2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 сәуiрдегi N 15-9/97, 15-9/99 тапсырмаларын, облыс әкiмiнiѕ 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мен ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қаржылық жағдайын жақсарту үшiн облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылық өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы одан әрi бағдарлама бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру үшiн комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия бағдарламасында қаралған шараларды орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. 2001 жылға Бағдарлама бойынша:
Тармақша 1
1) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы - техникалық әкiмшi;
Тармақша 2
2) облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы - қаржы әкiмшi болып белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Қызылорда қаласы мен аудан әкiмдерi, бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын облыстық басқарма басшылары ай сайын есептi айдың келесi айының 10-на дейiн оны орындау барысы туралы ақпаратты комиссияға берсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.