Об индикативном плане социально-экономического развития Актюбинской области на 2001-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты Облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі ұсынған Ақтөбе облысының 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалар, комитеттер, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) облыстың 2001-2005 жылдарға индикативтік жоспарын жүзеге асыру жөнінде;
Тармақша 2
2) импорт алмастыру және экспортқа бейімдеу өндірісін дамытуға айрықша назар аудара отырып, экономиканың шынайы секторында нақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде;
Тармақша 3
3) тұрғындардың тұрмыс деңгейін және жұмыспен қамту проблемаларын шешуге бағытталған қажетті шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық Мәслихаттың тұрақты комиссияларында Ақтөбе облысының 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын орындау барысы жүйелі қаралсын.
Басқа 7. 1995-1999 жылдардағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2001-2005 жылдарға арналған Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары 1995-1999 жылдарға талдау. 1996-1999 жылдары ұйымдастырылып өткізілген жұмыстың нәтижесінде өнеркәсіпте тауар өнімінің көлемі 44,1 % көбейді, ауыл шаруашылығындағы өнімнің көлемі 2,5 рет, негізгі капиталға қаржы салымы 2,1 рет өсті. Осы жылдар ішінде облыста 32,3 млрд. теңге құрайтын 564 объект іске қосылды, оның ішінде 96 ірі, 339 – кіші кәсіпкерліктің субъектілері. Кіші кәсіпкерліктің субъект саны көбейді ондағы жұмысшылар саны 70,2 мың адамды құрайды, немесе жалпы жұмыс жасайтындардың 40 %. Кіші кәсіпкерліктің субъектілері өндіретін өнімнің үлесі жалпы өнім көлемінің 20 % құрайды. Облыстың энергетикалық егемендігін, белгіленген шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде 1999 жылы электр қуатын өндірудің өзіндік салмағы 51,0 % ке дейін өсті, яғни 1995 жылға қарағанда (14 %), ілеспе мұнай газы бұрынғы 2,0 % ке қарағанда 21 % ке өсті. 1995-1999 жылдардағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Көр­сет­кіш­тер ата­у­ла­ры Өл­шем бір­лі­гі 1995 жыл 1999 жыл 1999 жыл 1995 жы­л­ға % 1 2 3 4 5 1. Өн­ді­рі­сте­гі та­у­ар өні­мі­нің кө­ле­мі Млн. тең­ге 38488,5 55975,5 144,1 2. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы өнім­нің та­быс кө­ле­мі (ағым­да­ғы ба­ға­мен) Млн. тең­ге 5260,0 13222,7 2,5 рет 3. Негіз­гі ка­пи­тал­ға қар­жы са­лы­мы, бар­лы­ғы Млн. тең­ге 7549,2 16155,7 2,1 рет 4. Негіз­гі қор­ды ең­гі­зу, бар­лы­ғы Млн. тең­ге 2621,5 10351,6 3,9 рет 5. Жұ­мыс­сыздық­ты бел­гі­леу дең­гейі % 2,4 3,6 6. Ор­та ай­лық ең­бек жа­ла­қы­сы Тең­ге 5105 12225 2,4 рет 7. Бюд­жет­ке са­лық­тың және бас­қа да төлем­нің тү­суі Млн. тең­ге 9160,2 15814,9 172,6 8. Жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке кі­рі­стің тү­сі­мі Млн. тең­ге 5741,9 9368,5 163,2 9. Кі­ші кә­сіп­кер­лік­тің ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­ле­рі­нің тір­ке­луі Бір­лік 950 21726 22,0 рет 10. КК (МП) қыз­мет ете­т­ін­дер са­ны Адам 3283 70222 21,0 рет 11. КК (МП) өнім­де­рі­нің кө­ле­мі (жұ­мыс, қыз­мет) Млн. тең­ге 548,4 14815,4 27,0 рет 12. КК (МП) бюд­жет­ке тө­ле­мі (заң­ды тұл­ға) Млн. тең­ге 91,3 1187,0 13,0 рет 13. Кі­ші кә­сіп­кер­лік­тің субъ­ек­ті­ле­ріне бе­рі­л­ген несие кө­ле­мі Млн. тең­ге 177,5 2281,8 12,0 рет 14. Же­ке­мен­шік электр-жүй­е­сін өн­ді­ру­ші­лер­дің өні­мі Млн. кв т/сағ 346,0 1115,0 3,2 рет 15. Ре­сей­ден алы­на­тын - “ - 2200,0 1062,0 48,0 16. Кө­гіл­дір отын­ды (га­з­ды) пай­да­ла­ну, бар­лы­ғы - та­би­ғи газ - іле­с­пе мұ­най га­зы Млн. куб.м - “ - - “ - 788,2 782,9 5,3 927,0 735,0 192.8 118,0 94,0 36,3 рет 2001-2005 жылдардың болашағы 2001-2005 индикативті жоспардың негізгі параметрлері Көр­сет­кіш­тер ата­у­ла­ры Өл­шем бір­лі­гі 2000 жыл 2001 жыл 2005 жыл 2001 ж. 2000 ж. % 2005 ж. 2000 ж. % 1. Өн­ді­рі­сте­гі та­у­ар өні­мі­нің кө­ле­мі Млрд. тең­ге 78,9 81,3 89,4 103,0 113,4 2. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі та­бысы­ның кө­ле­мі Млрд. тең­ге 15,3 17,3 22,7 113,1 148,5 3. Негіз­гі ка­пи­тал­ға қар­жы са­лы­мы Млрд. тең­ге 25,4 32,7 66,3 129,0 261,3 4. Ор­та ең­бек ақы Тең­ге 13889 15157 20421 109,1 147,0 5. Кі­ші кә­сіп­кер­лік­тің ша­ру­а­шы­лық субъ­ек­ті­сі­нің тір­ке­лі­мі Мың бір­лік 22,4 23,0 26,6 102,7 118,7 6. КК (МП) қыз­мет ете­т­ін­дер са­ны Мың адам 73,7 77,4 98,6 105,0 133,8 7. КК (МП) өнім кө­ле­мі (жұ­мыс, қыз­мет) Млрд. тең­ге 15,4 16,1 19,7 104,5 127,9 Экономиканың дамуындағы облыстың басымдықтары Өнеркәсіпте: энергетикалық егемендікті қамтамасыз ету, импортты алмастыратын өндірістерді дамыту, пайдалы қазбаларды одан әрі игеру. Ауыл шаруашылығында: облыстың солтүстік және солтүстік батыс аудандарында астық өндірістерін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда жайылымдық мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар тұрғындардың жеке аулаларындағы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді қолдау. Инфрақұрылымды дамытуда: Батыс Қазақстан, Солтүстік және Орталық аймақ аралығындағы тіке қатынасты жүзеге асыру үшін кең көлемдегі автокөлік кеңестігін құру жобасын жүзеге асыру, көлік жолдарын реабилитациялау, сонымен қатар селолық байланысты дамыту. Кіші бизнесті дамытуда: алдыңғы қатардағы технологияны енгізумен ірі аймақтағы кәсіпорындардың талаптылығын қанағаттандыруда кіші сериялық өнімдерді өндіру арқылы кәсіпкерліктің субьектілерін қайта өзгерту. Шешу жолдары Өнеркәсіптің дамуы. Аумақтың экономикалық саясаты 2001-2005 жылдары позитивтік тенденцияны бекітуге өндірістік өнімді дамытуға және белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталады. 2001-2005 жылдары тауар өнімінің көлемін (жұмыс, қызмет) 13,4 % өсіру болжамдалуда. 2001-2005 жылдары электрэнергия өнімін 332,1 млн квт/сағ немесе 27,2 % көбейтуге болжам жасалуда. Бұл электрэнергияны оны қолданудың жалпы өсімінің есебіне алғанда импорттан 5 % ке қысқартады. Таукенбайыту саласында 2005 жылға тауар өнімін өндіру 9,6 % өседі және ол 45,0 млрд теңге немесе жалпы өнімнің 50 % астамын құрайды. СНПС «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ 2005 жылы мұнай өндіру 3684 мың тонна құрайды. Яғни 2000 жылға қарағанда 1090 мың тонна (42,0 %) жоғарғы деңгейде. Бұл өндірудің келешектегі өсімі «Қазақтүрікмұнай» БК, ҰМК «Қазақойыл» бастаған жаңа орындардың есебінен қамтамасыз етіледі. Ілеспе мұнай газының 2005 жылға жоспарланып отырған көлемі 1370 млн. м3 құрайды, бұл 2000 жылғы өнімге қарағанда 3,5 рет жоғары. Кең өндіруді көбейту мақсатында «Дөн КБК» ААҚ «Центральная» шахтасының екінші комплексін салу жұмысын жалғастырады. 2003 жылы 29 карьерде күн қуатын енгізу жоспарланып отыр. «Молодежная» шахтасында 215 горизонтты қайта жабдықтау жұмысы көзделуде, ол қуатты 300 мың тонна көбейтеді және жылына 2 млн тоннаға өсіреді. Өңдеу өнеркәсібінде 2000 жылға қарағанда тауар өнімінің көлемін 10,6 % көбейту күтілуде. «Ферроқорытпа зауыты» ААҚ феррохромды 290 мың тоннаға дейін өндіру күтілуде. Химия саласында. «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» ААҚ 2005 жылы хром тұзын өндіру 96,5 мың тоннаға жеткізу болжамалануда. Тамақ өнімдерін өндіруде сүт, ет өнімін қайта өңдеуде, минералды суды дайындауда, алкоголсыз ішімдіктерді шығаруда, арақ ликер өнімдерін дайындауда, этил спирті, өсімдік, сары май өнімдерін өндіру арқылы өсуіне қол жеткізіледі. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемін көбейту 2,3 ке өсіру, өндірістік қуаттардың сақталуы және мемлекет қолдаған кезде оларды бөліп-бөліп жетілдіруге болжам жасалады. Құрлыс материалдарды өндірісінде өндіріс көлемін 22 % ке көтеру күтілуде. Машина құрылысында өнім өндірісі 41,3 % өседі деп күтілуде. «Ақтөберентген» АТАҚ 2005 жылы өндіріс көлемі 25 % өседі деп болжам жасалуда. Метал конструкцияларын және стандарттық емес құралдарды дайындауда, транспортты, ауыл шаруашылығы техникасын, құралдарды жөндеуден өткізудегі кәсіпорынның көрсеткен қызметінің көлемі өседі. Ауыл шаруашылығының дамуы. Ауыл шаруашылығында белгіленген шараларды жүзеге асыру 200 жылға қарағанда 2005 жылы түсім өнімінің көлемін 48,5 % өсіруді қамтамасыз етеді. Белгіленген басымдыққа сәйкес болашақта /перспективада/ мал шаруашылығының үлесі өнім өндіруде 64,0 % ке дейін өседі. 2001-2005 жылдар аралығында ауыл шаруашылығын қаржыландыру 31,6 % ке өседі. 2005 жылы лизингалық өнім деру есебінен машина-трактор парктері 60 % тен кем емес жаңаланады. Егіншаруашылығы. Астық өндірісін арттыру аймақтық егіншілік саласын игеру, танаптарға қысқа ротациялы ауыспалы егіс жүйесін енгізу және тұқым шаруашылығын жақсарту, селекцияны тиімді пайдалану арқылы жалғастырылады. Барлық жерде итальяндық пруспен күресу шаралары жалғасады. Мал шаруашылығы. Саланы өркендету мал өнімдерін қайта өңдеу, өндірістік негізде малды семірту, құс және сүт шаруашылығын қайта қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Мал шаруашылығын өркендету үшін жем-шөп қорын молайту, екпе шөптің егіс көлемін ұлғайту, сонымен қатар малды өз төлі арқылы көбейту, малдың өнімділігін арттыру және оның тұқымын асылдандыру көзделген. Мал дәрігерлік жұмысты жақсарту, асыл тұқымды мал басын көбейту үшін қосымша шаруашылықтар ұйымдастыру шаралары белгіленген. Инфраструктура. Темір жол көлігі саласында «Дөң – Краснооктябрьск руднигі» темір жолы, ұзындығы – 375 шақырым салынады. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін батыс аймағымен жалғастырады. Әуе көлігі саласында 2005 жылы жолаушылар тасымалдау 5,1 пайызға көбейеді. Автомобиль көлігі саласында халықаралық автокөлік тасымалы дамыйды деп жобалануда. Өндірістік өнеркәсіп жұмысының қалыптасуына қарай, облыстың құрлыс индустриясында және жол мекемелерінде жұмыс көлемінің көбеюі жүк тасымалдауда 22,2 пайызға, жүк айналымы 32,8, жолаушылар айналымы 15,2 пайызға өсу болжамдалған. Көлік жолдарының дамуына 18,5 млрд. тенге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған. «Самара-Шымкент» көлік жолының Ақтөбе – Қарабұтақ бөлігіне ұзындығы 274 шақырым реабилитациялау және Қарабұтақ – Қостанай тас жолын салу көзделуде. Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы жаңа деңгейге жету межеленген. 2005 жылға телекоммуникация облыста 49 сандық телефон станциясын, оның ішінде 37-сін ауылдық жерлерде құрастырады және 20 «Дама» жүйелі спутник станциясы алыс елді мекендерде орнатылады. Кіші кәсіпкерлік. 2005 жылға бұл секторда өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 28 пайызға, кіші кәсіпкерлік субъектісінің жалпы саны 18,8 пайызға, онда жұмыс істейтін адамдар саны 33,8 пайызға өседі. Инвестиция саласы. 2001-2005 жылдары экономикаға тартылатын қаржы көлемі 240 млрд. теңгені құрайды. 2001 жылға болжам бойынша қаржы салу мөлшері 2000 жылдан 29 пайызға, ал 2005 жылы 1,6 есеге жоғары болмақ. Мұнай-газ саласында 1000 млрд. теңгеден астам капиталдық салым жіберіледі. Соның арқасында 130 скважина қосымша іске қосылады, бұл 2005 жылғы мұнай өндіру көлемін 4 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңажол газ өндеу зауытын қайта жарықтандыру жұмысы аяқталады және жаңа зауыт іске қосылады. Бұл облысты өзіміздің газбен толық қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 5 млрд. теңгеден артық қаржы өнеркәсіптің өңдеу саласына, электр, газ және су тарату жүйесіне жұмсалмақ. Инвестициялық қаржыландыру жобаларының негізгі көзі шетелдік инвесторлардың қаржысы – 47,5 пайыз және мемлекеттік емес секторлардың, мекемелердің өз қаржыларынан (45,5 пайыз) тұрады. Халқы, еңбек ресурстарының дамуы. 2001-2005 жылдарға болжам бойынша экономикалық жағдайдың жақсаруы нәтижесінде, өлімнің азайып, туудың көбеюінен халықтың саны өседі деп күтілуде. 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда халықтың көшіп қонуы 2 есеге кемиді. Осыған байланысты облыс халқының саны 2005 жылы 691 мыңға жетеді. Экономика саласында қызмет ететіндер саны 2000 жылғы 138 мың адамға қарағанда 2005 жылы 158.3 мың адамды құрайды. Бұл жылдары өздері жұмыс жасайтындардың жалпы саны кемиді. «2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен жұмыссыздыққа қарсы күрес» жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында, жұмыссыздар саны 2005 жылға 22,2 мың адамға дейін төмендейді, белгіленген жұмыссыздар деңгейі 3,3 пайызды құрайды. Әлеуметтік сала. Денсаулық сақтау. Медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі басымдығы ол қымбат тұратын және тиімділігі аз стационарлық жәрдемнің амбулаториялық – клиникалық жәрдемге, яғни қазіргі көрсетіліп жатқан жәрдемді сақтай отырып, көшу болып табылады. 2001-2005 жылдары облыста қалыптасқан амбулаториялық аурухананың жәрдем моделі сақталып қалады. Оның ауылдық жерлерде материалдық – техникалық базасын жақсарту мәселелері шешілетін болады. Туберкулез бойынша қалыптасқан жағдай қазіргі уақытта және болашақта яғни 2001-2005 жылдары ДДУ ұсынған туберкулезді емдеудің стратегиясын жүзеге асыру және енгізу, аймақтық «Туберкулез» бағдарламасын жүзеге асыруды қалыптастыруды талап етеді. Медициналық жәрдемнің кепілдік көлемі 2005 жылы 3010,6 млн. теңге, яғни бұл 2000 жылғы деңгейге қарағанда 1,9 рет көп. Білім беру. Білім беру саласында 2005 жылға негізгі тапсырма бұл мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа және мемлекеттік мекемелердің санын кепілдендірілген мемлекеттік нормативті кестеге сай жеткізуі болып табылады. 2000 жылы БММ (ДДУ) 14 бірлікке, ал жалпы білім беруді ұйымдастыру 15 бірлікке өседі. 2005 жылға мемлекеттік коледждер мен кәсіптік-техникалық мектептер санын кәзіргі деңгейде қалдыру көзделуде. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі «2000 жылдан бастап кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі» бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде қазіргі күнкөрістен жоғары болып олардың санын азайтады. 2000 жылы бұндай адамдар саны 83,3 мың адамды құрайды, ал 2005 жылға олардың саны 68,5 мың адамға дейін кемиді. Тұрмыстары нашар адамдарға адрестік әлеуметтік жәрдем көрсету 2001-2005 жылдары облыстық бюджеттен 5,9 млрд. теңге көлемінде бөлінуі болжануда. Кішігірім қалалардың проблемаларын шешу тоқтап қалған кәсіпорындарды жандандыру, олардың өндірісін қайта кәсіптеу, жаңа өндірістік қуаттарды игеру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен жалғастырылады. Алға қаласының болашағы үстіміздегі жылы пайдалануға берілген «Нитрохим» АҚ жарылғыш заттарды өндіру зауытының өндірістік қызметінің басталуына байланысты, сонымен қатар күкірт қышқылын өндіруді игерген «Неохим» ЖШС жұмысына байланысты. Ембі қаласы бойынша әлеуметтік мәселенің шешімі «Казахойл» ҰМК өндірістік базасының құрылуына байланысты. Олар Әлібек мола және Қожасайда мұнай көзін игереді. Жалпы алғанда 1999 жылы және 2000 жылдың 9 айы базалық өнеркәсіп салаларында, агроөнеркәсіп кешенінде, шағын кәсіпкерлікте оң ілгерілушілік байқалып, болашақта экономиканың өсуіне қажетті алғышарттар жасалды. Ақтөбе облысының 2001-2005 ж.ж. әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспарының болжамдық көрсеткіштері Көр­сет­кіш­те­рі Өл­шем бір­лі­гі 1999ж. Есеп 2000ж. Ба­ға 2001ж. Бо­лжам 2005ж. Бо­лжам 2000ж. 1999ж. % 2001ж. 2000ж. % 20005ж. 2000ж. % 1. Өн­ді­рі­стік өнім­нің кө­ле­мі Млрд. тең­ге 55,5 78,9 81,3 89,4 142,2 103,0 113,4 - мұ­най Мың. тон­на 2315,8 2594,0 2994,0 3674 112,0 115,4 141,6 - газ Млн. м3 331,1 387,0 688,0 1370,0 116,9 177,7 3,5 р. - фер­ро­қо­рыт­па Мың тон­на 265,8 284,0 290,0 290,0 106,8 102,1 102,1 - хром ру­да­сы Мың тон­на 2405,6 2550,0 2550,0 2640,0 106,0 100,0 103,5 - элек­тро­энер­гия Млн. квт/сағ 1137,7 1222,9 1242,0 1555,0 107,5 101,5 127,2 2. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы тү­сім өні­мі­нің кө­ле­мі со­ның ішін­де: егін ша­ру­а­шы­лы­ғы мал ша­ру­а­шы­лы­ғы Млн. тең­ге - “ - - “ - 14054,8 5711,0 8343,8 15513,6 5887,7 9625,9 16312,2 6307,9 10004,3 22733,3 8232,2 14501,1 110,4 103,1 115,4 105,1 107,1 103,9 146,5 144,8 150,6 3. Өнім­ді өн­ді­ру Астық Қар­топ Көк өні­стер Шы­ғы­ны салм. құс және ірі қа­ра мал Сүт Жұ­мырт­қа Мың тон­на - “ - - “ - - “ - - “ - Млн. да­на 475,5 51,1 30,2 32,0 203,4 70,8 460,0 51,5 30,5 32,3 205,7 65,8 521,5 51,5 30,5 35,1 210,9 68,7 602,0 54,0 34,0 41,9 229,3 77,7 96,7 100,8 101,0 103,7 101,0 92,9 113,4 100,0 100,0 105,7 102,5 104,4 130,9 104,8 111,5 126,2 111,5 118,1 4. Мал ба­сы: Ірі қа­ра Қой және еш­кі­лер Шош­қа­лар Жыл­қы­лар Түй­е­лер Құс Мың бас - “ - - “ - - “ - - “ - - “ - 303,4 627,4 67,2 56,4 10,7 518,1 307,2 637,6 72,6 56,9 10,8 600,0 312,6 642,0 76,5 57,8 10,9 650,0 324,0 653,0 87,0 60,4 11,1 750,0 101,2 101,6 108,0 100,9 100,9 115,8 101,7 100,7 105,4 101,6 100,9 108,3 105,5 103,3 120,8 106,1 102,8 179,2 5. Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ныс Экс­порт Им­порт Млн. долл. - “ - 267,7 170,2 400,0 215,0 450,0 200,0 500,0 185,0 149,4 126,3 112,5 93,0 125,0 86,0 6. Негіз­гі ка­пи­тал­ға қар­жы са­лы­мы Со­ның ішін­де ше­тел­дік Млрд. тең­ге - “ - 16,0 11,3 18,4 5,7 21,7 6,6 31,1 18,3 115,0 50,4 117,9 116,9 168,9 276,7 7. Ха­лық са­ны Мың адам 680,9 679,2 679,3 691,1 99,3 100,0 101,8 8. Ең­бек ре­сур­ста­ры - “ - 383,0 380,3 378,8 382,5 99,3 99,6 100,6 9. Ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы Тең­ге 12191 13889 15157 20421 113,9 109,1 147,0 10. Бар­лық жұ­мыс­сыздар Мың адам тұр­ғын­дар. % мың адам­ға 44,1 13,7 45,0 14,0 38,2 11,9 22,2 6,9 102,0 84,9 49,3 11. Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің тү­сі­мі Млн. тең­ге 9256 10800 11936 13500 116,7 110,5 125,0