Қызылорда облысының жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының 2001-2005 жылдарға арналған даму Бағдарламасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста егiн орағын ұйымшылдықпен өткiзудiң шаралары туралы Облыста егiн орағын ұйымшылдықпен өткiзу мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыста егiн орағын ұйымшылдықпен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар мен облыстық үйлестiру жұмысшы тобының құрамы № 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Егiн орағы кезiнде аудандарға, ауылдық округтерге облыс әкiмiнiң орынбасарлары мен облыстық мекеме басшылары жауапты ұйымдастырушы болып № 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкiмдерi, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ.Ахметов) аудандарға, ауылдық округтерге бекiтiлген жауапты ұйымдастырушылар, мүдделi құрылымдармен бiрлесiп:
Тармақша 1
1) егiн орағын агротехникалық мерзiмдерде өткiзудi, астықтың ысырапқа, талан-таражға түсуiне жол бермеуiн;
Тармақша 2
2) егiн орағын қосалқы бөлшектермен, жанар-жағар маймен, қырмандарға электр қуатының үзiлiссiз берiлуiн;
Тармақша 3
3) "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамына тұқым үшiн алынған астық несиесiн қайтару есебiнде астық өткiзудi және астықтың мемлекеттiк сатып алуын ұйымдастыруды, көктемгi дала жұмыстарын жүргiзуге алынған бюджеттiк несиенi, сондай-ақ алынған материалды-техникалық ресурстар үшiн бiрiншi кезекте қайтаруға тиiстi басқа-да қарыздарды № 4 қосымшаға сәйкес көлемде 2001 жылдың 15 қазанына дейiн қайтаруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.