Об утверждении комплексной программы развития физической культуры и спорта в Акмолинской области на 2001-2005 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысының 2001-2005 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту кешенді бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2006 № 3С-18-5 шешімімен. Облыс маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының 2001-2005 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту кешенді бағдарламасын және оны іске асыру шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жастар істері, азаматтар денсаулығын сақтау, білім, мәдениет, туризм, спорт, халықаралық қарым қатынас бойынша облыс маслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Бағдарламаның паспорты
X облыс маслихат шешімімен бекітілген №С-10-4 «6» шілде 2001 ж. Ақмола облысында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы Көкшетау қаласы. 2001 жыл Бағдарламаның паспорты Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-2005 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары. Негізгі әзірлеушілер: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, облыстық туризм және спорт басқармасы. Қысқаша мазмұны: Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік кешенді бағдарламасы түрлі аймақтар мен халықтық әлеуметтік-демографиялық топтарына арналған жекелеген дене тәрбиесі бағдарламаларын әзірлеу кезінде басшылыққа алынатын негізгі қағидаттық ережелерін құрайды және мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арналған дене тәрбиесінің сабақтастығы;
Тармақша 2
2) дене шынықтыру-спорттық қозғалысты басқару жүйесін жетілдіру;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру сауықтыру және сорп объектілері желісін дамыту;
Тармақша 4
4) мамандарда даярлау және саланы білікті кадырлармен қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру-спорттық іс-шараларды өткізуді жетілдіру;
Тармақша 6
6) саланы ұйымдық, ғылыми-әдістемелік және медициналық қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыруды және спортты насихаттау;
Тармақша 8. Кіріспе
8) жоғарғы білікті спортшылар даярлаудың және спорт резерві мәселелерін шешу. Бағдарламаны қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері Күтілетін нәтижелер Балалар мен жасөспірімдерді істеп қамтуды арттыруды, жастар арасында құқық бұзушылықтың Спорттық объектер және денешынықтыру-сауық алдын алу, нақты дене шынықтырумен және спортпен айналысушылардың санын өсіру, лайықты спорт резервін даярлау, Қазақстан спортшыларының халықаралық аренада табысты өнер көрсетуі қамтамасыз ету. Аурулардың алдын алу, ел халқының денсаулығын сақтау және нығайту. Кіріспе Ақмола облыста дене шынықтыру және спорт дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы (бұдан әрі - кешенді бағдарлама) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңына сәйкес әзірленді. Кешенді бағдарлама мектепке дейінгі жастағы балалардың, оқушылардың және студент жастардың, орта және егде жастағы халықтың, мүгедектердің дене тәрбиесін, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындаудың басты аспектілерін қамтиды, дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамытуды және дамытуды, ғылыми-зерттеу базаны құру және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қарастырады. Осы кешенді бағдарлама «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» қисынды жалғасы болып табылды, оны іске асыру дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының және республиканың жергілікті атқарушы органдардарының бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыруға, халықаралық дәрежедегі спортшылар және спорт резервін даярлауға назар аударуына мүмкіндік береді. Бұрынғы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде облыста дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 190119 адамға жетіп 12% пайызға өсті, бұқаралық дене шынықтыру спорттық іс шараларын өткізудің саны едәуір артты, салалық спартакиадаларды, оқушылардың спартакиядасын және студенттік уневерсиядалар өткізу қайта колға алынды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, олимпиада резерві желісі мектептерін қысқарту тоқтатылды. Қазырғы уақытта облыста 26 спорт мектебі жумыс істейді, олардың үшеуінде олимпиада резервінің статусы бар. Мектептен тыс мекемелер саны арта бастады, 2000 жылы Степногор қаласында Бөгембай-батыр атындағы облыстық спортқа дарынды мектеп-интернаты ашылды, осы мектептің алты бөлімінде 7-11 сыныптардың 132 оқушылары оқиды. Облыстық олимпиядаға дайындау орталығын құру жұмыстары басталды, халықтың дене дайындығының президенттік сынақтарды әзірленіп, ол табысты енгізілуде. 2000 жылдың қаңтар айында кәсіпқой «Есіл» футбол клубы құралды, облыстық футбол құрама командандасы еліміздің Чемпионатына дайындалып жатыр. Ауыл спортшылар бірлестігі «Жігер» ЕДСҚ спорттық коғамы тіркеліп өз жұмысын бастады. Салауатты өмір салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы насихаттау жөніндегі жұмыс жанданды. Сонымен бірге, спорт базалардың жағдайы, облыстағы мектеп жасындағы балалардың 6,2% пайызына ғана оларда сабақтар ұйымдастыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі желісінің жеткіліксіз дамытылуы, жоғары білікті жаттықтырушы-оқытушылардың тапшылығы, әсіресе, балалар және жасөспірімдердің дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысын толық қанағаттандырылмайды. Сапалы мүкәммалмен және жабдыктар мен жарақаттандырылған казіргі заманғы спорт объектілерінің. олимпиадалық даярлық орталықтарының болмауы елдегі спорт резервін даярлау спорт шеберлігін арттыруды тежеп отыр. Дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамыту, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгеріп жатқан талаптарын ескере отырып, оқу-жаттығу процесін және бұқаралық дене шынықтыру ұйымдастыруда жаңа көзқарасты талап етеді. Мемлекетті бағдарламаны әзірлеу дене шынықтыру және спорт саласында, қалыптасқан ұйымдық және құқықтық қатынастарға өзгерістер енгізу, Қазақстан спортының халықаралық аренадағы жоғарғы беделін сақтау, халықтың қалың жіктерін спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауаттыөмір салты қағидаттарын енгізу қажеттігінен туындады.
Тарау 1. 1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау Ақмола облысындағы дене шынықтыру және жоғарғы жетістіктер спортының жай-күйі, әлемдік спорт дамуының қазырғы заманғы үрістерді облыс спорты дамыту жөнінде түбегейлі шұғыл шаралар қабылдайынша, облыс спортшылардың әлемдік аренадағы көрсеткіштері төмендей беретінін көрсетіп отыр. Халықаралық стандарттан қалуымыздын себебі, ең алдымен, бүгінгі күн әлемдік биік талаптарға жауап беретін қазырғы заманғы спорт базаларының жоқтығы болып табылады. Қазырғы заманғы спорт деңгейі өзінің даму сатысында спорттық нәтижелердің өсуіне ғылыми және инжинерлік жетістіктерге негізделген жаңа көзқарастарға маңызды роль береді. Жаңа спорт ареналарда, жаттығулар мен жарыстар үшін арнайы жағдайлар жасау ісіндегі жаңа жетістіктер, арнайы киім, құрал-сайманмен жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнің мықты спортшыларының көрсеткіштерін күрт жақсартуға жеткізді және XXI ғасырға спорттың қандай негізгі бағыттарда қарыштап енетінін айқындады. Бүгінгі күні облыста дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасының жай-күйі халықтың дене жаттығуларымен шұғылдануға сұранысы қанағаттандырмайды, ұйымдарда дене шынықтыру мамандары жетіспейді, кәсіп орындарда, тұрғылықты жері бойынша және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттарының, қарапайым спорттық мүкәммалардың және жабдықтардың жетіспеуі өткір сезіледі. Ел халқының дене қозғалысы белсенділігінің төмендегі жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары органы ауруларынан өмір сүру жасын қысқартуға әсер ететін және өлім денгейінің жоғары болуы әкеп соқтыратын факторлардың бірі болып табылады. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 8,6 дан 23 пайызға дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Білім беру жүйесінде де спортты дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Облыста жалпы білім беретін оқу орындарының тек 8,6 пайызында ғана бір үлгідегі спорт залдары және 23 пайызында бейімделген спорттық үй-жаяр бар. Республикадағы орта және жалпы кәсіби білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтарының көлемі ғылыми негізделген нормативтен 3-4 рет төмен. Қозғалыс белсенділігінің жоспарланған ғылыми негізделген деңгейіне жету үшін жалпы білім беретін оқу орындарында дене шынықтырудан аптасына міндетті үшінші сабақ енгізу қажет, оқу процесін спорттық мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Сабақтан бос уақытта сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұкаралық жұмыс дамымай отыр. Тұмау және түрлі созылмалы ауруларына бейім балалардың және жасөспірімдердің саны арта тұсуде. Бұл ретте, денсаулығына байланысты арнайы медициналық топтардағы оқушыларға сабақ жекелеген оқу орындарында ғана жүргізіледі. Тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының жай-кйі бұқаралық спортты одан әрі дамыту, халықтың арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жандандыру, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жөнінде кідіріссіз, нақты шешімдер қабылдауды талап етеді.
Тарау 2. 2. Негізгі мақсаттар мен міндеттер
2. Негізгі мақсаттар мен міндеттер Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптыстыруы жолымен, дене шынықтыру және спортты дамытудың тиісті қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдістемелік, медициналық, ақпараттық, нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін құру спорт мектептерінің, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша спорт және балалар клубтарының, мүгедектерге арналған мамандандырылған топтардың, емдеу-дене шынықтыру диспасерерлері санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жағдайлар жасайды. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары: елде дене шынықтыру және спортты одан әрі дамыту; халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін жағдайдар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт гүрлерін және халық ойындарын дамыту: саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазіргі тәсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдарды жетілдіру; бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт резерві мен халықаралық дәржедегі спортшылар дайындаудың ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және психологиялық қамтамасыз етілуі жөнінде зерттеулер жүргізу; спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: дене шынықтыру және спортты насихаттау жолымен салауатты өмір салтының қағидаттарын орнықтыру, халықтың неғұрлым кең жіктерін дене шынықтырумен жүйелі айналысуға тарту; халықтың дене тәрбиесі дайындығының президентік сынақтарын енгізу; дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту, спорт ғимараттарына халықтың кең жіктері үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету; құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту; дене шынықтыру-спорттық бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру; балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және олимпиадалық резерв мектептерінің дамыту, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар, олимпиадалық резервті даярлаудың аймақтық орталықтарын, олимпиадалық даярлаудың республикалық орталықтарын куру; дене шынықтыру және спорт жөніндегі ақпараттық-білім беру және насихаттық қызметті күшейту; жоғары жетістіктер спортүшін, сондай-ақ халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен жұмыс істеу үшін дене тәрбиесі мамандарын даярлау және кайта даярлау жүйесін құру; дене шынықтыру және спорт саласында озық технологияны енгізу және шетелдік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ұйымдарымен тәжірибе алмасу мақсатында хлықаралык байланыстарды дамыту мен орнату жөніндегі қызметті жандандыру.
Тарау 3. 3. Дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары
3. Дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары Бағдарлама салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы ретінде бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты дамытудың, еңбектеп оңалтудың, белсенді ұзақ жасаудың, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен спорт секцияларында балалар, жасөспірімдер және жастардың қамтылуын арттырудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ дене тәрбиесі процестерін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етеді, спорт резервін және халықаралық спорт ареналарында Қазақстанды лайықты көрсетуге қабілетті жоғары денгейдегі спортшыларды даярлауды көздейді. Бағдарлама халықтың әр түрлі жастағы топтарының дене тәрбиесін ұйымдастыруда сараланған көзқарасын қарастырады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі Балалардың өмірге деген қажетті негізгі қозғалыс дағдылары ерте жастан, сәби дүрыа жүруді, отыруды, түруды ұйрене бастағанда қалыптасады, ол қарапайым дене жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағдарлауды, шынығу процедураларын қабылдауды, салауатты өмір салтының негізі болып табылатын күнделікті дене шынықтыру-спорттық жаттьғуларды ұйренуді әдеттенеді. Осы жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру олармен мектепке дейінгі мекемелерде және отбасында мектепке дейінгі жаттығуларды эмоцияланд ойын түрінде, әдетте, ашық ауада, олардың мазмұнын тұрақты жаңалай отырып, өткізуді талап етеді. Дене жаттығулары сабағының негізінде балалардың функциялық мүмкіндіктерін арттыратын, ағзаның күллі физикалық қасиеттерін дамытатын жан-жақты дене дайындығы болу керек. Педиатрия және дене шынықтырумен спорт саласының жетекші ғылымдары мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қозғалыс белсенділігі көлемінің аптасына кемінде 10-12 сағатболуын үсынады. Бұл міндеттерді шешудің негізгі бағыттары: - мектепке дейінгі білім беру мекемелерде және халықтың тұрғылықты жері бойынша материалдық база құру; - мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі жөніндегі оқу бағдарламалардың әзірлеу еңгізілу; - ата-аналар үшін отбасында мектепке дейінгі балаларының дене тәрбиесі жөніндегі әдістемелік құралдар және ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесі Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесі олардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдану жоғары мұқтаждықты және салауатты өмір салтын қамтамасыз етуді. Спорт түрлеріне, дене жаттығуларының жұйесіне қызығушылықты ескере отырып, міндетті дене шынықтыру сабақтарында айналдырып, оқуданбіртіндеп, оқуден тыс және жұмысқа көшуді қамтамасыз ету қажет. Сабақтарда табиғат факторларын ұтымды пайдалануға үйрету, еңбек пен демалысты үштастыру, дене жаттықтыру, денені баптап және қауыпсіздік техникасы негіздеріне ұйрету, жүктеме көлемін және қарқының үйлестіру, жаттығуларды дұрыс орындауға және олардың дәйектілігіне, ағзаның физиалогиялық ерекшеліктері туралы теориялық білімнің қажетті көлемін беру, дене жаттығуларымен шұғылданудың гигиенасына үйрету қажет. Оқушылардың және студент жастардың дене тәрбиесі негізгі қозғалыс қасиеттерін дамытуды және жетілдіруді қамтамасыз етеді, дене шынығуын дамыту және денсаулықты нығайтуды, салауатты өмір салтын жүргізудің саналы қажеттігін тәрбиелеуді мұрат етеді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында: - жалпы орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру және спорт бойынша міндетті үшінші сабақ енгізу және бастауыш, орта, және жоғары кәсіптік білім ұйымдарында дене шынықтыру бойынша аптасына төрт сабақтық міндеттісабақтар еңгізуді; - мектептегі абақтардың мазмұнын толықтыратын дене шынықтыру мектептен тыс ұйымдастырудың нысандарын жетілдіру міндетті дене шынықтыру сабақтарын кейін, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, спорт түрлері бойынша жаттығуларға одан әрі көшу мақсатымен жаттығу бағдарламаларының қазіргі заманғы нұсқаларын әзірлеу; - оқушы және студент жастарымен олардың физиалогиялық ересекшілдерін ескере отырып, сыныптан тыс, сабақтан тыс және аудиториядан тыс жүргізілетін жаттығулар жүйесін жетілдіру; - мектеп оқушыларының қысқы және жазғы спартакиадаларын ұйымдастыру және өткізу, орта арнаулы оқуорындарында оқушылардың спорт фестивалдерін және студенттік универсиадаларды ұйымдастырып өткізу; - оқушылар және студент аптасына 8-10 сағаттан кем емес дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданудың көлемін орындауды қажет. Еңбекшілер мен егде жастағы азаматтардың дене тәрбиесі Еңбекшілер мен жастағы азаматтардың дене тәрбиесі денсаулықты сақтау мен нығайту, аурудың алдын алу және шығармашылық пен өмірлік белсенділікті арттыруды көздейді. Дене шынықтыру және спортты еңбектіұйымдастыру және азаматтардың демалысы жүйесіне ендірту, өндірістік гимнастика, емдеу дене жаттықтырудың сауықтыру мазмұнын күшейту ебекшілердің кәсібінің, жасының, білімінің ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек белсенділігін мерзімін үзарту үшін міндетті дене жаттығуларын ұтымды пайдалану мақсатында Дене шынықтыру және белсенді спорт жаттығуларынының аптасына 3-4,5 сағаттан кем емес көлемін жұмысыстан бос уакыт орындау үшін жағдайлар жасауға тиіс, ол үшін: - дене шынықтыру және спорт жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасында ұжымдық шарттар арқылы еңбек пен демалысты ұйымдастыру жүйесіне еңгізу; - ұйымдарда және бұқаралық демалыс орындарында дене жаттығуларымен шұғылдануға және бос уақыт белсенді өткізу үшін жағдайлар жасау; - еңбекшілер мен егде жастағы азаматтар әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; - еңбек етуге қабілетсіз адамдарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту,белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыру мақсатымен еңбекшілер мен егде, жастағы азаматтардың қозғалыс режимін оңтайландыру үшін дене шынықтыру және спортқұралдарын пайдалану; - кәсіби-қолданбалы дене дайындығын еңгізу; - дене шынықтыру-сауықтыру және спортты-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру қажет. Мүгедектер арасындағы денешынықтыру мен спорт Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру және спорт олардың қоғамға бейімделуі үшін қажетті психалогиялық жағдайлар жасауды. Спорттық іс шараларға белсенді қатысу психалогиалық теңдікті қалпына келтіреді, сенімділік сезімі мен өзін құрметтеу сезімін қайтарады және шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, белсенді өмір қайта келуге мүмкіндік береді. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру мен спорт жан-жақты дене оңалтуды, ортаны бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуді, өзінің денесін игеруді және әлеуметтік бейімділікті көздейді. Негізгі бағыттар: - мүгедектердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына қажетті жағдайлар жасау; - мүгедектерді дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы оңалту үшін әдістемелік үсынымдар әзірлеу; - денешынықтыру және спорттық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу; - халықаралық жарыстарға даярлау мен қатысуға жәрдем көрсету; Ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт тұрлері мен халық ойындарың дамыту. Ұлттық спорт түрі мен халық ойындары жеткіншек ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазірғі дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлері құралдары арқылы тәрбиелеу арқылы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің бай тәжірибесін пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың сарқылмайтын қазынасы және қазіргі заман жағдайына оның пенменді күші бар, себебі онда халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмысы дамытудың және салауатты өмір салты қалыптастыру үшін қажетті дайын қалыптарын негізі салынған. Олардың сауықтыру мүмкіндіктері мен қолданбалы сипатын аша отырып, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын одам әрі дамыту жөніндегі нақты шаралар қолдану қажет. Ұлттық спорт түрлері халық ойындарын дамыты Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы мәдениеттердің де өзара кіргізу процесінде үлкен роль атқарады. Техникалы және қолданбалы спорт түрлері дамыту жастардың дене дайындығын, арнайы дене қасиеттерін жетілдіруді, әскери-техникалық және қолданбалы дағдыларды көздейді. Халықтың осы спорт түрлерімен шұғылдануы олардың шығармашылық ойлауын дамытуға, техникалық салауаттылығын арттыруға ықпал етеді. Ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін және халық ойындарын дамыту: - ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт тұрлері мен халық ойындарын дамыту, оларды казіргі дене тәрбиесі жүйесіне еңгізу үшін жағдайлар жасауды; - балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісін дамытуды; - отандық әбзелдерін, спорт киімдері, Мүкәммаларды және ұлттық спорт түрлері үшін жабдықтар өндірісін дамытуды, арнайы спорт ғимараттары мен ипподромдар салуды; - ұлттық спорт түрлерін және халық ойындарын дамыту жөніндегі республикалық орталықты, көкпар ұлттық ойыны бойынша спорт клубтарынқұруды, сондай ақ оларды шетелде насихаттауды көздейді. Спорт резервін даярлау Спорт резервін даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру одан әрі спорттық жетілдіру, республиканың ұлттық құрама командаларын спорт түрлері бойынша толықтыру үшін перспективалы спортшыларды таңдау мақсатында балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты шұғылдану сабақтарын ұйымдастыруды көздейді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін және олимпиадалық резерв мектептерін, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарды, спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің даярлау жүйесін құрту қажет. Мектеп оқушылар мен студент арасында республикалық жарыстарды өткізуді қайта жаңғырту қажет. Спорт резервін сапалы даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру үшін: - балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің және олимпиадалық резерв мектептерін дамыту; - олимпиадалық резерв даярлау орталығын құру; - материалды-техникалы базаны дамыту және оны қазырғы заманғы жабдықтармен және мүкаммалдармен жарақтандыру қажет; Халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау Халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың негізгі бағыттарының бірі республиканың ұлттық құрама командаларында оқу-жаттығу процесін орталықтандырып өткізу болып табылады. Олимпиадалық дайындықтың біріздендірілген кешенді орталықтарын құруды көздеу қажет, олар өздеріне қазіргі заманғы жеңілатлетикалық ядроны, жүзу бассейнін, спорттық мамандандырылған залдарды, жабдықталған тренажер залдары, рекрияциялық жабдықтар жүйесін құрудықоса, жаттығу процесі үшін қажетті объектілердің толық циклн біріктіруі тиіс. Бұл ретте, спорт ғимараттарды жалпы дене дайындығының қалыпты процесінің талаптарына да, спорттың белгілі бір түрінің ерекшелігіне де сай болуы тиіс. Республикалық спорт орталықтарын жекелеген қалаларда белгілеп, ал басқаларында спортшыларды даярлау жергілікті денгейде шоғырланған шағын орталықтарды құру қажет. Жоғарғы дәрежедегі спортшыларды даярлау: - жоғарғы жетістіктер спорты үшін материалдық-техникалық базасын жасауды, оны қазіргі заманғы мүкаммалдармен және жабдықтармен жарақтандыруды; - спорттың ойын түрлері бойынша спорт клубтарын құруды; - республиканың ұлттық құрама командаларының әлем, Азия чемпионаттары және Олимпиада мен Азия ойындарына, басқа да халықаралық спорт іс шараларын қоса алғанда, халықаралық жарыстарға катысуын көздейді. Ғылыми-әдістемелік және медециналық қамтамасыз ету Болжамды негізде спортты тұрақты, жоспарлы дамыту үшін, ғылыми және техналогиялық ойдың жаңа жетістіктерін ескере отырып, оларда бұкаралық дене шынықтыру және жоғары жітістіктер спорты саласындағы зерттеулер мен талдамалар шоғырланған, тиісті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған мемлекеттік-зерттеу орталығын құру қажет. Бұл қағида толығымен жаттықтыру және жарыстыру процестері кезінде медициналық қамтамасыз етуге де қатысты болады. Қазіргі уақыттағы спорттың дамуы осындай, онда бірінші кезекке осы саладағы жаңа жетістіктер негізінде спорттық қызметтің медициналық реттелу денгейі шығады. Ғылыми-әдіскерлік және медициналық қамтамасыз ету: - бұқаралық дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортыпроблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтын құруды; - оқу жаттығу процесін әдістемелік және медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді; - спортшыларды психалогиялық даярлауды; - спорттық жарақаттанушылардың алдын алу, емделу және қайта қалпына келтіру, оқу-жаттығу пройесін медициналық қамтамасыз етуді; - облыстық дәрігерлік - дене шынықтыру диспансерлерін құруды; - денсаулық орталықтары желісін ұйымдастыруды көздейді. Кадрларды даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі Бұқаралық дене шынықтыру және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту проблемаларын табысты шешу үшін жаңа мамандықтардың (шығыс жекпе-жегі, ұлттық және қолданбалы спорт түрлері, халық ойындары) еңгізілуін ескере отырып, саланы жаттықтырушы-оқушылар кадрларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт қызметкерлері даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру қажет. Қазіргі уақытта спорт жоғары білікті жаттықтырушылар тапшылығын сезіп отыр. Қазырғы спорт әсіресе әртүрлі жаңалықтарға ұшырауға бейім және де спортшылармен жұмыс істеудің жаңа әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Осыған байланысты: - республиканың жетекші жаттықтырушыларын шетелдік спорт орталықтарында оқытуды ұйымдастыру; - аумақтардың қажеттілігін ескере отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың даярлауы мен қайта даярлауын қамтамасыз ету қажет. Матиериалдық-техникалық базаны дамыту Елдің дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттардың желісі олардың жеткіліксіз санымен, негізінен сапасының төмендігі және біркелкі орналастырылмауымен сипатталды. Халықтың барлық топтарының, әсіресе балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау қажет, қолда бар дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, осы ғимараттардағы қызмет көрсету сервисінің қажетті денгейін, олардын қол жетімділігін және тартымдылығын қамтамасыз ету қажет. Республикада материалдық-техникалық базаны дамыту мыналардың есебінен жүзеге асырылуы тиіс: - қолда бар спорт ғимараттарын, қолданыстағы спорт алаңдарын қайта жаңғырту және жаңалау, спорт залдарымен спорт кешендерін шағын комплектілі және әмбебап спорт жабдықтарымен жарақтандыру; - спорт алаңдарын, спорт залдарын және басқа да ғимараттарды халықтықтыңтығыз тұратын жерлері мен демалыс орындарында салу; - тұрғын үйлер алабы аумақтарында ойын және серуен алаңдарын, жүгіру жолдарын, велосипед және шаңғы трассаларын жоспарлау және салу, бұқаралық жарыстар өткізу үшін орындарды жабдықтау; Халықтың дене тәрбиесі және дене шынықтырумен спорт саласындағы ғылыми зерттеулері басқару жүйесі Дене тәрбиесі жалпы басқаруды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар халықтың дене тәрбиесі басқару жөніндегі аумақтық құрылымдық бөлімшелерді аудандық буынды қоса құрады, бұқаралық дене денешынықтыру және спорт жұмысының негізгі талаптарын ескере отырып аймақтағы халықпен жүргізілетін жұмыстың, спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бағытын әзірлейді, дене шынықтыру мен спорттың материалды-техникалық базасын дамытады. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру Бұқаралық дене шынықтыру және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді, оның ішінде: - тұрғын үйлер алабының спорт ғимараттарымен қамтылу нормативтерін қабылдауды; - мектепке дейінгі мекемелердің және оқу орындарының спорттық ғимараттарымен қамтылу нормативтерін қабылдауды талап етеді. Ақпараттық-насихат жұмысы Ақпараттық-насихат жұмысы мыналарды: - салауатты өмір салтын насихаттауды; - дене жаттығуларының адам ағзасына, әсіресе, жас және егде жастағы адамдарға тигізетін пайдалы ықпалы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздейді. Халықты ақпараттандыруы жөніндегі жұмыс жан-жақты дене дайындығының қажеттігін түсіндіруге бағытталып ғылыми негіздеуі тиіс. Белгілі спортшыларды, әлем Азия ойындарының чемпиондарын және жүлдегерлерін, еңбегі сіңірген спорт шеберлері мен жетекші жаттықтырушы-педагогтарды халықпен жұмыс істеуге тарта отырып, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану сабақтарын кеңінен таратып, жүзеге асыру қажет. Азаматтардың өздігінен білімін арттыруға, дене шынықтырумең және спортпен жүйелі шұғылдануына тұрақты қызығушылқты қалыптастыруға ықпал ететін танимал басылымдарды, әдістемелік оқулықтарды, бақада да көрнекі құралдардың шығарылуын көздеу қажет.
Тарау 4. 4. Бағдарламаны қаржыландыруы
4. Бағдарламаны қаржыландыруы Бағдарламаны қаржыландыру дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыс бюджетте көзделген қаражат есебінен, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзгеде қаржы көздерін тарту арқылы жүзеге асырылытын болады. Облыстық бағдарламада көзделген іс шараларды облыс бюджет қаражаты есебінен қаржыландырудың жыл сайынғы республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетті мәслихаттардың шешімдерімен белгіленетін болады. Күтілетін нәтижелер Қоғамда салауатты өмір салты қағидаттарын орнықтыру, демографиялық ахуалды жақсарту үшін жағдай туғызу. Дене шынықтырумен және спортпен іс жүзінде шұғылданушы азаматтардың санын 10-15 пайызға ұлғайту, соның нәтижесінде халық арасында ауруға шалдығу денгейін төмендету. Республиканың балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорт секцияларында спортпен шұғылданушы балалар және жасөспірімдердің санын 20000 дейін арттыру, жеткіншек ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың санын төмендету. Облысымыздың барлық аймақтарында спорттағы дарынды балалар үшін мектеп-интернаттар ашу. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына кандидаттарының санын ұлғайту. Ұлттық, қолданбалы, техникалық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту арқылы жастарды спортпен белсенді шұғылдануға тарту. Халықаралық аренада Қазақстанның биік бет-бейнесін сомдауға қабілетті халықаралық дәрежедегі спортшылар даярлауға жағдай жасау.
Басқа 16
Х облыс маслихат сессиясының шешімімен бекітілген 2001 жыл «6» шілде №С-10-4 Ақмола облысында 2001-2005 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту кешенді бағдарламасының іске асыру шаралар жоспары № п\п Шаралар мерзімдер аяқталу формасы қаржы шығыны орындаушылар 1 2 3 4 5 6 1. Облыстың дене шынықтыру және спорт дамуының ұйымдастыру принциптері 1 Степногор қаласында, Жақсы, Егіндікөл, Аршалы, Астрахан, Қорғалжын, Ақкөл, Бұланды, Енбекшілдер, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарында дене шынықтыру және спорт комитеттерін құру 2001-2002 жылдар мамыр - қараша жыл сайын обләкімшілік саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаржы қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері 2 Ауыл тұрғындар арасында спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін, поселок кеңесінің штатына, ауыл аймақтарына, шаруашылық субъект штатына спорт нысқаушысының қызметін еңгізу 2001-2002 жылдар ІІ-ші жарты жылдық мамыр - қараша айлары жылсайын обләкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен, шаруашылық субъектілер қаражат есебімен аудандар әкімдері 3 2001 жыл 7.05. №97 облыс әкім шешіміне сәйкес ауыл шаруашылық мекемелерде «Жігер», қаржы мекемелерінде «Алтын», күш құрылымдар «Медет» т.б. ерікті дене шынықтыру қоғамдарын құру жұмысын жалғастыру 2001 жыл мамыр - қараша айлары жыл сайын обләкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс қаржы қаражаты мөлшері есебінен Турспорт басқармасы, мекеме басшылары, ұйымдар және өндірістер 4 Оқу орыңдарынының барлық түрлерінде дене шынықтыру ұжымдарын және спортклубтарын құру 2001 ж. мамыр - қараша айлары жыл сайын обләкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы мөлшері есебінен облыс білім басқармасы, ЖОО ректорлары 5 - көркем гимнастика - тоғыз құмалақ - Президент көпсайысы - қазақша күрес Спорт түрлерінен облыстық федерация құру жұмысын жалғастыру әрдайым әділет органдарында тіркелу, обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне және облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс қаржы қаражаты мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы 6 Облыстық дәрігерлік-шынықтыру диспансерін құру 2002 жыл әкімшілік қаулысы бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыстық денсаулық сақтау және облтурспорт басқармалары 2. Тұрғандар денсаулығын нығайту жұмысын ұйымдастыру 1 Жалпы білім беру мектептерінің базистық, оқу жоспарына 3 дене шынықтыру сабағын кезеңді еңгізуді қамтамасыз ету 2001-2002 оқу жылының басынган, жыл сайын мамыр - қараша айларында обләкімшіліктігінің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюжджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыс білім басасқармасы 2 Жалпы білім беру мектептерінде 5-11 сыныптарын қыз балалармен ер балаларды дене шынықтыру сабағында бөлек оқытуды еңгізу 2001-2002 оқу жылының басынган, жыл сайын мамыр - қараша айларында обләкімшіліктігінің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыс білім басқармасы 3 Жалпы білім беру мектептер күн тәртіптеріне «сергіту ұзілістері», «сергіту сәттері», «Қимылды ұзілістер» еңгізуді қамтамасыз ету әрдайым жыл сайын мамыр - қараша айларында облыс әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтур спорт басқармаларына ақпарат бюжджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыс білім басқармасы 4 Мамандандырылған мектептер, колледждер, жоғары оқу орындарында, меншік жұмыс түріне қарамастан міндетті түрде 4 дене шынықтыру сабағын еңгізуін қамтамасыз ету 2001-2002 оқу жылының басынган, жыл сайын мамыр - қараша айларында облыс әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюжджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыс білім басқармасы, ЖОО ректорлары 5 Студенттердің, жоғарғы оқу оқушыларын және орындарының қызметкерлерін, спорт түрлері бойынша секцияларға сауықтыру топтарына, көңіл бойынша клубтарға тарту жұмыстарын белсендендіру әрдайым жылда мамыр - қараша айларында облыс әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты есебінен ЖОО ректорлары 6 Жалпы орта білім беру және бастауыш мамандырылған мекемелерінің ЖОО-ның студенттерінің арасында медициналық тексеріс өткізу әрдайым мамыр - қараша айлары облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен обл. денсаулық сақтау, білім басқармалары, ЖОО, ОМОО 7 Өндіріс-ұйымдарының барлық меншікті түрлерінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыруын белсендендіру әрдайым мамыр - қараша облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері 8 - жалпы білім беру және кәсіби мектеп оқушыларының спартакиадасын; - колледж және ЖОО облыстық «Сұнқар» универсиадасын; - қалалар және аудандар әкім аппаратының қызметкерлерінің облыс спартакиядасын; - «Хрустальный колос» және «Ақ бидай» облыстық қысқы және жазғы спартакиадаларын; - мүгедек-спортшылар арасында облыстық «Надежда» спартакиядасын; - халық және ұлттық спорт түрлерінің облыстық спартакиядасы; - ведомствалар және басқармалар арасындағы «Бірлік» облыстық спартакиадасын; - ведомствалар және ерікті дене шынықтыру қоғамдар арасындағы спартакиадаларды өткізуді қамтамасыз ету; 2001-2005 ж жыл сайын мамыр - қараша айларында облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облыс білім басқармасы, облтурспорт басқармасы, аудандар және қалалар әкімдері 9 Оқушылар, студенттер, еңбекші жастар арасында Президенттік дене шынығу дайындығын еңгізуді жалғастыру әрдайым облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражы арқылы облыс білім, облтурспорт басқармалары, аудандар және қалалар әкімдері 10 Тұрғын орындарда жасөспірімдер клубтарын құру жұмыстарын жалғастыру 2001-2002 ж. жылда мамыр - қараша айларында облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражы арқылы қалалар және аудандар әкімдері, обл білім басқармасы 11 Ақылы клуб және секциялар жүйесін дамыту жұмысын жалғастыру әрдайым облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс қаражаты есебінен облтурспорт, білім басқармалары, қала аудандар әкімдері 3. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру және спорт 1 Мүгедектерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын және мүгедектер тобтарының жүйесін құруға, оларды оңалтуға қажетті жағдайлар жасауға ат салысу. әрдайым жылсайын мамыр - қараша айларында облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облтурспорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 2 Әр категориялы мүгедектер арасында облыстық жарыстар өткізуін, (қозғалуы-тіреу жүйелері зақымдалған, естімейтін, көрмейтін, миына зақым келгендер, диабетиктер) олардың республика жарыстарында қатысуын қамтамасыз ету. Жылда мамыр - қараша айларында облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаржы қаражаты мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, облыс әлеуметтік қорғау басқармасы 3 Спорт ғимараттарда пандустардың орнатуын қамтамасыз ету. 2001-2002 ж. жылсайын мамыр - қараша айларында облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері 4 Мүгедек-спортшылардың спорттық жабдықтар алуға көмек көрсету әрдайым мамыр - қараша айлары облыс әкім шіліктің ішкі саясат бөлімінде, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері, облтурспорт, әлеуметтік қорғау басқармалар 4. ұлттық спорт түрлерінің және халық ойындаврының дамуы. 1 Облыс тұрғындарының арасында ұттық спорт түрлерін және халық ойындарын насихаттау және кеңінен таныту жұмысын жүргізу әрдайым мамыр - қараша айларында обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасы бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, білім басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 2 Ұлттық спорт түрлерінің және халық ойындар спартакиадасын өткізу (ат жарысы, тоғыз құмалақ, қазақша-күрес, кір көтеру спорты, лапта, қалашық, т.б.) жыл сайын қараша спартакиада ережесі туралы, обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат беру бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, білім басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 3 Көкшетау қаласында ұлттық спорт түрлерінің БЖСМ ашып Жарқайың, Қорғалжын, Ерейментау және Целиноград аудандарында ұлттық және халықтық спорт түрлерінің бөлімшелерін ашу 2001-2003 ж. жылсайын мамыр - қараша айларында обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, білім басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 5. Техникалық және қолданбалы спорттың дамуы. 1 Жасөспірім және балаларға арналған әскери-спорт ойындарын өткізуді жаңғырту. 2001-2002 ж. жылсайын мамыр - қараша айларында ойын ережесі туралы обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармаларына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, білім басқармалары, обл әскери комисариат, АА «Отан», қалалар және аудандар әкімдері 2 Әскерге дейінгі жастар арасында «Жас Ұлан» әскери-қолданбалы спорт түрінің спартакиядасын өткізуіді қамтамасыз ету жыл сайын мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, білім басқармалары, обл. әскери комисариат, ОО «Отан», қалалар және аудандар әкімдері 3 Балалар шығармашылық үйлерінде техникалық-қолданбалы спорт түрлерінің үйірме жұмыстарын белсендендіру әрдайым обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурсорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облыс білім басқармасы, қалалар және аудандар әкімдеріне 4 Әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастарға арнап, әскери бөлімдерде жауынгерлік-шынығу дайындығын көрсету ашық есік күндерін өткізу жылсайын Обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурсорт басқармасы бюджеттен тыс және бюджетте қарастырылған қаражат мөлшері есебінен облыс әскери комисариат, қалалар және аудандар әкімдері 5 Ертеде қысқартылған облыстық, қалалар, аудандық балалар-жасөспірімдер туризм стансаларын, жалпы білім беру мектептерінде және оқу орындарында туристік үйірмелер жұмысын қайта құру 2002 ж. жылсайын мамыр - қараша айларында Обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурсорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері, обл білім басқармасы 6. Спорттық резерв дайындығы 1 Облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебін ашу 2001 ж. I-кв. мамыр әкімшілік қаулысы, обл әкімшілік ішкі саясат бөлімі, облтурспорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы 2 Жақсы және Жарқайың аудандарында балалар спорт мектептерін ашу 2001 ж. қараша облыс әкім шешімі, обл әкімшілік ішкі саясат бөлімі, облтурспорт басқармасы бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Жақсы, Жарқайын аудан әкімдері 3 Спорттқа дарынды балаларды іздестіріп және оларды спорттық жетілдіру мектептеріне және Бөгембай-батыр атындаға спортқа дарынды балалар мектеп-интернатына тапсыруын қамтамасыз ету. әрдайым мамыр - қараша айлары әкімшілік қаулысы, обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен обл, білім, облтурспорт басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 7. Халықаралық классты спортшылар дайындығы 1 2004 ж. спортшылардың XXVII жазғы Олимпиада ойындарында, 2002 ж. XVII қысқы Олимпиада ойындарында, XIV Азия, IV Орта-Азия, III Шығыс-Азия, Әлем, Азия, Республика Чемпионаты, Біріншіліктерінде жоғары көрсеткіштерге жету мақсатында оқу-жаттықтыру процессінің сапасына мониторинг жасау әрдайым мамыр - қараша айларында обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері 2 Көкшетау қаласында облыстық Олимпиадалық дайындық орталығын ашу 2001 ж. III кв. қараша Әкімшілік қаулысы, обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облыстық туризм және спорт басқармасы 3 Бөгембай-батыр атындағы ОСДБМИ жанынан спортшылар жоғарғы шеберлігін арттыратын облыстық медециналық денсаулық жағдайын оңалтатын орталығын ашып, білікті спортшылардың денсаулығын тереңірек зерттеп байқауға алу 2001-2002 ж. обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, денсаулық сақтау басқармалары 4 Облыс жетекші спортшыларының тұрғын тұрмыс жағдайларын жақсарту жұмысын жүргізу әрдайым жылсайын мамыр – қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері 5 Жыл кортындысы бойынша жетекші спортшыларға облыс әкімінің, қала және аудандар әкімдерінің степендияларын тағайындау жылсайын мамыр - қараша айлары Қалалар және аудандар әкімдер шешімі бойынша, обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, қалалар және аудандар өкімдері 6 Халықаралық классты спортшылар дайындығының негізгі түйіні ретінде, спорт турлерінің спорттық клубтарды құру жұмыстарын жалғастыру. әрдайым обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері 8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1 Жақсын АТҚМ бұрынғы өндіріс бокстарын, қазіргі заманға сай спорт мүкәлемалдармен және құралдармен жабдықталған, екі залды әмбебап спорт кешеніне қайта құрылуын жүзеге асыру. 2001 ж. IV кв. обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Жақсы ауданының әкімі 2 Бөгембай-батыр атындағы облыстық спортқа дарынды балалар мектеп-интернатында спорт-тамашалау кешенінің монтажын жасап заманға сай спорттық мүкәлемандармен жабдықтармен қамтамасыз ету. 2001-2002 ж.ж. обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Облтурспорт басқармасы, Степногор қаласының әкімі 3 Балкашын селосындағы спорттық кешен құрылысын аяқтау 2001 ж. IV кв. обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Сандықтау ауданының әкімі 4 Красный Яр селосындағы қалалық иппадромының құрылысы 2002 ж. жылсайын мамыр – қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Көкшетау қаласынын. әкімі 5 Щучие ауданындағы иппадром құрылысын іске асыру 2002 ж. жылсайын мамыр – қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, Щучие ауданының әкімі 6 Қалалық және аудандық БЖСМ, спорт ғимараттардың материалдық-техникалық базасын нығайту және дамытыу қажетті спорт мүкалемалдарды және жабдықтарды алу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру әрдайым мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар өкімдері, облтурспорт, білім басқармалары 7 Әр қалалық және ауылдық тұрғын жерлерде қарапайым спорт кешендерін ең алдымен балалардың (аландар, сырғанақтар, хоккей корты, футбол алаңдарын, жүгіру жолдары, велосипедтік және шаңғы трассалары т.б.) ойын орындарын қайта өндеу 2001-2002 ж. мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдер 8 Барлық спорттық ғимараттардың мекемелерге қарасыруына қрамастан паспартизация өткізу 2001-2002 ж. мамыр - қараша обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері, білім басқармасы 9 Барлық білім ұйымдарында спорттық кешен алаңдарының қайта құрылуын аяқтау, дене шынықтыру және сыныптан тыс сабақтарын қауыпсыз өтуін қамтамасыз ету 2001 - 2002 ж. мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен қалалар және аудандар әкімдері, обл білім басқармасы 10 ІІІаңғы спорттының жабдықтарын жалға беру және сабақ өткізу үшін, барлық жалпы білім беру мектептерінде, оқу орындарында шаңғы базаларын жаңарту 2001-2003 ж. мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен ЖОО ректорлары. облыс білім басқармасы 11 БЖСМ материалдық-спорттық базасын нығайту, бос қалған ғимараттарды спорт мектептерінің баллансіне беру, әрі қарай спорттық, арнайы, ойын және жаттығу залдарына айналдырып жабдықтау. 2001-2004 ж. жылсайын мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджете көрсетілген қаражат мөлшері есебінен Жақсы, Қорғалжын, Еңбекшілдер, Жарқайың, Аршалы, Сандыктау аудандарының әкімі 9. Кадрлармен қамтамасыз ету 1 Дене шынықтыру және спорт мамандарының біліктілігін жетілдіру және кайта дайындау курстарын ұйымдастыру (мұғалемдер, жаттықтырушылар, әдіскерлер) әрдайым мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен обл жетілдіру және мемлекеттік білім қызметкерлерінің қайта дайындау институты 2 Дене шынықтыру және спорт құрылымдар басшыларының оқуын өткізу (бөлім бастықтары, спорт әдіскерлері, директорлар, БЖСМ оқу бөлімінің меңгерушілері) жоспар бойынша обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, қалалар және аудандар әкімдері 10. Ақпаратты-насихаттау жұмыс 1 Дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтының қағидаттарын бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы насихаттауды қамтамасыз ету. әрдайым мамыр - қараша обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, обл ақпарат қоғам келісім басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 2 Салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спорт мәселелері барысында дөнгелек столдар өткізу өткізу жоспар бойынша мамыр - қараша айларында обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт, денсаулық сақтау басқармалары, қалалар және аудандар әкімдері 3 Салауатты өмір салтын насихатау жолына бағытталған плакаттар, буклеттер өңдеп басып шығару жылсайын мамыр - қараша айлары обл әкімшілік ішкі саясат бөліміне, облтурспорт басқармасына ақпарат бюджеттен тыс және бюджетте көрсетілген қаражат мөлшері есебінен облтурспорт басқармасы, ДСО Орталығы, аудандар және қалалар әкімдері