдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
2-басымдық - Мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiнде, құқық қорғау органдарында, iс-қағаздары салаларында дамыту.
Бұл мақсатта мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк органдарда қолданылу аясын кеңейту iсiн одан әрi пәрмендiлiкпен жүргiзу, қазақ тiлi курстарының жұмысын жақсарту, мемлекеттік органдарда құжаттамаларды тiкелей мемлекеттiк тiлде жасауға кезең-кезеңiмен көшiру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметкерлердiң әрбiр санаты үшiн мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде бiлуiн талап ету қажет. Шетелдiк компаниялармен қарым-қатынаста және тағы басқа да ресми халықаралық кездесулерде мемлекеттiк тiл тәуелсiз ел атрибуттарының бiрi ретiнде қолданылуы керек.
3-басымдық - бiлiм беру және тiлдердi оқыту салаларындағы тiлдiк даму.
Қазiргi уақытта бұл саладағы негiзгi назар жеткiлiктi көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтайлы әрi тиiмдi жолы болып табылатын әр түрлi оқу орындары мен тәрбие мекемелерiне аударылуы қажет. Осыған сәйкес қазақ тiлiнде тәлiм-тәрбие беретiн мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, таза қазақ мектептерiнiң санын көбейту жөнiнде мүмкiн болатын барлық шараларды қолдану керек. Бұл жерде маңызды көкейтестi мәселелердiң бiрi оқушыларды отандық оқулықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тiлдi оқытудың саны мен сапасына көңiл бөлу, қазақ тiлiнде оқытылатын түрлi мамандықтар қатарын жоспарлы түрде кеңейту, мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқытуға арналған курстарды меншiк нысанына қарамастан барлық мекемелер мен кәсiпорындарға енгiзу, жексенбiлiк мектептерге қолдау көрсетiп, таңдаулыларының тәжiрибесiн жинақтау және тарату қажет.
4-басымдық: тiлдiк дамуды ғылыми қамтамасыз ету.
Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiнде қолданылуын қамтамасыз ету жолында оның лексикалық және семантикалық тынысының мүмкiндiктерiн жан-жақты көрсететiн ғылыми-тәжiрибелiк мәслихаттар, тiл сабақтастығына байланысты тақырыптар қамтылған семинар-кеңестер өткiзудiң маңызы зор. Сонымен бірге қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң грамматикалық нормаларының бiрiздiлiгiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында орфографиялық кеңес құру мүмкiндiгiн көздеу қажет. Қазақ тiлiндегi ғылыми шығармашылықты одан әрi дамытқан жөн.
5-басымдық: Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларында тiлдiк даму.
Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық iрi көрiнiстi шараларға назар аудару, әсiресе, сазды бағдарламалар, әдеби кештер, ақындар айтысын, мүшәйра, тiл байқауларын, мемлекеттiлiктi, отаншылдықты, адамгершiлiк қасиеттердi насихаттайтын түрлi тақырыптық-танымдық теле-радио хабарларын ұйымдастырған жөн.
Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясының халыққа қызмет көрсету салаларында, денсаулық сақтау, байланыс, көлiк, сауда, электр-жылу қуатымен, газбен, сумен қамту орындарында, банктердiң есеп-кассалық бөлiмдерiнде кеңейтiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал жасау қажет. Бұл үшiн мамандандырылған оқу орындарында жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк-техникалық мектептерде тиiстi мамандар даярлауды ұлғайту керек.
Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарламаны жүзеге асырудың тетiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 450 "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002 жылдарға арналған iс-шаралардың жоспары туралы" қаулысы негiзiнде әзiрленiп, осы Бағдарламаға енгiзiлген тақылеттес облыстық iс-шаралар жүйесiн жыл сайын кезең-кезеңiмен орындау болып табылады
Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаның 2001-2002 жылдарға арналған iс-шараларын iске асыруға қажеттi қаражат жыл сайын облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң есебінен және тиiстi мекемелер мен ұйымдарға оларға облыстық бюджеттен көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тиым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асыру облыс аумағында: қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiнде қолданылуын қоғамдық қатынастардың барлық салаларында жүзеге асыруды;
орыс тiлiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк берген негiзгi функцияларын толық көлемде сақтауды және облыстағы өзге де ұлттардың тiлдерiн дамытуға қолдау көрсетудi қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген нақты iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi.
Басқа 5. Тiлдердi қолдану мен дамытудың аймақтық
бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002
жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
Тiлдердi қолдану мен дамытудың аймақтық
бағдарламасын iске асыру жөнiнде 2001-2002
жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
р/с
Жұмыстың мазмұны
Орындалу мерзiмi
Орындау үшiн жауаптылар
1
2
3
4
Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету
1
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңның 23-бабын iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленетiн мемлекеттік тiлдi бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдар тiзбесiне сәйкес мемлекеттiк орындардағы, меншiк нысанына қарамастан қоғамдық ұйымдардағы, мекемелердегi, кәсiпорындардағы мамандардың осы нормативтiк талап дәрежесiнде болуын қамтамасыз ету
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңның 23-бабын іске асыру жөніндегі заңның қабылдануы мерзіміне орай
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуеметтік қорғау, мемлекеттiк қызмет істері, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, қалалық, аудандық әкімдер
2
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған облыстық бағдарлама жобасын әзiрлеу
2002 жылдың 3-тоқсан
ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
Мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдегi қолданысын кеңейту және өзге ұлт-топтарының тiлдерiн дамыту.
1.
"Батыс Қазақстан облысында мемлекеттiк және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешендi бағдарламасының" (облыс әкiмiнiң 15.09.1998 ж. N 139 шешiмiмен бекiтiлген) орындалуы туралы мәселенi облыс әкiмi аппаратының Кеңесiнде талқылау
2001 ж. 2-тоқсан
Облыс әкімінің аппараты, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2.
Мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық саласында қолдану аясын кеңейту жұмысын одан әрi жалғастыру және оның мемлекеттiк мекемелермен қатар меншiк нысанына қарамастан басқа да ұйымдар мен кәсiпорындарында iс-қағаздарын жүргiзу, қарым-қатынас құралы ретiнде пайдаланылуын қамтамасыз ету, iс-қағаздарының мемлекеттiк тiлдегi үлгiлерiн (компьютерлiк шаблондарын әзiрлеудi ұйымдастыру)
үнемі
Облыстық, Орал қалалық және аудандық әкімшіліктер, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
3.
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 32 шешiмiмен бекiтiлген "Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарда iс-қағаздарын жүргiзудi кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тiлге көшiру кестесiнiң орындалуын қатаң бақылауға алу
үнемі
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала, қоғамдық-саяси даму бөлімі, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
4.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 8 қаңтардағы "Тiл туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 16 қаулысына сәйкес облыс мекемелерi, жергiлiктi басқару және мемлекеттiк орындардың басшыларының Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заң қағидаларын орындау жауапкершiлiгiн арттыру және бұл бағытта олардың есептерiн облыс әкiмi аппаратының Кеңесiнде, облыстық мәслихат сессияларында тыңдауды ұйымдастыру
Кеңестер мен сессияларды өткізу жоспары бойынша
Облыс әкімінің аппараты, облыстық мәслихат, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
5.
Iс-қағаздары бұрыннан мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнiбек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандарымен қатар соңғы жылдары мемлекеттiк тiлге көшкен Тасқала, Шыңғырлау, Бөрлi аудандарында мемлекеттiк тiлдi қолдануда ерекше тәртiп енгiзу:
облыстың қандайма мекемесiмен болмасын құжат алмасуды;
барлық iс-қағаздарымен қатар қаржы есеп мәлiметтерiн;
үлкендi-кiшiлi ресми мәжiлiстердi (сессия, кеңес, алқа, кездесу отырыстары) бiр ғана мемлекеттiк тiлде жүргiзу және өткiзу;
олардың өкiлдерiнiң облыстық жиналыс-кеңестерде, мәслихат сессияларында қазақ тiлiнде сөйлеуiн қалыптастыру
2001 жылдың 2-тоқсанынан бастап
Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының әкімдері
6.
Облыстық, қалалық, аудандық, ресми iс-шаралар, алқа мәжiлiстерi, кеңестер өткiзiлетiн ғимараттар залдарын iлеспе аударма құралдарымен жабдықтау және оларды жан-жақты даярлығы бар аудармашы мамандармен қамтамасыз ету
2002 жылға дейін
Облыстық, қалалық аудандық әкімшіліктер, облыстық мәслихат
7.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 4-бабының талабына сәйкес облыстық басқармалар мен департаменттердегi, комитеттердегi, сондай-ақ орыс тiлдi орта басым Орал қаласы мен Зеленов, Теректі, және Бөрлі аудандарындағы мекемелердегi мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi еркiн және жетiк меңгеруiне қажеттi жағдай жасау жұмысын одан әрi жалғастыру. Осы мақсатта:
256 сағаттық бағдарлама бойынша мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп оқыту курстарын ұйымдастыру (жеке жоспар бойынша);
Орал қалалық, Зеленов, Теректi, Бөрлi аудандық әкiмшiлiктерiнде, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында заттық- техникалық оқу құралдарымен жабдықталған тiл үйретудiң әдiстемелiк бөлмелерiн ашу
2001 жылы
Облыстық мекемелер басшылары, ақпарат және қоғамдық келісім, мемлекеттік қызмет істері, білім басқармалары, Орал қалалық,Зеленов, Теректi, Бөрлi аудандық әкімшіліктері
8.
Мемлекеттiк қызметке орналасуға тiлек бiлдiрген талапкерлердi мемлекеттiк тiлде жетiк сөйлеп, жаза бiлу, iс-қағаздарын қазақ тiлiнде жүргiзу қабiлетiн тестiлiк әдiспен сынаудан өткiзу және жыл сайын барлық мемлекеттiк қызметкерлердi ұлтына қарамай, мемлекеттiк тiлдi қай деңгейде меңгергендiгiн анықтау мақсатында аттестациялауды енгiзу жөнiнде ұсыныстар дайындау
2001 жылдан бастап
Облыстық мемлекеттік қызмет істері, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары
9.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 12-бабын iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлеу
2001 жылғы 3-тоқсан
Облыстық комиссариат, ішкі істер басқармасы, прокуратура, сот (келісім бойынша)
10.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 8-бабының екiншi бөлiгiндегi мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады деген қағидатты жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан қоғамдық ұйымдар мен кәсiпорындарда және олардың құрылымдарында мемлекеттiк тiлдi үйрену курстарының жұмысын жетiлдiру, олардағы iс-қағаздарын жүргiзетiн және ресми құжаттар әзiрлейтiн мамандардың мемлекеттiк тiлдi бiлуiн кәсiби бiлiктiлiк талаптары қатарына жатқызу
үнемі
Барлық меншік
түріндегі
мекемелер мен
ұйымдардың,
кәсіпорындардың
басшылары
11.
Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн халықаралық деңгейде танытып, орнықтыру жолында шетелдiк компаниялармен, фирмалармен келiсiм-шарттардың, конвенциялар мен хаттамалардың мәтiндерiнiң конституциялық нормаға сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiлде жазылуын қамтамасыз ету
үнемі
Облыстық, қалалық,
аудандық
әкімшіліктер,
әділет органдары,
барлық меншік
түріндегі
кәсіпорындар мен
ұйымдар
12.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес облыстық және жергiлiктi атқарушы, сондай-ақ өкiлдi органдардан, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардан тiл туралы заңдылықтардың дәл, әрi бiркелкi қолданылуына қадағалау жасауды күшейту, осы саладағы кез-келген заң бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде заңды шаралар алу ұсынылады
үнемі
Облыстық, қалалық
және аудандық
прокуратура
органдары
(келісім бойынша)
13.
Орал қаласы мен аудандар және шаруашылықтар орталықтарындағы көрнекi ақпарат мәтiндерiнiң "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 19-21- баптарының талаптарына сәйкес орналастырылуын және мемлекеттiк тiлде сауатты жазылуын, сондай-ақ, жергiлiктi жерлердегi топономикалық атауларды ретке келтiрудi, тұрмыстық қызмет көрсету мен байланыс салаларында, көлiктiң барлық түрлерiнде, (автожол, темiржол, әуежол қатынастары), денсаулық сақтау, сауда-саттық орындарында, "Оралэнерго" "Жайықжылуэнерго", "Оралоблгаз" акционерлiк қоғамдарында, облыстық "Су арнасы" басқармасы мен "Телекомуникация" дирекциясында және олардың құрылымдарында анықтамалық- ақпараттық қызметтi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiлде ұйымдастыруды қамтамасыз ету
үнемі
Орал қалалық,
аудандық
әкімшіліктер,
автожол,
теміржол,
әуежолы
қатынастары, денсаулық сақтау,
сауда-саттық
орындарының,
"Оралэнерго", "Жайықжылуэнерго",
"Оралоблгаз" АҚ,
"Су арнасы",
"Телекомуникация"
дирекциясы
басшылары
14.
Облыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң және елдi мекендер мен жер-су атауларын жинақтау, зерделеу арқылы "Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендер аталымдарының анықтамалығын;
жер-су аттарының сөздiгiн; әкiмшiлiк-аумақтық картасын мемлекеттiк тiлде даярлау жөнiнде сарапшы комиссия құру және шығару
2001 жылдың
3-тоқсаны
2002 жылдың
2-тоқсаны
Облыстық, қалалық,
аудандық
әкімшіліктер,
облыстық қаржы,
ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармалары,
Батыс Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
ректораты,
жер ресурстарын басқару комитеті
15.
Мемлекеттiк тiлдi меңгерген өзге ұлт өкiлдерiн ынталандыру шараларын қарастыру және оларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баршаға насихаттау, ұлттық топтар жинақы орналасқан жерлерде олардың тiлдерiн дамытуға, жексенбiлiк мектептерге жәрдемдесу, ұлттық мәдени орталықтардың, қоғамдық бірлестiктердiң ортақ мақсатқа қол жеткiзу жолындағы қызметiн қолдау
үнемі
Ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы,
қазақстан халықтары
Кіші ассамблеясының
атқарушы хатшылығы,
мекемелер мен
кәсіпорындар
басшылары,
бұқаралық ақпарат
құралдары
Тiл бiлiм беру, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында
1.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, соның iшiнде таза қазақ балабақшаларының қатарын көбейту, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерi негiзiнде бөбектерге тiл сындыртып, сөз байлығын молайтуды, ұлттық сана-сезiм қалыптастыру, ұлттық ойындар, ән-күй арқылы тәлiм-тәрбие жұмыстарын сапалы жүргiзудi, тәрбиешiлердi әдiстемелiк оқу құралдарымен, суреттi кiтапшалармен, қазiргi кезеңнiң талабына сай компьютерлiк-ойындық дискеттермен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау
үнемі
Облыстық білім,
қаржы басқармалары, жергілікті атқарушы
органдар
2.
Диаспоралар өкiлдерiн ұлт тiлдерiнде мектепке дейiн тәрбие беру және оқытумен қамтамасыз ету шараларын қабылдау
үнемі
Жергілікті атқарушы
органдар
3.
Тұрғындар саны аз елдi-мекендердегi шағын бастауыш мектептерде екiншi-үшiншi, тiптi төртiншi сыныптағы қазақ балаларын қосып оқытқандықтан базистiк оқу жоспарында белгiленген бiлiм көлемiн толық әрi сапалы үлгерту мүмкiн емес. Сондықтан да орта мектептер жанынан интернаттар ашып, шағын бастауыш мектептердегi балаларды сонда жинап, оқытып, мемлекеттiк стандартқа сай терең бiлiм берудi қалыптастыру
2001-2002 оқу
жылынан бастап
Облыстық білім
басқармасы,
аудандық
әкімшіліктер
4.
Жетiм және ата-ана қамкорлығынсыз қалған балаларды қазақ тiлiнде оқытатын тәлiм-тәрбие беру жүйесiмен қамту
үнемі
Облыстық білім
басқармасы,
"Балдырған" балалар
қоры, жергілікті
атқарушы органдар
5.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 23-бабының 2-тармағында "... Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын көздейдi"... деп атап көрсетiлгенiндей, Орал қаласында, Бөрлi, Зеленов және Теректi аудандарында таза қазақ мектептерiн ашу жұмысын одан әрі жалғастыру, жалпы бiлiм беретiн мектептерде қазақ тiлi мен әдебиетiн оқыту сапасын жақсарту, ана тiлiн нашар бiлетiн ұлты қазақ оқушылар мен студенттер үшiн қосымша, факультативтiк сабақтар ұйымдастыру және мектептердiң, орта арнаулы және жоғары оқу орындары басшыларына олардың оқу кезеңiнде мемлекеттiк тiлдi меңгерiп шығу жауапкершiлiгiн жүктеу
үнемі
Облыстық білім
басқармасы, Орал
қаласының, Бөрлі,
Зеленов және
Теректі аудандарының
әкімдері, барлық
меншік түріндегі
арнаулы орта және
жоғары оқу
орындарының
басшылары
6.
Жоғары және орта кәсiби оқу орындарында қазақ тiлiнде оқытатын бөлiмдердiң және оқытылатын пәндердiң санын көбейту жөнiнде шаралар қабылдау
жыл сайын
Облыстық білім
басқармасы,
жоғары және арнаулы
орта оқу орындары
7.
Аралас мектептердегi қазақ сыныптары оқушыларының барлық пәндерден бiлiм сапасын, орыс сыныптарында қазақ тiлi пәнiнен сабақ беретiн мұғалiмдердiң сапалық құрамын қадағалайтын тәуелсiз қоғамдық комиссия құру
2001 жылғы
1-тоқсан
Ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы,
облыстық
"Қазақ тілі" қоғамы
және оның жергілікті
ұйымдары
8.
Жалпы бiлiм беретiн қазақ мектептерiнде, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес арнаулы орта және жоғары оқу орындарының қазақ бөлiмдерiнде дене тәрбиесi мен әскери даярлық пәндерiн жүргiзудi мемлекеттiк тiлде ұйымдастыру
2001-2002 жылдар
Облыстық білім
басқармасы, арнаулы
орта және жоғары оқу орындарының
басшылары
9.
Облыстық бiлiм басқармасында мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен жалпы бiлiм беру, кәсiптiк-техникалық мектептердiң, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының мемлекеттiк тiлде тәлiм-тәрбие жұмысын үйлестiру жөнiнде сектор құру
2001 жылы
Облыстық білім,
қаржы басқармалары
10.
Жалпы бiлiм беретiн мектептер негiзiнде оралмандарды қазiргi қазақ әлiпбиiне үйретудi ұйымдастыру
үнемі
Облыстық білім,
көші-қон және
демография
басқармалары
11.
Облыс көлемiнде оқу үрдiсi қазақ тiлiнде жүргiзiлетiн жалпы бiлiм беру мен арнаулы орта бiлiмдi мемлекеттiк тiлде мамандар даярлайтын кәсiптiк- техникалық мектептердi және колледждердi сапалы оқулықтармен және қазақ тiлiндегi мерзiмдi басылымдарға жазылуын қаржылық қамтамасыз ету, сондай-ақ лингофондық кабинеттермен, компьютерлермен жабдықтау жұмысын ыждағаттылықпен жалғастыру
Жыл сайын
Облыстық білім,
қаржы басқармалары,
Орал қаласы мен
аудандар әкімдері
12.
Қазақ халқының болашаққа меңзейтiн тарихы, ел шежiресi, ата қоныс, туған жер, ұлттық өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып бастауларын қазiргi кезеңнiң өркениеттiлiк талаптарымен тығыз ұштастыра отырып, мемлекеттiк тiлдi дамыту.
Бұл жолда:
Дәулеткерей атындағы өнер институты жанынан зергерлiк бұйымдар, ұлттық-саздық аспаптар, үй жиһаздарын жасап шығаратын ұлттық қолөнер орталығын ұйымдастыру;
2001 жылдың
1-тоқсаны
Облыстық мәдениет
басқармасы,
Батыс
Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
ректораты,
өнер
институтының
дирекциясы
облыстық халық шығармашылығы орталығында дәстүрлi үйлену тойы, қонақ күту дәстүрі, торқалы той, балабақшалар мен мектептер салтанаттарын, студенттiкке қабылдау өткiзу шараларын үйрететiн арнайы ұлттық салт-дәстүр тобын құру;
2001 жылдың
4-тоқсаны
Облыстық мәдениет
басқармасы,
халық
шығармашылығы
орталығы, "Қазақ тілі" қоғамы
Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң филология факультетi жанынан шешендiк және айтыс өнерiне баулу мектебiн ашу;
2001-2002 оқу
жылы
БҚМУ, облыстық
мәдениет
басқармасы
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кiтапханасымен оның құрылымдарында жергiлiктi ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы кездесулер, тiл мәселесiне арналған тақырыптық кештер ұйымдастыру
жыл сайын
Ж. Молдағалиев
атындағы облыстық
ғылыми-әмбебап
кітапхана
13.
Кiтапханаларды және Орал қаласында ашылатын "Атамұра" корпорациясының кiтап үйiн оқулықтармен, әдiстемелiк оқу құралдарымен, қазақ және облысты мекендеген басқа да ұлт тiлдерiндегi әдебиеттермен толықтыруды жүйелi қамтамасыз ету
үнемі
Облыстық ақпарат
және қоғамдық
келісім, мәдениет,
білім басқармалары
14.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңның 18-бабына сәйкес барлық меншiк нысанындағы радио және телеарналары арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi хабарлардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауын қамтамасыз ету
үнемі
Ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы,
мемлекеттік және
мемлекеттік емес
телерадио
арналарының
басшылары
15.
Облыстық телерадиокомпаниясының теледидары мен радио арналары арқылы мемлекеттiк тiлдi жаппай оқытуға арналған "Қазақ тiлiн үйренейiк" бағдарламасын эфирге жүйелi түрде шығару
2001 жылдан
аптасына екі рет
Облыстық
телерадиокомпаниясы
16.
Облыстық "Орал өңiрi", "Приуралье", қалалық "Жайық аудандық үнi", "Пульс" және газеттерде тiлдердi, соның iшiнде қазақ тiлiн қолдану мен дамытудың өзектi мәселелерi жөнiнде материалдар жариялауды, телерадио арналарында мемлекеттiк тiлдi меңгеруге қатысты телеойындар, телевикториналар, "Тiкелей эфир","Дөңгелек үстел", "Дұрыс сөйлеп, жаза білейiк", "Сөз сыры" т.б. тақырып- тарындағы хабарлар ұйымдастыруды жалғастыру
үнемі
Облыстық, қалалық,
аудандық бұқаралық ақпарат
құралдарының
басшылары
16.
"Ана тiлiмiзге-ақ жол" республикалық телемарофонын аудандық өткiзуге қатысу
2002 жылдың
3-тоқсаны
Облыстық, қалалық,
әкімшіліктер, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, телерадио компаниясы
Тiлдi ұйымдастыру-әдiстемелiк, насихаттық және қаржылық жағынан қолдау
1.
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрленген осы облыстық бағдарламаны және оны iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары мен 2002 жылғы қаржыландыру сметасын, аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесiнiң құрамын облыстық мәслихат сессиясында бекiтудi және орындаушыларға жолдауды ұйымдастыру
2001 жылдың
3-тоқсаны
Облыс әкімшілігі,
облыстық мәслихат,
ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы
2.
Орал, Ақсай қалаларында және Переметный мен Федоров поселкелерiнде мемлекеттiк тiлдi оқытып-үйрету және оны iс- қағаздарын жүргiзуде кеңiнен қолдану тақырыбында көшпелi әдiстемелiк семинар-кеңестер өткiзу
2001 жылғы
1-тоқсанда
Ақпарат және
қоғамдық келісім,
қаржы басқармалары,
Орал қалалық,
Бөрлі, Зеленов,
Теректі аудандарының
әкімшіліктері,
БҚМУ жанындағы "Мақсат" тіл үйрету және аударма орталығы
3.
Мемлекеттiк тiлдi үйрету мен халықтардың салт-дәстүрлерiн облыс орталығында нәтижелi жүргiзу жолында Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi жанындағы "Мақсат" тiл үйрету және аударма орталығын Орал қаласы әкiмшiлiгiнiң "Мақсат" тiл үйрету және салт-дәстүрлер орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны етiп қайта құру
2001-2002 ж. ж.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты, Орал қаласының әкімшілігі, мәдениет бөлімі, білім және қаржы басқармалары
4.
Оқушы жастар арасында ұлттық санасезiмдi, намысты ояту, ұлттық ойындар арқылы тәрбие жұмыстарын жүргiзу, мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында барлық жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк-техникалық мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында "Жас ұлан" жастар ұйымын құруды ұйымдастыру
2001-2002
жылдары
Ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы,
"Жайық жастары"
облыстық бірлестігі
5.
Барша ата-аналарға ұлттың болашағы- ертеңгi ұрпақтың бүгiнгi тағдыры өз қолдарында екенiн түсiндiре отырып, бала-бақшалардың мектепке даярлық тобындағы жас жеткiншектер мен аралас және орыс мектептерiнде оқитын оқушыларды қазақ мектебiнен бiлiм алуға тарту жұмысын жүргiзу
үнемі
Облыстық "Қазақ
тілі" қоғамы және
оның жергілікті
жерлердегі
ұйымдары, "Жайық
жастары" бірлестігі
6.
Қазақстан Республикасы халықтарының тiлдерi күнiне арналып жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық фестиваль шеңберiнде жергiлiктi ақындар мүшәйраларын, тақырыптық кештер, көркемсөз оқу шеберлерiнiң, мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақтан басқа ұлт өкiлдерiнiң тiл бiлiктiлiгi байқауларын өткiзу (жеке жоспар бойынша)
жыл сайын
Ақпарат және
қоғамдық келісім,
мәдениет, қаржы
басқармалары,
"Қазақ тілі" қоғамы
Орал қалалық,
аудандық
әкімшіліктер
7.
Облыстық мемлекеттiк қызметкерлер арасында "Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк тiлмен" байқауын ұйымдастыру
2001 жылғы
2-3 тоқсан
Облыстық ақпарат
және қоғамдық
келісім, мемлекеттік
қызмет істері, мәдениет басқармалары
8.
Орыс тiлдi орта басым Бөрлi, Зеленов, Теректi аудандары әкiмшiлiктерiнде және облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында қазiргi кезеңнiң талабына сай заттай-техникалық жабдықпен қамтылған арнайы қазақ тiлi әдiстемелiгi бөлмелерiн ұйымдастыру үшiн компьютерлер мен электронды оқу құралдарын ("Ресми iс-қағаздары-қазақ тiлiнде", "Тiлашар", "Қазақша сұхбат" бейнежазба дискеттерiн) және "Ксеркс" аппаратын сатып алу
2001 жылғы
2-тоқсан
Облыстық қаржы,
ақпарат және
қоғамдық келісім,
мәдениет
басқармалары, Бөрлі,
Зеленов, Теректі
аудандарының
әкімдері
9.
Кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында мемлекеттiк тiлде бiлiм беру сабақтастығын қамтамасыз ету мен ұлттық кадрлар даярлаудың көкейтестi мәселелерi тақырыбында облыстық ғылыми-тәжiрибелiк мәслихат өткiзу
2002 жылдың
3-тоқсаны
Облыс әкімшілігі,
ақпарат және
қоғамдық келісім,
білім басқармалары,
барлық деңгейдегі
оқу орындарының
басшылары
10.
Жалпы орта бiлiм беру мен кәсiптiк-техникалық мектептерде және ұлттық-мәдени орталықтарында ұлттық тiлдердi (орыс, кәрiс, немiс, татар, түрiк, еврей, шешен, ағылшын және т.б. тiлдердi) оқыту жағдайын зерделей отырып, оларды әдiстемелiк-оқу құралдарымен қамтамасыз ету және мұғалiмдер бiлiктiлiгiн жетiлдiру мәселелерiне материалдық қолдау көрсету
жыл сайын
Ақпарат және
қоғамдық келісім,
білім, қаржы
басқармалары,
Қазақстан халықтары
Кіші Ассамблеясының
атқарушы хатшылығы
11.
Тiлдердi оқытудың жаңа технологиясы мен озық тәжiрибесiн қорытып, мемлекеттiк тiлдi оқытудың бiр iзге түскен, жүйеленген, ересектерге арналған бағдарламасын құру және курстар оқытушыларына арналған "Қазақ тiлiн жеделдетіп оқыту курсы" оқулығын және тағы басқа әдiстемелiк оқу құралдарын дайындау және басып шығару
2002 жылдың
1-тоқсаны
БҚМУ жанындағы
"Мақсат" тіл үйрету
және аударма
орталығы, ақпарат
және қоғамдық
келісім, қаржы
басқармалары
12.
Қазақ тiлi оқытушыларының, аудармашылардың, iс-қағаздарын жүргiзушiлердiң тiлдiк бiлiктiлiгiн ар ттыру жөнiндегi курстар жұмысын жетiлдiру, тыңдаушыларды жаңа технологияға негiзделген әдiстемелiк оқу құралдарымен оқыту
үнемі
"Мақсат" тіл үйрету
және аударма
орталығы, ақпарат
және қоғамдық
келісім басқармасы
13.
Қызмет барысында жиi қолданылатын iс-қағаздарының, түрлi құжаттардың қазақ тiлiндегi үлгiлерiн қалыптастырып, баспалық әдiспен анықтамалық жинақ шығару
2002 жылдың
2-тоқсаны
Ақпарат және
қоғамдық келісім,
қаржы басқармалары
14.
Облыс көлемiнде тiлдердi дамыту мәселелерi жөнiнде әлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi жалғастыру және тiлдiк ахуал туралы мәлiметтер жинақтау
үнемі
Ақпарат және
қоғамдық келісім
басқармасы
15.
Ресей Федерациясының облыс аумағымен шектес облыстарындағы қазақ диаспорасымен тығыз байланыс жасау, олардың қазақ тiлiндегi оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк құралдарымен, көркем әдебиетпен қамтылуына жәрдемдесу
үнемі
Ақпарат және
қоғамдық келісім,
мәдениет, көші-қон
және демография,
қаржы басқармалары
16.
Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң 10-жылдығына орай республика бойынша жарияланылған "Жаңа ғасыр жарнамасы-2001" байқауының Ережесiне сәйкес көрнекi ақпаратты жайлаған шетелдiк тауарларды шетел тiлдерiнде насихаттаған көрiнiстер мен жазудан тазарта отырып, Орал қаласы мен аудандардың орталық- тарындағы алаңдарға және көшелерге қазақ тiлiнiң байлығын танытатын, мемлекеттiктi, тәуелсiздiктi нығайту саясатын көрсететiн, отандық өнiмдер мен салт-дәстүрлердi жарнамалаған, мәтiн мемлекеттiк тiлде сауатты жазылған стендiлер мен тақталар, билбордтар жасап орналастыру
2001 жылдың
3-тоқсаны
Орал қаласының,
аудандардың
әкімдері, "Қалалық
жарнама" мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
17.
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заң мен мемлекеттiк бағдарламаның және осы облыстық бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға арналған нысаналы қаржы қаражаттарын облыстық бюджеттiң жобасында жыл сайын қарастырып отыру
жыл сайын
Облыстық әкімшілік,
облыстық мәслихат,
облыстық қаржы
басқармасы
Басқа 6. "Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын" жүзеге асыру жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң құрамы
"Батыс Қазақстан облысында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын" жүзеге асыру жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң құрамы
1. Өтемiсов Шавхат
Әнесұлы
- облыс әкiмiнiң орынбасары, Кеңестiң төрағасы
2. Қарағойшин Қалиолла
Шағиұлы
- облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары
3. Ахметов Қабдығали
Ахметұлы
- облыстық әдiлет басқармасының бастығы
4. Дамитов Базар
Ғабдешұлы
- Батыс Қазақстан гуманитарлық университетiнiң ректоры (келiсiм бойынша)
5. Ғұбашев Асланбек
Зинатұлы
- облыстық телерадиокомпаниясының бастығы
6. Дүйсентегi Сайран
Темiрғалиұлы
- облыс әкiмi аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық-саяси даму бөлiмiнiң бас маманы
7. Жексенғалиев Болат
Өтеғалиұлы
- БҚМУ жанындағы "Мақсат" тiл үйрету және аударма орталығының жетекшiсi
8. Қайырғалиев Мәжит
Қайырғалиұлы
- облыстық "Орал өңiрi" газетiнiң редакторы
9. Қасымбеков Ермек
Қасымбекұлы
- облыстық бiлiм басқармасының бастығы
10. Құрманалина Шалқыма
Хайроллақызы
- Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педколледжiнiң директоры
11. Кульпин Сергей
Павлович
- облыстық "Приуралье" газетiнiң редакторы
12. Мұхамбетов Мырзағали
Әбілқасымұлы
- Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының атқарушы хатшылығының жетекшiсi
13. Хамитов Асқар
Шәңгерейұлы
- облыстық қаржы басқармасының бастығы
14. Шамшаева Ғалинұр
Ғалымқызы
- облыстық мәслихат хатшысы
15. Шарабасов Серiкқали
Ғабдешұлы
- БҚМУ-дiң профессоры, облыстық "Қазақ тiлi" қоғамының төрағасы
Басқа 7. Облыста мемлекеттiк тiлдi және өзге де ұлт тiлдерiн дамытудың 2002 жылға арналған iс-шараларын оның нақты тарамдары бойынша қаржыландыру жөнiндегi шығындар сметалары
Облыста мемлекеттiк тiлдi және өзге де ұлт тiлдерiн дамытудың 2002 жылға арналған iс-шараларын оның нақты тарамдары бойынша қаржыландыру жөнiндегi шығындар сметалары
1-тоқсан
Мемлекеттiк тiлдi жеделдетiп үйрету және басқа да ұлт тiлдерiн оқыту үшiн оқулықтар, оқу қүралдарын және үлгiлi бағдарламалар әзiрлеп шығару және сатып алу:
1. БҚМУ баспаханасынан "Қазақ тiлiн жеделдетiп оқыту курсы оқулығын басып шығару - 60 000 т.
2. Мемлекеттiк тiлдi оқып үйрету компьютерлiк бағдарламасын сатып алу - 150 000 т.
3. Еврей, немiс, кәрiс, татар, шешен тiлдерiн оқытудың әдiстемелiк оқу құралдарына тапсырыс беру және сатып алу - 60 000 т.
4. Қазақ балабақшалары мен жетiм және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлерiн қазақ тiлiндегi тәлiм-тәрбие жүйесiмен қамту шараларын өткiзу және суреттi кiтапшалармен, тәрбиелiк мәнi зор буклеттермен марапаттау үшiн - 80 000 т.
5. БҚМУ жанындағы "Мақсат" тiл үйрету және аударма орталығы курстарының оқытушыларын материалдық ынталандыру үшiн - 50 000 т.
Барлығы - 410 000 т.
2-тоқсан
Мемлекеттiк тiлдiң қолданысын кеңейту үшiн анықтамалықтар, карталар, iс-қағаздарының үлгi жинағын шығару.
1. Облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен елдi мекендерiнiң атаулары және олардың орыс тiлiндегi транскрипциясының анықтамалығы - 70 000 т.
2. Батыс Қазақстан облысындағы жер-су аттарының сөздiгi - 200 000 т.
3. Облыстың әкiмшiлiк-аумақтық картасын мемлекеттiк тiлде даярлап шығрау - 300 000 т.
4. Iс-қағаздарының үлгi жинағы - 30 000 т.
3-тоқсан
Қазақстан Республикасы халықтарының тiлдерi күнiне арналған iс-шаралар өткiзу.
1. "Мемлекеттiк тiлде бiлiм беру сабақтастығын қамтамасыз ету-мемлекет пен қоғамның әлеуметтiк тапсырысы" мәслихатын ұйымдастыруға және төмендегi байқауларға шақыру бағдарламалары, жарнамалар, дипломдар, көркемдеу-қойылымдар шығыны - 60 000 т.
2. Көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауына қатысушыларды ынталандыру және жүлдегерлерге заттай сыйлықтарға, республикалық фестивалға жолданатын жеңiмпазға iссапар қаражатына - 100 000 т.
3. Мүшәйраға қатысушыларды марапаттау және жүлдегерлерге заттай сыйлықтарға - 70 000 т.
4. Қазақтан басқа ұлт өкiлдерiнiң тiл бiлiктiлiгi жарысына қатысушыларды көтермелеу және жүлдегерлерге заттай сыйлықтарға -70000 т.
Барлығы - 300 000 т.
4-тоқсан
1. Ұлттық тiлдердi оқытатын жексенбiлiк мектептердiң оқытушыларын мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру курстарына жолдаудың iссапар шығыны - 50000 т.
Барлық жиынтығы: 1 млн. 400 000 т.