Об областной Программе профессионального образования молодежи и обучения безработных граждан на 2001 - 2005 годы Қолданыста
Басқа 0
Жастарға кәсіптік білім беру және жұмыссыз адамдарды оқытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы
Облыс білім беру департаменті бастығының орынбасары Т.Ф. Мамашевтің жастарға кәсіптік білім беру және жұмыссыз адамдарды оқытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жастарға кәсіптік білім беру және жұмыссыз адамдарды оқытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс білім беру департамент жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай
облыстық Мәслихатқа Бағдарламаның орындалу барысы туралы хабарлайтын
болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті 2001 жылы Бағдарламаны дер кезінде
қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
2002 - 2005 жылдарға арналатын облыс бюджетінде Бағдарламаның
қаржыландыруы қарастырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.
Басқа 5. Жастарға кәсiптiк бiлiм беру
және жұмыссыз азаматтарды оқытудың
2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасы
Облыстық Мәслихаттың
2001 жылєы 20 шілдедегі
шешіміне қосымша
Жастарға кәсiптiк бiлiм беру
және жұмыссыз азаматтарды оқытудың
2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасы
Паспорт
Атауы Жастарға кәсiптiк бiлiм беру және жұмыссыз азаматтарды
оқытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеуге негiздеме Қазақстан Республикасы үкiметiнiң
2000 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасында
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi
дамыту жөнiндегi шаралар туралы" № 721
қаулысы, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдаєы № 480 бұйрығы,
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрiнiң 2000 жылғы 23 мамырдағы № 118-п
бұйрығы
Негiзгi
әзiрлеушiлер Бағдарлама жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобы,
облыс бiлiм, халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен
қамту департаменттерi. Бағдарлама облыс бойынша
ақпарат және қоғамдық келiсiм, статистика
басқармаларының ұсыныстары ескерiлiп әзiрлендi
Мақсаты Кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары түлектерiн жаңа
кәсiптiк бiлiмдердi игеру немесе бар кәсiптiк
бiлiмдерiн тереңдету негiзiнде еңбекке орналастыру
әлеуетiн арттыру, жұмыспен қамту нысандарын таңдауда
көмек көрсету
Мiндеттерi Әлеуметтiк-экономикалық және өндiрiстiк ортаның
динамикалық өзгерiстерiне, жастардың бiлiм алу
қажеттiлiктерiне бағдарлану;
облыс жастарына кәсiптiк бiлiм беру мiндеттерiн
кешендi тұрғыдан жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
еңбек нарығында кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарын
бiтiрушiлердiң бәсекелестiк және ұтқырлық қабiлеттерiн
арттыру;
жұмыссыз азаматтарды және жұмыспен қамтылмаған
тұрғындарды оқыту жөнiндегi аймақтық орталықтардың
оқу-өндiрiстiк әлеуетiн дамыту;
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының түлектерi мен
жұмыссыздар арасында кәсiпкерлiктi дамыту,
тұрғындардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету
Қаржыландыру көлемi
мен көздерi Жастар мен жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау, қайта
даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру облыстық бюджеттен
бiлiм бағдарламаларына бөлiнетiн қаражаттар, сондай-ақ
қалалар мен аудандар деңгейiнде жұмыспен қамту
бағдарламалары шеңберiнде бекiтiлетiн жергiлiктi
бюджеттер қаражаттары есебiнен iске асырылады
Күтiлетiн нәтижелер Жастар мен жұмыссыз азаматтардың өмiрлiк деңгейiн
арттыру;
азаматтардың және еңбек нарығының қажеттiлiктерiне
сәйкес бiлiм беру қызметтерiнiң толық көлемiн
қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
азаматтардың меншiктi iс ашудағы қажеттiлiктерiн
ескерiп, кадрларды кәсiптiк даярлау және қайта даярлау
арқылы еңбек нарығындағы жұмыс күшiнiң ұсынымы мен
сұранымының сан теңгерiмдiлiгiне жету;
барлық санаттағы жастар мен жұмыспен қамтылмаған
тұрғындар үшiн кәсiптiк бiлiм алуды қол жетерлiктей
ету;
жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған тұрғындардың
әлеуметтiк қорғалуы;
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары желiсiн ұлғайту,
оқитындар санын арттыру;
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының оқу-материалдық
базасын едәуiр жақсарту;
оқытудың модульдық технологияларын тәжiрибеге
енгiзу;
басқару мен оқытуда компьютерлiк технологияларды
пайдалану.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Баєдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" № 721 қаулысын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрiнiң 2000 жылғы 24 мамырдағы № 480, Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2000 жылғы 23 мамырдағы № 118-п бұйрықтарын жүзеге асыру мақсатында әзiрлендi. Осы Бағдарламаның негiзгi бағыттары кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 - 2002 жылдарға арналған кешендi бағдарламамен, 2001 жылға және 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған облысты әлеуметтiк-экономикалық дамыту индикативтiк жоспарымен, 2001 - 2005 жылдарға арналған облыстық халықты жұмыспен қамту бағдарламасымен өзара байланысты.
Бағдарламаны негiзгi әзiрлеушiлер: облыс бiлiм, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаменттерi.
Бағдарламаны жүзеге асыру мерзiмдерi - 2001 - 2005 жылдар.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Жастарға кәсiптiк бiлiм беру және жұмыссыз
азаматтарды оқытудың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
2. Жастарға кәсiптiк бiлiм беру және жұмыссыз
азаматтарды оқытудың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
Облыс тұрғындарының саны 2000 жылғы 1 қаңтарда 792,4 мың адам болды. Соңғы кезде оның азаю тенденциясы байқалуда.
Тұрғындар санының қалыптасу үрдiсiне халық санының табиғи өсуiнiң қысқаруы және күшi-қонның ұлғаю қарқынының сақталу факторлары елеулi әсерiн тигiзуде. Халық санының қысқаруы тиiсiнше еңбек ресурстарының санын да азайтады.
Облыста қалыптасатын еңбек нарығы тұрғындарды еңбекпен қамту саласындағы елеулi өзгерiстермен сипатталады. Жұмыс күшiн қайта бөлу белгiленедi: жалдау бойынша жұмыс iстейтiндер саны қысқарады және меншiктi iспен айналысатындар саны өседi. Облыста әрбiр үшiншi жұмыспен қамтылған адам өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етедi. Жұмыспен қамтылғандардың 80,7%-ын қалалардың тұрғындары құрайды. Кәсiпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 40,1% есептелетiн өнеркәсiп экономиканың маңызды саласы болып қалуда. Соңғы 5 жыл iшiнде өнеркәсiпте жұмыс iстейтiндер саны 37,1% қысқарды, бұл, негiзiнен, кәсiпорындардың банкротқа ұшырауынан болды.
Ауыл шаруашылығы, көлiк, байланыс, құрылыс, сауда кәсiпорындарында және денсаулық сақтау саласында жұмыспен қамтылғандар саны едәуiр азайды. Бұл ауыл шаруашылығының реформалануымен, құрылыс өндiрiсiнiң қысқаруымен, көп кәсiпорындардың жеке қолға көшуiмен, бюджет саласының оңтайландырылуымен байланысты.
Облыс бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi әлеуметтiк- экономикалық дамытудың 2000 - 2005 жылдарға арналып әзiрленген бағдарламасы кәсiптiк бiлiм беру мазмұнын мамандарды индустрия үшiн даярлаудан жеке бизнес пен кәсiпкерлiктi дамыту үшiн даярлауға қайта бағдарлауға бағытталған. Негiзгi назар өз iсiн ұйымдастыруға мүмкiндiгi бар, теориялық дағдылар мен бейiмдiлiктiң белгiлi жүгiмен нарықтық қатынастар ілімiне кiре алатын бәсекеге жарамды мамандарды даярлауєа аударылды.
Азаматтардың кәсiптiк бiлiм алуға құқығын қамтамасыз ету бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн 49 оқу орнында, оның iшiнде 27 кәсiптiк мектеп пен лицейде (2 мемлекеттiк емес оқу орнын қосқанда), 22 колледжде (9 мемлекеттiк емес оқу орнын қосқанда) iске асырылуда. Онда 17 мыңнан астам адам оқиды, оның iшiнде колледждерде - 11961 адам, кәјсiптiк мектептер мен лицейлерде - 5578 адам.
2000 жылы бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк емес төрт оқу орны ашылды: Павлодар қаласында гуманитарлық колледж, Ақсу қаласында гуманитарлық-техникалық колледж, Баянауыл ауылында гуманитарлық- экономикалық колледж және Павлодар қаласында мемлекеттiк емес басқару лицейi, олар жасөспiрiмдерге мамандықтарды таңдауға мүмкiндiк беретiн еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымның экономикалық заңына сәйкес құрылды.
Үздiксiз бiлiм беру қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары кешендерге бiрiктiрiлдi:
"Вертикаль" кешенi, оның құрамына № 7 кәсiптiк лицейi, политехникалық лицей, политехникалық колледж кiредi;
"Галина Малахованың инновациялық орталығы" оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешенi - кәсiптiк мектеп - бизнес-колледж - басқару мен бизнестiң ақпараттық технологиялары институты;
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары түлектерiн, жұмыссыз азаматтарды жаңа кәсiптiк бiлiмдердi игеру немесе бар кәсiптiк бiлiмдерiн тереңдету негiзiнде еңбекке орналастыру әлеуетiн арттыру.
Бағдарламаның мiндеттерi:
әлеуметтiк-экономикалық және өндiрiстiк салалардың динамикалық өзгерiстерiне, сондай-ақ халықтың бiлiм алу қажеттiлiктерiне бағдарлану;
жастарға кәсiптiк бiлiм беру мiндеттерiн аймақта кешендi түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
еңбек нарығында жұмыссыздардың бәсекелестiк және ұтқырлық қабiлеттерiн арттыру;
жұмыссыз азаматтарды және жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды оқыту жөнiндегi аймақтық орталықтардың оқу-өндiрiстiк әлеуетiн дамыту;
кәiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының түлектерi мен жұмыссыздар арасында кәсiпкерлiктi дамыту, тұрғындардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың
негiзгi бағыттары және тетiгi
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың
негiзгi бағыттары және тетiгi
Жұмыс берушiлермен, мектеп жастарымен және жұмыссыздармен жұмыс жүргiзу.
Еңбек нарығының қажеттiлiктерi аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына, шешушi дәрежеде, экономикалық жаңғырту барысына, жұмыс күшiнiң сұранымы мен ұсынымының сандық және сапалық теңгерiмдiлiк деңгейiне тiкелей тәуелдi.
9-сынып бiтiрушiлерiн еңбекке орналастыруға жасалған талдау 2000 жылы 7814 оқушыдан 867 адам (20,5%) оқуды кәсiптiк мектептерде, лицейлерде, колледждерде жалғастырғанын көрсетедi. 11-сынып бiтiрген оқушылар саны 10977 адамды құрады, олардың iшiнен 7594 адам (69,18%) оқуды кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында жалғастырды. 604 адам (5,5%) мектептi бiтiрiсiмен жұмысқа түстi.
Соңғы жылдары еңбек нарығын дамыту жұмыс күшi ұсынымдарының артылу кезiнде кейбiр өнеркәсiп, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық салаларында сұраным сақталуымен сипатталды. Тепе-теңсiздiк тiркелген еңбек нарығында төмен бiлiктi мамандар көп болуымен, ал жұмыс берушiге жоғары бiлiктi, өндiрiстiк қызмет тәжiрибесi бар, сыбайлас мамандықтарды бiлетiн, кешендi жұмыстарды атқара алатын мамандар қажет болуымен түсiндiрiледi.
Облыста жастарға және жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм берудi ұйымдастыруда осы тенденциялар ескерiлiп iске асырылуда.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасын орындау үшiн облыс бiлiм және халықты жұмыспен қамту органдары iстеп тұрған және жаңа құрылып жатқан кәсiпорындардағы ахуалдың әлеуметтiк мониторингiн өткiзуде, жаңа жұмыс орындарын құру үшiн шағын несие беруге бюджеттiк қаражат бөлiнуде.
Облыс экономикасының дамуы жастар мен жұмыссыздардың жаңа
технологияларды игеру үшiн дайындығын талап етедi. Қарқынды даму шағын
және орта бизнес саласында болатыны, халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуы
одан әрi дамитыны болжалуда.
Жұмыспен қамту қызметтерiнiң жолдамалары бойынша жұмыссыздарды
оқытуға жасалған талдау 50%-дан астам оқығандар бос жұмыс орындарына
Кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының түлектерiн және жұмыссыздарды еңбекке орналастыру жөнiнде жұмыс берушiлермен, әлеуметтiк серiктестермен жұмыс жүргiзу жүйесiн қалыптастыру, өзара тиiмдi контрактiлердiң құқықтық негiзiн жасау, "Галина Малахованың инновациялық орталығы" оқу-ғылыми- өндiрiстiк кешенiнiң, көлiк және коммуникациялар колледжiнiң, №№ 7, 18, 19 кәсiптiк лицейлердiң жұмыс берушiлермен қарым-қатынас жасау және түлектердi еңбекке орналастыру жөнiндегi жұмыс тәжiрибелерiн өмiрге енгiзу қажет.
Жастарға және жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм беру тұжырымдамасы:
жұмыссыздарды, жұмыспен қамтылмаған және кәсiпорындардың санация немесе банкротқа ұшырау нәтижесiнде босатылатын адамдарды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру кезiнде еңбек нарығы қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға;
әлеуметтiк қорғалуда өте мұқтаж тұрғындар санаттарының бәсекелестiк және ұтқырлық қабiлеттерiн арттыруға;
оқушылар мен жұмыстан босатылатын қызметкерлердi психологиялық бейiмдеу және кәсiптiк бағдарлау жөнiнде қызметтер көрсетуге;
облысты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сұраныстағы мамандықтар бойынша озық оқытудағы қажеттiлiктердi айқындауға;
кәсiптiк бiлiм беру мен оқытудың оқу-материалдық базасын жетiлдiруге, педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған.
Кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында ерекше рөл:
оқу үрдiстерiнiң икемдi құрылымын тәжiрибеге енгiзуге, нұсқалық және көп бағдарлы оқытуға көшуге;
iстеп тұрған үздiксiз бiлiм беру кешендерi желiсiн толтыруға;
жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға оларды әлеуметтiк қорғау үшiн кәсiптiк бiлiм берудiң кешендi бағдарламасын тәжiрибеге енгiзуге;
ауылдық жерлерде кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары желiсiн кеңейтуге;
жастардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын қамтамасыз ететiн аймақтың қажеттiлiгiне сәйкес дайындалатын мамандықтар тiзбесiн кеңейтуге;
бизнес және кәсiпкерлiк мамандықтар бойынша кадрларды даярлау үшiн оқу базасын дайындауға және нығайтуға;
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының қызметiн рейтингтiк бағалауды жыл сайын өткiзуге;
2001 жылы бiлiм беру бағдарламаларына облыстық бюджеттен бөлiнген қаражаттар есебiнен облыс кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының толық компьютерлендiрiлуiн қамтамасыз етуге бөлiнедi.
Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жастарға және жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм беру:
тиiстi оқу-өндiрiстiк базасы, кадрлық әлеуетi бар және тендер негiзiнде анықталатын облыс кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында;
кәсiпорындардың санациясы, банкротқа ұшырауы кезiнде босатылатын қызметкерлердi қайта оқыту және олардың одан әрi еңбекке орналастырылуын қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындарда iске асырылады.
Жастарды, жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру үшiн оқу-материалдық және әдiстемелiк базаны жетiлдiру мақсатында бiлiм беру органдары жұмыспен қамту органдарымен бiрлесе отырып:
жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды оқыту үшiн аймақтық орталықтар желiсiн кеңейту және жетiлдiру жөнiнде;
республикалық және облыстық педагог мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру институттары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi, "Галина Малахованың инновациялық орталығы" оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешенi негiзiнде жастарға кәсiптiк бiлiм беру және жұмыссыз азаматтарды оқыту жүйесi үшiн педагог мамандарды даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
Бағыттар бойынша (әлеуметтiк, салалық, кәсiптiк) жұмыс жүргiзу.
Кәсiптiк бiлiм беру ауқымын ұлғайту үшiн орта кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары желiсiн ұлғайту жоспарланып отыр:
технология және дизайн колледжi мен тамақ өнеркәјсiбi колледжiн ашу;
колледждердiң филиалдарын ауылдық жерлерде ашу;
мемлекеттiк емес бiлiм беру мекемелерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ретiнде ашуға қолғабыс тигiзу;
жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк емес мекемелерге кәсiпкерлiк саласына қажеттi жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бөлiмшелерiн ашуға көмектесу;
кәсiптiк мектептерде, лицейлерде, колледждерде кәсiпкерлiктiң базалық бағдарламалары бойынша қысқа мерзiмдi курстардың жұмысын жалғастыру.
Кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындары және жұмыспен қамту қызметi жастарға және жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм берудi мына мiндеттердi ескерiп ұйымдастырады:
еңбек нарығы қажеттiлiктерiн кадрлармен қамтамасыз ету;
тұрғындардың ең нашар қорғалған санаттарының еңбек нарығын-да бәсекелестiк және ұтқырлық қабiлеттерiн арттыру;
жеке бизнеспен айналысуға тiлек бiлдiретiн жастар мен жұмыссыздар арасында кәсiпкерлiктi дамыту;
оқытуды дамыту:
дәстүрлi емес қызмет салалары кәсiптерiн - ауылдық жерлерде ұсақ қол өндiрiстерi мен кәсiпшiлiктi;
шалғайдағы және тұрғын халқы аз аймақтардың ерекшелiктерi мен өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, жастарды, жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған халықты оқытуға сараланған тәсiлдi енгiзу.
Кәсiпкерлiк қызметiнiң болжалды мамандықтары бойынша оқытуға Қазақстанда шағын бизнестi дамыту мәселелерiмен айналысатын, оқығандардың меншiктi бизнесiн құруға келешекте қолдауды iске асыратын бизнес-инкубаторлар, кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерi, шетел өкiлдiктерi тартылады.
Уәкiлеттi органдардың жұмыспен қамту және бiлiм беру мәселелерi бойынша басқа құрылымдық бөлiмшелермен өзара iс-әрекет жасауы.
Бiлiм беру органдары жұмыспен қамту органдарымен бiрлесiп:
2000 - 2005 жылдарға арналған облыста бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi әлеуметтiк-экономикалық дамыту;
облыс бiлiм беру жүйесi ұйымдарында оқитындар мен тәрбиеленушiлердi жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрледi.
Аймақтық жұмыспен қамту бағдарламаларында жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм беру жөнiнде бөлiмдер ескерiлдi.
Алдын ала кәсiптiк бағдар беру мақсатында облыстың 42 мектебiнде оқушыларды еңбекке тереңдетiп даярлау жұмысы ұйымдастырылды.
2000 жылы 13 мамандық бойынша бiлiктiлiк алған оқушылар саны 5139 адам болды, олардың iшiнде 191 адам оқу бағдары бойынша еңбекке орналастырылды, 378 адам үздiксiз кәсiптiк бiлiм беру шеңберiнде оқуды жалғастырды.
Жастарға және жұмыссыздарға кәсiптiк бiлiм беру мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында бiлiм беру органдары және жұмыспен қамту қызметi:
облыста өнеркәсiп пен әлеуметтiк саланы дамытуға сәйкес жаңа жұмыс орындарын ашу мониторингiн;
мамандар даярлаудың еңбек нарығы қажеттiлiктерiмен ара қатынасы мониторингiн;
оқытылатын жастар мен жұмыссыздардың кәсiптiк-бiлiктiлiк құрамы мониторингiн;
облысты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жаңа мамандықтар бойынша озық даярлық мониторингiн;
кәсiпкерлiк қызметтiң болжалды мамандықтары бойынша қажеттiлiктер мен одан әрi өзiн-өзi жұмыспен қамту мониторингiн iске асырады.
Мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаттары желiсiн сақтау және дамыту,
облыс кәсiптiк мектептер мен лицейлер базасында даярланған жоғары сынып
оқушыларының санын ұлғайту жоспарланып отыр. Павлодар, Екiбастұз, Ақсу
қалаларында оқу-өндiрiстiк орталықтары құрылады. № 7 кәсiптiк лицей
негiзiнде жастарға және жұмыспен қамтылмаған халыққа қызметтер көрсету
жөнiндегi ақпараттық-кеңес беру орнын құру жоспарлануда.
Облыстық бюджет есебiнен тендер негiзiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша мамандарды даярлау үшiн бiлiм беру мекемелерi тiзбесi анықталды. Педагогикалық, медициналық, техникалық және ауыл шаруашылығы бағдарларының мамандықтары басым болып анықталды.
Кәсiптiк бiлiм беру және оқыту (мазмұны, нысандары мен әдiстерi, оқу-әдiстемелiк базасы).
Еңбек нарығында қажеттi болып танылған кәсiптер бойынша аймақтық дерекқор жасау және дамыту:
кәсiптiк бiлiм беретiн аймақтық орталықтар негiзiнде жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған тұрғындарды қысқа мерзiмдi курстық даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, нормативтiк құжаттар мен ақпараттық материалдарын;
бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi үлгiлерi, техникадағы, технологиялардағы, экономикадағы және басқа салалардағы инновацияларды ескерiп оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;
бұқаралық кәсiптер бойынша әр түрлi оқыту мерзiмдерiмен нұсқаулық оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;
үздiксiз бiлiм беру нобайы бойынша толассыз эксперименттiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;
жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8 сыныбынан бастап оқушыларды еңбекке баулу бағдарламаларын;
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Бағдарламаға қажеттi ресурстар
мен қаржыландыру көздерi
5. Бағдарламаға қажеттi ресурстар
мен қаржыландыру көздерi
Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн
арттыруды қаржыландыру облыстық бюджеттен бiлiм беру бағдарламаларына
бөлiнген қаражаттар және жұмыспен қамту бағдарламалары шеңберiнде
бекiтiлетiн қалалар мен аудандар деңгейiндегi жергiлiктi бюджеттер
қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.