О работе областного управления образования по выполнению Закона Республики Казахстан «Об образовании». Утверждение Западно-Казахстанской областной программы «Образование на 2001-2005 годы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындау бойынша облыстық білім басқармасының жұмысы туралы. «2001-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық «Білім» бағдарламасын бекіту 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 29.05.2004 № 8-15 шешімімен. Облыстық мәслихат осы мәселе бойынша, облыстық бiлiм басқармасының бастығы Е.Қ. Қасымбековтың баяндамасын, облыс аудандары мен қалада өткiзiлген бұқаралық тыңдау қорытындысы туралы облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Т.З. Рысбектовтың қосымша баяндамасын тыңдап талқылай келе, облыстық бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 30.09.2000 ж. N 448 "Мемлекеттiк "Бiлiм" бағдарламасы туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 27.03.2001 ж. N 389 "Мемлекеттiк "Бiлiм" бағдарламасын" жүзеге асырудың iс-шаралары жоспары туралы" қаулысын орындау бойынша бiрқатар жұмыстар iстелгенiн атап өтедi. Облыстық бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы мен "Бiлiм" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкiмiнiң iс-қимыл жоспары мен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығын тойлау iс-шаралар жоспарымен сәйкестендiрiлген iс-шаралар жоспарын жасаған. Облыста бiлiм жүйесiн сақтау және дамыту жолында бiрқатар iстер атқарылған. Соңғы екi жылда облыста жалпы бiлiм беретiн мектептер саны 3-ке өсiп, қазiргi таңда ол 516-ға жетiп, 127384 оқушыны бiлiм нәрiмен сусындатуда. Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм мекемелерiнiң саны да сақталған. 19 кәсiптiк мектеп пен 11 колледжде, соның iшiнде 5 мемлекеттiк емес колледжде, 23523 оқушы оқиды. Даму мүмкiншiлiгi шектелген балалар үшiн 3 арнаулы мектеп интернат жұмыс iстейдi. Мектептен тыс және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн қалыпқа келтiру жолында оң өзгерiстер бар. Мектеп алды даярлықпен балалардың 65,2% қамтылған. Соңғы екi жылда қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектептер саны 11-ге өсiп, 311-ге жеткен, онда 46741 оқушы бiлiм алуда, ол жалпы санның 9,3 пайызын құрайды. Жеке пәндердi тереңдетiп және салалы оқытатын инновациялық бiлiм мекемелерiнiң қатары да әрi қарай дамуда. Облыстың 2,445 бала оқитын 10 мектебi лицей және гимназия мәртебесiне ие болды, 556 сыныпта 12 мыңға таяу оқушы жоғары деңгейде бiлiм алуда, ол жалпы санның 9,3 пайызын құрайды. Бiлiм саласын қаржыландыруда да оң өзгерiстер байқалуда, тек 2001 жылдың басынан облыс бiлiм бюджетi 2000 жылмен салыстырғанда 17,0% ға өстi. Мұғалiмдер еңбекақысын уақытылы төлеу мәселесi шешiлдi, аудандық мәслихаттар шешiмiмен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлерге 25% қосымша ақы төленедi. Сонымен қатар, облыс бiлiм саласында шешiмiн табуы үшiн қосымша қаржы мен уақытты талап ететiн мәселелер де қордаланып қалған. Облыстың 516 жалпы бiлiм беретiн мектебiнiң тек 213 ғана (41,3%) типтiк жобадағы ғимаратта орналасқан (республикалық көрсеткiш - 57,6%). Орал қаласында оқу бөлмелерi өте жеткiлiксiз. Облыстың 18 жалпы бiлiм беретiн мектебi "қысқы нұсқа" бойынша, яғни күз-қыс айларында ыңғайластырылған мектеп ғимаратына көшiп оқиды. Облыс мектептерiндегi оқу құрал-жабдықтары мен жиһаздарын жаңғырту қажет, кiтапханалардың оқулықтармен және көркем әдебиеттермен қамтылуы төмен. Көптеген мектептердегi оқу кабинеттерi мен оқушылар демалатын орындарының безендiрiлуi эстетикалық, дидактикалық және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейдi. Арнаулы мектептер балалардың көру және есту мүшелерiн түзететiн мамандандырылған медициналық құрал-жабдықтарға өте зәру. Жалпыға бiрдей мiндеттi оқу қорының жұмыстарын негiзiнен Теректi, Қаратөбе, Зеленов, Жаңақала және Сырым аудандарында жандандыру қажет. Оқушылар тамағын ұйымдастыру жұмысы төмен деңгейде. Облыс бойынша оқушылардың 16,0% ғана ыстық және - 41,1% қоғамдық тағаммен қамтылған. Республикада бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 25,1% және 42,0% құрайды. Сапалы бiлiм беру өзектi мәселе болып қалып отыр. 2000 жылғы студенттер контингентiн қалыптастыру барысында өткiзiлген тестiлеуге қатысқан барлық талапкерлердiң тек 18,0% ғана грант пен несиеге ие болды ал бұл орташа республикалық көрсеткiштен (21,0%) 3%-ға төмен. Қаратөбе, Бөрлi, Казталов және Шыңғырлау аудандарының мектеп бiтiрушiлерiнiң бiлiм деңгейiнiң төмен екендiгiн көрсеттi. Тәрбие жұмыстарын жақсарту бойынша нақты шаралар алу қажет. Бұл мәселе, тек қосымша бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыратын бiлiм мекемелерiнiң санын арттыруды ғана емес, бәрiнен бұрын, әрбiр бiлiм мекемесiндегi тәрбие үрдiсiн күшейтудi талап етедi. Оқушыларды профилактикалық тексеру қорытындысы әрбiр үшiншi баланың қандайда болмасын бiр аурумен ауыратындығын көрсеттi. Жыл сайын медициналық көрсеткiштер бойынша әскери қызметке жарамсыз жастарымыздың қатары өсе түсуде. Кәсiптiк мектептер мен колледждердегi станок жабдықтарын жаңарту, оларда бар жүк тасымалдау автокөлiктерi мен ауылшаруашылық техникасы паркiн қайта жабдықтау қажеттiгi туып отыр. "Бiлiм туралы" Заңның 39-бабын орындау байыпты көңiл бөлудi талап етедi. 2000-2001 оқу жылының басындағы педагог кадрларға деген сұраныс 413 адам құрады, ол орындар зейнеткерлер мен кәсiби мамандықтары сай емес қызметкерлердi жұмысқа тарту арқылы жабылып отыр. Ағылшын тiлi, дене тәрбиесi, математика және информатика пәндерi мұғалiмдерiнiң жеткiлiксiздiгi қатты сезiлуде. Педагог кадрларын қайта даярлау iсi де өз деңгейiнде емес. "Бiлiм туралы" Заңды жүзеге асыру мақсатында облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық бiлiм басқармасы ұсынып отырған "2001-2005 жылдарға арналған "Бiлiм" бағдарламасы толығымен мақұлданып, талқылау барысындағы ұсыныстармен толықтырылып, облыстық мәслихаттың келесi сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық, қалалық бiлiм басқармалары мен аудандық бiлiм бөлiмдерi: Облыстық "Бiлiм" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша iс шара жоспарларын жасасын.
Тармақ 3
3. Бiлiм мекемелерiн "Бiлiм туралы" Заңның 12, 32-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 18.04.2000 ж. №596 Қаулысына сәйкес лицензиялау жұмысын 2001 жылдың 1-қыркүйегiне дейiн аяқтасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 03.09.1999 жылғы N 1305 Қаулысын орындау мақсатында және Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 13.12.1999 ж. №99 бұйрығына сәйкес облыс бiлiм мекемелерiн аттестациялау үшiн облыстық және аудандық аттестациялық комиссиялар құрылсын.
Тармақ 5
5. "Бiлiм туралы" Заңның 41-бабының талабына сай облыс педагог кадрларының бiлiктiлiгiн көтеру мәселесi дұрыс жолға қойылсын.
Тармақ 6
6. Бастауыш және орта кәсiби бiлiм ұйымдарында санатты жұмысшы кадрлар және мамандар даярлауға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын конкурстық негiзде жеңiп алу мақсатында еңбек рыногын зерттесiн.
Тармақ 7
7. Шет тiлi, дене тәрбиесi, АӘД, физика, математика және информатика пәндерiнен жоғары кәсiби бiлiмдi кадрларға сұраныс анықталсын.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк мектептердi оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк комплектiлермен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Мектеп жанындағы интернаттардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту басты бағыт ретiнде белгiленсiн.
Тармақ 10
10. Аудандар мен Орал қаласының Әкiмдерi және бiлiм мекемелерi: Азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясы белгiлеген мiндеттi орта бiлiм алу құқығының орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Бiлiм мекемелерi объектiлерiн салу, күрделi жөндеуден өткiзу, оларды құрал-жабдықтармен және жиһаздармен қамтамасыз ету, материалдық техникалық базаларын нығайту бойынша қажеттi шаралар алсын.
Тармақ 12
12. Мектептердi ағымдағы күтiп ұстау және мақсатты пайдалану шығындарының сомасынан 1%-дан кем емес мөлшердегi қаржы жалпыға бiрдей мiндеттi оқу қорына аударылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 13
13. "Бiлiм туралы" Заңның 31-бабының 8-тармағына сәйкес оқушылардың қоғамдық көлiктерде жүру жеңiлдiктерi туралы мәселесiн шешсiн.
Тармақ 14
14. "Бiлiм туралы" Заңның 31-бабының 1-тармағын орындау мақсатында бiлiм мекемелерiнiң оқушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылсын.
Тармақ 15
15. Мектепке дейiнгi және мектептен тыс балалар мекемелерiн, кешкi (ауысымдық) жалпы бiлiм беретiн мектептер желiсiн қалпына келтiру шараларын алсын.
Тармақ 16
16. "Бiлiм туралы" Заңның 32-бабының 7-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын орта мектептер мен кәсiптiк мектептердiң директорларын тағайындау және жұмыстан босату мәселелерi облыстық бiлiм басқармасының келiсiмiмен атқарылсын.
Тармақ 17
17. Жыл сайын өтетiн ең үздiк жалпы бiлiм беретін мектеп, ең үздiк кәсiптiк мектеп, ең үздiк мектепке дейiнгi балалар мекемесi, ең үздiк колледж, ең үздiк пән кабинеттерi байқауының ережесi жасалып, жыл сайын қорытындысы шығарылып отырсын.
Тармақ 18
18. Жалпы бiлiм беретiн мектептерге шаруашылық мәселелердi шешуде практикалық көмек көрсету үшiн қамқоршылық (шефтiк) институтын қайта жандандырсын.
Тармақ 19
19. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қаржы басқармасы нормативтi құжаттарға сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерге 01.09.2001 ж. бастап қосымша медицина қызметкерi штаттарын қарастырсын.
Тармақ 20
20. Аталмыш шешiмнiң орындалу барысын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Т.З. Рысбеков) жүктелсiн.