«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту және пайдалану мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалған аудандық іс шаралардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-1 Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" туралы 2001 жылғы 7 акпандағы № 550 Жарлығын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған аудандық іс-шаралардын жоспары» жүзеге асыру қорытындылары назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі аудан әкімдігінің отырыстарында, аппараттық кеңестерде мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының есебін тыңдай отырып, жоспарлы түрде кемінде жарты жылда бір рет талқылап отырсын.
Тармақ 3
3. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруға нақты шаралар қабылдасын: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Заңының орындалуын бақылауды күшейтсін; аудандық тіл саясаты және ономастика комиссиясының жұмысын жандандырсын;
Тармақ 4
4. «Қорғалжын өңірі» газетінің редакторы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының тіл заңдылықтарының орындалу барысы мақсатымен газет бетінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Ауыл әкімдері, аудандық мекеме басшылары қазақ тілінде жарық көретін мерзімді баспасөзге жазылу ісін жандандырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық мектептердің кітапханалар қоры жаңа әдеби кітаптармен толықтырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандағы халыққа қызмет көрсететін орындардағы көрсеткіштер мен басқа да жарнамалар аудандық қала құрылысы мен сәулет бөлімі және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісіліп жазылуы бақылауға алынсын.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында тіркелген соң ресми баспасөз бетінде жариялануы тиіс.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.