Облыстық мәслихатттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» ІХ сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N№357-I Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы "2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысын iске асыру мақсатында облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы V01L1156 6 "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX сессиясының шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Облыстық мәслихатттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» ІХ сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 20.03.2002 г. № 76 (Облыстық мәслихатттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» ІХ сессиясының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
1. 1 тармақта:
"1315761" цифр "1330641" цифрмен ауыстырылсын;
"6845453" цифр "6852563" цифрмен ауыстырылсын;
"бұрын бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борыштарды өтеу -
390266 мың теңге" деген сөздер "несиелердiң қайтарылымы - 449878 мың
теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шығыстар - 8127549 мың теңге" деген сөздер "шығындар - 8208661 мың
теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"80000" цифр "149600" цифрмен ауыстырылсын;
6 абзац мынадай мазмұндағы 6-1 абзацпен толықтырылсын: "жалпы
қаржыландыру - 67652 мың теңге.";
"343931" цифр "396372" цифрмен ауыстырылсын;
7 абзац мынадай мазмұндағы 7-1 абзацпен толықтырылсын: "бюджеттiң
дефицитiн қаржыландыру - 53899 мың теңге.".
2. 5 тармақта 4 абзац мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 абзацтармен
толықтырылсын:
" - көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге ауыл
шаруашылық тауарларын өндiрушiлердi несиелендiру;
- көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi
бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақысын (мүддесiн) төлеу.".
3. 7 тармақта:
1 абзацта "59000" цифр "54000" цифрмен ауыстырылсын;
4 абзацта "30000" цифр "25000" цифрмен ауыстырылсын.
4. 8 тармақта:
2 абзацта "75000" цифр "100000" цифрмен ауыстырылсын;
3 абзацта "357043" цифр "368183" цифрмен ауыстырылсын және мынадай
мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"республикалық бюджеттен түсетiн 45000 мың теңге мөлшерлемеде несие;
республикалық бюджеттен бөлiнетiн несиелердiң сыйақысы (мүддесi) сомасы ретiнде республикалық бюджеттен түсетiн 1660 мың теңге көлемiнде ағымдағы трансферттер;
ауыл шаруашылық тауарлар өндiрушiлерге берiлген 45000 мың теңгенi қайтару;
ауылшаруашылық тауарлар өндiрушiлердi көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарына несиелендiруге 45000 мың теңге;
2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жергiлiктi атқарушы органның 45000 мың теңге қарызын өтеу;
жергiлiктi бюджеттi көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуге несиелендiру бойынша 1660 мың теңге көлемiнде сыйақысын (мүддесiн) төлеу;".
5. 9 тармақтың 4 абзацы "мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге" деген сөздерден кейiн "банкiнiң қызметтерi үшiн төлемдi есепке алғанда" деген сөздермен толықтырылсын.
6. мынадай мазмұндағы 1-1, 9-1, 9-2 тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. 2002 жылдың басына құралған 53899 мың теңге бос қалдықтары келесi мақсаттарға және шараларды өткiзуге бағытталсын:
1) Қазақстан Даму Банкiнiң жарғылық капиталын қалыптастыруға - 25000 мың теңге;
2) ауданаралық (қалалар), аудандар және елдi мекендер iшiнде темiржол транспортында қоғамдық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға - 1699 мың теңге;
3) облыстық көпсалалы аурухана бойынша орындалған құрылыс монтажды жұмыстар үшiн қарыздарды iшiнара өтеуге - 15000 мың теңге;
4) темiржол қызметкерлерiнiң жанұя мүшелерiне медициналық қызмет көрсеткенi үшiн Қазалы темiр жол ауруханасы жанындағы амбулаториялық-емханалық қызметiне - 4000 мың теңге;
5) облыстық спорттық олимпиадалық резервi мектебiнiң жабынын жөндеуге - 1200 мың теңге;
6) 100 жыл толуына байланысты Арал ауданы әкiмiне Арал қаласының инфрақұрылымын, дамытуға - 3000 мың теңге;
7) Ғ.Мұратбаевқа 100 жыл толуына байланысты Қазалы ауданы әкiмiне
Қазалы қаласының инфрақұрылымын дамытуға 3000 мың теңге және облыстық
мәдениет басқармасына 1000 мың теңге.
9-1. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру ережесi өзгеруiне сәйкес
мұрағат мекемелерiн, әкiмшiлiк тәртiпте тұтқындалған адамдарға арналған
арнайы қабылдау орындарын, мекен-жәй анықтамалық бюросын, медициналық
айықтырғыштарын қаржыландыруды аудандық және Қызылорда қаласы
бюджеттерiнен облыстық бюджетке ауыстыруға байланысты, бұл шара олардан
алынатын 5450 мың теңге трансферттерi есебiнен ауыстырылсын,
оның iшiнде: мың теңге
Арал ауданынан 10
Қазалы ауданынан 1461
Қармақшы ауданынан 283
Жалағаш ауданынан 230
Сырдария ауданынан 283
Шиелi ауданынан 245
Жаңақорған ауданынан 283
Қызылорда қаласынан 2655
9-2. Облыстық бюджеттен:
* Арал және Қазалы аудандары әкiмдерiне бұрын "Қазақстан темiр жолы"
РМК-ның есебiнде болған Арал ауданының N№29 және Қазалы ауданының N№28
мектеп-бақшаларын ұстауға тиiсiнше 1500 мың теңге және 800 мың теңге;
* Қызылорда қаласы әкiмiне спорттық ғимараттың (Евразия
мәдени-спорттық кешенiнiң) құрылысына - 37532 мың теңге мақсатты
трансферттер бөлiнсiн.".
"Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 21 желтоқсандағы
"2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" IX
сессиясының шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы" облыстық мәслихаттың 2002 жылғы
20 наурыздағы X сессиясының шешiмiнiң жобасына
ТҮСIНIКТЕМЕ
2002 жылға арналған облыстық бюджетке мынадай өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу көзделуде:
1. Бюджеттiң кiрiсiн, кейбiр кiрiстердi ұлғайту және кейбiр шығыстарды кемiту арқылы 158207 мың теңгеге көбейту. Оның iшiнде:
- ҚР Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 229 P020229_ қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуге ауыл шаруашылық тауарлар өндiрушiлерге берiлетiн 45000 мың теңге несие және ағымдағы трансферттер болып берiлетiн 1660 мың теңге несиелендiрудiң сыйақысына;
- тексерiс актiсiне сәйкес, орталық стадионның қайта құрылысына берiлген бiрақ, "Евразия" комплексiнiң құрылысына мақсатсыз жұмсалынған 37532 мың теңгенiң облыстық бюджетке қайтарылуына;
- шағын кәсiпкерлiктi қолдауға берiлген 3472 мың теңге несиенiң қайтарылуына;
- қылмыстық атқарушы инспекцияны ұстау шығындары республикалық бюджетке берiлуiне байланысты шығыстардың 5221 мың теңгеге кемiтiлуiне;
- ҚР "Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ Заңына сәйкес облыстық бюджетке қаржыландырудың өткiзiлуiне байланысты аудан, қала бюджеттерiнен алынатын 6423 мың теңгеге трансферттер көбеюiне;
- облыс әкiмiнiң резервiн 5000 мың теңгеге қысқартуына;
- қаржылық жылдың басына пайда болған 53899 мың теңге бос қалдықтардың сомасына көбейту көзделуде.
2. Келесi шығыстарға қаржыны бағыттау көзделуде:
- Қазақстан Даму банкiсiнiң жарғылық капиталындағы облыстың үлесiне - 25000 мың теңге;
- аудандар (қалалар) аралығында, аудандар және елдi мекендер iшiнде темiржол транспортында қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға - 1791 мың теңге;
- қаржыландыру тәртiбiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес аудандық және Қызылорда қаласы бюджеттерiнен қаржыландырылып келген мұрағаттарды, iшкi iстер басқармасына қарасты медициналық сауықтыру бөлiмшелерiн, мекен жәй-анықтамалық бюросын және әкiмшiлiк тәртiпте тұтқындалған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарын облыстық бюджеттен ұстауға - 8777 мың теңге;
- облыстық iшкi iстер басқармасына 14 штат бiрлiгi қосымша берiлуiне байланысты - 3000 мың теңге;
- облыстық, спорттық олимпиадалық резервi мектебiнiң шатырын жөндеуге -1200 мың теңге;
- белгiленген тұрақты орынсыз тұлғаларды қабылдау-үлестiру пунктi қызметкерлерiнiң коммуналдық қызметiн төлеуге ақшалай өтелiмге - 413 мың теңге;
- көпсалалы облыстық аурухана дирекциясына атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының қарызын iшiнара өтеуге - 15 млн. теңге;
- жергiлiктi атқарушы органдардың көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын өткiзуге ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi несиелендiру бойынша алынған қарыздарын өтеуге - 45000 мың теңге және осы несиелендiрудiң сыйақысы бойынша - 1660 мың теңге;
- Қызылорда қаласының әкiмiне "Еуразия" спорттық кешенiнiң қайта құрылысына - 37532 мың теңге көлемiнде мақсатты трансферттер;
- Арал қаласының және Ғ. Мұратбаевтың 100 жылдығының қарсаңында, Арал және Қазалы аудандары әкiмдерiне Арал қаласы мен Қазалы қаласының инфрақұрылымдарын дамытуға тиiсiнше - 3,0 млн. теңгеден және облыстық мәдениет басқармасына 1 млн. теңге;
- "Қазақстан темiр жолың РМК-ның есебiнен республикалық бюджеттен қаржыландырылған мекемелердi жергiлiктi бюджеттерге ауыстырылуына байланысты, оларды ұстауға Арал ауданындағы N№29 мектеп-бақшаға - 1500 мың теңге, Қазалы ауданындағы N№28 мектеп-бақшаға 800-мың теңге және Қазалы темiр жол ауруханасы жанындағы емханасына темiр жол қызметкерлерiнiң жанұясы және зейнеткерлерi үшiн қаржыландырудың тоқтатылуына сәйкес амбулаторлы-емханалық қызмет шығындарын өтеуге - 4000 мың теңге;
- ҚР Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы P011668_ "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына сәйкес медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясы облыстық бюджеттен республикалық бюджетке ауысуына байланысты қысқаруға жататын тұлғаларға өтемақы төлеуге - 534 мың теңге бөлу көзделуде;
- көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын несиелендiрудi екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы жүргiзгенде сыйақысын өтеу үшiн 3 млн. теңге;
- өте мұқтаж кiсiлердi пәтермен қамтамасыз ету үшiн 2 млн. теңге;
Сонымен қатар 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға енгiзiлген өзгерiстерге байланысты қосымшалар енгiзiлмекшi.