О среднесрочной «Программе профилактики и борьбы со СПИД на территории Западно-Казахстанской области на 2001-2005 годы» и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысының аймағында СПИД ауруының алдын алу және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шұғыл бағдарламасы» және оның орындалу шараларының жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-19 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-шы бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 789-ші 25 мамыр 2000 жылғы «Қазақстан Республикасында бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдын алу және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шұғыл бағдарламасы * және оның орындалу шараларының жоспары бекітілсін.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы
"Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдың алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шуғыл бағдарламасы"
2001 ж
"Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдың алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шуғыл бағдарламасының"
Паспорты
"Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдың алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шуғыл бағдарламасы" мына бөлімдерден тұрады:
- Кіріспе
- ВИЧ\СПИД ауруымен сырқаттанушылықтың және таралуының дүние жүзіндегі, ТМД елдеріндегі, Қазақстан республикасындағы, облыстағы жағдайына қысқаша талдау
- Қысқа мерзімді болжам
- Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
- Негізгі бағыттар және оларды жүзеге асырудың механизмдері
- Күтіліп отырған нәтижелер
"Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдын алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шуғыл бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5.12.2000 жылғы N 1808 "Қазақстан Республикасындағы СПИД індетіне қарсы шаралар жөніндегі мемлекеттік саясаттың концепциясы туралы" қаулысына сәйкес жасалды.
Кіріспе
1923 жылғы наурызда құрылған Батыс Қазақстан облысы Қазақстан республикасының батыс бөлігінде орналасқан Ресейдің бес облысымен (Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов, Орынбор) шектеседі. Оның аумағы арқылы облысты ғана емес, іс жүзінде орталық-азиялық аймақтың барлық республикаларын Ресеймен, ТМД-ның және Шығыс европаның Батыс елдерімен байланыстыратын теміржол және үш автомагистраль өтеді. Оның аумағы арқылы бастауы тармақтары Ресей аумағында жатқан Орал өзені ағып өтеді.
Географиялық орналасуы, транспорттық және су жолы байланыстары көп ретте облыстың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайын ғана емес, сонымен бірге жұқпалы аурулармен сырқаттанудың деңгейі мен сипатын елеулі түрде айқындап бере алады. Бұған мына дерек дәлел болады: облыс аумағында орын алған 9 ВИЧ-жұқпалы ауру оқиғасының 8-і сырттан әкелінген, ал ВИЧ-жұқпалы ауруымен сырқаттанған жергілікті тұрғын өзінің ауруды Ресей аумағында жұқтыруы мүмкін екендігін айтты.
Өтпелі кезеңнің қиын жағдайларына қарамастан 1989 жылы облыста СПИД ауруының алдын алу және күресу жөніндегі орталық ашылды. Бұл республикадағы алғашқы орталықтардың бірі болды.
Оның жұмыс істеген алғашқы жылдары ізденіс, әзірге өте толық емес халықаралық және ресейлік тәжірибеге (дүние жүзінде ВИЧ-жұқпалы ауруының бірінші оқиғалары 1981 жылы сипатталды) бағдар ұстау жылдары болды.
Кейінгі кезде СПИД облыстық орталықтарының жұмысының хұқықтық, ұйымдық және әдістемелік негіздері Қазақстан Республикасының "СПИД ауруының алдын алу туралы" (5 қазан 1994 жыл) Заңымен, Үкіметтің 13.02.96 жылғы N 193 "Қазақстан Республикасындағы СПИД-тің алдын алу және күрес шаралары туралы" қаулысымен, Денсаулық сақтау Министрлігінің осыған ұқсас 21.11.94 жылғы N 445 бұйрығымен, СПИД республикалық орталығының әдістемелік ұсынымдарымен айқындалды.
СПИД облыстық орталығы бөлек қоршалған аумағы бар, ыстық және салқын сумен, электр қуатымен қамтамасыз етілген, орталықтандырылған жылу және канализация, қалалық телефон байланысы жүйесіне қосылған ғимаратта орналастырылды.
Облыстық орталықтың ВИЧ-диагностикалық лабораториясы қазіргі заманғы лабораториялық, диагностикалық бұқырлау-стерилдеу жабдықтарымен соның ішінде шетелдерде жасалған жабдықтармен жабдықталған.
Сапасы жағынан халықаралық стандарттарға жауап беретін ВИЧ-диагностикалық тест-жүйелері Ресей Федерациясынан әкелінеді. СПИД облыстық орталығының штаттарына жоғары білікті мамандар топтастырылған. Атап айтқанда, бүгінгі күні 9 дәрігердің жетеуінің жоғары кәсіптік санаты бар, соның ішінде осылардың 8-іне осы санат СПИД орталығында жұмыс істеген жылдары берілді.
СПИД орталығының жанында вирустық гепатитті диагностикалау жөніндегі лаборатория ашылып, жұмыс істеуде (1998 жылдан бері). Ауруды анықтау кезінде лабораториялық диагностиканың ең сезімтал әдістерінің бірі-иммуноферментті талдау қолданылады.
1999 жылы қазіргі заманғы ұйымдастыру техникасы, атап айтқанда, "Реntіuм III", 64 мГ үлгісіндегі екі компьютер,"СANОN" көшіргі аппараты алынды, орталық электроды модемдік байланысқа қосылған.
Жалпы қаржыландыру бағытында қашан да кейбір қиындықтар кездесті. Соған қарамастан ВИЧ-диагностикалық лабораторияның диагностикалық тест-жүйелерінің, дәрі-дәрмектің, керек-жарақтың және жұмсақ жабдықтың болмауынан тұрып қалуының бірде бір оқиғасы болған жоқ.
Лабораторияны ұстайтын шығындарды азайту мақсатында ВИЧ-тексеруді тағайындаудың негізділігіне қатаң бақылау қойылды.
Қауіпті топтарға-нашақорларға, жұқпалы жыныс ауруларымен ауыратын сырқаттарға, берекетсіз жыныстық қатынас жасауды әдетке айналдырғандарға, сол сияқты донорларға, қанды қабылдаушыларға баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде тексерулердің жалпы саны орталық жұмыс істей бастаған кезеңдегі деректермен салыстырғанда 4 есеге жуық азайды (1991 жылы - 117361 адам, ал 1999 жылы - 32323 адам тексерілді). Осымен бірге тексерілгендердің жалпы санындағы донорлардың үлес салмағы 1991 жылы 17,8 процент болса, енді 30,7% құрады, берекетсіз жыныстық қатынас жасайтындар - 3,4% (республикалық көрсеткіш - 2,7%), нашақорлар - 4,4% (республикалық көрсеткіш - 2,4%) және т.с.с.
ВИЧ\СПИД ауруымен сырқаттанушылықтың және таралуының дүние жүзіндегі, ТМД елдеріндегі, Қазақстан республикасындағы, облыстағы жағдайына қысқаша талдау.
ВИЧ-жұқпалы ауруының алғашқы оқиғаларына 1981 жылы АҚШ-та сипаттама берілді. Бүгінгі күні жұқпалы ауру таралмаған бірде бір үлкен мемлекет, бірде бір шағын мемлекет жоқ болып отыр. Қазірдің өзінде ВИЧ-пен сырқаттанған 50 миллионан астам адам тіркелді. Олардың 16 миллионнан астамы қайтыс болып, 11,5 миллион баланы жетім қалдырды.
ТМД елдерінде ВИЧ 1998-2000 жылдары ең көп таралды. Украинада 40 мың ауру тіркелді және атын айтпай тексеруден өткен 40 мың ауру анықталды, Ресейде 71 мың ауру тіркелді. Белоруссияда, Балтика елдерінде сырқаттану деңгейінің өсуі байқалды. Орынбор, Самара, Саратов және Волгоград облыстарында ВИЧ-жұқпалы ауруымен сырқаттанғандардың санының күрт өсуі назар аудартып отыр.
Соңғы жылдары ВИЧ Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінде елеулі мөлшерде тарала бастады. Олардың арасында Қазақстан алдыңғы орындардың бірінде келеді. 01.02.2000 жылғы мәліметтерге қарағанда қазіргі кезге дейін ВИЧ-жұқпалы ауруының 1281 оқиғасы тіркелген, оған ай сайын 30-дан 50-ге дейін сырқат қосылып отырады. Қарағанды, Қостанай, Павлодар және басқа да бірқатар облыстарда бұл індеттік сипат ала бастады.
Батыс Қазақстан облысында ВИЧ-жұқпалы ауруының алғашқы оқиғалары 1996 жылы анықталды. Бүгінгі күні олардың саны - 9. Осының 8-і сырттан әкелінген (Украина, Ресей, Теміртау қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы), ал бір сырқат Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Қысқа мерзімді болжам
Облыстағы індеттік ахуал күрделі ретінде бағаланып отыр. Оның шығуына мыналар себеп болып отыр:
- Республикадағы ВИЧ-жұқпалы ауруы санының барған сайын көбейе түсуі.
- Ресейдің көрші облыстарында, ТМДелдерінде сырқаттанушылықтың күрт өсуі.
ВИЧ-жұқпалы ауруының таралуына мыналар да себеп бола алады:
- Халықтың республика ішіндегі, сол сияқты ТМДелдерімен арадағы көші-қон процестері.
- Алыс шетелдерден келетін азаматтардың ВИЧ-жұқпалы ауруы вирусымен зақымдалғандығын тексерудің толық еместігі жіне тиімсіздігі.
- Облыста венерологиялық жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың көбейіп кетуі.
- Нашақорлықтың таралу деңгейінің өсе тусуі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
МАҚСАТЫ: Облыс халқын бүгінгі күні емделмейтін ВИЧ\СПИД ауруымен зақымданудан сақтандыру.
МІНДЕТІ: Облыс аумағында ВИЧ\СПИД ауруының одан әрі таралуын болдырмау.
Негізгі бағыттар және оларды жузеге асырудың механизмдері.
- Денсаулық сақтау, білім, БАҚ, мәдениет, жастар ұйымдары, туризм және спорт қызметкерлері арасындағы ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерді, ұйымдарды СПИД ауруының алдын алу және күресу проблемасына тарту.
- Осы тақырып бойынша медициналық кадрларды даярлау (семинарлық сабақтар, біліктілікті жетілдіру курстары, жұмыс орнында оқыту, нұсқау беру және т. б.).
- Жұқпалы аурудың жасырын көздерін анықтау мақсатында халықтың кейбір топтарын ВИЧ ауруымен зақымданғандыққа тексеру:
Тармақ 1
1. Мақсаттық топтарды, міндетті түрде.
Тармақ 2
2. Індетті бақылау және індеттік ахуалға баға беру мақсатында, іріктеу түрінде.
Тармақ 3
3. Ерікті түрде, құпия және аты-жөнін сұрамай медициналық тексеруден өткізу.
- Алдын алудың арнаулы құралдарының және дәрі-дәрмекпен тиімді емдеудің болмауы жағдайында басты шаралардың бірі болып табылатын ақпараттық-насихаттық және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу жолымен халықты гигиеналық оқыту.
- ВИЧ-пен зақымданғандармен және СПИД ауруларымен психо-әлеуметтік кеңес берулер өткізу:
Тармақ 1
1. Құпия, өзара сенім негізінде.
Тармақ 2. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері.
2. Аты-жөнін сұрамастан.
- Дәрімен қамтамасыз ету, сырқаттың жағдайына және аурудың белгісіне қарай емдеу.
- Қазіргі заманғы лабораториялық және диагностикалық жабдықтарды, диагностикалық жүйелерді жаңғырту және енгізу.
- Мамандарға білім беру, кәсіптік біліктілігін арттыру.
Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері.
Ұсынылып отырған, Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруының алдын алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шуғыл бағдарламасын" жузеге асыру жөніндегі шаралар жоспарында көрсетілген жекелеген бағыттар мен шығындар бойынша.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтіліп отырған нәтижелер.
- ВИЧ-жұқпалы ауруының облыс аумағына еніп кетуін сақтандыру.
- Медицина қызметкерлерінің, облыс халқының түрлі топтарының ВИЧ\СПИД ауруына қатысты білім деңгейін және сақтану дәрежесін көтеру.
- ВИЧ-жұқпалы ауруының жасырын көздерін барынша көбірек анықтау.
- Облыс аумағында ВИЧ\СПИД ауруының жыныстық қатынас және егу (нашақорлар арасында) жолымен жаппай таралуын сақтандыру.
- ВИЧ жұқтырғандарды және СПИД ауруымен сырқаттанғындарды әлеуметтік қорғау.
- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік зақымдану қаупін азайту.
Басқа 8. "Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруларының алдын алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шұғыл бағдарламасының" жүзеге асыру жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ
"Батыс Қазақстан облысының аумағында СПИД ауруларының алдын алудың және күресудің 2001-2005 жылдарға арналған орташа шұғыл бағдарламасының" жүзеге асыру жөніндегі шаралар ЖОСПАРЫ
№
Шаралар
Аяқтау нысандары
Орындауға жауаптылар
Жүзеге асыру жылдары
Қаржыландыру (мың теңге)
Күтілетін нәтижелер
Респ.
бюд
жет
Жергі
лікті
бюд
жет
Басқа
да
көз
дер
І. Ұйымдастыру шаралары
1
ВИЧ/СПИД аурымен сырқаттану жағдайы, оның аумақта таралу деңгейі мәселелерін тұрақты түрде талқылау, жақын болашаққа болжамдар жасау, қалыптасқан жағдайға қарай шаралар жасау және жүзеге асыру.
Үйлестіру Кеңестерінің, Алдын алу комиссиясы мүшелерінің, мәжілістері, обл. денсаулық сақтау басқармасының, мед. кеңсетердің алқалары
СПИД обл, орталығы, обл. қал. ауд. әкімшіліктер, обл. денсаулық сақтау басқармасы, ауд. Денсаулық сақтау бөлімдері
2001-2005 жылдары тоқсан сайын
Індеттік ахуалды назарда ұстау, төтенше шаралар алу
ІІ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шаралар
1
ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу проблемалары бойынша мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институты базасында жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер, орта және жоғары оқу орындары оқытушыларынын даярлауды жалғастыру
Циклдар бойынша оқыту
СПИД обл. орталығы, облыстық білім басқармасы
2001-2005 жылдар
ВИЧ/СПИД ауруына қатысты білім деңгейін және сақтану дәрежесін көтеру
2
Жалпы білім беретін мектептердің 5-7 және 8-11 сыныптарында, КТУ, орта және жоғары оқу орындарының оқу топтарында "СПИД проблемалары және оның алдын алу" атты арнаулы пәнді оқыту үшін бөлек сағаттар бөлу
Обл. білім басқармасының колледждердің, орта, жоғары оқу орындары директорларының, ректорларының бұйрықтары
СПИД обл/орталығы, обл/денсаулық сақтау басқармасы, мектептер, КТУ колледждер директорлары, жоғары оқу орындары ректорлары
2001 жылдық 1-тоқсаны
Оқушы жастардың ВИЧ/СПИД ауруына қатысты білім деңгейін көтеру
3
Жалпы білім беретін мектептер, КТУ, колледждер оқытушыларының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі 1999 ж. әзірленген және басып шығарған "СПИД проблемалары және оның алдын алу" әдістемелік нұсқаларымен қамтамасыз ету.
100 дана басып шығарып, оқу орындарына жіберу.
СПИД облыс орталығы, облыстық білім басқармасы
2001 жылдың І-ІІ тоқсандары
40,0
Сабақ берудің бірыңғай бағдарламасы, бірыңғай әдістемесі, оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру
4
Жыныс тәрбиесі және ВИЧ/СПИД ауруының және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу проблемалары жөнінде білім қызметкерлерімен облыстық, аудандық әдістемелік семинарлар өткізу
Баяндамалар, хабарламалар, тәжірибе алмасу, слайдтар, бейнефильмдер, үлестірілетін тақырыптық әдебиет
СПИД обл. Орталығы обл. білім басқармасы, қалалық, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
2001-2005 жылдар
450,0
ВИЧ/СПИД ауруына қатысты білім деңгейін және сақтану дәрежесін көтеру, ұсынбалар және ұсыныстар әзірлеу
5
ВИЧ жұқпалы ауруы және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар тақырбынан негізгі терминдер мен ережелерді қазақ тіліне аудару
Аударма
СПИД обл. Орталығы, обл. білім басқармасы, гуманитарлық университет
2001 ж.
Оқушы жастардың ВИЧ/СПИД проблемалар бойынша хабардарлық деңгейін көтеру
6
Оқушы жастар (мектеп оқушылары, КТУ, колледждер оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері) үшін адамгершілік және жыныстық тәрбие проблемалары бойынша көпшілікке арналған кинолекторийлер ұйымдастыру және өткізу
Қысқа ақпараттық хабарламалар, тақырыптық кино және бейнефильмдер көру
СПИД обл. Орталығы, обл. білім бақармасы, гуманитарлық университет
2001 ж.
Оқушы жастардың ВИЧ/СПИД проблемалар бойынша хабардарлық деңгейін көтеру
7
Халық арасында қазақ тіліндегі кеңінен танымал ақпараттық материалдарды басып шығаруды және таратуды қамтамасыз етті.
>Брошюралар – 50 000 дана
>Листовкалар – 10 000 дана
>Жарнамалар – 50 000 дана
>Плакаттар – 1000 дана
Баспаханалық әдіспен басып шығару
СПИД обл. орталығы, обл. туризм және спорт басқармасы оның қалалық аудандық бөлімдері
2001-2005 ж.
2595,0
Халықтың қалың бұқарасын санитарлық-гигиеналық жағына оқыту.
8
Теледидарда, радиода медицина қызметкерлерінің, педагогтарды, заңгерлерді, жастар орталықтарын, дін қызметкерлерін және СПИД проблемалары бойынша мамандарды қатыстыра отырып тегін эфирлік уақыт беру арқылы тікелей эфирде хабарлар беру
Ақпараттық хабарлар, тікелей хабарлар, репортаждар және БАҚ жұмысының басқа нысандары
СПИД обл. Орталығы, обл. қалалық радио телекомпаниялар және меншік нысанына қарамастан басқа да БАҚ.
2001-2005 жылдар
Хабардарлықты көтеру және халықтың қалың бұқарасын санитарлық-гигиеналық оқыту
9
Облыстық және аудандық газеттердің, коммерциялық басылымдардың редакторларына СПИД-тің, жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың, нашақорлықтың және т.б. алдын алу және күресу проблемаларына арналған мақалаларды, заметкаларды, интервьюлер мен хабарларды орналастыру үшін арнайы беттер беру жөнінде ұсыныс жасалсын.
Тақырыптық материалдарды жариялау.
СПИД-обл. Орталығы, меншік нысанына қарамастан баспасөз БАҚ
2001-2005 жылдары
Хабардарлықты арттыру және халықтың қалың бұқарасын санитарлық-гигиеналық оқыту
10
Шетелге баратын туристермен СПИД-тің алдын алу туралы міндетті түсінік жұмысын жүргізу және оларды жеке қорғану құралдарымен (презервативтермен) қамтамасыз ету.
Түсінік жұмысын жүргізу
СПИД обл/орталығы, обл. Туризм және спорт басқармасы, оның қалалық аудандық бөлімдері
2001-2005 жылдар
Індеттік ахуал туралы хабардарлықты арттыру, ВИЧ/СПИД ауруына қатысты сақтану дәрежесін көтеру.
11
Халық тұтынатын тауарларды өндіруші кәсіпорындар, сауда орындары этикеткаларда, өндірілетін бұйымдарда СПИД-тің алдын алуды бейнелейтін сурет салатын болсын
Мәтіндер, тақырыптық суреттер
СПИд обл. Орталығы, дайындаушылар, сауда мекемелері, кәсіпорындары
2001-2005 жылдар
ВИЧ/СПИД проблемаларына халықтың назарын аудару
12
Халықтың әртүрлі топтарының арасында санитарлық – ағарту, тәрбие, ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу:
Медициналық қызметкерлер (дерматовенеролог дәрігерлер, наркологтар, жұқпалы аурулар мамандары, тіс дәрігерлері, хирургтер, акушер – гинекологтар, орта медицина қызметкерлері) үшің;
Адамдардың мінез құлқына белсенді ықпал ететін тұлғалар мени ұйымдар, ведомстволар мен мекемелер үшін;
Мақсатты ақпаратты қажетсінетін контингенттер – 15-20 жастағы жыныстық белсенді жастар, бала туатын жастағы әйелдер, донорлар, шаштараздар, маникюр жасаушылар, жүргізушілер, вагондар жолсеріктері, туристер, әскерилер, түрмеде отырғандар үшін;
өте қатерлі топқа жататын адамдар-гомосексуалдар, нашақорлар, жұқпалы жыныс аурумен ауратындар, әдепсіз өмір салтын ұстанатындар үшін;
ВИЧ-пен зақымдалғандар және СПИД аурулары үшін
Семинарлық сабақтар, лекциялар, әңгімелер, әдістемелік әдебиетті тарату.
СПИД обл. Орталығы, облыстық қалалық және аудандық әкімшіліктері бөлімдері мен басқармалары, жабық үлгідегі ведомстволар
2001-2005 жылдар
336,25
Халықтың басқа топтары арасында тарату мақсатынада білім, хабардарлық деңгейін көтеру. ВИЧ/СПИД ауруының жастардың жыныстық белсенді бөлігінің және халықтың қатерлі топтары арасында жаппай таралуын сақтандыру.
13
Ішкі істер органдары құрылымында ізгілікті сақтау жөніндегі бөлімше құру
Обл. ішкі істер Басқармасының бұйрығы
СПИД обл. Орталығы ІІБ
2001 ж.
Жыныстық белсенді жастар, жезөкшелер арасында ВИЧ/СПИД ауруының жаппай таралу қаупін азайту
ІІІ. Медициналық шаралар
1
Түскен ақпараттық талдау жолымен ВИЧ жұқпалы ауруына індеттік бақылау, болжам жасауды, ВИЧ-пен зақымданушылыққа және оның нәтижелеріне скрининг жасау барысын апта-сайын және ай сайын қадағалап отыруды қамтамасыз ету.
Талдау, тұжырымдар, ұсыныстар ақпарат
СПИД обл. Орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдар
Болжам жасау, ұсыныстар мен төтенше шаралар әзірлеу
2
Жылына екі рет облыс аумағындағы СПИД-тің алдын алу және күресу жағдайына талдау жасап тұру, қорытындыларды, ұсыныстарды, ұсынымдарды осы мәселеге қатысы бар және мүдделі ведомстволар мен мекемелерге жіберу
Талдау жасау, басып шығару почтамен (тікелей) жіберу
СПИД обл. орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-20005 жылдар
25,0
Осы мәселеге қатысы бар ведомстволар мен мекемелердің хабардар болуы
3
"Қазақстан Республикасында адамның иммунитет жетіспеушілігі вирусымен зақымдануын анықтау үшін медициналық тексеруден өткізу ережелеріне" (1998) қатаң сәйкестендіре отырып халықтың жекелеген топтарының ВИЧ-пен зақымдалуын тексеруге скрининг өткізуді жүзеге асыру
Жекелеген адамдарды іріктеу, қансынамасын алу, ВИЧ диагностикалық лабораториялық жеткізу
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері, облыстың емдеу мекемелері
2001-2005 жылдары
500,0
ВИЧ-пен зақымдалғандарды анықтау, ВИЧ жұқпалы ауруының барекендігіне және жасырын індет процесі деңгейіне баға беру.
4
Қысқаша баға бере отырып халық арасындағы скрининг барысы туралы ақпараттық бюллетендерді ай сайын әзірлеу
Сандық салыстырмалы талдау
СПИД обл. орталығы
20001-2005 жылдары
Халықтың жекелеген топтарын ВИЧ-ке тексеру барысын назарында ұстау, баға беру ұсыныстар
5
Қатерлі топқа адамдардың (нашақорлардың, жезөкшелердің, әдепсіз өмір салтын ұстанатындардың, гомосексуалдардың, баспанасыздардың, нағыз маскүнемдердің) толық анықталуын, есепке алынуын және ВИч-ке тексерелуін қамтамасыз ету.
Анықтау, есепке алу, тексеру
СПИД обл/орталығы Облыстық ІІБ ІІМ қалалық, аудандық бөлімдері
2001-2005 жылдар
Қатерлі топқа жататындар арасынан – жұқпалы аурудың жасырын көздерінен ВИЧ-пен зақымданғандарды анықтау
6
ВИЧ жұқпалы ауруының, СПИД-тің әрбір анықталған ошағына індеттік тексеру жүргізу, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
ВИЧ жұқпалы ауруының індеттік ошақтарына бару, медициналық құжаттармен танысу
СПИД обл. орталығы
2001-2005 жылдар
Жұқпалы аурудың көзің анықтау, оның таралу жолдарын анықтау. Індетке қарсы шараларды әзірлеу
7
ВИЧ жұқпалы ауруының парентералды жолмен (аспаптар арқылы) таралудын болдырмау мақсатында барлық емдеу мекемелерінде, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында (шаштараздар, маникюр, педикюр залдары, косметикалық кабинеттер және басқалары) дезинфекциялау – стерилдеу режимдерін қатаң сақтау қамтамасыз етілсін
Дезинфекциялық-стерилдеу режимдерінің талаптарын орындау
СПИД обл. орталығы, емдеу мекемелерінің, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының басшылары, облыстық санитарлық-эпидемиялық қызметі
2001-2005 жылдар
ВИЧ/СПИД ауруын аурухана ішінде жұқтыру оқиғаларын болдырмау
8
ВИЧ-жұқпалы ауруының донорлық қан арқылы таралуын болдырмау, донорлық қанның және басқада биологиялық препараттардың қауіпсізідігін тексеру жүйесін жетілдіру және күшейту
Донорларды және әрбір қан тапсырушыны тексеру
СПИД обл. орталығы, облыстық қан орталығы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері
2001-2005 жылдар
Денсаулық қан арқылы зақымдану оқиғаларын болдырмау
9
Облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерін бір рет пайдаланатын аспаптармен, күту және емдеу құралдарымен қамтамасыз ету шараларын алу.
Қорлар алу, тұрақты түрде толықтыру
СПИД обл. орталығы, обл. денсаулық сақтау басқармасы, аудандық денсаулық сақтау бөлімдері, емдеу мекемелері
2001-2005 жылдар
Аурухана ішінде ВИЧ/СПИД аурумен зақымдану оқиғаларын болдырмау
10
Босанатын әйелдер арасында балалардың құрсақ ішінде ВИЧ-пен зақымдануының алдын алу жөнінде бір қатар жұмыстар жүргізу
Әңгімелер, лекциялар, кеңтанымал тақырыптық әдебиет тарату.
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық емдеу мекемелері
2001-2005 жылдар
Жаңадан дүниеге келетін балалардың құрсақ ішінде зақымдану қаупін азайту
11
Жастардың ұйымдаспаған топтарының, айналасатын белгілі бір кәсібі жоқ адамдардың жиналуын болдырмау үшін жертөле бөлмелерінің, ғимараттардың ұсталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету
Аралап тұру, үнемі бақылауда ұстау
СПИД обл. орталығы, обл. ІІБ, ІІМ-нің қалалық аудандық бөлімдері
2001-2005 жылдар
Халықтың жиналып жүретін топтарының арасында ВИЧ/СПИД ауруының инемен егу және жыныстық қатынас жолымен таралуын сақтандыру
12
Республикалық базада клиника, лабораториялық диагностика, жұқпалы індет туралы ғылым, ВИЧ жұқпалы ауруының алдын алу проблемалары бойынша облыстық орталықтың, жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерін даярлауды қамтамасыз ету.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
СПИД обл. орталығы денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдар
174,4
Жұқпалы аурудың таралуын сақтандыру
13
СПИД-облыстық орталығнда ВИЧ-жұқпалы ауруы проблемалары бойынша емдеу сауықтыру мекемелерінің орта медицина қызметкерлердің дайындықтан өткізу.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдар
60,0
Жұқпалы аурудың таралуын сақтандыру
14
Тоқсан сайын ВИЧ-жұқпалы ауруы проблемалары бойынша облыстық және ауданаралық дәрігерлік медбикелік конференцияларының, нұсқаулықтар өткізу.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001 жылдың 1 тоқсаны
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
15
Әскери қызметкерлер, ұлттық хауіпсіздік комитеті мен ішкі істер қызметкерлері, сол сияқты еңбекпен түзеу мекемелерінде ұсталып отырған адамдар арасында, алыс сапарларға шығатын қызметкерлер арасында ВИЧ-тің таралуын сақтандыру жөніндегі шаралар жиынтынған жүзеге асыру
Лекциялар, әңгімелер, тақырыптық слайдтарды, бейнефильмдерді қарау.
СПИД обл. орталығы, әскери ведомстволар, мед. санитарлық бөлімдер
2001-2005 жылдар
Ұйымдасқан ерлер ұжымдарында ВИЧ/СПИД жұқпалы аурумен зақымдану қаупін азайту
16
Шетелден тұрақты тұруға, оқуға, жалданып жұмысқа (вахталық әдіс) келген барлық адамдар да ВИЧ –пен зақымданудан міндетті тексеруден өтумен қамтылсын
Қансынамасын жеке тексеру
СПИД обл. орталығы, еңбекке орналастыру қызметі, қөші қон ведомствосының бөлімдері
2001-2005 жылдар
1500,0
Жұқпалы аурудың жасырын көздерін анықтау жолымен сырттан әкелінетін жұқпалы аурудан сақтандыру
17
Тексеру изоляторларына, мед. айықтырғыштарға, қабылдау-бөлу мекемелеріне және басқа тұтқындау орындарына түскен адамдарды 100% тексеруді қамтамасыз ету
Қан сынамасын тексеру
СПИД обл, орталығы ІІМ мекемелері
2001-2005 жылдар
Жұқпалы аурудың жасырын оқиғаларын анықтау
18
Көк тамырына есірткі жіберетін нашақорлар үшін бір рет пайдаланылатын шприцтерді ауыстыру (пайдаланылғандарды-стерилденгендерге) пунктін ұйымдастыру
Жұмыс бекітілген кесте бойынша
СПИД обл. орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасы , наркодиспансер
2001-2005 жылдар
15000
Нашақорлар арасында ВИЧ/СПИД ауруының стерилденбеген шприцтер арқылы таралу қаупін азайту
ІҮ. Диагностикалық және емдік шаралар
1
СПИД облыстық орталығының ВИЧ-диагностикалық лабораториясын лабораториялық диагностикаға арналған диагностикалық тест-жүйелермен қамтамасыз ету:
- ВИЧ-жұқпалы аурулары
- В,С,Д вирустық гепатиттері
Сатып алу
СПИД обл. орталығы
2001-2005 жылдар
30003,3
Иммунитеттік-ферменттік талдау әдісімен қан сынамасына тексерулер жүргізу
2
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ВИЧ-пен зақымдалғандарды және СПИД ауруларын жатқызу және емдеу үшін қажетті жабдықпен ,дәрі-дәрмек заттарымен жабдықтау.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бұйрықтары
СПИД обл. орталығы
2001 ж.
150,0
Адамның клиникалық психикалық қасіретін жеңілдету
3
Иммунитеттік-ферменттік талдаудан кейін серопозитивті нәтижелері бар және ВИЧ—пен зақымданған адамдарға (анықталған кезде) кеңес беру, диспансерлік қарауды (ф.60 және ф. 279) бақылауды жүзеге асыру.
ВИЧ-пен зақымдалғанда және ауруларды қабылдаған кезде.
СПИД обл. орталығы
2001-2005 жылдары
ВИЧ-пен зақымдалғандардың және аурулардың психикалық клиникалық жағдайын жақсарту
4
ВИЧ-пен зақымдалғандармен және СПИД аурулармен психо-әлеуметтік кеңес беру жұмысын жүргізу
Пациенттерді қабылдау қан сынамасын алу
СПИД обл. орталығы
2001-2005 жылдары
ВИЧ жұқпалы ауруын анықтау жағымды психоәлеуметтік кеңес беру
5
ВИЧ-пен зақымдалғандарды және СПИД ауруларын емдеу үшін тегін, тиімді препараттармен қамтамасыз ету
Қорлар алу, құру
СПИД обл. орталығы, денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдар
6500,0
Клиникалық жағдайын жақсарту өмірін ұзарту
6
ВИЧ-пен зақымдалғандарды, жукті әйелдерді және жаңа туған нәрестелерді сауықтыру және емдеу үшін арнаулы препараттарды алу
Обл денс. сақтау басқ. бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне есеп беру
СПИД обл. орталығы, обл. денс. сақтау басқармасы
І тоқс. 2001 ж.
І тоқс. 2002 ж.
І тоқс 2003 ж.
І тоқс 2004 ж.
І тоқс. 2005 ж.
942,5
Аурулардың өмірін үзарту, СПИД-тен қайтыс болуды азайту
V. Материалдық техникалық базаны нығайту жөніндегі шаралар
1
СПИД облыстық орталығы үшін көлемі үлкен және техникалық жағынан жақсы салынған ғимарат бөлу, СанПиН талаптарына сәйкес қайта жобалау, жөндеу жүргізу
Орал қаласы әкімінің шешімі
Қалалық әкімшілік, обл. денс. сақтау басқармасы
2001 ж.
6500,0
Лабораторияның, СПИД облыстық орталығының оперативті бөлімдерінің жұмыс жағдайын елеулі журде жақсарту
2
ВИЧ-диагностикалық лабораторияның лабораториялық дезинфекциялық жабдығын толықтыру, ішінара ауыстыру
Сатып алу
СПИД обл. орталығы
2001-2002 ж.
3616,6
Лаборатория жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсарту
3
СПИД облыстық орталығын лабораториялық және кеңсе жиһазы жиынтығымен, бір үлгідегі процедуралық және аптекалық шкафтармен қамтамасыз ету
Сатып алу
СПИД обл. орталығы
2001-2005 ж.
4800,0
ВИЧ-диагностикалық лабораторияның қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту
4
СПИД облыстық орталығын дәрі-дәрмектертүрлерімен, химиялық реактивтермен, жұмсақ инвентармен қамтамасыз ету
Сатып алу
СПИД обл. орталығы
2001-2005 ж.
8125,0
ВИЧ-диагностикалық лабораторияның үзіліссіз жұмыс істеуі
VІ. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
1
СПИД облыстық орталығының, аудандық ВИЧ-лабораториясының медициналық қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, рәсімді құжаттарға сәйкес еңбекті қорғау және техника хауіпсіздігін сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу
Жеке қорғаныс құралдарын алу және үлестіру, түсінік жұмыстарын жүргізу
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдары
1250,0
Кәсіптік зақымданудан қаупін азайту
2
Қызметтік міндеттерін орындау ВИЧ-пен зақымдалуға әкеліп соқтыруы мүмкін медицина қызметкерлерін міндетті мемлекеттік сақтандыруды жузеге асыру, кәсіптік зақымдану арқылы СПИД ауруына шалдыққандарға жәрдемақы төлеуді жузеге асыру
Жеке сақтандыруларды рәсімдеу
СПИД обл. орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2001-2005 жылдары
5793,0
СПИД Облыстық орталығының әрбір қызметкерін әлеуметтік қорғау
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ш.Қадырбеков