О программе восстановления и развития легкой промышленности Западно-Казахстанской области на 2001-2003 годы Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының жеңіл өнеркәсібін қалпына келтірудің және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.02.2004 № 6-11 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының жеңіл өнеркәсібін қалпына келтірудің және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысының жеңiл өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң
және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының жеңiл өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң
және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал қаласы
2001 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Паспорты 3
2. Кіріспе 4
3. Саланың, кәсіпорынның қазіргі жағдайын талдау, даму динамикасы 4
4. Бағдарламаның мақсаты 7
5. Бағдарламаның негізгі бағыты және iске асыру тетiктерi 7
6. Қажетті ресурстар және оны қаржыландырудың көздері 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8
8. Iске асыру мерзiмдерi 8
Батыс Қазақстан облысының жеңiл өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Атауы: Батыс Қазақстан облысының жеңiл өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаны әзірлеуге негіз болғандар: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар: жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы №367 және "Қазақстан Республикасында бағдарламалар әзiрлеудiң Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулылары және облыс әкiмiнiң "Облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу туралы" 2000 жылғы 7 қыркүйектегi N 166 шешiмi.
Негізгі әзірлеушілер: Облыстық экономика басқармасы облыстың жеңiл өнеркәсiп кәсіпорындарымен бірлесіп әзірледі.
Бағдарламаның мақсаты мен және міндеттері: Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, қолда бар ескі өндірісті ұлғайту жаңа өнім түрлерін игеру есебінен өндірістің көлемін арттыру және қосымша жұмыс орындарын ашу. Қаржыландыру көздері: Жергілікті ұзақ мерзімді несие және өздерінің қаржысы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер: 2003 жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өнімдерінің көлемін 481,8 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2000 жылғы деңгейді 2 есеге арттырады. Үш жылда бұл салада 463 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның 80-і 2001 жылда, 118-сі 2002 жылда, 265-і 2003 жылда ашылады.
Кіріспе. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясын іске асырудағы одан арғы шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 және "Қазақстан Республикасында бағдарламалар әзірлеудің Ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулыларын және облыс әкімінің "Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу туралы" 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 166 шешімін орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жеңiл өнеркәсiбiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2002-2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы әзірленді.
Саланың және жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қазіргі жағдайына талдау жасау.
2000 жылы жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiру көлемi 212,2 млн. теңге құрады, соның тоқыма және тiгiн өнеркәсiбiнде - 198,2 млн. теңге, былғары аяқ киiм - 13,9 млн. теңге болды. Тоқыма және тiгiн,былғары аяқ киiм өнеркәсiбi өнiмдерiне қосымша құн салығының нөлдiк мөлшерлемесi бойынша жеңiлдетiлген салық салу 2000 жылы сала өндiрiсiнiң құлдырауын тоқтатуға және өткен жылдармен салыстырғанда 5% өсiмге қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi (физикалық көлемнiң индексi бойынша). Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары шығаратын тауарлардың бiрқатар түрлерi бойынша 1999 жылғы деңгейдегiден айтарлықтай артық өндiрiлдi. Ер адамдардың сыртқы киiмдерi, негiзiнен арнаулы және формалы киiмдер алдыңғы жылдағыдан (37 мың дана) 7 есе көп тiгiлдi. Төсек-орындық жаймалар 1999 жылғыдан 2 есе көп тiгiлдi.
Облыста жеңiл өнеркәсiп тауарларын өндiрумен 53 кәсiпорын айналысады, оның 2-i iрi, 4-i орта, 47-i шағын болып отыр.
"Диана" ААҚ (жұмыс iстейтiндер саны - 630 адам) және "Аяз" ЖШС (жұмыс iстейтiндер саны 398 адам) қазiр жұмыс iстеп тұрған iрi кәсiпорындарға жатады.
"Диана" ААҚ әйелдердiң қысқы және маусымдық сыртқы киiмдерiн, костюмдер мен блейзерлер тiгуге маманданған.
Кәсiпорынның қуаты - жылына 1230 дана тiгiн бұйымдары.
Кәсiпорын 1989 жылы қондырылған жапондық тiгiн жабдықтарымен жабдықталған. Өндiрiстiк қызмет 1996 жылғы қарашадан берi американдық "ЛЛ-С Перчасинг Корпорейшн" компаниясымен жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейiн кәсiпорын шығарған дайын өнiмдердiң сапасы жөнiнде бiрде-бiр шағым - талап түскен жоқ. Шығарған өнiмдерiн алыс шетелдер, соның iшiнде Германия, Венгрия, АҚШ тұтынушылары сатып алуда, оларға "Қазақстанда жасалды" деген белгiмен жөнелтiлуде.
Кәсiпорынның сала көлемiндегi үлесi 20,4% болып отыр. 2000 жылы 125 мың дана бәсекеге төтеп беретiн бұйымдар шығарылды, бұлар әйелдердiң күртешелерi мен қысқа пальтолары, ерлердiң күртешелерi.
"Аяз" ЖШС бұрынғы киiз-байпақ фабрикасының базасында құрылған "Аяз" акционерлiк қоғамынан 1998 жылы қайта құрылды. Кәсiпорын жүннен басылған аяқ киiмдер шығаруға маманданған, киiз өндiрiсiн, жүн мен терi өңдеудi, сондай-ақ терi бұйымдары мен аяқ киiм тiгудi игерген.
Кәсiпорынның өндірістік қуаты жылына 170 млн. теңге (жүннен басылған 240 мың жұп аяқ киiм және 240 тонна техникалық киiз). Өнiмдер жасанды және техникалы талшықтар қосылмастан таза жүннен жасалынуда.
Кәсiпорын республикалық импорт алмастыру бағдарламасына белсене қатысуда. Фирмалар мен кәсiпорындардан тапсырыстар алу арқылы 2000 жылы 103,7 мың жұп жүннен басылған аяқ киiм, 113,2 тонна киiз шығаруға, 1289 мың шаршы дециметр қой терiсiн және 257 мың шаршы дециметр былғары терi тауарларын өңдеуге мүмкiндiк болды.
Кәсiпорынның жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi көлемiндегi үлес салмағы 47,5%.
Облыста мүгедектер қоғамының меншiгiне жататын кәсiпорындар жұмыс iстейдi. Олар: "Үмiт" Орал тiгiн-трикотаж фабрикасы" ЖШС., "Қазақ саңыраулар қоғамы" оқу-өндiрiстiк кәсiпорыны (бұдан әрi - ҚСҚ ОӨК), "Қазақ зағиптар қоғамы" оқу-өндiрiстiк кәсiпорыны (бұдан әрi - ҚЗҚ ОӨК).
"Үмiт" Орал тігін-трикотаж фабрикасы" ЖШС тоқыма және тiгiн бұйымдарын әзiрлейдi.
Жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi көлемiндегi үлес салмағы 15,6%.
Ақсай қаласында жұмыс iстейтiн кәсiпорындардан және басқа да Орал қаласындағы ұйымдардан арнаулы жұмыс киiмдерiн тiгуге және жұмсақ жиһаздарға тапсырыс алудың арқасында 2000 жылы өндiрiс көлемi алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. Жыл iшiнде 6,3 мың дана сырылған көрпе және 4,5 мың дана жұмыс киiмi тiгiлдi.
"Қазақ зағиптар қоғамы ОӨК" бояу жаққыш пен щеткалар және тiгiн бұйымдарын өндiредi. Жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi көлемiндегi үлес салмағы 5,3%.
2000 жылы өндiрiс көлемi алдыңғы жылмен салыстырғанда 71% ұлғайды.
КЗҚ ӨК жаңа өнiм түрiн игеру есебiнен (троллейбус жуатын щетка) 2001 жылы өндiрiс көлемiн ұлғайтуды белгiлеп отыр.
2003 жылы өндiрiс көлемi 12,5 млн. теңге құрайды немесе 2000 жылмен салыстырғанда 10,5% артады.
"Қазақ саңыраулар қоғамы" ОӨК тiгiн бұйымдарын өндiруге маманданған, мебель және металл бұйымдарын шығаруды игердi.
Кәсiпорынның жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi көлемiндегi үлес салмағы 6,1%.
"Аист" ЖШС негiзгi қызмет түрi тiгiн өндiрiсi болып табылады. Кәсiпорын жұмыс киiмдерiн және полиция, кеден, темiр жол, медицина қызметкерлерiнiң формалы киiмдерiн тiгуге маманданған. Кәсiпорын тұрақты жұмыс iстейдi, өндiрiс қуатын арттыра түсуде.
2000 жылы өндiрiс көлемi оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды, жыл iшiнде 18,4 мың дана жұмыс киiмi әзiрлендi.
"Мех комбинаты" АҚ бұрыңғы тоқтап тұрған өндiрiстiк қуаттары "Аист" ЖШС берiлдi, 2001 жылдан бастап тiгiн бұйымдарын шығару, болашақта мех бұйымдарын шығару ұйымдастырылатын болады. Кәсіпорынның жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлес салмағы 15,4%.
"Мех" ЖШС негiзгi қызметiнiң түрi мех және терi бұйымдарын әзiрлеу, өңдеу және мех пен терi бұйымдарын тiгу.
Кәсiпорынның өндiрiстiк қызметi бұрыңғы "Местпром" АҚ базасында ендi ғана жолға қойылуына байланысты, 2000 жылы өндiрiс көлемi 1,4 млн. теңге құрады.
Өндiрiс көлемiн ұлғайту мақсатында ересектер мен балалардың мех пальтоларын, ерлер мен әйелдердiң тондарын тiгудi жолға қою белгiленiп отыр, бұл өнiм шығаруды 2000 жылмен салыстырғанда 2,8 есе ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Жылы да сапалы киiмдер шығару өндiрiсiн iске қосу үшiн кәсiпорынға 3 млн. теңге сомасында қаржылай қолдау қажет.
Бағдарламаның мақсаты. Бағдарламаның негiзгi мақсаты жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi кеңейту және жаңа өнiм түрлерiн өнiрудi игеру, осы арқылы өндiрiс көлемiн ұлғайту, өздерi шығарған тұтыну тауарларымен рынокты толықтыру және жаңадан жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiктер жасау болып табылады. Бұл жұмыссыздықпен күресу жолдарының бiрi, облысты дамытудың стратегиялық жолдары басымдықтарында белгiленген және облысты дамытудың әлеуметтiк-экономикалық индикативтiк жоспарларында қаралып отырады.
Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiктерi:
Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының бейiнiн сақтау, шығарылатын өнiмдердiң ассортиментiн кеңейту, республикалық импорт алмасушылық бағдарламасын орындауға қатысуды кеңейту.
Осы бағдарламада барлық жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарында өнiм өндiру көлемiн ұлғайту қарастырылған.
"Диана" ААҚ-ның өндiрiстiк алаңы мен кадрлар әлеуетi өндiрiс көлемiн ұлғайтуға және шығарылатын өнiм ассортиментiн кеңейтуге мүмкiндiк жасайды. Кәсiпорынның ойдағыдай жұмыс iстеуi үшiн маталар, қолданбалы материалдар, фарнитуралар, жабдықтар мен оған қосалқы бөлшектер алуға 5 млн. АҚШ доллары сомасында ұзақ мерзiмдi несие қажет.
"Диана" ААҚ-да жеңiлдiктi несие алуға "Тiгiн өндiрiсiн тұрақтандыру, дамыту және жетiлдiру" инвестициялық жобасы әзiрлендi, ол Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне, Халықтық банктiң несиелендiру бөлiмiне және "Туран әлем" банкiсiне ұсынылды.
Жобаны iске асыру нәтижесiнде мыналар жоспарланған:
Тармақша а
а) 2003 жылы өндiрiс көлемi 140,8 млн. теңге құрайтын болады немесе оны 2000 жылмен салыстырғанда 3,2 есе ұлғаяды;
Тармақша б
б) жұмыс iстейтiндердiң саны 930 адамға дейiн жеткiзiледi немесе 3 жылда 150 адамға көбейедi;
Тармақша в
в) кәсiпорынның тиiмдiлiгiн артады;
Тармақша г
г) жергiлiктi және республикалық бюджеттерге түсiмдер ұлғаяды (кәсiпорындардың салықтары есебiнен).
"Аяз" ЖШС. Кәсiпорынның мынадай бизнес-жоспары әзiрленген:
Тармақша а
а) 121,5 мың АҚШ доллары сомасында жүн жуатын шағын қондырғы жөнiнде;
Тармақша б
б) 392,7 мың АҚШ доллары сомасында терi мех өндiрiсiн қайта жаңғырту.
Жүн жуатын шағын қондырғы жөнiндегi жоба iске асырылғанда ол 2003 жылы өндiрiс көлемiн 7,8 млн. теңгеге, терi-мех өндiрiсiн қайта құру - 19,6 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн болады. Мұнымен қатар кәсiпорында тұмсығына металл салынған жүн аяқ киiмдерi өндiрiсi де жөнге салынуда. Бұл өндiрiс көлемiн 2001 жылы 3,7 млн. теңгеге ұлғайтуға жағдайлар жасайды. Инвестиция алу және бiрiккен кәсiпорындар құру арқылы 2003 жылы өндiрiс көлемiн 160,2 млн. теңгеге дейiн жеткiзудi немесе 2000 жылмен салыстырғанда оны 59,1% ұлғайтуға және 3 жылда қосымша 52 жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк болады.
"Үмiт" тігін-трикотаж фабрикасы" ЖШС 2001-2003 жылдарда арнаулы жұмыс киiмдерi мен жұмсақ инвентарь өндiрудiң көлемiн сақтай отырып, жыл сайын өндiрiстi өсiрудi жоспарлауда. Болашақта өндiрiс қызметiнiң бейiнiн сақтауға болжам жасалуда. Өздерiнiң қаржысы есебiнен жабдықтарды жаңарту, әсiресе жетiлдiрiлген және өнiмдiлiгiн жоғарыларын орнату жоспарлануда, бұл тапсырыстардың сапасын арттыруға мүмкiндiк жасайды. Бұлар үшiн 2-3 млн. теңге қажет.
"Қазақстан зағиптар қоғамы" ОӨК жаңа өнiм түрi - троллейбустарды жуатын щеткаларды шығаруды игеру есебiнен 2001 жылдан бастап өндiрiс көлемiн ұлғайтуды белгiлеп отыр. 2003 жылы өндiрiс көлемi 12,5 млн. теңге құрайды немесе 2000 жылмен салыстырғанда 10,5% ұлғайды.
"Қазақстан саңыраулар қоғамы" ОӨК 2001 жылы тiгiн бұйымдарының ассортиментiн кеңейтудi, 2003 жылы өндiрiс көлемiн жылына 16 млн. теңгеге, яғни 2000 жылға қарағанда оны 23,1% ұлғайтуды белгiлеп отыр.
"Аист" ЖШС. Өндiрiстiң негiзгi бейiнiн сақтауды, тiгiн өндiрiсi өнiмiнiң көлемiн 2003 жылы 104 млн. теңгеге дейiн жеткiзудi, яғни өнiмдi 3,2 есеге көбейтудi жоспарлап отыр.
Алғашында сатып алынған, содан соң өздері өңдеген мехтан мех бұйымдарын әзірлеу жоспарланып отыр. Өндірістің бұл түрін игеру өндіріс көлемін 31,2 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыс iстейтiндердiң санын 2000 жылмен салыстырғанда 3,3 есе ұлғайту және оны 2003 жылы 300 адамға жеткiзу көзделiп отыр.
"Мех" ЖШС. Мұнда өндiрiс көлемiн ұлғайту мақсатында ерлердiң және балалардың мех пальтоларын, ерлер мен әйелдердiң тондарын тiгудi жолға қою белгiленген. Мұның өзi өнiм шығаруды 2000 жылмен салыстырғанда 2,8 есе арттыруға мүмкiндiк бередi.
Жылы, сапалы киiм тiгу өндiрiсiн iске қосу үшiн кәсiпорынға 3 млн. теңге сомасында қаржылай қолдау қажет.
Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi.
Жаңа киiм түрлерiн шығару үшiн жабдықтар сатып алуға, айналым қаржысын толықтыруға жеңiлдiкпен ұзақ мерзiмдi несие алу, сондай-ақ өздерiнiң қаржысын пайдалану жоспарланып отыр.
Үш жылда мыналарға 5,5 млн. теңге АҚШ доллары сомасында жеңiлдiкпен ұзақ мерзiмдi несие тарту жоспарлануда:
"Диана" ААҚ-на тiгiн өндiрiсiн тұрақтандыру, дамыту және жетiлдiру жөнiндегi жобаны iске асыруға - 5 млн. АҚШ доллары;
"Аяз" ЖШС-не терi-мех өндiрiсiн қайта құруға және жүн жуу қондырғысын орнатуға - 0,5 млн. АҚШ доллары;
"Мех" ЖШС-не ерлер мен балалардың мех пальтоларын, ерлер мен әйелдердiң тондарын тiгу өндiрiсiн игеруге - 20 мың АҚШ доллары (N 1 қосымша).
Бұдан басқа қолдағы өндiрiстi кеңейтуге ғана емес, сондай-ақ мехтық қой терiлерiн өңдеуге және мех бұйымдарын тiгу жөнiндегi жабдықтар сатып алуға "Аист" ЖШС-нiң 1 млн. теңге сомасындағы өз қаржылары жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер.
Бұл бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде жеңiл өнеркәсiп товарларын өндiрудiң көлемiн арттыру, шығарылатын өнiмдердiң ассортиментiн ұлғайту, сөйтiп рынокты жеңiл өнеркәсiп тауарларымен толықтыру және кәсiпорындарды қаржылай сауықтыру күтiлуде.
Бәсекеге төтеп беретiн өнiмдер шығаруға, жаңадан жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздардың санын азайтуға мүмкiндiк бередi. Кәсiпорындар табысының өсуiне қарай бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер де артады. 2003 жылы жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары өнiмдерiнiң көлемiн 481,8 млн. теңгеге дейiн жеткiзу жоспарлануда, бұл 2000 жылғы деңгейдi 2 есе арттырады (N 3 қосымша).
Үш жылда осы салада 463 жаңадан жұмыс орындары ашылады, соның iшiнде қолдағы өндiрiстi қалпына келтiруде - 187, ескi өндiрiстi кеңейтуде - 184, жаңа өндiрiстi iске қосуда 92 (2001 жылы - 80, 2002 жылы - 118, 2003 жылы - 265) жаңадан жұмыс орындары ашылады (N 2 қосымша).
Басқа 9. Жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтірудің және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
N 1 қосымша
Жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтірудің және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
мың АҚШ доллары
Іс-шаралар атауы
Орындауға жауаптылар
Мерзімдері
Қаржыландыру көздері
2001ж.
2002ж.
2003ж.
жиынтығы
1. Тігін өндірісін тұрақтандыру, дамыту және жетілдіру
«Диана» ААҚ
5000
5000
2 деңгейдегі банкілер, жеңілдікті ұзақ мерзімді несие
2. Тері-мех өндірісін қайта жаңғырту
«Аяз» ЖШС
392,7
392,7
2 деңгейдегі банкілер, жеңілдікті ұзақ мерзімді несие
3. Жүн жуу қондырғысын орнату
«Аяз» ЖШС
121,5
121,5
2 деңгейдегі банкілер, жеңілдікті ұзақ мерзімді несие
4. Ерлер мен балалардың мех пальтолары, ерлер мен әйелдердің тондарын тігу
«Мех» ЖШС
20
20
2 деңгейдегі банкілер, жеңілдікті ұзақ мерзімді несие
Жиынтығы
5141,5
392,7
5534,2
Басқа 10. 2001-2003 жылдары облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ескі өндірістерді кеңейту және жаңаларын іске қосу есебінен жұмыс орындарын ашу
N 2 қосымша
2001-2003 жылдары облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ескі өндірістерді кеңейту және жаңаларын іске қосу есебінен жұмыс орындарын ашу
№№
Кәсіпорындардың атауы, оның орналасқан орны
Өндірілетін өнімнің атауы
Жоспарланған жұмыс орындарын ашу, оның ішінде
Іске қосу мерзімі (жылдары)
барлығы
1
«Диана» ААҚ
Тігін бұйымдары
2002
2003
50
100
2
«Аяз» ЖШС
Тұмсығына металл салынған жүн аяқ киімдер
Тері мех өндірісі
2002
2003
24
28
3
«Үміт» ЖШС
Тігін және тоқыма бұйымдары
2002
2003
6
6
4
«Аист» ЖШС
Мех өнімдері өндірісі.
Өздері өңдеген мехтан бұйымдар жасау
2001
2002
2003
85
45
81
5
«Мех» ЖШС
Ерлердің және балалардың мех пальтолары.
Ерлердің және әйелдердің тондары
2002
12
6
«Қазақ зағиптар қоғамы» ОӨК
Тролейбустар жууға арналған арнаулы щеткалар
2001
9
7
«Қазақ саңыраулар қоғамы» ОӨК
Өндірісті тұрақтандыру.
Халық тұтынатын товарлар
2001
14
Жиынтығы
2001
2002
2003
85
460
218
Барлығы 2001-2003 жылдары
463
кестенің жалғасы
Жоспарланған жұмыс орындарын ашу, оның ішінде
Қолдағы өндірістерді қалпына келтіру
Ескі өндірсті қеңейту
Жаңа өндірісті іске қосу
50
100
24
28
6
6
65
20
25
31
17
50
12
9
4
10
65
63
109
20
55
59
42
50
237
134
92
Басқа 11. 2001-2003 жылдарда жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу динамикасы
N 3 қосымша
2001-2003 жылдарда жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу динамикасы