О программе развития туризма в Западно-Казахстанской области на 2001-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-17 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, ҚР Үкіметінің 22 қыркүйек 2001 жылғы N 21 "Қазақстан Республикасында туризмді дамыту шаралары туралы" мәжілісінің хаттамасына және 789-шы 25 мамыр 2000 жылғы "Қазақстан Республикасында бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Батыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ 2001 ж. МАЗМҰНЫ I. Төлқұжат 3 II. Кіріспе 3 III. Қазіргі жағдайына талдау. Проблемалар. 4 – 5 IV. Бағдарлама міндеттері. 5 V. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі. 5 – 6 VI. Қаржылық шығындар, қаржыландыр көздері. 6 VII. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже. 6 VIII. Негізгі іс-шаралар. 7
Тарау 1. 1. Төлқұжат
1. Төлқұжат Батыс Қазақстанда туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын облыстық туризм және спорт басқармасы аудан әкімдерімен, облыстық білім беру, мәдениет, тұрғын үй–коммуналдық, жол құрылысы мен көлік басқармаларымен, туристік фирмалармен, балалар мен жастар туризмі және экология облыстық орталығымен бірлесіп жасады. Осы бағдарламаны жүзеге асыру Орал өңірінің қолда бар туристік потенциалын тиімді пайдалануға, отандық туристік нарықты Жандандыруға, "Еуразия" туристік – сауықтыру кешенінің "Уральская" туристік базасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ішкі туризмді дамыту және Батыс Қазақстан облысы территориясына шетелдік туристерді қабылдап, қызмет көрсету үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
Тарау ii. II. Кіріспе
II. Кіріспе Орал өңірінде туризмді дамытуға әсер ететін ең басты фактордың бірі - оның географиялық жағдайы: облыс территориясы дала және жартылай шөлейт аймаққа жатады. Климаттық жағдайларына қарай Орал өңірі туристік тұрғыдан тартымды, әсіресе жазғы кезеңде – сәуірден қазанға дейін маусымдық демалысты өткізу үшін ыңғайлы. Бүгінде туристік фирмалар туристерді белсендірек тарту үшін көбінесе облыстық қолда бар табиғи және мәдени-тарихи ресурстарын пайдалануда. Алайда экскурсиялық қызмет көрсету жөніндегі өтініштер тек оқушы жастардан түсуде. Мұның басты себебі туризмнің қолда бар материалдық-техникалық базасының ("Еуразия", "Уральская" турбазалары) 80 пайызы жөндеуді қажет етеді. Салаға жеке қаржы инвестициясын тартуға, соның ішінде таяу және шалғай шетелдерден, жағдайлар, жасалмаған. Жағдайды өзгерту үшін жергілікті атқарушы және өкілетті органдар тарапынан мақсатты бағытталған шаралар қабылдануы қажет. 1999 жылы облыстық туризм және спорт басқармасы туристік ұйымдармен бірлесіп "Батыс Қазақстан облысында 1999-2000 жылдары туризмді дамытудың кешенді бағдарламасын" жасады. Бұл туризм саласындағы облыстық алдында тұрған проблемаларды шешудегі алғашқы ұмтылыс болды. Туризмді дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде мүдделі ұйымдар бірқатар жұмыстар жасады. Мысалы, 18 іс–шараның 12–сі орындалды, 4-уі орындалу үстінде, 2-уі іске аспады (туристік объектілердің кадастры құрылмаған, шетелге чартерлік рейстер ұйымдастырылмаған). Батыс Қазақстан облысының 2001-2005 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасы "Қазақстан-2030" Бағдарламасын, "Туризм туралы Заңды", 2000 жылғы 2 тамыздағы N 21 "Қазақстан Республикалық туризмді дамыту, жөніндегі шаралар туралы", 2000 жылғы 7 наурыздағы N№367 "Қазақстан Республикалық Өкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар жоспары туралы" Өкімет Қаулыларын, Батыс Қазақстан облысының 2001-2005 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының концепцияларымен индикативтік жоспарын, мемлекеттік даму приоритеті ретінде жүзеге асыру мақсатында жасалды.
Тарау iii. ІІІ. Қазіргі жағдайға талдау, проблемалар
ІІІ. Қазіргі жағдайға талдау, проблемалар Батыс Қазақстан облысында 7 туристік ұйым қызмет істейді: Кәсіпқой кооператив "Панорама", Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Центр-тур", Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Интертурсервис", Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Натали-экспресс", Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Спутник", Еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Жібек-жолы", Акционерлік қоғам "Талап", жеке кәсіпкер "Касенова", балалар мен жастардың облыстық туризм мен экология орталығы, "Еуразия" турбазасы. Бұлар туристік қызмет көрсетумен шұғылданады. Облыс жұртшылығы турфирмалар қызметін пайдалана отырып, әлемнің кез келген еліне баруға, жол жүру құжаттарын әзірлеуге, Орал өңірі бойынша саяхатқа шығуға мүмкіндік алады. Шетелге баруды талдағанымызда, оралдықтар үшін әсіресе кең таралғаны коммерциялық туризм ("шоп-тур") екеніне көзіміз жетті, бұл объективті экономикалық себептерден туындауда. Егер 1991-93 жылдары бірыңғай орталықтандырылған жүйе болса: туристік сапарлар қатал есеппен іске асырылды, республикалық деңгейде жыл басында дайындалып және бақыланып отырылса, ал қазір әрбір туристік фирма шетелдік әріптестермен тікелей байланыс орната береді. Мәселен, 1995-97 жж. "Панорама" турфирмасы Орал-Стамбул-Орал чартерлік рейсін, "Интертурсервис" - "Орал-Дубаи-Орал". Германиядан автомобиль әкелу шоп-турын ұйымдастырды. Турфималар әртүрлі бағыттағы жаңа маршруттар ашты: курорттық, демалыс Ессентуки, Сарыағаш ("Талап", "Панорама"), студенттермен оқушылар үшін оқу-танымдық бағыттағы шетелдерге саяхат сапарлар Англия мен Израильге. Сонымен бірге, турфирмалардың негізгі қызметі жолға шығу және посолдық визалар ашуда делдалдық қызмет көрсету және Ресей азаматтығын тағайындауға ықпал ету болып қалып келеді. Онжылдық аяғына қарай (1991-2000 жж.) туристерге қызмет көрсетуде елеулі төмендеушілік барын атап көрсетуге тиіспіз: 1995 – 18604, 1996 – 13336, 1998 – 3399, 1999 – 2802 және осыған сәйкес қызмет көрсету көлемі едәуір азайды: 1998 – 10161,4 мың теңге; 1999 – 3169,0 мың теңге; 2000 жылдың 9 айында – 1098,5 мың теңге. Облыстың географиялық орналасуы, жолдамалардың төмен бағасы, кедендік бақылаудың қарапайымданған жағдайы туристерге көрші ресей турфирмалары қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді (Самара, Орынбор қалалары). 1996 жылы "Құрылысшы" пионер лагері орнында облыстық балалар мен жастар туризмі және экология орталығы жанынан "Еуразия" туристік базасы ашылды. 40 жылдан бері бұл орталықта туризм, өлкетану және экология арқылы ғылыми-тәрбиелік жұмыс жүргізілуде. Орталық ғылыми-әдістемелік кеңестер, туристік слеттер, спорттық туризм жарыстарын, туриадалар, туристік-экологиялық және мәдени-тарихи экспедициялар ұйымдастырып, өткізеді. 1997 жылғы қыркүйектен бері Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (бұрынғы Дәулеткерей атындағы өнер институты) "Экономика және туризм менеджменті" факультетінде, N 3 "Кәсіптік-техникалық мектепте туризм саласы үшін білікті мамандар даярланады. Олар туристік-спорттық машықтық дайындықтан "Еуразия" туристік-сауықтыру кешенінде өтеді. Дәстүрлі туристік-экологиялық "Жайық-Орал" экспедициясы, "Еуропа-Азия" туристік фестивалі тұрақты өткізіліп, туристік-ақпараттық істі дамытуға, соның ішінде жарнамалық - баспа өнімдерін шығаруға ұмтылыстар жасалуда. Біздің аймақтың туристік өнімінің жарнамалық - ақпараттық жүйесін құрудың бастауыш кезеңі ретінде ішкі рынокқа шығарылған "Орал" открыткалар жинағын айтуға болады. Орал өңірінің демалыстық әр түрін ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне; ғажап жағажайларға бай Шалқар көлі; ғажайып әдемі Сантас пен Сасай; Садовское көлі; Жайық өзені және оны көмкерген көгал мен орман; Қамыс-Самар сулары жаяу, автомобильмен, су маршруттарында бұқаралық, демалыс орталығы бола алады. Шалқар көлі табиғаттың таңғажайып объектісі бола отырып, балық аулау мен туристер демалысына пайдаланылады. Ол-тамаша демалыс орны және әуесқой балық және аң аулау ортасы. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мезгіл-мезгіл оның бассейнінде қажетті экологиялық жағдай жасауға шаралар алып отырады. Осылайша, Батыс Қазақстанда туристік саланы дамытуға талдау жасау төмендегідей проблемаларды айқындады: - Орал өңірінің туристік потенциалы зерттелмеген; - Облыстағы туризм проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы жоқ; - Экскурсия жүргізушілер дайындау, турұйымдардың өкілдерінің білімін жетілдіру мәселелері шешілмеген; - Облыс тұрғындары мен шетелдік туристерге Шалқар көлі жағалауындағы демалыс аймағында, "Еуразия" туристік-сауықтыру кешенінде, "Уральская" туристік базасында, сервистік қызмет көрсетуге жағдай жасалмаған; - Батыс Қазақстан облысы бойынша кешенді қызмет көрсету жүйесі жасалған; - Туристік-ақпараттық іс тиісті деңгейде емес; - Облыстың тарихи, экологиялық, мәдени орындары бойынша туристік маршруттар ашылмаған; - Спорттық туризм бойынша іс-шаралар жүзеге асырылмауда, спорттық туризм және туристік көжайыс бойынша федерация құрылмаған; - Туристік жарақтарды шығару жолға қойылмаған. Батыс Қазақстан облысы бойынша жоғарыда аталған міндеттерді шешу қажетті шараларды қабылдауға міндеттейді. Осы мақсатпен туризмді дамытудың облыстық бағдарламасы жасалды.
Тарау iv. IV. Бағдарлама міндеттері
IV. Бағдарлама міндеттері 1999 жылдың 19 мамырында Қазақстан Туристер Одағының Құрылтай Мәслихатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік органдар мен туристік фирмалар алдында екі негізгі міндетті қойды: - Қазақстанға валюта қаржысын тарту мақсатында шетел туризмін дамыту; - Қазақстан азаматтарының демалысын ұйымдастыру мақсатында ішкі туризмді дамыту, қолда бар туристік кешендерге қамқорлық. 2001-2005 жылдарға арналған туризмді дамытудың аймақтық бағдарламасын дайындауда жоғарыда көрсетілген міндеттер негізгі болады.
Тарау v. V. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі
V. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру механизмі Бағдарламаның іске асырудың негізгі бағыттары:
Тармақ 1
1. Туризм арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, соның ішінде спорттық туризм бойынша жарыстар, туристік көжайыстар, туристік слеттер, туристік экологиялық экспедициялар өткізу.
Тармақ 2
2. Орал өңірінің туристік демалыс аймақтарын игеру, жарнама өнімдерінен бастап жол құрылысына дейінгі, кемпингтер, демалыс үйлері, көліктік қызметті қарастыратын қажетті туристік сервисті құру.
Тармақ 3
3. Туристік байланыстарды нығайту және турист кадрларын мақсатты дайындау (тәжірибе алмасу, басқарма органдары, Қазақстан Республикасының туризм-спорт Агенттігі; Қазақстан мен Ресей туристік ұйымдары арқылы мамандарды стажировкалау, туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу). Бағдарлама облыс Әкімі жанындағы туризм жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің бақылауымен мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, туристік фирмалар қатысуымен жүзеге асырылады. Үйлестіру Кеңесі Бағдарламаны орындау мақсатында мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар үшін облыста туризмді дамыту мәселелері бойынша ұсынбалар дайындап, Бағдарламаны орындауға жалпы бақылауды жүзеге асырады. Облыстық бағдарламаның үйлестірушісі де, қаржыландырудың әкімшілік басқарушысы да (бюджеттік қаржыландыру есебінен) - облыстық туризм және спорт басқармасы.
Тарау vi. VI. Қаржылық шығындар, қаржыландыру көздері
VI. Қаржылық шығындар, қаржыландыру көздері Бағдарламаны қаржыландыру бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржылар негізінде, қаржыландыру көлемінде жүзеге асырылады. Мәселен, 2001 жылы облыстық бағдарламаның негізгі іс – шараларын орындауға 6095000 теңге бюджеттік қаржы қажет, соның ішінде туризм бойынша балалар мен жастар спорт мектебін ашуға 3800000 теңге керек, облыстың туристік имиджін қалыптастыруға 2300000 теңге.
Тарау vii. VII. Күтілетін нәтиже
VII. Күтілетін нәтиже Туризм, белсенді демалыс пен денсаулықты нығайтудың, бос уақытты тиімді пайдаланудың және ой-сананы кеңейтудің басты формасы ретінде, сауатты ұйымдастырылған жағдайда Батыс Қазақстан облысының экономикасында табысты саланың бірі бола алады (Егер облыста бар бай туристік ресурстарды толығымен пайдалана білсек). Бұл үшін шетелдік туристерді аңшылық пен балық аулау маусымдарында қабылдау жөнінде жаңа маршруттар ашылып, Бөкей ордасы, Шыңғырлау, Теректі және басқа облыс аудандарында экскурсиялық бағдарламалар жасалады. Сондай-ақ Шалқар демалыс аймағының туристік аймағын көркейту және игеру, "Уральская" турбазасын, "Еуразия" туристік-сауықтыру кешенін жақсарту демалушылар санын көбейтуге ықпал етеді, нәтижесінде туристік қызметті кеңейту туралы мәселе туындайды.
Тарау viii. VIII. Негізгі іс-шаралар
VIII. Негізгі іс-шаралар Негізгі іс-шаралар Атқару мерзімі Атқарушылар Қаржы шығын мың теңге Қаржыландыру көздері 1. Туризмді дамыту проблемалары жөніндегі халықаралық, республикалық туристік жәрмеңкелерге қатысу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы 100,0 Бюджетпен бюджеттен тыс. қаралған қаржы көлемінде 2. Іргелес ресей губернияларының туризм саласындағы басқару органдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнату. 2001 ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы 50,0 Бюджетпен бюджеттен тыс. қаралған қаржы көлемінде 3. Балалар мен жастар туризмі және экология орталығы жанында Орал өңіріндегі туризм проблемалары жөнінде зерттеу зертханасын құры. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім беру басқармасы, балалар мен жастар туризмі және экология облыстық орталығы. 100,0 Бюджетпен бюджеттен тыс. қаралған қаржы көлемінде 4. Туристік ұйымдастырушылардың облыстық семинарларын өткізу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім беру басқармасы, балалар мен жастар туризмі және экология облыстық орталығы. - Бюджетте қаралған қаржы мен бюджеттен тыс қаржы көздері 5. Орал қаласында "Жеке тұлғаны туристік-өлкетану, экологиялық қызмет арқылы дамыту" атты халықаралық ғылыми-машықтық мәслихат өткізуді тәжірибеге енгізу. 2001-2005 ж. ж. Қазақстан Республикасының туризм мен спорт агенттігі, облыстық туризм және спорт басқармасы 75,0 Бюджетте қаралған қаржы мен бюджеттен тыс қаржы көздері 6. Орал өңірі туристік потенциалын зерттеуді қамтамасыз ету, Батыс Қазақстанда шетелдік туристерді қабылдап, қызмет көрсетудің туристік маршруттарын дайындау. 2001-2005 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық, аудандық әкімшіліктер 50,0 Бюджетте қаралған қаржы мен бюджеттен тыс қаржы көздері 7. Батыс Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктері туралы жарнамалық-ақпараттық материалды дамытуға ықпал ету. Мынадай буклеттер шығару: а) "Шалқар-Орал өңірінің інжу - маржаны". б) "Бөкей Ордасына - 200 жыл". в)"Шалқар" туристік картасы. г)"Хан тоғайы", "Асу алқабы" спорттық бағдар бойынша карталар. д)"Орал өңірі" альбомы. 2001-2005 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, Орал, Ақсай қалалары, Бөкей Ордасы, Теректі аудандарының әкімдері. 320,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржылар көлемінде 8. Бөкей хандығының 200 жылдығын тойлауға белсене араласу,қонақтар үшін экскурсиялық бағдарлама ұйымдастыру, афиша, күнтізбе, проспектілер шығару. 2001 ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, туристік ұйымдар, Бөкей ордасы ауданының әкімі 175,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржылар көлемінде 9. Орал қаласында туристік құрал-жабдық пен спорт тауарларын сататын "Бәрі де демалыс үшін" дүкенін ашу. 2001 ж. Облыстық туризм спорт және басқармасы - Қаржыландырудық бюджеттен тыс көздері есебінен 10. Туристік құралдар өндіруді жолға қою (палаткалар, рюкзактар, ұйықтағанда киетін қаптар, үрмелі матрастар т. б.). 2001-2003 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, Орал қ. әкімі, "Диана" Акционерлік қоғам - Қаржыландырудық бюджеттен тыс көздері есебінен 11. Туристік-экскурсиялық кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі кешенді бағдарламаны дайындау. 2001 ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, турфирмалар, кеден басқармасы, мұражайлар директорлары - Бюджетте қаралған қаржы және бюджеттен тыс қаржылар есебінен 12. Туристік топтарға қызмет көрсету үшін экскурсоводтармен гидаудармашыларды дайындау курстарын ұйымдастыру. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, турфирмалар 70,0 Бюджетте қаралған қаржы және бюджеттен тыс қаржылар есебінен 13. Ресей мен алыс шетелдердің азаматтары үшін облыс территориясында маусымдық аң және балық аулау турларын дайындап, жүзеге асыру. 2001-2004 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық орман және аң аулау шаруашылығы басқармасы, турфирмалар, аудан әкімдері. 45,0 Бюджетте қаралған қаржы және бюджеттен тыс қаржылар есебінен 14. Халықаралық "Жайық-Орал" туристік- экологиялық экспедициясын тұрақты өткізу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, қалалық туризм спорт комитеті 55,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен. 15. Жыл сайын "Еуропа-Азия" халықаралық туристік фестивалін өткізу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық білім беру басқармасы, обл. туризм және спорт басқармасы 200,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен. 16. "Оцисана" жағажайы негізінде туристік тақырыптағы бард әндері конкурсын ұйымдастыру. 2001-2005 ж. ж. Қалалық туризм спорт комитеті - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен. 17. Орал қаласы аэропортынан Стамбул, Дубаи, Прага чартерлік және баста Шалқар, Орда ішкі авиарейстерін ашуға ықпал ету. 2001-2005 ж. ж. "Ақжол" Акционерлік қоғам, туристік фирмалар - Қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері есебінен 18. Батыс Қазақстан облысында спорттық туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды жасап, жүзеге асыру; Спорттық туризм бойынша республикалық федерацияның филиалын ашу, туризм бойынша қалалық балалар мен жастар спорт мектебін ашуға қол жеткізу. 2001 ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық білім беру басқармасы, Орал қаласының әкімі 3800,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі көлемінде 19. Студент жастар мен еңбек ұпсымдары арасында туристік слеттерді өткізуді қайта дамыту. 2001 ж. Қалалық туризм және спорт комитеті, облыс жоғары оқу орындары - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 20. Облыс тұрғындары мен қонақтарға экскурсиялық қызмет көрсетуге мүдделі туристік ұйымдар, мұражайлар, саябақтар, білім беру, мәдениет, экология басқармаларының өкілдерімен, директорларымен "Дөңгелек жозы" өткізу. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм спорт, мәдениет, білім беру, экология тұрғын үй-коммуналдық, көлік, орман және аңшылық басқармалары, "Ақжол" Акционерлік қоғам, турфирмалар - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен 21. "Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану қызметі" тақырыбына"дөңгелек үстел", телерадиохабарлар циклдық ұйымдастырып, өткізу. 2001-2005 ж. ж. Облыстық телерадиокомпания қоғамдық келісім, туризм-спорт басқармалары - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен 22. Облыстық "Приуралье" газетінде "Турист клубы" деген апталық, бет ашу. 2001-2002 ж. ж. Орал қалалық әкімшілігі, "Приуралье" газет редакциясы - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 23. Шалқар көліндегі демалыс аймағының туристік игерілу, жөніндегі шараларды, ұйымдастыру, туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту. Орал-Шалқар жолының жөнделуін іске асыру, туристік және спорттық құрал-жабдық алу. 2001-2003 ж. ж. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық жол шаруашылығымен көлік басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы, Теректі ауданы әкімшілігі, "Шалқар" кәсіпорыны 500,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 24. а) Анқаты-Сарыөмір (Шалқар көлі) б) Орал-Орда учаскесінде жол құрылысын жүргізу мүмкіндігін қарау.Бұл учаскелерде кемпингтер, жол бойы кафелерін, санитарлық-гигиеналық постылар салу. 2001 ж. Тұрғын үй- коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 25. Шалқар көлі жағалауында 400 орындық туристік-сауықтыру кешенін салудың инвестициялық жобасын дайындау. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, "Шалқар" кәсіпорны 25,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 26. Әлжансор көлінің балшығын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, турфирмалар 50,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен 27. "Қарағаш тажырысы", "Шоңды" көлі, "Қыземшек", "Торатбасы" шоқысы, "Аққұм", Елек өзені бойына туристік маршруттар дайындау.Туристер үшін тиісті жағдайлар жасап, жарнама буклеттер шығару. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, Шыңғырлау ауданы әкімі. 75,0 Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен. 28. Туристерді (бірінші кезекте шетелдік) қабылдап, қызмет көрсететін туристік ұйымдарға жеңілдіктер жүйесін жасау мәселелерін талқылап дайындау; бұған ұзақ мерзімді кредиттер беру, пайдаланылмай тұрған демалыс үйлерін, балалар лагерін, пансионаттарды, басқа да үй-жайларды ұзақ мерзімге жалға беру кіреді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлер келісім- шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, зияндарының орнын толтыруға жауапты болуын алдын-ала қарастыру керек ("Шалқар" турбазасы, "Уральская" турбазасы, "Нива", "Мелиоратор" профилакторийлері т. б.). 2001 ж. Облыстық туризм-спорт, заң, коммуналдық меншік, денсаулық сақтау басқармалары, Орал қаласы әкімі, Теректі ауданының әкімі - Бюджетте қаралған және бюджеттен тыс қаржы көзі есебінен 29. "Уральская" турбазасын қайта жабдықтау, туристер қабылдау, қажетті жағдай жарнамалық буклеттер шығару. "Ақ-арғымақ" фирмасына жеңілдіктер беруге ықпал ету. 2001-2003 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, “Ақ-арғымақ” фирмасы 35,0 “Ақ-арғымақ” фирмасы қаржысы есебінен 30. Орал, Ақсай қалаларында туристік-ақпараттық орталық құры. 2001 ж. Облыстық туризм-спорт басқармасы, Орал, Ақсай қалаларының әкімдері 200,0 Бюджетте қаралған және бюджеттер тыс қаржы есебінен 31. Батыс Қазақстан облысының табиғаты, мәдениеті және дәстүрлері туралы бейнероликтер түсіру. 2001-2002 ж. ж. Облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық телерадиокомпаниясы 100,0 Бюджетте қаралған және бюджеттер тыс қаржы есебінен 32. Шетелдік туристер үшін "Горячая линия" телефонды ақпараттық-анықтамалық қызмет ұйымдастыру. 2001 ж. Облыстық туризм- спорт басқармасы, телерадиокомпаниялар Орал, Ақсай қалалары әкімдері 70,0 Бюджетте қаралған және бюджеттер тыс қаржы есебінен 33. Туризм жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құры. 2001 ж. Облыстық әкімшілік, облыстық туризм және спорт басқармасы - Бюджетте қаралған және бюджеттер тыс қаржы есебінен