"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 28.04.2004 № 7-19 қаулысымен. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын және Батыс Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 20 қарашадағы №57 Батыс Қазақстан облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 19 желтоқсандағы №1197 санымен тіркелген "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшысын ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақ 1.1
1.1. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктігін арттыру және қайта даярлау кездеріндегі шығындарды өтеудің ережесі бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 1.2
1.2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері (N 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ж. Гумаровқа жүктелсін.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, кезеңдеріндегі шығындардың өтеудің ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімиятының 27.03.2003 жылғы N 5-5 қаулысына №1 қосымша Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, кезеңдеріндегі шығындардың өтеудің ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар арқылы ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және жергілікті бюджет қаржысынан тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қаржысынан қаржыландырылады. Күнтізбелік жыл ішінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қайтадан тартуға жол беріледі. Еңбек зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы қазіргі заңнамаларға сәйкес аталған жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мөлшері орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты, бірақ еңбек ақының белгіленген ең аз мөлшерінен кем емес көлемде белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздармен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші оған жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлейді.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шара болып табылады. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға қайта даярлауға қаржы бөлу жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілді органдардың жолдамасы бойынша жұмыссыздарды кәсіптік даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына тікелей оқытуға байланысты шығындардан басқа тұру тамақтану дәрігерлік тексеруден өту және облыстан тысқары жерге оқу үшін бару жолақысы шығындары қосылады. Кәсіби даярлау, кәсіптік деңгейін көтеру және қайта даярлау кезінде жұмыссыздардың шығындарын қайтару төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады. Тұрғаны үшін облыстық білім басқармасы белгілеген облыстың білім беру жүйесі кәсіптік-техникалық мектептерінің, лицейлерінің, колледждерінің, жатақханаларында тұрғанына арналып орташа бағалар есебінен белгіленеді. Дәрігерлік куәландыруға - облыстық денсаулық сақтау басқармасымен белгіленген, оқу орындарына түсушілер үшін (N 086 үлгі) дәрігерлік тексеруден өтуге арналған облыстық кеңес беру - диагностикалық емханаларындағы бағалар белгіленеді. Тамақтануға - аумақтық статистика органы белгіленген облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы тұтыну корзинасындағы тамақ өнімдері шығындарына арналған нақты кезеңде қалыптасқан есептен белгіленеді. Оқитын жеріне бару жалақысы - қалалық, қала маңына және жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің түріне арналған жол жүру құжаттары негізінде өтеледі.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімиятының 27.03.2003 жылғы №5-5 қаулысына №2 қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек.
Тармақ 2
2. Жолдардың құрылысы және жөндеу.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй, әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысына және күрделі жөндеуіне қатысу.
Тармақ 4
4. Тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру.
Тармақ 5
5. Аумақты экологиялық сауықтыру (көркейту көгалдандыру және қоқыстан тазарту).
Тармақ 6
6. Қоғамдық науқандық жұмыстарына қоғамдық пікір сұрауды өткізуіне, халық санағына қатысуға шаруашылық кітаптар бойынша деректерді нақтылауға.
Тармақ 7
7. Суландыру жұмыстар өткізу, бұлақтарды көркейту.
Тармақ 8
8. Мәдени-көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруына жәрдемдесу.
Тармақ 9
9. Жалғыз басты қарт адамдарға және мүгедектерге көмек көрсету және балалардың жазғы демалысы кезіндегі демалыстар ұйымдастыруға ықпал ету.
Тармақ 10
10. Жануарлар және өсімдіктер ауруларымен және зиянкестермен күресу жұмыстарына қатысу.
Тармақ 11
11. Жұмыстың басқа да түрлері.