2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қолданыста
Басқа 0
2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Облыс су шаруашылығы департаментінің бастығы Н.Ш. Кәменовтың 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған II сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қаңтардағы IХ сессиясының шешімімен бекітілген 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралары жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс су шаруашылығы департаменті 2003 жылғы 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті іс-шаралар жоспарының дер кезінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Іс-шаралар жоспарынық жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Рамазанов Ж.Р.) жүктелсiн.