О программе развития машиностроительного комплекса Западно-Казахстанской области на 2001-2003 годы Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында мәшина жасау кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.02.2004 № 6-11 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының мәшина жасау кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 2. Батыс қазақстан облысында машина жасау
кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Батыс Қазақстан облысы
Батыс қазақстан облысында машина жасау
кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал қаласы
2001 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Паспорты 3
2. Кіріспе 4
3. Саланың, кәсіпорынның қазіргі жағдайына, даму динамикасына талдау жасау 4
4. Бағдарламаның мақсаты 6
5. Бағдарламаның негізгі бағыты 6
6. Қажетті ресурстар және оны қаржыландырудың көздері 7
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 9
Батыс Қазақстан облысы бойынша машина жасау кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
Атауы: Батыс Қазақстан облысы бойынша машина жасау кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаны әзірлеу туралы шешім: Облыс әкімінің "Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу туралы" 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 166 шешімі.
Негізгі әзірлеушілер: Облыстық экономика басқармасы облыстың машина жасау кешені кәсіпорындарымен бірлесіп әзірледі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері: Машина жасау кешенін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, қолда бар өндірісті ұлғайту және жаңа өнім түрлерін игеру есебінен өндірістің көлемін арттыру және қосымша жұмыс орындарын ашу.
Қаржыландыру көздері: Жабдықтар сатып алуға және айналым қаржысын толықтыруға қаржы тарту есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер: 2003 жылы машина жасау кешені өнімдерінің көлемін 4,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2000 жылғы деңгейді 4 есеге арттырады. Үш жылда бұл салада 1979 жаңа жұмыс орындары ашылады, оның 563-і 2001 жылда, 642-сі 2002 жылда, 774-і 2003 жылда ашылады.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясын іске асырудағы одан арғы шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 және "Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 мамырдағы N 789 қаулыларын және облыс әкімінің "Облыстық әлеуметтік-экономикалық дамытудың аумақтық бағдарламасын әзірлеу туралы" 2000 жылғы 7 қыркүйектегі N 166 шешімін орындау мақсатында машина жасау кешенін дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы әзірленді.
Саланың қазіргі жағдайына талдау жасау.
Облыстың машина жасау кешенінде 52 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 5-і ірі, 7-і орта, 40-ы шағын болып есептеледі.
Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарының үлесіне өңдеуші саланың 12,1% тиіп отыр. Онда жұмыс істейтіндердің саны 3871 адам немесе 36,3%.
3 жылда машина жасау және металл өңдеу өнімдерін шығарудың орташа жылдық көлемі 625,8 млн. теңге құрады, ал ол 2000 жылы 1119,6 млн. теңге болған еді. 1999 жылға қарағанда металл өңдеу 86,6%, машина жасау 4,7%, физикалық көлемінің индексі бойынша өнімнің ұлғайғаны байқалады. соңғы жылдары өрт сөндіру машиналарын құрастыру игерілді, латекстен дәрігерлік қолғаптар шығаратын цех ашылды, жаңа технология бойынша тау-кен өндірісі үшін ұнтақтау шарларын шығару артты, аграрлық сектордың өңдеуші кәсіпорындары үшін жабдықтар шығару жалғасуда.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлеміне "Орал "Зенит" зауыты" ААҚ, "Металлист" Орал зауыты" ААҚ, "Омега" ААҚ, "Гидроприбор" ҒЗИ ААҚ, "Орал арматура зауыты" ААҚ, "Оралаггрореммаш" ААҚ, "Орал механикалық зауыты" ААҚ өздерінің өндірістік, технологиялық және жоғары маман кадрлар әлеуетімен айтарлықтай үлес қосуда.
"Орал "Зенит" заводы" ААҚ. Завод электр монтаж жабдықтарымен машина жасау бейініндегі кәсіпорын болып саналады. Өндірісінің негізгі сипаты - технологиялық үдерістердің кең спектрін игеруді талап ететін конструкциялар бойынша күрделі және еңбекті көп қажет ететін шағын сериялы бұйымдарды жасау бағдарланған.
Қазақстан Республикасының кеме жасау бағдарламасы шеңберінде "Сұңқар" және "Бүркіт" кемелерін жасау игерілді. Мұнай газ өнеркәсібі үшін жабдықтар жасау және жөндеу жөнінде тапсырыстар орындалуда. Агроөнеркәсіптік кешен үшін жабдықтар, азаматтық өнімдердің кең ассортименті өндірілуде.
2000 жылы өнім өндіру көлемі 271,2 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 5,4% артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 24,2% болып отыр.
Өндірістік қуаттың 45% пайдаланылуда.
"Металлист" Орал заводы" ААҚ. Негізінен арнаулы бағыттағы өнімдер шығарады. Завод 1989 жылдан бастап, конверсия шеңберінде өндірісті біртіндеп қайта бейімдеуге кірісті. Дүниежүзілік стандартқа сәйкес келетін және сұранысқа ие болып отырған аңшылар қаруы-мылтықтар мен пышақтар шығаруды игерді.
2000 жылы өнімдер шығару көлемі 319,3 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 5,2 есе артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 28,5%.
Өндірістік қуатының 25% пайдаланылуда.
"Омега" ААҚ. Кәсіпорын электронды блоктар және халық тұтынатын тауарлар өндіруге маманданған.
Радиоқабылдағыштар, пьезокерамикалық оттықтар, мотоблоктар, үн ілегіштер, шаңсорғыштар, автомобиль тоңазытқыштары мен балалар ойыншықтарды шығару игерілген.
Завод қазіргі уақытта импорт алмастыру өнімдері - "Қазақтелеком" ААҚ үшін электронды регистрлер шығаруда, сондай-ақ "Қазақстан теміржолы" РМК-ның темір жолдар үшін детальдар мен тораптар әзірлеу жөніндегі тапсырысын орындауда.
2000 жылы өнім өндіру көлемі 60,5 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 47,7% артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 5,4%.
Өндірістік қуатының 15% пайдаланылуда.
"Гидроприбор" ҒЗИ ААҚ. Қазақстан Республикасының кеме жасау бағдарламасын іске асыруға, катерлер жасауға қатысуда. Мұнай және газ өнеркәсібі үшін жабдықтар, роторлық үлгідегі жел қондырғыларын, агроөнеркәсіптік кешен үшін жабдықтар және басқаларды өндіруге арналған құжаттар әзірленді.
"Орал арматура заводы" ААҚ. Завод сұр шойыннан жабатын арматуралар (ысырмалар, муфталы және флянецты вентилдер, конденсат бөлгіштер) және өндірісі 1996 жылдан бастап игерілген төзімділігі жоғары болат қоспасынан жасалған ұнтақтау шарларын шығаруға мамандануда.
Қазіргі уақытта ұнтақтау шаралары импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде "Казцинк" АҚ, "ССГПО" АҚ корпорацияларына жіберілуде.
2000 жылы өнім өңдіру көлемі 277,7 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 93,8% артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 24,8%. Заводта 890 адам жұмыс істейді.
Өндірістік қуатының 60% пайдалануда.
"Оралагрореммаш" ААҚ. Қызметінің негізгі түрі арнаулы бағыттағы машиналар (май құятын автомобильдер, суару-жуу машиналары, өрт сөндіру машиналары және басқалары), жану-жағар май сақтайтын ыдыстар, тракторларға, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер шығару болып табылады.
Заводта өндірістік қуаты жылына 5 млн. жұп латекстен хирургиялық қолғаптар өндіру жөніндегі желі орнатылған. Мұнымен қатар кәсіпорын медициналық және өндірістік қажеттіліктер үшін кислород өндіреді.
2000 жылы Ресейден сатып алынатын автошасси базасында өрт сөндіру машиналарын және металл конструкцияларын шығару игерілген.
2000 жылы өнім өндіру көлемі 61 млн. теңге құрады. Бұл өткен жылғы деңгейдегіден 2,1 есеге артық. Машина жасау саласындағы оның үлесі 5,4%. Заводта 185 адам еңбек етеді.
Өндірістік қуатының 40% пайдаланылуда.
"Орал механикалық зауыты" ААҚ. Завод тракторлардың иінді біліктері мен шатундарын шығаруға маманданған. Сонымен қатар мұнда ыстықтай қалыптау өндірісі және электр үтіктер мен электр су қайнатқыштар шығару жөнінде қуаттар да бар.
Импорт алмасу бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2000 жылы таукен шахта жабдықтарына қосалқы бөлшектер шығару игерілді және ол "Испат-Кармет" ААҚ-на 10 млн. теңге сомасында жөнелтілді.
2000 жылы өнім өндіру көлемі 59,5 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 2,1 есеге артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 5,3%. Заводта 246 адам еңбек етеді.
Өндірістік қуатының 21,6% пайдаланылуда.
"Орал құю" - механикалық заводы" ӨК. Бұл шойын және болат құю өндірісіне маманданған (ДУ-50 ысырмалары, ДУ-80 ысырмалары). Шегірткеге қарсы алқапты өңдеуге арналған машиналар шығаруды игерді және 2000 жылы 0,8 млн. теңге тұратын 2 машина шығарды.
2005 жылға дейін мұнай газ машиналарын жасауды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаға сәйкес "КазТрансОйл" ЖАҚ үшін шойын құюда, изоляциялық машиналар мен ГКВР оттықтарын шығаруда, 2000 жылы 5,5 млн. теңге сомасында осындай өнімдер жөнелтілді.
2000 жылы өнім өндіру көлемі 8,5 млн. теңге құрады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 46,6% артық. Машина жасау саласындағы оның үлес салмағы 0,8%. Заводта 78 адам еңбек етеді.
Өндірістік қуатының 12% пайдаланылуда.
Бағдарламаның мақсаты. Бағдарламаның негізгі мақсаты қолда бар өндірісті ұлғайту, жаңа өнім түрлерін игеру, мұның өзі өндірістің көлемін ұлғайтуға және облыстың кәсіпорындарында қосымша жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесетін болады.
Бағдарламаның негізгі бағыттары. Қорғаныс кешені заводтарының бейінін сақтау, азаматтық өнімдер ассортиментін кеңейту және республикалық импорт алмастыру бағдарламасын орындауға қатысу.
Бұл бағдарламада мыналар қарастырылады:
Тармақ 1
1. Республикалық кеме жасау бағдарламасын іске асыруға қатысу ("Зенит" ААҚ, "Гидроприбор" ҒЗИ ААҚ).
Тармақ 2
2. Көлемі ірі бұралмалы серіппелер өндірісін ұйымдастыру ("Металлист" ААҚ).
Тармақ 3
3. "Волжанин" үлгісіндегі автобустар құрастыруды ұйымдастыру, авариялық ажырату жүйесі жабдықтарын (ГЖҚЖ-газ жабдықтары қауіпсіздігінің жүйесі), тығыздау аппаратураларын, санкциясыз қосып алудан қорғау қондырғысын шығару, күрделі жөндеу жүргізу және байланыс құралдарын әзірлеу ("Омега" ААҚ).
Тармақ 4
4. Арнаулы бағыттағы машиналар құрастыру (өрт сөндіру машиналары, суару-жуу машиналары, май құю машиналары т. б.), ("Оралагрореммаш" ААҚ).
Тармақ 5
5. Ұнтақтайтын болат шарлар, білігі симметриялы детальдар өндірісін игеру (біліктер, белдіктер, шарлы реактивті тартқыштар, шарлы тіреуіштер т. б.), ауыл шаруашылығына қосалқы бөлшектер (иінді біліктер маркасы 41-04 с 8) және жаяужол плиталары ("Орал механикалық зауыты" ААҚ).
Тармақ 6
6. Болат жапқыш арматуралар өндірісін игеру ("Орал арматура заводы" ААҚ).
Тармақ 7
7. Мұнай-газ кешені үшін шойын және болат құймаларын өндіру ("Құюмеханикалық зауыты" ӨК).
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері. Осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджеттен қаржы, инвестициялық және кәсіпорындардың өз қаржысы тартылатын болады (N 2 қосымша).
Үш жылда 2419,4 млн. теңге инвестициялық қаржы тарту жоспарлануда, соның ішінде:
- республикалық бюджеттен - 1609,4 млн. теңге. Кеме жасау бағдарламасын іске асыруға - 1535,4 млн. теңге ("Орал"Зенит" зауыты" ААҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ ААҚ); көлемі ірі бұралмалы серіппелер өндірісін ұйымдастыруға - 10 млн. теңге ("Металлист" ААҚ); "Қазақтелеком" ААҚ үшін өнімдер өндіруге - 32 млн. теңге; күрделі жөндеу және байланыс құралдарын әзірлеуге - 32 млн. теңге;
- тартылған тікелей инвестициялар - 810 млн. теңге:
"Волжанин" үлгісіндегі автобустар құрастыруға - 350 млн. теңге ("Омега" ААҚ); авариялық газ ажырату жасауға (ҒЖҚЖ) – 54 млн. Теңге («Омега» ААҚ); жапқыш болат арматуралар өндірісіне - 145 млн. теңге ("Орал арматура заводы" ААҚ); ұнтақтайтын болат шарлар, білігі симметриялы деталдар өндірісіне - 43,5 млн. теңге; ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер дайындауға - 217,5 млн. теңге ("Орал механикалық зауыты" ААҚ);
- өздерінің қаржысы - арнаулы бағыттағы машиналар құрастыруға өрт сөндіру машиналары, оперативтік - штабтық машиналар, май құю автомашиналары, ("Оралагрореммаш" ААҚ); жаяужол плиталары ("Орал механикалық зауыты" ААҚ) және басқалар.
Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер. Бұл бағдарламаны іске асыру өнеркәсіп өнімдерін өндірудің көлемін арттыруға, шығарылатын өнімдердің ассортиментін ұлғайтуға, сөйтіп рынокты тауарлармен толықтыруға, импорт алмасу бойынша бәсекеге төтеп беретін өнімдер шығаруға, жаңадан жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздардың санын азайтуға мүмкіндік жасаумен қатар, кәсіпорындарды қаржылай сауықтыруға жағдайлар жасайды.
Кәсіпорындар табысының өсуіне қарай бюджетке түсетін салықтық түсімдерде артады, ол әлеуметтік бағдарламаларды шешуге бағытталатын болады.
2003 жылы машина жасау кешені өнімдерінің көлемін 4,5 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2000 жылғы деңгейдегіден 4 есе артық болады. Осының нәтижесінде машина жасау кешенінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2001 жылы - 25,8%, 2002 жылы - 33,8%, 2003 - 40% құрайтын болады (N 1 қосымша).
Үш жылда осы салада 1979 жаңа жұмыс орындары, соның ішінде 2001 жылы - 563, 2002 жылы - 624, 2003 жылы - 774-і ашылады (N 3 қосымша).
Дамытудың болашағы. Жоспарланған жылда облыста мынадай жаңа өнім түрлері игерілетін болады: иінді валдар 41-04-с8, ұнтақтайтын болат шарлар, болат жабынды арматуралар, жаяужол плиталары, "Волжанин" үлгісіндегі автобустар, мұнай-газ өнеркәсібі үшін өнімдер, сандық абоненттерді тығыздау аппаратуралары, жалғау кабелдері.
Көлемін ұлғайту.
"Зенит" заводының негізгі тапсырыс берушілері: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В., Қарашығанақ "Интергаз" ЖАҚ, "Орталық Азия", "Интек", "Рено-Ақсай" болып табылады.
Мұнымен бірге "Қазақмыс" АҮАҚ, "Казцинк" ААҚ тапсырыстарымен беркіндірілген тау-кен өндірісіне ұнтақтау шараларына деген сұраныстардың көбейуін ескеріп, "Орал механикалық заводы" ААҚ ұнтақтаушы болат шарларды ГОСТ 7524-89 бойынша шығаруға әзірлікті жасауда. Қазіргі уақытта оны шығару үшін, 2002 жылы бірінші кезеңде диаметрі 40 және 60 мм, жылына 3,5 мың тонна шарлар шығаруға, содан кейін жылына 7-10 мың тоннаға дейін қуаттылығын ұлғайтуға мүмкіндіктер беретін жабдықтар сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізілуде (бірінші кезеңде 300 мың АҚШ доллары шамасында инвестицияланған жағдайда). Шарларды шығару үшін технология мен жабдықтарды пайдалану, бұдан басқа да бірқатар білігі симметриялы детальдар дайындау жөніндегі өндірісті игеруге мүмкіндік береді (валдар, біліктер, шарлы реактивті тартқыштар, шарлы тіреуіштер т. б.).
Басқа 10. Машина жасау кешенінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағының өсу динамикасы
N 1 қосымша
Машина жасау кешенінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағының өсу динамикасы
Басқа 11. 2001-2003 жылдарға арналған машина жасау кешені бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
N 2 қосымша
2001-2003 жылдарға арналған машина жасау кешені бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
млн.теңге
№№
Іс-шаралардың атауы, өнімдер
Орындауға жауаптар
Инвестиция салу
Қаржыландыру көздері
2001ж.
2002ж.
2003ж.
барлығы
1
Республикалық кеме жасау бағдарламасын іске асыруға қатысу
«Зенит» ААҚ
«Гидроприбор» ҒЗИ ААҚ
442
49,8
385
128,6
400
130
1227
308,4
Республикалық бюджет
2
Көлемі ірі бұрамалы серіппелер өндірісін ұйымдастыру
«Металлист» ААҚ
10
10
Республикалық бюджет
3
«Қазақтелеком» ААҚ үшін өнімдер өндіру
- нығыздау аппаратуралары;
- санкциясыз қосып алудан қорғау қондырылғылары
«Омега» ААҚ
16
16
16
16
Республикалық бюджет
Республикалық бюджет
4
Қүрделі жөндеу және байланыс құралдарын әзірлеу
«Омега» ААҚ
32
Республикалық бюджет
Республикалық бюджет есебінен, барлығы
501,8
577,6
530
1609
5
«Волжанин» үлгісіндегі автобустар құрастыруды ұйымдастыру
«Омега» ААҚ
50
100
200
350
Инвестиция
6
Авариялық газ ажырату жүйесі жабдықтарын шығару
«Омега» ААҚ
54
54
Инвестиция
7
Жапқыш болат арматуралары өндірісін игеру
«Орал арматура заводы» ААҚ
100
45
145
Инвестиция
8
Ұнтақтайтын болат шарлар және білігі симметриялы деталдар өндірісін игеру
«Орал механикалық заводы» ААҚ
43,5
43,4
Инвестиция
9
Ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер (иінді білік 41-04 с 5-2
«Орал механикалық заводы» ААҚ
217,5
217,5
Инвестиция
Тікелей инвестиция есебінен, барлығы
421,5
188,5
200
810
10
Арнаулы бағыттағы машиналар құрастыру (өрт сөндіру машиналар, операвтитік-штабтық машиналар, жанар май құю машиналар)
«Орал агрореммаш» ААҚ
Өздерінің қаржысы
11
Жаяужол плиталарын шығару
«Орал механикалық заводы» ААҚ
Өздерінің қаржысы
Барлығы
923,3
766,1
730
2419,4
Басқа 12. 2001-2003 жылдарда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ескі өндірістерді кеңейту және жаңаларын іске қосу есебінен жұмыс орындарын ашу
N 3 қосымша
2001-2003 жылдарда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында ескі өндірістерді кеңейту және жаңаларын іске қосу есебінен жұмыс орындарын ашу
№№
Кәсіпорындардың атауы, орналасқан орны
Өндірілетін өнімдердің атауы
Жоспарланған жұмыс орындарын ашу
іске қосу мерзімі
барлығы
қазіргі бар өндірісті қалпына келтіру
ескі өндірісті ұлғайту
Жаңа өндірісті іске қосу
1
"Орал "Зенит" заводы ААҚ
Қазіргі қолда бар өндірісті ұлғайту
2001
2002
2003
20
20
20
20
20
20
2
«Орал «Металлист» ААҚ
Көлемі ірі бұрамалы серіппелер
2001
2002
2003
280
230
230
280
230
230
3
«Омега» ААҚ
«Волжанин» үлгісіндегі автобустар құрастыру, «Қазақтелеком» ААҚ үшін қосалқы бөлшектер және авариялық газ ажырату жүйесі
2001
2002
2003
150
200
250
26
25
25
124
175
225
4
«Орал арматура заводы» ААҚ
Ұнтақтау шарлары, сұр шойыннан арматура және болат арматуралары
2001
2002
2003
63
131
201
13
40
98
50
91
103
5
«Орал механикалық заводы» ААҚ
Болат шарлар, білігі симметриялы деталдар (біліктер, шарлы реактивті тартқыштар, шарлары тіреуіштер), ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер, жаяужол плиталары
2001
2002
2003
8
9
11
8
9
11
6
«Оралагрореммаш» ААҚ
Арнаулы бағыттағы машиналар құрастыру(өрт сөндіру машиналары, оперативтік-штабтық машиналар, жанар май құятын машиналар)
2001
2002
2003
40
50
60
40
50
60
7
«Құю-механикалық заводы» ӨК
Болат және шойын құймалары
2001
2002
2003
2
2
2
2
2
2
Жиынтығы:
2001
2002
2003
563
642
774
341
317
375
222
325
399
Барлығы:
1979
1033
946