Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы "Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N№357-I Заңына, сондай-ақ Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына және 7-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. V01L1156 6 1 тармақта: "1330641" цифр "2817102" цифрмен ауыстырылсын; "6852563" цифр "7004364" цифрмен ауыстырылсын; "8208661" цифр "9846923" цифрмен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. 5 тармақта 6 абзац мынадай мазмұндағы 7 абзацпен толықтырылсын: "- банктiк қызметтерге төлемдердi қоса алғанда мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек".
Тармақ 3
3. 7 тармақта: "54000" цифр "153744" цифрмен ауыстырылсын; "20000" цифр "17000" цифрмен ауыстырылсын; "9000" цифр "111744" цифрмен ауыстырылсын;
Тармақ 4
4. 9 тармақта 4 абзац алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. 9-2 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеуге, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге (банктiк қызметтерге төлемдi қоса алғанда), тоқырауға ұшыраған ауылдық елдi мекендердегi ауыл клубтарын күрделi жөндеуге, Қызылорда қаласындағы мемлекеттiк емес мектептердi ұстауға, мектептер құрылысын аяқтауға және күрделi жөндеуге, ауылдық ауруханаларды күрделi жөндеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, коммуналдық меншiк объектiлерiн күрделi жөндеуге, ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн дамытуға, жолдардың қызмет етуiн қамтамасыз етуге және жол құрылысына, этнопарк құрылысына, барлығы 1211293 мың теңге (3 қосымша) көлемiнде аудандар мен Қызылорда қаласы әкiмдерiне мақсатты трансферттер бөлiнсiн, оның iшiнде: мың теңге Арал ауданына 197559 Қазалы ауданына 190548 Қармақшы ауданына 71741 Жалағаш ауданына 80342 Сырдария ауданына 50309 Шиелi ауданына 117976 Жаңақорған ауданына 119752 Қызылорда қаласына 383066".
Тармақ 6
6. 9-3 және 9-4 абзацтары мынадай мазмұнда толықтырылсын:
Тармақ 9-3
"9-3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 536 P020536_ "Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек және тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудi қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" қаулысы негiзiнде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар, мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек және тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу үшiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою және өзге де күтпеген шығыстар үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi резервiнiң есебiнен республикалық бюджетте қаралған 99690 мың теңге облыстық бюджет құрамында ескерiлсiн.
Тармақ 9-4
9-4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 мамырдағы N 558 "ұшу-сынақ полигондары мен "Байқоңыр" ғарыш айлағы кешенi орналасқан аймақта тұратын тұрғындарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге 2002 жылға республикалық бюджетте қаралған қаражаттарды бөлу туралы" қаулысы негiзiнде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге республикалық бюджеттен қаралған 16520 мың теңге облыстық бюджет құрамында ескерiлсiн.".
Басқа 9. 2002 жылға арналған облыстық бюджетке мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделуде:
"Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" облыстық Мәслихаттың 2002 жылғы 12 маусымдағы кезектен тыс XII сессиясының шешiмiнiң жобасына ТҮСIНIКТЕМЕ 2002 жылға арналған облыстық бюджетке мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделуде: Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiстер Министрлiгi "Харрикейн Құмкөл Мұнай" ААҚ-ында жүргiзген тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес бұрын Жол қорына түсетiн автокөлiк жолдарын пайдаланушылардың аударым жарналары, сондай-ақ олар бойынша айыппұл санкциялары 1571548 мың теңге көлемiнде облыстық бюджетке аударуға жатады. Облыстық бюджеттiң кейбiр кiрiстерiнiң 2002 жылдың 5 айлық орындалу қорытындысына және жоғарыда аталған бюджетке түсетiн түсiмдерге байланысты өзгерiстер енгiзу болжамдалып отыр. Тиiстi өзгерiстерге байланысты облыстық бюджеттiң кiрiсi 1486461 мың теңгеге көбейедi. Облыстық бюджет шығысына жергiлiктi мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң еңбекақылары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N№575 U010575_ Жарлығын, мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң еңбекақылары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N№41 P020041_ "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" қаулысын iске асыру мақсатында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiнiң еңбекақыларын уақытылы және толық төлеу үшiн және басқа да ағымдағы, даму бағдарламаларына 2002 жылға арналған облыстық бюджетке мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделуде: Қаражаттарды көбейту: Мемлекеттiк басқару аппараттары бойынша: Облыстық экономика басқармасына - 220 мың теңге; Облыстық мәслихатқа - 600 мың теңге; Облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасына - 45 мың теңге; Облыстық өнеркәсiп және транспорт басқармасына - 130 мың теңге; Облыстық коммуналдық меншiк және жекешелендiру басқармасына - 400 мың теңге; Облыс ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркетингтiк жүйесiн дамыту бағдарламасына - 2035 мың теңге; Жергiлiктi атқарушы органдарға автокөлiк құралдарын сатып алуға - 15 млн.теңге; Қорғаныс саласы бойынша: Төтенше жағдайдағы штабтар жұмыстарын ұйымдастыратын мемлекеттiк мекемесiне (Арнайы қойма) - 300 мың теңге; Құқық қорғау органдары бойынша: Iшкi iстер басқармасына қосымша құрылыс салуға - 30 млн.теңге және уақытша ұстау изоляторларының материалдық-техникалық базаларын жақсартуға - 2,9 млн.теңге; Бiлiм беру саласы бойынша: Еңбекақы қоры мен әлеуметтiк салыққа - 48545 мың теңге; Ағымдағы шығындарға - 6888 мың теңге; Бюджеттiк даму бағдарламаларына - 5022 мың теңге; Денсаулық сақтау саласы бойынша: Еңбекақы қоры мен әлеуметтiк салыққа - 32589 мың теңге Ағымдағы шығындарға - 38355 мың теңге; Бюджеттiк даму бағдарламаларына - 336878 мың теңге, оның iшiнде көпсалалы облыстық аурухана құрылысын аяқтауға - 304378 мың.теңге. Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек көрсету саласы бойынша: Қызылорда зорлық-зомбылықтан жәбiр көрген әйелдерге арналған дағдарыс орталығының жаңа ғимаратқа көшуiне байланысты коммуналдық қызмет шығындарына - 55 мың теңге; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша: Халықтың аса мұқтаж тобын тұрғын үймен қамтамасыз етуге - 10 млн.теңге; Мәдениет мекемелерi бойынша: Облыстық мәдениет мекемелерiне еңбекақы қоры мен әлеуметтiк салыққа - 1926 мың теңге; Облыстық мәдениет басқармасына экономикасы тоқырауға ұшыраған ауылдық елдi мекендердегi мәдениет мекемелерiн орталықтан жабдықтау үшiн - 6500 мың теңге; Облыстық мұрағаттар мекемесiне еңбекақы қоры мен әлеуметтiк салыққа - 616 мың теңге; Өнеркәсiп және құрылыс бойынша: Жергiлiктi деңгейдегi жобалау-iздестiру, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға - 10 млн.теңге; Сонымен қатар, соттардың шешiмiн өтеу мақсатында жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау бойынша облыс әкiмiнiң резервiне - 102744 мың теңге. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N№41 P020041_ қаулысына сәйкес еңбекақы қоры мен әлеуметтiк салықты азайту: Әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен - 251 мың теңге; "Қызылорда су шаруашылығы" облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнынан - 632 мың теңге; Спорт мекемелерiнен - 598 мың теңге. Аудан, Қызылорда қаласы бюджеттерiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N№41 P020041_ "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" қаулысын толық орындау үшiн және басқа да ағымдағы және даму мақсатындағы шараларды қаржыландыру үшiн облыстық бюджеттен 1211293 мың теңге мақсатты трансферттер бөлу көзделмекшi.