Об областной программе борьбы с коррупцией на 2001-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығын орындау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру және облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң бiрыңғай мемлекеттiк саясатын жүргiзу мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асырудың iс-шаралар Жоспары бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстың мемлекеттiк органдарының басшылары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын сөзсiз орындау жөнiнде шаралар алатын болсын.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Е.Е. Серiкбаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 81 шешiмiне қосымша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы: 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күресудiң облыстық бағдарламасы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздер: Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 Жарлығымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудiң 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы Бағдарламаны негiзгi әзiрлеушiлер: Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмi, облыстық прокуратура, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi, облыстық кеден басқармасы, қаржы полициясының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi, облыстық әдiлет басқармасы Кiрiспе Сыбайлас жемқорлықпен күресудiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық басқармасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанды дамытудың 2030 жылдарға дейiнгi стратегиясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, 2005 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi стратегиясын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы әрекет еткен жылдарда сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын қию және оны түп-тамырымен құрту жөнiндегi жұмыстар неғұрлым жүйелi, дәйектiлiк сипатта бола бастады. Осы бағдарлама өткендегi облыстық бағдарламаға сәйкес жүргiзiлген жұмыстарды жалғастыруға, бұл ретте қалыптасқан практиканы тереңдетуге және жетiлдiруге, барлық қызмет салаларында жемқорлықты туғызатын жағдайларды табу мен жоюдың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған. Ұйымдастыру шаралары кешенi барлық атқарушы, құқық қорғау, бақылаушы органдардың төмендегiдей негiзгi қағидаларды сақтаудағы нақты мүмкiндiктерге негiзделген: әсерлiлiгi; орындаушылығы; адрестiлiгi(жауапкершiлiгi); тұрақтылығы; жүйелiлiгi. Бағдарламаға мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын шаралармен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күреске азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарын белсендi тарту енгiзiлген. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегi мемлекеттiк саясаттың iске асырылу барысын дұрыс және кеңiнен жариялап отырудағы, жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды түсiндiрудегi, қоғамда қылмыс пен жемқорлықты қабыл алмау жағдайын қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiне ерекше роль бөлiнген. Өкiмет органдарының ашықтығы, азаматтық қоғамның басқа институттармен өзара әрекетi жемқорлық қылмыстар санын күрт төмендетуге, қоғамда моралдық ахуалды сауықтыруға бағытталуы тиiс. Бұл бағдарлама қылмыспен күресудiң 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасымен қатар iске асырылатын болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудiң жағдайына талдау Сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламада қаралған шараларды жүзеге асыру, бұл проблемаға тек құқық қорғау және бақылаушы органдардың ғана емес, барлық мемлекеттiк ұйымдар басшыларының назар аударуын күшейтуге, жемқорлық қылмысты анықтаумен қатар, оның алдын алу жөнiндегi жұмыстарды белсендi жүргiзуге мүмкiндiк бердi. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, мемлекеттiк қызмет туралы заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын iске асыру мемлекеттiк қызметшiлер арасында тәртiптi нығайтуға мүмкiндiк жасады. Жемқорлық құқық бұзушылықтың барлық фактiлерi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етiлiп отырылды, бұл қоғамда үлкен пiкiр туғызды, мұның өзi оның алдын алу мен сақтандырудың белгiлi бiр әсерлi құралы болды. Осындай оңды үрдiстермен қатар, бұл бағытта көптеген шешiлмеген проблемалар да бар. Бiрiншiден, осындай әлеуметтiк залалмен күресетiн құқық қорғау және бақылаушы органдарда жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi жойылған жоқ. Атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн жауапкершiлiкке тарту жағдайлары да кездеседi. Бұл ретте салық органдарына табысы мен мүлiктерi туралы декларация тапсыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 9-бабын бұзу кең сипат алып отыр. Екiншiден, жемқорлыққа қарсы қызметтiң қалыптасқан практикасы көрсеткенiндей, негiзгi жұмыс төменгi деңгейдегi жемқорлық көрiнiстердi табуға шоғырландырылған. Басшы құрамдағы мемлекеттiк қызметшiлер, әсiресе материалдық бюджеттiк қаржыны бөлуге қатысы бар бас мамандар тарапынан заңды айналып өту үрдiсi жете қадағаланбай келедi. Жағдайды өзгерту үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн, басшы және басқа да жауапты қызметтерге үмiткерлердi iрiктейтiн конкурстық комиссиялардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде нақты шаралар алу талап етiледi. Үшiншiден, сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi барлық жұмыстар негiзiнен жекеленген жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын қиюға топтастырылған және ол мұндай көрiнiстердiң себептерi мен жағдайларын жою жөнiнде өте жеткiлiксiз шара болып отыр. Облыста сыбайлас жемқорлықпен күресудiң жаңа кезеңi жемқорлық қылмыстарға, әсiресе экономика саласында мүмкiндiк жасайтын жағдайларды табуға және оны жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырумен сипатталуы тиiс. Төртiншiден, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық бiлiм дәрежесiнiң жеткiлiксiздiгi, тәрбие жұмыстары деңгейiнiң төмендiгi, мемлекеттiк қызметке үмiткерлердiң және мемлекеттiк лауазымдарда iстейтiндердiң жеке моралдық сапасына талаптың төмендiгi сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға белгiлi бiр дәрежеде кедергi жасайтын факторлар болып отыр. Жоғарыда аталғандарға байланысты бiлiктiлiктi бағалау комиссияларының жауапкершiлiгiн арттыру, мемлекеттiк органдарда және мемлекеттiк мекемелерде жаппай құқықтық оқу жүйесiн құру талап етiледi. Бесiншiден, халықты жасалған жемқорлық құқық бұзушылықты, оның себептерi мен жағдайларын терең талдамай жалаң фактiлермен хабардар ету, жекеленген жағымсыз фактiлерге деген бiр жақты көзқарасты қалыптастырады. Азаматтардың құқықтық мәдениетi мен жауапкершiлiгiнiң төмендiгiнен, олардың мұндай әлеуметтiк зиянға қарсылық жасамауынан жемқорлық көрiнiстер туатын жағдайлар ашып көрсетiлмейдi. Жемқорлық iс-әрекеттiң алдын алудағы өзiнiң ролiн жете түсiндiрусiз, белсендi қарсылық жасау сезiмiн оятпайынсыз жазалау орын алады. Осыған байланысты облыста сыбайлас жемқорлықпен күрестiң барысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясат пен атқарушы органдар арқылы алынатын шаралар туралы халықты жоғары бiлiктiлiкпен ұдайы хабардар етiп отыру қажет. Құқықты насихаттау мақсатына бағытталған арнаулы бiлiм бағдарламасын енгiзу азаматтарды жемқорлық көрiнiстерiне төзгiсiз жағдайды қалыптастыруды, өкiмет органдарына сенiмдi арттыруы тиiс. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi Бағдарламаның басты мақсаттары: облыста сыбайлас жемқорлықпен күресудiң бiрыңғай мемлекеттiк саясатын жүргiзу; азаматтар мен ұйымдардың конституциялық тәртiбiн, құқығы мен заңды мүддесiн, мемлекеттiк қызметтi жемқорлық процестерiнiң құрылымсыздық әсерiнен қорғау; жемқорлықтың тiршiлiктiң барлық салаларында және жекеленген тұлғаларда көрiнiс табуы деңгейiн кемiту, халықтың мемлекеттiк органдарға, жалпы өкiметке сенiмiн нығайту; әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық салаларда мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi күшейту; жемқорлыққа қарсы әрекеттi жүзеге асыратын жүйелердiң бiр iздiлiгiн, тұтастығын және аяқталушылығын қамтамасыз ету. Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн төмендегiдей басым мiндеттердi шешу қажет: сыбайлас жемқорлықпен күресудiң облыстық бағдарламасының мазмұнын барлық мемлекеттiк органдарға және халыққа жеткiзу, жемқорлықты туғызатын жағдайлар мен себептердi жою мақсатында мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерде конкурстық комиссиялардың жұмысын жетiлдiру; өздерiнiң тiкелей басқаруына байланысты емес мәселелердi шешуге, әсiресе экономикаға орынсыз араласуын болдырмайтындай мемлекеттiк органдардың қызметiн қамтамасыз ету, орынсыз рұқсат беру функциясын пайдалануды жою; облыстық экономикалық, әлеуметтiк бағдарламалардың барынша ашықтығын және мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету; жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын құқық қорғау органдарының құрылымын нығайту, олардың жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жүйелi жұмыс iстеуiне қол жеткiзу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты және осы бағдарламаның шараларын насихаттауда және iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң ролiн арттыру; бұқараның қалың топтарын, жұртшылықты жемқорлықпен күресу жөнiндегi белгiленген шараларды iске асыруға қатыстыруға тарту, әрбiр ұжымда жемқорлық көрiнiстерге қарсы әрекет жасау және қабыл алмау жағдайларын жасау. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Облыстың барлық мемлекеттiк органдарында және ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн шектеуге бағытталған ұйымдық және практикалық шаралар жоспарын әзiрлеу және iске асыру. Жемқорлық құқық бұзушылық үшiн жауапқа тартылған азаматтар, сондай-ақ жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi туралы бiрыңғай мәлiметтер банкiн құру. Мемлекеттiк қызметтiң беделiн арттыру. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн қатаң сақтауын қамтамасыз ету, тапсырылған жұмыс үшiн жеке дара жауапкершiлiгiн арттыру. Мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық ынталандырудың тиiмдi шараларын қолдану. Мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiнде кадрлар резервiн тиiмдi пайдалануды және кадрлар алмасушылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызметке жылжыту кезiнде сүйемелдеушiлiк пен топтық байланыстың жағымсыз әсерлерiн жою. Облыстық бюджет есебiнен ұсталатын құқық қорғау органдары құрылымдарын кадрлармен жасақтау рәсiмдерiнiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету. Жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарында мемлекеттiк қызметтерге орналасу мүмкiндiктерiн жою.
Тармақ 2
2. Жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға" қарсы әрекет Өкiлдi мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларды орындауын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, олардың өз өкiлдiктерiн асыра пайдалануына жол бермеу. Жергiлiктi товар өндiрушiлердi қолдау үшiн нақты жағдайлар жасау, жергiлiктi деңгейдегi тиiмдi өндiрiске қаржы салу мүмкiндiктерiн ынталандыру мақсатында шаралар алу. Жергiлiктi товар өндiрушiлердi қолдау. Бюджет тәртiбiн нығайту және бюджеттiң айқындығын қамтамасыз ету. Нақты және iске асырылатын бюджетке өтудi қамтамасыз ету. Салық қызметi жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру. Олардың ауылдық округтер әкiмдерiнен бастап, барлық деңгейдегi жергiлiктi атқару органдарымен нақты өзара қатынасын қамтамасыз ету. Заңсыз жолмен капитал жинауға мүмкiндiк туғызатын тетiктер мен жағдайларды анықтау. Коммуналдық меншiктердiң пайдаланылуына, мемлекеттiк қаржы мен мүлiктердi ұйымдастыруға және есептен шығаруға тексеру жүргiзу және нақтылай бақылау жасау. Облыстың экономикалық қызметiнiң түрлi салаларында меншiктiң барлық нысандары үшiн бiрдей жағдайлар жасау. Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен бiрге кеден шекарасы арқылы өтетiн жүктер, соның iшiнде транзиттi жүктер туралы бiрыңғай ақпараттық жүйе жасау. 3. Мемлекеттiк экономикалық саясат тетiктерiнiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету Облыстың барлық мемлекеттiк органдары қабылдайтын шешiмдердiң құқықтық жағынан таза реттемелiлiгiн, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк тапсырыстар мен мемлекеттiк сатып алуларды, жекешелендiру жөнiндегi саудаларды орналастыру жөнiнде конкурстар өткiзу. Бюджеттiк қаржыларды, облыс бюджетiнiң кепiлдiгiне алынған шетелдiк инвестицияларды, займдарды пайдалану тетiктерiнiң мөлдiрлiгiн қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласында бәсекелестiк орта құруға жәрдемдесу. Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржы қызметi қорытындылары туралы есептер жариялау.
Тармақ 4
4. Құқық қорғау органдарын нығайту Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын құқық қорғау органдары құрылымдарының материалдық-техникалық деңгейiн арттыру. Кадрлар iрiктеудiң ашықтығын, тұрақтылық үшiн, жан-жақты дайындығы бар мамандардың құқық қорғау құрылымдарынан шығып кетуiнен сақтандыру жағдайларын қамтамасыз ету. Полицияның учаскелiк инспекторлар қызметiн нығайту жөнiнде мақсатты шараларды жүзеге асыру, олардың санын белгiленген тиiстi нормативке жеткiзу және оны облыстың әрбiр елдi мекендерiне орналастыру. Жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу жөнiнде әдiстемелiк семинарлар, басқа да кәсiби оқу түрлерiн ұйымдастыру.
Тармақ 5. Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның iске асырылу барысы туралы облыс тұрғындарын ұдайы хабардар етiп отыру. Қоғамда жемқорлық көрiнiстерге төзбеушiлiк қатынасты қалыптастыру, мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, жемқорлықпен күресу жөнiндегi қазiргi заңдардың ережелерiн түсiндiру. Мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының беделi мен ролiн көтеру жөнiнде нақты шараларды жүзеге асыру. Нақты да жарамды мысалдар арқылы құқық қорғау органдарының үздiк тәжiрибелерiн насихаттау, халықты заңды құрметтеуге, заңдарды бұзушыларға, соның iшiнде жемқорлыққа төзбеу сезiмiне тәрбиелеу. Облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiнде Ресей Федерациясының шекаралас мемлекеттiк органдарымен ынтымақтастықты дамыту және нығайту. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды, экономикалық контрабанданы, жемқорлық көрiнiстермен байланысты басқа да құқық бұзушыларды анықтау және жолын қию мәселелерi бойынша Ресей Федерациясының осы тектес құрылымдарымен құқық қорғау, кеден, басқа да бақылаушы органдардың жұмыс тәжiрибесiн алмасу, жемқорлықпен күрес мәселесi бойынша бiрiккен перспективалық жоспарлар әзiрлеу. "Көлеңкелi экономикамен" және жемқорлықпен күрестiң тәжiрибесiн үйрену, жинақтау және оны мемлекеттiк органдардың жұмысына енгiзу. Бағдарламаны iске асырудың тетiктерi Барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары әзiрленетiн болады. Жоспарда нақты шаралар, оның орындалу мерзiмi, жауапты құрылымдар мен қаржыландыру көздерi айқындалған. Жоспардың нақты тармақтарын iске асыру кезiнде өзара iс-әрекеттi үйлестiрiп отыру үшiн мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен жұмысшы топтары құрыла алады. Онда негiзгi орындаушылар мен бiрлескен орындаушылар белгiленедi. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi нақты шараларды анықтау мақсатында атқарушы өкiметтiң төменгi төменгi буындары Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi өздерiнiң құрылымдық жағдайлары мен мүмкiндiктерiне қарай iс-шаралар жоспарын жасайды. Бағдарламаны және iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселелерi оқтын-оқтын облыс әкiмi басқаратын қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң талқылауына ұсынылып отырылады. Бағдарламаның iске асырылуын бақылауды облыс әкiмi жанындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесi және жұмысшы орган - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмi жүзеге асырады. Бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыруға қажеттi қаржы шығындары облыстық бюджеттiң тиiстi жылына арналған қаржысы есебiнен қаралған. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Саяси жағынан: өкiметке, оның атқарушы органдарына деген сенiм мен беделдi нығайту, басқарушылық шешiмдер қабылдағанда мемлекеттiк саясатқа сәйкес келмейтiн жекеленген бiрлескен мүдделердiң әсерiн азайту. Экономикалық жағынан: көлеңкелi экономиканың әсер ету өрiсiн тарылту, салықтық түсiмдердi ұлғайту, бюджеттiк саланы нығайту; нақты бәсекелестiк тетiктердi iске қосу, нарықтық қатынастарды нығайту; шағын және орта бизнесте жеке меншiк иелерiнiң санын өсiру; кәсiпкерлiк салаға атқарушы өкiметтiң "ойынның әдiл ережесiн" белгiлеуге және сақтауға қабiлеттiлiгiне сенiмдi нығайту. Әлеуметтiк жағынан: азаматтардың атқарушы өкiметпен қатынасын реттеудiң негiзгi құралы ретiнде құқықтарын қалпына келтiру, олардың қылмыстық озбырлықтан қорғалатындығына деген сенiмiн нығайту; мүлiктiк теңсiздiктiң өсу қарқынын кемiту, кедейшiлiк, жұмыссыздық санын, әлеуметтiк шиеленiстi кемiту және әлеуметтiк жанжалдардың алдын алу; құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдардың жемқорлыққа қатыстылығын, ұйымдасқан қылмысты кемiту.
Басқа 9. 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң облыстық бағдарламасын жүзеге асыру шараларының ЖОСПАРЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 81 шешiмiне қосымша 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң облыстық бағдарламасын жүзеге асыру шараларының ЖОСПАРЫ №№ Шаралар Аяқтау түрі Орындауға жауапты Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 1. Мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлық туралы ескерту 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ведомстволық жоспарлар мен тәжiрибелiк шараларды әзiрлеу. Әкімге ақпарат жоспарлары Мемлекеттік органдардың басшылары 2001 жылдың ақпаны 2. Мемлекеттiк қызметкерлердiң қазiргi қорын құру. Резерв Мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарма (келісімімен) 1 тоқсан 2001 жылда тұрақты 3. Мемлекеттiк органдар мен әкiм аппараты мемлекеттiк қызмет басқармасы мен тығыз қатынаста жұмыс жасауын қамтамасыз етiп кадрлар резервiн жасақтау. Алдын-ала резерв құру Мемлекеттік қызмет жөніндегі басқарма (келісімімен), қала, аудандар әкімдері Барлық кезең бойынша 4. Кандидатураның сынау мерзiмiнен өтуiн кадрлардың резервте тұруына ұсынған ұйымдар жүргiзедi. Сынау мерзімін ұйымдастырады Облыс әкімінің аппараты, қала, аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары, мемлекеттік қызмет басқармасы Барлық кезең бойында 5. Хабардың нақтылығына iрiктеу тексерулерiн жүргiзу пакет акцияларына сену басқарушыларына коммерциялық ұйымдардың жеке адамдар үлесiне қатынасы, мемлекеттiк қызметке тағайындалған. Тағайындауларды тексеру Облыс әкімінің аппараты, қала, аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар басшылары, мемлекеттік қызмет басқармасы (келісімімен) Барлық кезең бойынша 6. Барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты терең оқып үйрену соңынан тестiлеуден өткiзу Оқу жоспары Мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, қала, аудан әкімдері Жыл сайын жеке жоспар бойынша 7. Мемлекеттiк мекемелердiң тәртiптiк комиссиялары төрағаларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар туралы аумақтық семинар-кеңес өткiзудi ұйымдастыру. Семинар материалдарын баспада жариялау Мемлекеттік қызмет басқармасы (келісімімен), облыстық Тәртіптік кеңес Жыл сайын 8. Мемлекеттiк жұмысқа алған кезде құқықтық алу статистика орталығы және ақпараттар туралы облыстық прокуратурадан оның сотты болмағандығы және сыбайлас жемқорлыққа қатысы, басқалай құқық бұзушылығы болмағандығы жөнiнде сұраныс жасау Ақпараттар Мемлекеттік ұйымдардың басшылары Тұрақты 9. Сыбайлас жемқорлық заңдарын бұзушы мемлекеттiк ұйымдарға тексерулер жүргiзу. Үйлестiру Кеңесiнiң мәжiлiсiнде қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мемлекеттiк органдармен мемлекеттiк мекемелердiң жұмысындағы кемшiлiктердi болғызбаудың алдын-алу шаралары туралы үнемi тыңдап отыру. Үйлестіру кеңесінің шешімі Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі облыстық, тәртіптік кеңес Барлық кезең бойы жеке жоспар бойынша 10. Мемлекеттiк мекемелерде жұмыстың жақсы жақтарын көрсетудi кеңiнен тәжiрибе алмасу, заң бұзушылықтың алдын-алу өз ұжымында тәрбиелеп ескертiп отыру. Кепілдемені жинақтау Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі Жеке жоспар бойынша 11. Мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерде мемлекеттiк тәртiптiң жағдайына талдаулар жасау, алынған шараларға барабар тәртiптiк мiнездемелер алу, құқық бұзушыларды ашу, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу фактiлерi кездессе ескертулер жасау. Кепілдемелерді тексеру Мемлекеттік қызмет басқармасы (келісімімен), құқық қорғау органдары, тәртіптік кеңес Жыл сайын 2. Сыбайлас жемқорлық көзi - "көлеңкелi экономикаға" қарсы әрекет 12. Тауарлар декларациясын бiр жобаға келтiру тәртiбi туралы. Кеден одағына қатысушы мемлекеттерге iшкi кеден шекарасы туралы орналастыруларды жүйеге келтiру. Жеке тәртіп жобасы туралы Кеден басқармасы 2001 жыл 13. Қылмыстық жолмен капитал табуға жәрдемдесетiн тетiктер мен фактiлердi жоюға бағытталған нормативтiк актiлер жобасына ұсыныстар енгiзу. Нормалық актілер жобасы туралы Облыстық экономика, қаржы, әділет басқармалары 2001 жыл 14. Облыстық жергiлiктi бюджеттiң тұрақтылығын, бюджеттiң орындалуын қамтамасыз ету, ережедегi бережақтар жиынтығын жоюдың шараларын алу. Есеп Облыстық қаржы басқармасы Жыл сайын 15. Бюджеттiң құрылымы мен орындалу жүрiсiн жетiлдiру. Жергiлiктi бюджеттiң тиiмдi және бағытты пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету. Есеп Облыстық қаржы басқармасы Жыл сайын 16. Қаражаттарды ақшалай табудың жолдарын болғызбау ("заңсыз жолдармен") банкiлерден есеп шотын ашуға жол бермеудiң шараларын алу. Бірлескен жоспар шаралары Ішкі істер басқармасы, қаржы бақылау комитетінің басқармасы, Ұлттық банкі филиалы (келісімімен) Тұрақты жыл сайын жоспарлау 17. Барлық жерлерде электронды технологияның тауар-ақша қатынасына баламалы қолма-қол ақшалау түрiн енгiзу есебiн жүргiзудiң шараларын алу. Нормативтік- құқықтық нормалар Ұлттық банк (келісімімен), облыстық қаржы басқармасы 2002-2005 жылдарға нормалық актінің алынуына сәйкесті 18. Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен шұғыл ақпараттық хабарлар жөнiнде бiр келiсiмге келу өз шекаралары арқылы өтетiн жүктердi соның iшiнде транзиттi жүктер туралы келiсiм жасасу. Келісім Кеден басқармасы 2001-2002 жылдарда 19. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс аймағынан шетке кеткен табиғи байлықтар және облыс бюджетiне оны тартудан түскен қаржы жөнiнде хабарлар жариялап отыру. Бұқаралық ақпараттарда жариялау Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім, экономика басқармалары, салық комитеті Жыл сайын 20. «Заңдылықты сақтау және оны тәртiптеу автомобиль жолдарында құқық қорғау органдары жедел топтарымен бiрлесе рейдтiк шаралар жүргiзу туралы» құқық қорғау органдары туралы үйлестiру Кеңесiнде мәселелердi қарау. Кепілдемелер Облыстық прокуратура (келісімімен) 2001 жыл 21. Кәсiпкерлер субъектiлерi қызметiнде банк мәлiметтерiн пайдалану, олардың мемлекеттiк органдарда лауазымды адамдармен туыстық қарым-қатынастарының болмауын, оларға жеңiлдiктер мен артықшылықтар лауазымды адамдар арқылы берiлмеуiн қарастырады. Тексерулер өткізу Салық комитеті, қаражат полициясы департаменті, облыстық әділет басқармасы, құқық қорғау органдары Жыл сайын 3. Мемлекеттiк экономикалық саясат тазалық механизмiн қамтамасыз ету 22. Жабық кiрiстерге салық салу шараларын алу. Әкімге, әкімиятқа ақпарат Салық комитеті Тоқсан сайын 23. Облыста өндiрiлетiн өнiмдер жиынтығына шетелге және шетелден келетiн нарықтық ағымдарға талдаулар жасауды жүзеге асыру. Әкімге, әкімиятқа ақпарат Облыстық экономика, ауыл шаруашылығы басқармалары Тоқсан сайын 24. Жыл сайын қаржы нәтижелерi мен есептердiң табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерi туралы жариялаулар жүргiзу. Әкімге, әкімиятқа ақпарат Облыстық экономика басқармасы, табиғи монополиялар субъектілері 1 тоқсан жыл сайын 25. Несие бере алмайтын, өзiн-өзi қаржыландыра алмайтын облыс кәсiпорындарының тiзiмiн жасақтау. Әкімиятқа ақпарат Облыстық экономика басқармасы, салық комитеті Жыл сайын, маусым, желтоқсан 26. Облыс кәсiпорындары шетелдермен соның iшiнде тәуелсiз мемлекеттер достығы елдерiмен, компаниялармен облыс экономикасына инвестиция салғандармен келiсiм жасағанда нақты, таза болуды қамтамасыз ету. Ақпарат құралдары арқылы хабардың жүру барысы туралы жариялап отыру. Әкімиятқа ақпарат Облыстық экономика басқармасы, салық комитеті, кәсіпкерлер субъектілері Жыл сайын желтоқсан 27. Үнемi заттай бақылаулар мен тексерулердi басқармаларға беру, коммуналдық меншiктер нысандарына мемлекеттiк пайдалануға шешiмдер әзiрлеудi қамтамасыз ету. Біріккен шаралар жоспары Коммуналдық меншіктер басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, салық комитеті, қаржы бақылау комитетінің басқармасы, қаржы полициясы департаменті Жыл сайын 28. Мемлекеттiк кәсiпорындарға облыстық бюджеттен несиелердi кепiлге беру iстерiнiң тазалығын қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Облыс әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімі Істердің аяқталуына байланысты 4. Құқық қорғау органдарын нығайту 29. Қылмысты ашудағы тексеру жұмыстары мен шараларды анықтап жүргiзу, контрабандалармен, дән және дән өнiмдерiн, спирт және алкоголдi өнiмдердiң, түстi және қара темiр сынықтарын, сондай-ақ лауазымды адамдардың коррупцияға қатысы жоқтығын айқындау бағытында жүргiзiлдi. Бірлескен жоспар шаралары Облыстық прокуратура (келісімімен), ішкі істер бөлімі, қаржы полициясы департаменті Тұрақты 30. Экономикалық қылмыскерлердi жалпы қоғамға резонанс туғызатын сонымен қатар облыс экономикасына үлкен зиянын тигiзетiн қылмыскерлердi ашатын бiрлескен шұғыл тергеу жоспарын құрудың iс-тәжiрибесiне айналдыру. Бірлескен бұйрық Облыстық прокуратура (келісімімен), ішкі істер бөлімі, қаржы полициясы департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (келісімімен) Тұрақты 31. Тергеушiлер мен шұғыл тергеу топтары қызметкерлерiмен экономикалық салада қылмыс жасаушыларды тергеп ашушылармен оқулар ұйымдастыру. Бірлескен бұйрық Ішкі істер басқармасы, қаржы полициясы департаменті 2001 жылдың ІҮ тоқсаны 32. Облыс бюджетiнен қаржыланатын iшкi iстер бөлiмiне қызметке алынған кадрлардың таза жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру. Арнаулы шаралар Ішкі істер басқармасы Тұрақты 33. Iрiлендiрiлген учаскелiк полиция инспекторларының қызметiн нормаға сәйкестi санына жеткiзiп әрбiр елдi мекендерге орналастыру. Облыстық бюджет Ішкі істер басқармасы 2002-2005 жылдар 34. Облыстың салық комитетi, басқа да бақылаушы органдар прокуратураға, қаржы полициясы департаментiне және тергеу органдарына бюджет қаржысын иемдену, ақша ұрлау, объектiлердi жекешелендiрудегi, несиенi пайдаланудағы, бағалар мен тарифтердi көтерудегi заңсыздықтар туралы анықталған фактiлердi толық және дер кезiнде берiп отыруды қамтамасыз ету. Әкімге ақпарат Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті, қаржы бақылау комитетінің департаменті, облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау комитеті Тұрақты 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау 35. Облыс тұрғындарын сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы барысымен, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылығын насихаттау жұмысы және осы мәселелер жөнiндегi мемлекеттiң саясаты жарияланымдар, туралы үнемi хабарламалар берiп тұру. Сөйлеулер, кездесулер, пресс- конференция, облыс әкіміне ақпараттар Облыстық ақпарат және келісім басқармасы, ішкі істер басқармасы, облыстық прокуратура (келісімімен), облыстық әділет басқармасы, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма (келісімімен), ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (келісімімен) Тұрақты 36. Үйлестiру кеңесi мәжiлiсiнде қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы облыстық мемлекеттiк органдар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына сөйлеу графиктерiне сәйкестi жасап беру. Сөйлеу кестесіне сәйкесті Облыстық ақпарат және келісім басқармасы Жыл сайын 1 тоқсанда 37. Облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы социологиялық сұрау өткiзiп, салалар мен ведомстволар бойынша әдiстемелер жасап жүргiзу. Нәтижесi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Социологиялық сұраулар, жарияланымдар Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Жыл сайын 38. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының аспектiлерi бойынша конференция, дөңгелек стол өткiзу. Дөңгелек стол: "Сыбайлас жемқорлықпен күресу - өкiметке сенудi тәрбиелеудiң шарты". Конференция: "Құқық, адамгершiлiк және қоғамдық- саяси сыбайлас жемқорлықпен күресу аспектiлерi". Дөңгелек стол: "Бұқаралық ақпарат құралдарының мiндетi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру". Конференция: "Құқық қорғау, бақылау және мемлекеттiк органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiмдi күресудiң өзара шартты байланысы". Дөңгелек стол: "Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Тоқтату мен алдын алудың тиiмдi шарасы". Конференция, дөңгелек стол материалдары, сыбайлас жемқорлықпен күресудің кепілдеме және ұсыныстары Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық прокуратура (келісімімен), мемлекеттік қызмет басқармасы (келісімімен), ішкі істер басқармасы, облыстық тәртіптік кеңес т.б. органдар мен ұйымдарды қатыстыру 2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл 39. Бұқаралық ақпарат құралдарында заңға сәйкестi лауазымды адамдардың кiрiстерi көлемiнiң көздерi туралы мәлiметтердi жариялау, мемлекеттiк жауапты лауазымдарға, ұсынылған үмiткерлердiң кiрiсi жөнiндегi мәлiметтердi жариялау. Жарияланымдар Облыстық мемлекеттік қызмет басқармасы (келісімімен), облыстық сайлау комиссиясы Тұрақты 40. Мемлекеттiк органдар басшыларының қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттерiмен мемлекеттiк қызметтiң ерекшелiктерi туралы заңды түсiндiретiн кездесулерiн ұйымдастыру. Дөңгелек стол, кездесулер, әңгімелер Облыс әкімінің аппараты, мемлекеттік органдардың басшылары Барлық маусым бойында 6. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегi халықаралық ынтымақтастық 41. Облыс құқық қорғау органдарының Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарының ұқсас қызметкерлерiмен облыс құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты жетiлдiрiп нығайту. Бiрлесе отырып қылмысты болдырмаудың алдын-алудың шараларын жүзеге асыру. Бірлескен шаралар Облыстық ішкі істер басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (келісімімен), облыстық прокуратура (келісімімен), қаражат полициясы департаменті, кеден басқармасы Тұрақты 42. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытындағы қызметтерден мемлекеттiк атқарушы, құқық қорғау және бақылау органдарымен көршiлес облыстың аудандарымен өзара қатынас дәрежесiнде тәжiрибе алмасып отыру. Өзара келісім шарттарын жасау Қалалық, аудандық әкімдер, ішкі істер басқармасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, облыстық прокуратура (келісімімен) Барлық маусым бойында 43. Облыс басшылары дәрежесiнде келiсiлген, өзара қарым-қатынас шартында көрсетiлген мәселелердi қосу. Келісім шарттары туралы Облыс әкімінің аппараты Кездесу кестесіне сәйкесті