Об областной комплексной целевой программе по защите населения от туберкулеза на 2001 – 2005 годы Қолданыста
Басқа 0
2001 – 2005 жылдарға арналған облыстық кешендік тұрғындарды туберкулезден сақтау жөніндегі мақсаты бағдарлама туралы
Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы С.Б. Иманғазиновтың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық кешендік тұрғындарды туберкулезден сақтау жөніндегі мақсатты бағдарлама туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық кешендік тұрғындарды туберкулезден сақтау жөніндегі мақсатты бағдарлама (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті (Иманғазинов С.Б.) жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде мерзіміне орай облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті бағдарламаның іс-шараларын дер кезінде
қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бағдарламаның орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсін.
Басқа 5. 2001 - 2005 жылдарға арналған тұрғындарды туберкулезден қорғаудың
облыстық кешендi мақсатты бағдарламасы
Облыстық Мәслихаттың
2001 жылғы 25 мамырдағы
шешiмiне қосымша
2001 - 2005 жылдарға арналған тұрғындарды туберкулезден қорғаудың
облыстық кешендi мақсатты бағдарламасы
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Аталуы: Тұрғындарын туберкулезден қорғаудың 2001 - 2005 жылдарға
арналған облыстық кешендi мақсатты бағдарламасы.
Әзiрлеуге
негiздер: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы
"Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеу туралы" № 496/ 1Заңы;
ҚазақстанРеспубликасы Президентінің мына: 18 мамыр 1998 жылы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" № 3956;
ДОТС стратегиясын жүзеге асыру барысында 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 4153 Жарғылықтары;
Үкiметтiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" № 839 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң мәжiлiсi 2000 жылғы 27
маусымдағы № 16 хаттамасы.
Негiзгi
дайындаушылар: Облыс денсаулық сақтау, бiлiм департаменттерi, облыс iшкi
iстер басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң облыс бойынша басқармасы (келісім бойынша).
Мақсаты: Фтизиатриялық қызметтi оңтайлы ұйымдастыру негiзiнде
туберкулезбен аурудың, оның таралуының, осы науқас
салдарынан мүгедек болудың және қайтыс болудың
көрсеткiштерiн бiртiндеп төмендету арқылы эпидемиологиялық
жағдайды тұрақтандыру. Туберкулезге қарсы қызметтi
тұрғындарға алєашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек көрсету
желiсiмен бiрiктiру және туберкулездi дер кезiнде анықтау,
емдеу және алдын алу жөнiнде басқа қызметтермен және
ведомстволармен өзара iс-қимыл жасау.
Мiндеттерi: Облыс тұрғындарын туберкулезден қорғау жөнiндегi алдын алу
iс шараларын ұйымдастыру, емдеудiң барлық кезеңдерiнде
туберкулезбен ауыратындарды бақыламалы химиятерапиядан
өткiзу, мониторингтiң компьютерлiк бағдарламаларының
негiзiнде туберкулезбен ауыратындарды науқастың алғашқы
кезеңiнде анықтау, тиiмдi емдеу және бақылау, облыстың
туберкулезге қарсы қызметiнiң ұйымдастыру түрлерiн
жетiлдiру және мекемелердiң материалдық-техникалық
негiздерiн нығайту.
Қаржыландыру
көздерi: Республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаражаттары.
Күтілетiн
нәтижелер: Туберкулезбен ауру, оның таралуы, осы науқас салдарынан
мүгедек болу және қайтыс болу көрсеткiштерiн 2005 жылға
дейiн тұрақтандыру және одан әрi төмендету.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Тұрғындарды туберкулезден қорғаудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық мақсатты бағдарламасы Президенттiң 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" № 3956, "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлықтарына, "Қазақстан Республикасы Тұрғындарын туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 Қаулысына сәйкес дайындалды.
Бағдарламаны iске асыру іс-шаралары осы бағдарламаның негiзi болып табылды. 1998 - 2000 жылдарға арналған осылған ұқсас бағдарлама облыс әкімінің 1998 жылғы 5 мамырдағы № 146 шешімімен бекітілді, оған облыс әкімінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 9 шешiмiмен өзгерiстер енгiзiлдi.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Қазiргi жай-күйді талдау. Проблемалар
2. Қазiргi жай-күйді талдау. Проблемалар
Облыстағы туберкулез жөнiндегi өте қауiптi эпидемиологиялық жағдайы қауырт күйде қалып отыр және туберкулезден шетiнеу, ауруды тұрақтандыру және Тұрғындар арасында инфекцияның тарап кетуiнен сақтандыру шараларының шұғыл түрде қолданылуын қажет етедi.
2000 жылдың қорытындылары бойынша өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда туберкулезбен ауру облыста 30 пайызға артып отыр / 100 мың Тұрғынға арнаған көрсеткiш 2000 жылы - 200,9 , 1999 жылы - 154,3/. Туберкулездiң асқынған түрiнң саны 7,3 пайыздан 8,1 пайызға көтерiлiп, балалардың ауруы 22 пайызға өстi. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, бiрақ емдеуден қашқақтап жүргендердi күштеп емдеуге ресiмдеу мерзiмi 2-3 айға созылып кетуде.
Туберкулез бойынша эпидемиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты алдын алу жұмыстарын күшейту қажеттiгi туындайды, ол өз кезегiнде туберкулезге қарсы күрес мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуды, кадрлар дайындауды жетiлдiрудi қажет етеді.
Облыста 490 орындық облыстық тубдиспансер, 325 орындық 9 туберкулез ауруханалары және 175 орындық балалар туберкулез санаторий жұмыс iстейдi. Жасалған болжамға сәйкес аурулар сананың артуына және қарқынды түрде емдеу мерзiмiнiң ұзартылуына байланысты Железинка және Лебяжi аудандарында туберкулез ауруханаларын, және облыстық туберкулезге қарсы диспансерде қосымша орындар ашу мәселелерi шұєыл шешудi талап етедi. Балалар мен жасөспiрiмдердi туберкулез инфекциясы ошағынан аластату үшiн балалар туберкулез диспансерiн ұлғайту қажеттiгi туындайды.
Соңғы он жыл шамасында рентгенодиагностикалық құралдарды жаңартылған жоқ, жылжымалы флюорография қондырғылары алынбаған. Туберкулез мекемелерiн медициналық құралдармен, жұмсақ және қатты жабдықтармен ќамтамасыз ету төмен деңгейде. Жалпы емдеу жүйесiндегi бактериоскопиялық зертханалардың 15 пайызы бинокулярлық микроскоптармен, медициналық мекемелер зертханаларының 90 пайызы биологиялық қауіпсiздендiру шкафтармен қамтамасыз етiлмеген.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Бағдарламаның мақсаты
3. Бағдарламаның мақсаты
Бағдарлама мақсаты төмендегiдей:
Бастапқы дәрiгерлiк- санитарлық жүйелер мен фтизиатрлық қызметi оңтайлы түрде ұйымдастыру негiзiнде туберкулезбен аурудың және оның етек алуының, осы науқас салдарынан мүгедек болудың және шетiнеудiң көрсеткiштерiн бiртiндеп төмендету арқылы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
Негiзгi мiндеттер:
туберкулезге қарсы қызметтің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелері желісімен бірігуі және облыс тұрғындарын туберкулезден қорғайтын басқа да қызметтер мен ведомстволармен өзара іс-әрекет жасау;
облыс тұрғындарын туберкулезден қорғау жөнiнде алдын алу шараларын ұйымдастыру;
мониторингтi компьютерлiк бағдарлама негiзiнде туберкулезбен ауыратындарды күнi бұрын анықтау, нәтижелi түрде емдеу және оларды бақылау;
туберкулезбен ауыратындарға емдеудiң барлық кезеңдерiнде бақыламалы химиятерапия жасау;
облыстағы туберкулезге қарсы қызметтiң ұйымдастыру нысандарын жетiлдiру және емдеу мекемелерiнің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Қойылған мақсатты жетiлдiру және бағдарламаның мiндеттерiн шешу үшiн негiзгi бағыттар анықталды.
Ұйымдық-әдiстемелiк іс-шаралар:
Облыс тұрғындарына туберкулезге қарсы көмектi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына бiрдей мүмкiндiк пен жағдай жасауға, тегiн емдеуге, адам құқын сақтауға кепiлдiк беретiн заң актiлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Туберкулездi анықтау мен диагностика жасау негiзi кез келген емдеу мекемесiне өтiнiшпен келген туберкулездiң клиникалық белгiлерi бар әрбiр күдiктi аурудың қақырығы мен басқа да патологиялық материалдарында туберкулез микробактерияларының болу мүмкiншiлiгiн бактерияскопиялық жолмен зерттеу туберкулездi анықтау мен диагностика жасаудың негiзгi әдiсi болып табылады. Диагностика жасаудың күрделi жағдайларында қажеттiлiкке қарай рентген-томографиялық, эндоскопиялық, цитологиялық зерттеулер қолданылады.
"Қатерлi топтар" мен тұрғындардың декреттелген құралы жыл сайын кеуде құрылыстары органдарын флюорографиясынан өткiзiледi. "Қатерлi топтардағы" балалар мен жасөспiрiмдердi туберкулезге зерттеу жыл сайын Манту белгiсiн жасау арқылы жүргiзiледi.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу.
Туберкулез ауруына алғаш рет шалдыққан немесе бойында осы аурудың белгiлерi анықталынєан барлық науқастар бақылауға алынған кесте негiзiнде науқастар категориясына сәйкес жасалынған дәрi-дәрмек жиынтықтарының мөлшерi мен стандартты сызбалары сақталынып тегiн химиятерапиялық еммен қамтамасыз етiледi. Бiрдей химиятерапия жүргiзу мақсатында барлық туберкулезге қарсы барлық мекемелер мен бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек жүйелерiн туберкулезге қарсы негiзгi дәрi-дәрмектермен жабдықтау орталықтандырылєан негiзде /республикалық бюджетi қаражаты есебiнен/ жүргiзiледi.
Бактерия бөлiп шыєаратын туберкулез науқастары барабар түрде тамақтандыру мөлшерi, емдеу шарттары сақталынып негiзiнен стационарлық емдеуден өтедi. Көрсеткіштер бойынша емдеудіѕ Қажет болған жағдайда көрсеткiштерге сәйкес емдеудiң хирургиялық жолдары қолданылады.
Туберкулезге қарсы күрес мекемелерiнде жүргiзiлетiн емнiң интенсивтi фазасы аяқталған соң, химиятерапияның демеушi фазасы бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдар мен санаторийлерде жүзеге асырылады.
Туберкулездiң алдын алу:
бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы туберкулезге шалдығу және оның алдын алу шаралары туралы тұрғындарды хабардар ету;
арнаулы алдын алу жұмыстары жаңа туған нәрестелерге вакцинация және 6-7, 11-12 жас аралығындағы балаларға ревакцинация жасау арқылы орындалады;
санитарлық алдын алу жұмыстары туберкулез инфекциясының ошақтарында ағымдағы және қорытынды дезинфекциялардың толық кешенiн жасау арқылы жүргiзiледi;
балалар мен жасөспiрiмдер туберкулез инфекциясының ошақтарынан
арнаулы бала бақшалар мен санаторийлерге алшақтатылады;
ауру жұққызған балаларға химиялық алдын алу жұмыстары фтизиатрлар мен
бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек жүйесiнiң медицина қызметкерлерiнiң
тiкелей бақылауы негiзiнде жүргiзiледi;
туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды пәтермен
жабдықтауды облыс, қала және аудан өкiмдерi жүзеге асырады.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi
5. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi
Республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Облыс Тұрғындардың туберкулезден қорғау жөнiндегi дайындалған шаралар
кешенiн iске асыру:
2002 - 2003 ж.ж. туберкулездiң асқынуын төмендетуге және 100 мың
тұрғынға шаққанда ауру көрсеткiшi 270-ке дейiн тұрақтандыруға;
2005 жылы туберкулезден шетiнеуде 15 пайызға кемiтуге;
2005 жылы асқынған түрiн 8,1 пайыздан 5 пайызға дейiн, балалардың
ауырғандардың 5,4 пайыздан 3 пайызға дейiн төмендетуге;
2005 жылы науқаспен қарым-қатынаста болғандардың ауруға шалдығуын
1,2 пайыздан 0,8 пайызға азайтуға;
2005 жылы емдеудiң жағымсыз нәтижелерiн 13 пайыздан 7 пайызға
төмендетуге.
2005 жылға қарай:
бастапқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек жүйесiнде туберкулезбен
ауыратын науқастарды бактериоскопиялық жолмен анықтауды 24,5 пайыздан 35
пайызға жеткiзуге;
емдеудiң нәтижелiлiгiн 90 пайызға дейiн өсiруге мүмкiндiк бередi.